Павлодар, 2017

2. Физиканы оқытуда оқушылардың ой-өрісін дамыту


Физикадан оқытылатын материалды қабылдау оқушылардың ойлау жүйесімен бірге дамиды. Өйткеті , олар оқу материалдарын ойлау характерінің натижесінде қабылдайды. Ойлау процессі нақты пайымдаудан абстракты ойлауға қарай біртіндеп дамиды. Бұл жерде нақты пайымдау –дүние танудың күрделі сатысы деп түсінген дұрыс. Олай болса, нақты пайымдау-дүние танудың алғашқы сатысы да, ал абстракты ойлау-дүние танудың одан әрі өрістеуі.

Сонымен, нақты пайымдаудан абстракты ойлауға, одан із жүзіне көшкен сайын табиғатттағы ақиқатты тануға жақындай түсеміз.

Физиканы оқу барысында оқушылардың ой-өрісінің дамуы олардың өздерінің қаншалықты жігерлі ізденуіне және сабақ беретін мұғалімдердің оқытуды қаншалықты шебер ұйымдастырғанына байланысты.

Балалар ой-өрісінің дамуына әсер ететін басқа да факторлар көп. Бірақ, солардың ішінде тәрбиенің алатын орны ең маңызды екені белгілі. Әрине, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуы олардың жасына да байланысты. Физика ғылымының іс жүзінде тексерілген қорытындылары ғана шынайы ақиқатқа жататын нағыз білім болып саналады.

Сонымен, теория мен тәжірибенің бірлігі физиканы оқытудың негізі болуы тиіс. Физиканы оқыту ісінде теорияны жүзеге асырудың немесе оны өмірмен байланыстырудың үш жолы бар:

Оқыту барысында теориялық мәселелер алдымен беріліп, тәжірибелер одан кейін өиіледі.

Оқыту кезінде тәжірибелік жұмыс теориялық мәселелерден бұрын жүргізіледі.

Оқу барысында тәжірибе мен теория қатар жүргізіледі.

Физикалық ақиқаттын туындылары тәжірибе жүзінде анықталады. Ал физикалық тәжірибе жұмыстарына теориялық талдау жасау бұрын өткен оқу материалының мағынасын, мазмұның терең ұғынып, физикадық тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Алайда, ешқашан оқу материалын тек бір жолмен өтуге болмайды.

Жалпы алғанда оқу материалын бастан аяқ беру де, оқушылардың санасын дамыту да, тәжірибе мен теорияның бірлігін қамтамасыз ету де ұтымды әдістер. Оқу процесінде қарама-қайшылықтар жиі кездесіп отырады. Шынында, бір оқушының сабақтан үлгеруі, ал екіншісінің үлгермеуі физикалық оқу процесіндегі қайшылықтарға жатады. Физика мұғалімі, осы үлгермеуші оқушылардың білімін арттыру үшін, оған қозғаушы күш боларлықтай түрлі тәсілдерді іздестіруі тиіс. Сөйтіп, осы жолдағы жемісті еңбекпен оқушылардың білімібіртіндеп жетіледі.

Егер, оқыту процесінде балалар айналасындағы құбылыстарға тікелей бақылау жұмысын жүргізбесе, өз беттерімен ешбір қорытынды жасамаса өз харакеттерін тек мұғалімдердің айтқандарын тыңдаумен тұйықтаса, онда олар дамымайды. Оқу материалының түйінді мәселелерін анықтауда оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру тиімді. Мысалы, 7-класста «Сұйықта қысымның таралуы»туралы Паскал заңың түсіндірген кезде мұғалім оқушылардың бұрынғы бақылағандарын пайдалануына болады.

Оқушылардың логикалық ойлау әрекетін тәрбиелеу. Оқу материалының байланысын дұрыс анықтап, ол туралы тиісті қорытынды жасай білу керек. Сонда ғана оқушылардың ойлау жүйесін дұрыс дамытамыз.

