Таным дүниенің адам миында айнаға түскендей болып бейнелеуі ғана емес, ол адамның оны білмеуден білуге қарай, шала білуден толық білуге қарай ұмтылатын күрделі процесс.Оқушылардың таным жөніндегі ой-пікірін байқап, білу үшін олармен физиканың тиісті тараулары мен тақырыптары бойынша сұрақ-жауап жүргізуге болады.
Физика ғылымы ашқан рентген сәулелері,радиоактивтілік радийдің ыдырауы, атомның құрамдас бөлігі электронның ашылуы,Планттың кванттық болжамы, Эйнштейннің салыстырмалық теориясы, Бордың атом құрылысы туралы теориясы,осының бәрін В.И.Ленин “жаратылыс танудағы ең жаңа революция” деп атаған еді.
Осы ғылыми жаңалықтар атомның бөлінетіндігін элементтердің бір-біріне айналатындығын, қозғалған дене жылдамдығы жарық жылдамдығына жақындаған сайын дененің массасы шексіз өсе беретіндігін, кеңістік пен уақыттың өзара қозғалушы материямен өте тығық байланыста екендігін,энергияның үздік-создық үлестік, дискретті шама болатындығын,масса мен энергияның өзара байланысын тамаша дәлелдеп берді. Әрине, әрбір ашылған физиканың ғылыми жаңалықтарға,материалистік түсінік тұрғысынан қарау керек.
Физика материяның алуан түрлерін,оның қозғалысының жаңа формаларын,элементтердің алмасуын ашып берді.Физика дамуында диалектика заңдылығын кеңінен қолдану танымның, материяның ішкі құрылысы мен құрылымын зерттеуді бүтіндей өзгертті.
Материяның сарқылмау идеясының физика ғылымының дамуында үлкен маңызы бар.Ол құбылыстардың әртүрлілігін,материя формалары мен түрлерінің,зат пен құбылыстың қасиеттері мен байланыстарының шексіз көптігін білдіреді.Сол байланыстар мен қасиеттерді бейнелейтін заңдар мен теориялар да аз емес.
Қазіргі уақытта біздер материяның өзара тығыз байланысқан және бір-біріне ауысып отыратын түрлері –ант пен өрісті және тағы басқасын білеміз.Келешекте материяның басқа түрлерінің ашылуына ешқандай күмән жоқ,қазірдің өзінде біздер физикалық вакуум мен гравитациялық өрістерді, т.б.білеміз.Әрбір элементар бөлшектердің көптеген қасиеттері мен өзара байланыстары бар.Электронға масса,заряд, өзіндік магниттік момент,спин,позитронмен қосылып фотонға айналуы,т.б. Сол сияқты қасиеттер тән.Физика ғылымы оның басқа да қасиеттерін келешекте ашуы мүмкін.Сондықтан көбірек зерттелген электронның өзі әлі де ғылыми зерттеудің шынайы объектісі болмақ.Сол сияқты,физиқалық өрістерге де сарқылмайтындық принцип тән. Табиғатта гравитациялық,электромагниттік ,электронды-позитрондық өрістер бар.Бариондық лептондық т.б. өрістердің табиғатта өмір сүруі болжамын дәлелденуде.Жалпы айтқанда дүниенің сарқылмайтындығы мен бірлігі өте тығыз байланысқан.Планк тұрақтысы нөлге ұмтылғанда кванттық механика түгелімен классикалық механикаға,жарық жылдамдығы С шексіздікке ұмтылғанда Эйнштейннің арнайы салыстырмалық теориясы классикалық физикаға,кеңістіктің қисықтық радиусы шексіз болғанда Лобичевский геомериясы Евклид геометриясына ауысады.Мұндай мысалдар өте көп.Сөйтіп,материяның сарқылмайтындығы мен сәйкестік принципі өте тығыз байланысқан деген қорытынды жасауға болады.
