1. Фольклортанушы ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз.
2. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ фольклортану ғылымына үлес қосқан жинаушыларды атаңыз.
3. Фольклортанушы ғалымдар: Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, Ә. Диваев, М. Ж. Көпейұлының өмірі мен қызметіне шолу жасаңыз.
4. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ жұмбақтарының жай-жапсарына, оның жиналу барысына, оның қандай межелерге жеткеніне т.б. назар аударыңыз.
5. Ә. Диваевтың жинаушы ретіндегі қызметінің ерекшелігі.
6. М. Ж. Көпейұлы жинаған қазақ жұмбақтары.
7. Жарты ғасыр ішінде қазақ жұмбақтары қалай жиналды деген мәселеге көңіл бөліңіз.
8. Қазақ жұмбақтарын кімдердің қашан, кімдерден, қалай алғандығын анықтаңыз.
10. Ш. Уалиханов, Г. Н. Потанин, Ә. Диваев, М. Ж. Көпейұлы т.б. ел арасынан жинаған жұмбақ үлгілерін қашан, қалай, кімдерден алғандығын және олардың қандай мөлшерде екенін анықтаңыз.
11. Жиналған жұмбақ мәтіндерінің қандай жиналу тәсілдері, әдістері арқылы қағаз бетіне түскендігін зерделеңіз.
12. Жиналған мәтіндердегі паспорттық деректердің т.б. қаншалықты сақталғандығын сараптаңыз.
13. ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы жиналған қазақ жұмбақтарын дәйектей келе, жалпы олардың қазақ жұмбақтану ғылымында алатын орнын айқындаңыз.
14. Қарастырып отырған кезеңдегі қазақ жұмбақтану ғылымының қалыптасу, даму тарихын, жеткен белестері мен жіберген олқылықтарын, жалпы қазақ әдебиетінде алатын орнын дәйектеңіз.
15. Көп уақытқа дейін аты аталмай келген М. Ж. Көпейұлының жұмбақтарына, жинау әдістеріне тоқталыңыз.
16. ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қазақ жұмбақтарын жариялаған ғалымдар.
17. «Дала уалаяты газеті» қызметі.
18. «Ежегодник Туркестанского края», «Туркестанские ведомости» туралы.
19. «Түркістан уалаяты», «Торғай газеті» басылымдары.
20. «Қырғыз хрестоматиясы» жинағына енген жұмбақтар туралы.
21. «Киргизские загадки» атты жұмбақтар жинағы.
22. Я.Лютштың «Киргизская хрестоматиясы» жинағындағы қазақ жұмбақтары.
23. А. Васильевтің қазақ жұмбақтарын жариялаудағы өзіндік ерекшелігі.
24. Ә. Диваевтың «Сырдария аймағының есеп-санақ материалдарының жинақтары» атты еңбегінің маңызы.
25. М. Ж. Көпейұлының қазақ жұмбақтарының жиналып, жарыққа шығуына қосқан үлесі.
26. ХХ ғасыр басында қазақ басылымдары: «Серке», «Қазақ газеті», «Қазақстан» газеттерінің қызметі.
27. «Тарту» жинағының ерекшелігі.
28. Қазақ жұмбақтарының зерттелуіне сүбелі үлес қосқан Ә.Марғұланның еңбегі.
29. Қазақ жұмбақтарының тақырыбы турасындағы М. Ғабдуллин зерттеулері.
30. Қазақ жұмбақтары М. Әбжанов зерттеуінде.