Кейбір оқушылау: «алдымен ережелерді жаттаймын, ал сонан кейін материалды асықпай оқып аламын» деп ойлайды. Бірақ, оқу материалының мазмұның түсінбей ережелерді құр жаттап алу , саналы білім емес.

Мектеп оқушыларының оқулықтан жаттап алған материалдарының мазмұнын талдап сұраған кезде олардың сол материалдың желісін білмейтіндері анықталады. Оқушылардың біліміндегі мұндай жасандылықты болдырмау үшін, олардың логикалық ойлауын дамытамыз. Оқушылардың логикалық ойлары талдау, жинақтау әдістері арқылы шынайы іске айналады. Ойлаудың талдау әдісі дегеніміз- материалдың мазмұнына қарай жүйеленіп, бірнеше ой-толғаныс түйіндерінің әрқайсысының өз ерекшеліктеріне қарай жіктеліп шығуы.

Әрине, логикалық ойлау әдістерінің түолері көп. Солардың негізгілері индукциялық /яқи жалқыдан жалпыға/ және дедукциялық /жалпыдан жалқыға/ әдістері.

Бірнеше заңдылықтар мен ережелерді қорытып, бәріне негіз болатын ортақ тұтас бір заңдылықты табу амалын логикалық ойлаудың индукция әдісі дейміз. Индукциялық ойлау әдістері дедукциялық ой қорытындыларын туғызады. Дедукция жалпыға ортақ нәрсенің жалпыдан жалқыға жарамды екенін дәлелдеп беруші тәсіл. Олай болса, дедукциялық ойлау әдісі деп бұрыннан таныс жалпы заңды жалқыға жатқызатын қағиданы айтамыз. Мысалы, бүкіл әлемдік тартылыс заңы негізінде мынаны айтуға болады. Кез келген жеке планета үшін ол күшін сақтайды. Қайдай аспан денесін алсақ та, олар міндетті түрде өзара тартылысқа түседі.

Оқушылардың зейіні мен есте ұстағыштығын дамыту. Зейін дегеніміз адамның өзін-өзі игеріп, өз мінез-құлқын ұйымдастыра білу қабілеті. Мұғалімнің тақырыптары баяндалуына кластағы оқушылардың қаншалықты зейін аударып отырғандығын олардың сыртқы пішінінен байқауға болады. Әсіресе, физиканың бірінші басқышын оқып жүрген оқушылар не болса соған көңіл аударғыш келеді. Бұл жастағы оқушылардың мінез-құлқы әлі де болса бекімеген нәзік,оқуға қажет іс-әрекеттерінің әлі қалыптасын үлгермеген кезі.

Оқушылардың зейінін дұрыс дамыту үшін мұғалім алдымен мынадай мәселені шешіп алуы керек. Оқу материалының көлемі, оны ұйымдастыру тәсілдері әр класта, мысалы, 7 класста бір басқа, 9класста бір басқа іске асырылуы керек. Сонда ғана, оқушы ойының дамуына мүмкіндік ашылады. Өз зейінін игере алмайтын балалардың зейінін дамыту үшін арнайы жұмыстар ұйымдастыруға болады.

Физиканы оқыту барысында мұндай оқушылардың сабақтарын және үйге берген тапсырмаларын күнбе-күн тексеріп, олардың тапсырманы орындау кезінде қаншалықты зейін қойып отырғаны жіті қадағалап отыруы қажет.

Енді оқушылардың сабаққа зейінсіз отыруының себеп-салдары не деген заңды сұрақ туады. Бірінші себеп-оқушының тапсырманы жақсы түсінбегенінен, яғни физика мұғалімінің оқытудағы жіберген кемшілігінен деп есептеуге болады.