Физиканың танымдық заңдылықтарын, жылудың табиғаттан,электромагниттік құбылыстардың зандарын ашу,өрістің теорияларын құру,және элементар бөлшектер дүниесі заңдылығының ашылуы лениндік қағиданың дұрыстығын дәлелдеді.
Материя дегеніміз ,-деп көрсетті В.И.Ленин,-адамға оның өзінің түйсігі арқылы мәлім болатын,біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып,сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі,суреті,сәулесі түсетін болмыстық шындықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория.
Тек диалектикалық заңдылықтарды жете меңгергенде ғана жүргізілетін зерттеу жұмыстары жемісті болмақ.
Зерттеу нысанасы материяның нақты түрлері және оның қозғалысы болып табылатын физика,бұл педагогикалық мақсатты жүзеге асыру үшін бай материал береді.Бірақ,бір ғана материал жеткіліксіз –материализмнің негізгі талабына сәйкес табиғат қандай болса,сол күйінде ешбір бөгде қосымшасыз қабылдану керек.Бұл талап үстірт қарағанда оңай көрінеді.Шын
мәнісінде физиканы үйренушілер үшін ол едәуір қиынғатүседі,өйткені,оларға бастапқы физикалық құбылыстар,әсіресе,олардың ішінде жылу немесе жарық эффектісімен қопарылыспен, немесе ыдыраушы заттардың айқын өзгерістері мен қабаттаса жүретіндері құпия тәрізді болып көрінеді.
Физикалық құбылыстардың мәнін түсіну үшін көзге көрінбейтін шындық дүниені-атап айтқанда,атомдарды,иондарды,электрондарды қарастыру қажет.Макро және микро дүние арасындағы ғылым анықтаған байланыс оқушылар санасында әрдайым дұрыс түсінік таппауы мүмкін.Физикада зат құрылысын қарастырғанда,оны жаратылыс туралы түсінік пен байланыстыра отырып,мұғалім оқушылардың бұл түсінікті қалай қабылдағанына терең зер салуы керек.
Физикалық негізгі ұғымдарды материалдық,жаратылыстық табиғи негізіне тән жаратылысынан айырылып қалмауы үшін оқушылардың заттар мен процестерді бақылауы негізінде,олардың түсінік дәрежесіне сәйкес қалыптастыру қажет.
Материалистік диалектика негізінде оқытуға қойылатын талаптардың бірі-заттар мен құбылыстарды жеке күйінде емес,олардың арасында болатын заңды табиғи байланыстар мен бір-біріне қарым-қатынас тұрғысынан қарастыру қажет.Физикалық құбылыстарды бір-бірімен байланысты оқып үйрену физика заңдарын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Әрине,физика заңдарын оқып үйрену кезіндегі көзқарас,ол негізінен оқып үйренушінің ой-санасының тереңдігіне байланысты.Әрине,мұғалім бұл жолда оқушының табиғат заңының мәнін түсінуіне толық үлес қоспайды және физикалық қате түсініктің пайда болмауына кепілдік бермейді.Жоғары класстарда оқушылар масса мен энергия өзгерістерінің арасындағы тәуелділікті көрсететін А.Эйнштейн теңдеуінен танысқанда мұның өзі заңды теріске шығармайтынын,қайта оның қолдану шегін айқындай түсетінін,табиғат жөнінде білетініміздің өрісі кеңейгенінің дәлелі екенін ату керек.
Табиғатты зерттеудің диалектикалық әдісі заттар мен құбылыстардың өзара байланыстылығынан ғана емес, олардың жалпы даму тұрғысынан да талап етіледі.Радиоактивтілікті,ураннан кейін тұратын элементтерді,соңғы жылдары “қолдан жасалған ”жасанды элементтерді ашу жаратылыстың, дүниенің өзгермелі,дамымалы екендігін дәлелдей түседі.
