Павлодар, 2017

6. Физиканы оқытуда патриоттық тәрбие беру


Бүгінгі таңда патриотизм – жаңа тұрпатты патриотизм. Оның ең маңызды сипаты халықтың өз Отаның барынша сүюі, оған шексіз берілгендігі.

Оқушылардың ұлттық сезімін тәрбиелеу отбасында, балалар бақшасында басталады, ал мектепке келген күннен бастап патриотизмге тәрбиелеу неғұрлым жоспарлы, кең және жан-жақты сипат алады.

Оқушылардың патриоттық сана-сезімі физиканы оқып уйрену барысында, сондай-ақ кластан тыс жүргізілетін сабақта, қоғамға пайдалы еңбекте, еліміздің саяси өмірімен кеңінен таныстыру үстіңде дамытылады.

Патриотизмге тәрбиелеуде Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымыздың ар-намысы мен бостандығын қорғап қалған қалпымыздың қаһармандық ерліктері туралы материалды тиісті сабақта пайдаланудың маңызы бар.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану, ғарышкерлердің қазақ жерінен ұшатындығы, тағы басқа мысалдар оқушылардың мақтаныш сезімін оятатыны сөзсіз. Ал, Қазақстанда физикалық зерттеулер жүргізуде едәуір табыстарға ие болып отырған астрофизика, ядролық зерттеу жүргізу, жоғары кернеулі энергияны зерттеу, т.б. ғылымы-зерттеу институттары мен қатар ғарышты зерттейтін физика-техникаплық институттарфдң ашылуы да олардың патриоттық қуанышын туғызады.

Ал, ұлы бабамыз Әл-Фарабидің бүкіл әлімнің Екінші ұлы ұстазы атауы бізді шын мәнінде мақтаныш сезіміне бөлейді.