Павлодар, 2017

3. Оқушылардың творчестволық қабілеттерін дамыту


Оқушылардың қабілеттері ойлаудын, бұл жолда тыңғылықты харекет жасаудың нәтижесінде, іске деген ынтаның негізінде дамиды. Ол білім алу барысында, ерінбей еңбек етіп, оқыған –тоқығандарын кеңейту барысында іске асырады. Әр оқушының белгілі бір дәрежеде қабілеттері бар. Оны іске асыру үшін оқушының бойындағы логикалық ойлаудың туындауына жәрдемдесетін әдістер де қажет.

Жекелеген сабақтарға творчестволық сипат берілуі керек. Еңбекке творчестволықпен қарауға тәрбиелеумен қатар оқушылардың бойында ғылыми білімдер мен зерттеу жұмысына деген ынта-ықыластыда дамыту қажет. Оқушылардың ғылыми білімдерге қызығуын зерттеу олардың өз еңбегіне деген ынтасын тәрбиелеу қаншалық ерте басталса, творчестволық қабілетті игеру жолына соғұрлым ерте қадам басатыны көрсетті.

Соныме, мұғалім оқушының творчестволық қабілетін дамыту үшін физиканы оқытудың ғылыми дәрежесін арттыруы, физикалық теорияларды оқып үйренуге көңіл аударуы мейлінше күшейтуі, физикалық құбылыстар мен сан алуан денелердің қасиеттерін түсінуді жақсартуы, физикалық ғылыми зерттеулерде қолданылатын болжамды аша түсуі, бақылау эксперименті мен эксперименттік фақторларды талдай алуы және олардан шығатын тұжырымды қорытындыларды іс жүзінде тексеріп көрсете білуі, зерттеу элементтерін физиканы оқыту процесінде оқу жұмысының әр түрімен үнемі қабыстырып отыруы қажет.

Бір кластың өзінде оқушылардың зерттеу жұмысына әзірліге мен қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын ескеріп,әркім өз шамасы жететін тапсырма тандап алуына көмектесу мұғалімнің парызы.

Қажет болса әртүрлі физикалық жаңа материалды оқып үйрену барысында, қысқа 10-15 минуттық эксперименттік зерттеу жұмыстарын орындау үшін оқушыларды жұмысқа қажетті барлық аспаптармен, құралдармен қамтамасыз етіп отыруы керек. Ал бірте –бірте оқушылардың шеберліктері шындалуына қарай алға қойылған проблемманы зерттеуге қажеті аспаптарды, материалдарды таңдауды олардың өз еріктеріне беруге болады.

Зерттеу элементтері үй тапсырмаларына да өндірілсе құба-құп. Тапсырмаларды орындау мен талқылауға қатысуы, оқушылардың өздері қолданған әдістерін салыстыруына, ол әдістердің жақсы жақтарымен кемшіліктерін айқын көруіне мүмкіндік туады. Қорыта келгенде, осының бәрі олардың бойында зерттеуді орындауға деген ынта-ұмтылысты қалыптастырады. Мысалы, физикалық факторлардың – жарықтың, жылудың, электр өрісінің, өсімдіктердің өсіп-өнуіне әсері сияқты қызықты да мыңызды тапсырмаларды зерттеу оқушылардың творчестволық қабілеттерін шындай түседі. Әрине, кей жағдайларға сабақтарға енгізілетін зерттеу тәсілдерін басқа тәсілдермен ұштастырып отыру тиімді. Әсіресе, оқушылардың даралығы қажет болатын сабақтарда мысалы, лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелерде олардың өз ерекшеліктерін көрсету, көтермелеу игі әсерін тигізеді.

Оқушыларды ғылыми зерттеулерге тәрбиелеу мақсатында, халыққа қызмет етудің үлгісі болып табылатын аса көрнекті ғылымдардың өмірі мен қызметін таныстыру да пайдалы. Ал бұл жолда оқушылардың күшімен аспаптар жасайтын мұғалім табысқа жете алады. Аспаптар жасау оқушыларды физика мен техникаға қызықтырады, олардың ізденгіштігін, табандылығын, тапқырылығын арттырады. Сонымен қолдан келетін аспаптарды жасап алмайынша, оқытудың ең белсенді тәсілі – лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу табысты болмайды.