Екінші себеп-тапсырманы орындауға шамасы келе тұра оқушының сабаққа салқын қарағанынан деп білу керек. Мұндай жағдайда оқушының зейінін тұрақтандыру жолын іздестіру қажет. Ал зейін тұрақтылығын тәрбиелеу үшін оқушының алдымен өз басының мінез-құлқын тәрбиелеуге ынтасы-ықыласы қажет. Оқушы ондағы сәтсіздігін өзінің сабаққа зейін қоймағандығынан екеніне көзін жеткізуі тиіс. Сонда ғана, оқушы зейінін тұрақтандыруға күш салады. Ал бұл, сайып келгенде, физика мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Сондықтан оқыту кезінде оқушылардың зейінінің қаншалықты тұрақты-тұрақсыздығын анықтау керек. Тапсырмаларды түгелдей меңгере алмағанмен мұндай оқушының азды-көпті қолы жеткен табыстарын бағалау зейіннін тұрақтауына ықпал етеді. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалдарын меңгеру процесінде жеңіл материалдан ауырға көшу шартын сақтауы және оқушылардың түсіне бермейтін материалдарын біртіндеп, жіктеп түсіндіруі олардың сабаққа деген зейінін тұрақтандырады. Ес және есте ұстау дегеніміз- бұрын қабылдаған құбылыстар мен бейнелерді ойда сақтап, қайта жаңғырту ғой. Сонымен, физика сабағында оқушылардың ақыл-есін тәрбиелеу жұмысы физикалық оқу материалын меңгертудің маңызды міндеті. Физикалық құбылысты есте сақтау оқушылардың ой-өрісін дамыту харектерімен тығыз байланысты. Сондықтан, физика мұғалімі оқушыларға материалды түсінліру барысында физикалық заңдылықтар мен ережелерді олардың есінде қалдырудың әдісін қолдануы тиіс.

Бұл жолда оқу материалдарының негізгілерін іріктеп алу, оның мағынасын оқушылардың ой електерінен өткізіп, экспериметтік жұмыстар мен тәжірибелер жасауына көмегін тигізді. Оқушылардың зейінін тұрақтандырып, есте сақтағыштығын дамыту үшін, өткен материалды белгілі бір жүйемен қайталаудан да маңыз бар. Өйткені, қайтадан жаңғыртып, оқушылардың ой әрекетінің белсенділігін арттыру-ақыл-ойды дамытудың негізгі шарттарының бірі.

Екіншіден, оқушылардың ой-өрісінің дамуы олардың қиялдай білуіне де байланысты. Оқушылардың арман-қиялын дамыту үшін мектепте оқу –тәрбие жұмысының түрлі салаларын ұйымдастыруға болады. Физика сабағы осы айтылғандар негізінде ғылыми-методикалық тұрғыдан құрылып, логикалық жүйесі ойдағыдай болса, онда мұндай физика сабақтары оқушылардың ой-өрісін дамытары сөзсіз. Соңғы жылдары ғылымның зерттеу салалары да, оны оқытатын шебері де кеңейіп отырғандықтан бұл мәселе өте үлкен маңыз алуда.

Әсіресе, физиканы оқытудың бірінші сатысында оқушылардың заттардың құрылысы мен құрылымының ерекшеліктерін бақылауға, олардың маңызыд жақтарын ажырата білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету қажет. Бұл кезед олар алғаш әр түрлі ойлау процестерін атқарады, бақылап салыстырады, талдау жасайды, қорытындылайды, өздері бағалаған құбылыстардың себебі мен салдарын пайымдайды. Сөз жоқ, физикалық құрылымдар күрделі. Ол біртұтас физикалық құрылымды танып, оны жеке бөліктерге бөліп алу жеткіліксіз, оған қоса осы жеке бөліктердің арасындағы өзара қатысты да, әрбір бөліктің бүтін құрылымға қатынасын да оқып үйрену қажет. Сөйтіп, бүтіннің тұтас құрылымы анықталады. Ол жинақтау екенін білеміз. Әрине, танып білудің нақты процесі әдетте, талдаудан басталады. Біз физикалық ұғым мәнін қабылдай отырып, ондағы белгілерді ажыратамыз да, сонан соң мәнін анықтаймыз,физикалық құбылыстын, физикалық заттардың қасиеттерін қарастырып, оларды жалпылаймыз.