Іс жүргізу тілі мемлекеттік тілі болып табылады, қазақ тілімен тең дәрежеде ресми түрде орыс тілі қолданылады, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңында қарастырылған кейбір жәйттерге сәкес басқа да тілдер қолданыста болады. Мемлекеттік тілдегі және онымен бір мезгілде жасалған өзге тілдегі тең түпнұсқа құжаттардың әрқайсысы жеке банкілерде басылады және бірдей: уақытпен; тіркеу нөмірімен; қол жеткізуді шектеу белгісімен; бекіту белгісімен; қосымшасы бар жоғы белгісімен; сол лауазымды тұлғаның қойған қолымен; келісу белгісімен; келісу бұрыштамасымен; орындаушы туралы белгісімен; мөрмен ресімделеді.
Құжат деректемелерінің құрамы хат бланкісін дайындау кезінде мына деректемелер және деректемелерді орналастыру үшін шектеулік белгілер пайдаланылады:
Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда берілетін ескерілетін емле қағидалары:
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытылады. Бұл пәннің міндеті:
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
Мемлекетіміздің болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағырөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстуру.
Оқулық «Іс қағаздар тілінің тарихы», «Қазақ баспасөзінің тарихы», «Архив ісі», «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» деген төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде XIX ғасырдың II жартысынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі іс қағаздарына тоқталдық. Қазақ даласындағы қоғамдық, саяси - әлеуметтік жағдайларға, сол кездегі қазақ тілін, қазақ ресми іс қағаздар стилінің ерекшеліктеріне байланысты, тақырыптарды кезең – кезеңге бөліп қарастырдық. Екінші бөлімде Қазақ баспасөзі тарихына тоқталдық. XX ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде басылып шыққан газет, «Айқап» журналының (1911 - 1915) ерекшеліктеріне тоқталдық. «Айқап» журналы әсіресе қазақтың әдеби тілін, көркем проза мен поэзиясын дамытуда үлкен роль атқарды. Журнал әліппесі мен граматикасын кең талқылап, қазақ тілінің орыс тілімен иық түйісе, онымен бірлесе отырып өркендеуіне көп септігін тигізгені туралы атап өттік. Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің шежіресі туралы жаздық. Газет әр кезде өз дәуірінің, сол заманның, уақыттың тынысын қағаз бетіне түсіріп, жылнамасын жазып келгеніне шолу жасадық. Үшінші бөлімде Павлодар облысының архивінен алынған құжаттарды көрсеттік. Семей облысы Павлодар қаласының Метрикалық кітабы туралы, кеңес дәуіріндегі іс қағаздар үлгісін бердік. «Іс қағаздары» деп аталатын екінші бөлімде іс қағаздарының түрлері, олардағы реквизиттер, іс қағаздарының жазылу стилі сөз болды. Жоғары және арнаулы оқу орындарына оқулық ретінде ұсынылып отырған бұл еңбекте іс қағаздарын қалай дайындау керек , оынң қандай стандарттары бар, жазылу стилінде нені басшылыққа алу керек деген мәселелер сөз болды. Жиі кездесетін қызметтік хат, түйіндеме, мінездеме, арыз, еңбек келісімі, визит кар точкасы сияқты іс қағаздарының құрылымы, жазылуы т.б. мәселелеріне арнайы параграфтар берілді.