Оқушылар физиканы оқу арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын танып біледі.Осы тұрғыдан алғанда зерттеуші-ғалым жүзеге асыратын ғылыми таным процесінің оқушының оқу арқылы алатын дүние танымымен бірқатар ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар.Ғалым дүние тануды тереңдету және оны жүзеге асыру үшін бұл заңдарды қолдану әдістерін зерттейді.Ал физиканың оқу пәні ретіндегі негізігі міндеті физика ғылымы ашқан дайын білімдер мен дайын әдістерді адамның ой санасына енгізу.
Әрине,физиканы оқудың міндеті физикалық ғылыми білімдер жиынтығын жай есте сақтап, жинай беру де ғана емес.Бұл істің жарым-жартысы ғана.Оның міндеті оқушылардың заттар мен құбылыстар жөніндегі диалектикалық-материалистік көз қарастарын, ұғымын қалыптастыру,дүниені танудың ғылыми әдісін үйрету,өз бетімен творчестволық ойлау,пайымдау қабілетін дамыту.Білімді жай есте сақтаудан гөрі,өз бетімен жұмыс істеу әлдеқайда қиын жұмыс.Электрондық есептеу машинасының “есіне” де толып жатқан ғылыми мәліметтерді салуға болады,бірақ одан машина “өз білімін ” іс жүзінде творчестволық пен қолдану қабілетіне,логикалық ойлауға ой бола алмайды.Оқудың басты міндеті-ғылыми білімді,идеяны дүниені өзгертуге бағытталған іс-әрекетке айналдыру.
Физикалық құбылыстарды түсіндіру,бақыланған факторларды жүйелі жинақтау-табиғаттағы терең өзгерістерді тану.Абстрактілі ойлау арқылы физикалық ұғымдар қалыптасады.Физикалық құбылысты түсіндіру барысында/оқушылардың класстағы және табиғаттағы бақылауларын негізге алып/сол құбылысқа физикалық талдау жасаймыз.Ортақ қасиеттерін салыстырамыз,ішкі табиғатын түсіндіріп , сол құбылысқа байқалған белгілі бір заңдылықтарды анықтаймыз,олардың пайда болу,даму жағдайын көрсетеміз.Жаңа факторды жинақтау мен құбылыстарды ғылыми түсіндіру негізінде оқушыларды материалистік қорытындылар жасауға бағыттаймыз.
Физика мұғалімінің басты мақсаты оқушыларды дұрыс қорытынды жасай білу шеберлігіне,ғылыми түрде абстрактілі ойлай білу қабілетіне жеткізу. Танымның ең маңызды бір құралы біздің табиғат жөніндегі білімімізді бекіте түсетін нақты істің өзі.Сондықтан біз белгілі бір құбылыстарды түсіндіргенде,физикалық заңды оқытқанда сол заң,не құбылыс адам баласының тұрмысында, өмірінде қалай тексеріліп ,пайдаланылғанын міндетті түрде көрсетуіміз қажет.Мұғалімдер физиканың техникада қолданылуын көрсететін бір-екі мысалмен ғана шектелмеуі қажет.Оқушылар санасында біздің физикалық білімдеріміздің шындығы, олардың ғылыми негізі және өндірістің дамуындағы әсері айқын көрініп тұруы міндет.
Мұғалімнің физикалық құбылысты түсіндіру барысында табиғаттағы сол құбылысты оқушылардың өздері табатындай етіп ұйымдастыру керек,сонда ғана мұғалімнің баяндауы,дәлелдеуі оқушылардың тәжірибелік білімдерімен әрі өз бақылауымен тұтасады.
Ғылыми-материалистік таным тудыруда табиғат құбылыстарын анықтауға бағытталған физикалық тәжірибелер жасаудың орны ерекше.
Сондықтан оқушылардың дүние танымын дамытуға физикалық қызықты көрсетілімдер мен тартымды тәжірибелер үлкен пайда береді.