Физиканы оқыту методикасы педагогикалық ғылымдардың бір саласына жатады.Оның пайда болуы, жалпы физика ғылымының қарышты дамуы қоғам өміріне игі әсер етуде.
Ғылыми білімдердің шоғырланап жиналуы, педагогикалық ғылымдардың жіктелуі жылдан-жылға оқытылатын пәндердің санын артырып, мазмұнын байыта түсуде.
Міне, осы айтылғандардың нәтижесінде оқытудың ерекшеліктерін қарастыратын және оның осы жолдағы жалпы заңдылықтарын зерттейтін педаогика ғылымынын жаңа салалары-оқу пәндерінің методикасы пайда болды. Сөөйтіп, онвң басты мақсатының ғылыми негізін дәйектеу, мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдісін табу міндеттері алға қойылды.
Барлық оқыту әдістері бүтіндей жалпы оқыту теориясына-дидактикаға негізделеді
Ал дидактикагның негізгі мақсаты: оқыту процесінің заңдылығын ашу, берілетін білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру жолын белгілеу.
Мұнымен қатар дидактика тәрбиелеу жұмысы мене оқыту негізінде де оқушының қалыптасуын, алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс.
Физиканы үйрету- ол белгілі бір жүйеде /жоспар бойынша/ мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады.
Әрбір оқу пәнінің өзінің сипатына сәйкес туатын ерекшеліктері, өзінің заңдылықтары болатыны табиғи нәрсе.
Сондықтан да жеке пәндерді оқыт методикасы – пән дидактикасы немесе пәннің оқыту методикасы деп аталады.
Сонымен, физиканы оқыту методикасы міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұның анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру формаларын қарастыру, т.б. кіреді.
Физиканы оқыту методикасының зерттеу обьектісі – физиканы оқыту процесі.Міне, осы тұрғыда орта мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндетатқарылады.
Білім беру міндеті – барлық басқа пәндер ияқты физиканы оқыту методикасының да негізгі міндеті.Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгізаңдылықтарын білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті – бұл міндет оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Сан алуан ақпараттар тасқынында дұрыс бағдарлай білуге, түрлі логикалық операцияларды меңгере алуға, сөйтіп, формальді-логикалық ойлау формасының диалектикалық және шығармалық ойлау формасына көтерілуге жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті – бұл міндет те, жоғарыдағы міндеттер тәрізді, жалпы оқыту кешенінің мұратына сәйкес – қоғам дамуына талаптарынан туындайды. Өйткені, оқытудың мақсаты, мазмұны,әдістері – бәрі, сайып келгенде, өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Міне, сондықтан да мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағыттлады. Олай болса, физиканы оқыту, негізінен алғанда, оқушылардың ғыоыми көз-қарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.
Физиканы оқыту методикасы мынадай мәселелерді шешеді:
Физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;
Тәрбиені физиканың негізін оқыту мен үйлестіре отырып іске асыру;
Мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру;
Аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі онв тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне ендіру.
Тоқ етері, физиканы оқыту методикасының мақсатын қысқаша былай айтуға болады: не үшін оқыту керек, нені оқыту керек? Жоғарыда айтылған физиканы оқыту методикасы ғылымының маңызы зор екендігін дәлелдейді.
Сонымен, физиканы оқыту методикасының негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту процесі барысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меігергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.
Ақырында, мынадай қорыьтындыға келеміз:
Физиканы оқыту методикасы - оқытудың жолдары мен тәсілдерініңзаңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физианы оқыту процесінде тәрбиелейтін және дамытатын педагогикалық ғылым.
Әреине, физиканы оқыту методикасы өзге методикалық ғылыми пәндер тәрізді өзі енгізген әдісінің нәтижесін /білім беру дәрежесі мен үлгерімнің көрсеткішің/ график, формула түрінде бере алмайды. Түбінде мұндай заңдылық ашылуға тиіс. Бұл методиканың заңдылықтары – статикалық сипаттағы заңдылықтар қолданылады.
Шынында, оқыту және тәрбиелеу процестері өте күрделі жүйелер, олардың іске асырылуы кезеңінде толып жатқан факторлар өз ықпалынтигізеді, ал оларды қалт жібермей ескеріп, есепке алып отыру оңай емес.
Физиканы оқыту методикасының мазмұны. Ол мынадай құраушы бөлімдерден тұрады:а) физиканы оқыту методикасының теориялық негізгі немесе жалпы мәселелері; ә) физиканы оқыту методикасының жеке түрі; б) мектеп физика экспериментінің методикасы мен техникасы.
Жалпы мәселелерге мыналар жатады: орта мектепте физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқылатын курстың мазмұны мен құрылымы, физиканы оқытудын методикалық және психологиялық негіздері, оны оқытудың өмірмен байланыстылығы, оқу процесінде политехникалық білім беру, физика курсындағы әр түрлі эксперименттерді қамту, физика материалдарын түсіндіру негізінде оқушылардың ойлау-танымдық қабілетін дамыту, материалистік-диалектикалық көзқарасты қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта түсу, оқыту әдістері және физикадан сабақ өткізуді ұйымдастыру, т.с.с.
Физиканы оқыту методикасының ішінде жеке методикаға әрбір тарау ментақырыптын мазмұны, материалдың берілуіндегі жүйелік, әртүрлі түсініктердің қалыптасу жолдары, заңдар мен теориялардың мағынасын ашу әдістері, физикалық эксперименттерді қолдану, т.б. кіреді.