Қолдан жасалатын аспаптардың барлығы да, олардың қай мақсаттан қолданылатынына қарамастан, мысалы, көрсетімдік аспаптар ма, әлде лабораториялық аспаптар ма немесе көмекші құралдар ма, бәрібір, оқушылардың техникалық қабілетін дамытуға үлкен себебін тигізеді.

Оқушылардың біршама біліктілігі пайда болғаннан кейін ең қарапайым аспаптарды жасау тапсырмаларынан бастап, неғұрлым күрделі тапсырмаларға көшуге болады. Мұндай құрал-жабдықтарды жасау кезінде оқушалар олардың құрылысының неғұрлым сәтті шығуына ізденіс жасайды. Жұмысты орындау кезінде мұғалімдер тарапынан оқушыларға қосымша түсініктеме беру міндет. Әрине, оқушылардың тапсырманы орындауға теориялық әзірлігі болыу негізгі шарт.

Сабақта қарастырылатын құрылысына өзгерістер ендірілуі де табыс әкеледі. Бірақ, бұл мүмкіндіктер мектептерде сирек жүзеге асырылып жүр. Күрделірек, мысалы, өлщеу аспаптарын сабақ үстінде жасап шығармас бұрын оларға электр өлшеуіш аспаптардың жалпы жұмыс принципі жайлы қысқаша кіріспе жасап кетуге болады. Бұл тәріздес тапсырмаларды сабақта талқылай отырып, оны орындау үшін өздерін дайындауы қажет. Егер оқушылар жасаған аспаптар лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелер қөрсету үшін физика кабинетінде /немесе көрнекілік мақсатында/ пайдаланылатын болса, тапсырманынң құндылығы артады.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру. Оқыту әдістерін жетілдіре түсудің мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімді саналы меңгеру талабын дамыту, іскерлікке жаттықтыру. Оқушылардың сабаққа белсенді катысуы, сабақ кезінде мұғалімнің әңгімесін зейін салып тындауы, тәжірибелерді бақылауы, жаттығуларды өткен материалға қорытынды жасауы, мұғалімнің көрсетуі бойынша оқулықтың тиісті тарауын оқуы, үй тапсырмаларын орындауы – осының бәрі олардың творчестволық қабілетін дамыту элементтері. Мұғалімнің міндеті – оқушылардың дүние тану бағытындағы барлық әрекетінің жүзеге асуына көмектесу, оны дамытудың жаңа жолдарын табу, физиканы оқытудағы және игерудегі дағдыларын жетілдіре түсу. Мұндай жаттығулардыңбір түру осы кезде кең тараған физикалық бақылау немесе физикалық диктант. Сол сияқты, оқушылардың алған білімдерін талдап қорытудың да маңызы зор.

Сонымен, тәжірибе орындаған кезде қандай нұсқаулар мен ережелерді басшылыққа алғаны, іс-жүзілік /практикалық/ сабақта жұмысты орындаудан шығатын тағылым, өтілген материалды жүйелеу, талдау, қорыту қандай болғаны, теориялық және эксперименттік есептер шығару жолдары, шығарылған есептің нені ашып бере алғандығы, нақты материалды өтуге байланысты оқулықтағы тапсырмалардың мән-мағынасы, схемаларды, суреттерді, сызбаларды, графиктерді және басқа көрнекіліктің қажеттілігін білу, оқулықтағы мәліметтерді пайдалану дағдысы мен сауаттылық дәрежесі – осының баршасы оқушылардың творчестволық дамуына өз ықпалын тигізеді.

Аса көрнекті өнертапқыштар мен ғалымдардың өмірімен және қызметімен таныстыру, оқушылардың техникалық қызығуын дамытуға өз септігін тигізетіні даусыз. Бұл арқылы оқушылар ғылыми жаңалықтар мен техникалық туындылар өзінен-өзі келмейтініне, олар қажырлы еңбектің жемісі екеніне, терең білім, ерік-жігер мен табандылықты талап ететініне көздерін жеткізеді. Ал мүмкіндік болса, тікелей сондай өнертапқыштармен кездесулер жасау өздерінің де күштерін байқап көруіне түрткі болады.