Ғылыми техникалық революция дегеніміз ғылым мен техникадағы революциялық өзгерістердің бірігуі және ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы нәтижесінде қоғамның өндіргіш күштерінің түбірлі сапалық өзгерістерге ұшырауы.Ғылыми-техникалық революция ол-энергияның физикалық жаңа көздері-атом мен термоядро энергиясын игеру;адамның жер айналасындағы ғарыш кеңістігіне шығып, оны игеруі;заттың формасын өзгертуге негізделген әдеттегі механикалық өндеу техналогиясына қарағанда әлдеқайда нәтижелі, заттың молекулалық және атомдық құрылысын өзгертуге негізделген жаңа технологияны қолдану; өндірісті автоматтандыру мен кибернетикаландыруға байланысты оның бүкіл өнеркәсіптік түрлерін өзгерту болып табылады.Ғылыми-техникалық революция жағдайында ғылым мен техника арасында жаңа арақатынас пайда болады.
Ғылымға, оның ішінде физикаға техниканың көмектесуі нәтижесінде ғылымның дамуы техника дамуынан озып отырады.Ал бұл ғылыми және техникалық төңкерістердің біртұтас ғылыми-техникалық революцияға бірігуіне жағдай жасайды.
Сонымен, ғылыми-техникалық революция дегеніміз- қазіргі заманғы қоғамның өндіршгіш күштеріндегі ғылымның жетекшілігі арқылы жүзеге асатын түбірлі өзгеріс.Ол қазірдің өзінде-ақ ғылым мен техникаға, материалдық өндіріске, қоғамның өндіргіш күштерінің барлық құрамдарының дамуына барған сайын күшті әсер етуде.
Физикалық және техникалық ғылымдардың гуманитарлық қоғамдық ғылымдармен байланысы барған сайын артып келеді.Әреине, бұл ғылымдар бұрында өндірістік-техникалық мақсаттар төңірегінде “шектеліп”қалмайды. Алайда, ғылыми-техникалық революцияның барысында олар ойлау қабілетін өзгетіп, оның дүниені ұғынуын тереңдетті, ойлауды творчествалық қызметтің жаңа құралдарымен байытты.
Бүгінгі таңда ғылым тікелей өндіргіш күшке айналу үшін білім беру жүйесі сол ғылымның өзімен бірге дамытылуы керек, сонда ғана оны ол іс жүзінде асыра алады.Сондықтан кәсіптік-техникалық оқу орындары жүйесінің қазіргі ғылыми-техникалық революция талаптарына сәйкес қайта құрылуы аса маңызды мәселе.
Біздің білім беру жүйеміздің бүгінгі заман талаптарына сәйкес келмей қалғандығы, ол қазіргі ғылым мен техниканың даму талаптарына тіпті,қайшы келе бастады.Осыған байланысты халыққа білім беру жүйесін жаңа талаптарға сәйкестендіру, оны ғылыми-техникалық ревлюция талаптарына сәйкес жетілдіру жедел жолға қойылуы керек.
Ғылыми-техникалық революция жағдайларында білім берудің ең ірі мәселелерінің бірі білімнің мазмұнын жаңарту, оны ғылыми-техникалық революция талаптарына сәйкестендіру.
Ғылыми-техникалық революция мен физикадан берілетің білімнің мазмұны барған сайын тереңдеуде.Өйткені, ғылыми және техникалық ақпарлар көлемі күрт артуда.Ғылымдардың есептеулеріне қарағанда, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революция жағдайында ғылыми міндеттер мен білімдердің қкөлемі әрбір 8-10 жыл сайын екі есе өсіп отыратын көрінеді.Егер ХХ ғасырдың басында жас маманның алған білімі 10-20 жыл қызмет істеуі үшін жарамды болса, ал қазір ол мерзім бірнеше есе кеміді.Білім берудің жаңа принципін жарамыз етіп тастады.Өйткені, білімнің мазмұны өмірден артта қалмау үшін, ол да қазіргі заманғы ғылым мен өндірістің өзі сияқты жаңарып, жетілуі тиіс.
Әрине,физикалық оқу бағдарламалары мен физика оқулықтарының айтарлықтай тұрақты болуы оқытудың қажетті шарты.Бірақ, олар бұдан 20-30 жыл бұрынғыдай тұрақты бола алмайды.Оқу бағдарламалары мен физика оқулықтар ғылыми-техникалық прогрестің дамуын белгілі бір дәрежеде дәл беріп отыруы тиіс.Сөйтіп, ғылыми-техникалық революция дәуірінде өзге ғылымдар тәрізді физикадан берілетін білімнің мазмұның арасында қайшылық туды; білімнің мазмұның жаңартып отыру керек, бірақ, ұл оқу материалының көлемін өлшеусіз арттырады.Сондықтан оқу материалының әрі мазмұның жаңартып, әрі көлемін ықшамдап отыру күрделі мәселенің бірі.
Білімнің мазмұның жетілдірудің негізгі жолдарын ғылыми білімдер жүйесініңөз ішінен іздеу керек. Табиғат пен қоғам құбылыстарының жалпы заңдылықтарын, мәнің көрсететін білімдер жуық арада өзгере қоймайтын, әлдеқайда тұрақты білім физика оқулығына ену міндет. Сөйтіп, қазіргі мектепте берілуге тиіс білімнін мазмұынын қайтақұру шарт.Ғылыми-техникалық революция жағдайында физиканы оқыту іске дайын физикалық зерттеулер мен мәліметтерді хабарлаумен шектелмей, теориялық проблемалардың шешуін табатындай болуы керек. Міне, физиканы дәл осылай оқыту оқушылардың логикалық ойлауын дамытады, болашақ физика-ғылымдардың, мұғалімдердің, инженер-физиктердің білімін өздігінше жаңартып жетілдіруге, дамытуға үйретеді.
Ғылыми-техникалық революцияның талабынан туындайтын маңызды мәселелердің бірі-физик-педагог еңбегінің өнімілігін арттырудың жолын іздестіру.Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда, мектеп мұғалімінің, әрбір тәлімдік дәрістерге даярлануына жұмсайтын уақыты 70-жылдардың аяғы мен салыстырғанда, орташа есеппен 2-3 есе артты. Сондықтан физика мұғалімдері сағатының мөлшкрі өзге педагогтар тәрізді азайтылғанымен жұмыс уақытының жалпы мөлшері азайтылған жоқ, қайта аптасына 50-60 сағатқа дейін артты. Физикадан білім беру ісінің аса маңызды проблемасына айналды. Сонымен, физиканы оқытуды тиімді ұйымдастырып, білімнің сапасын айтарлықтай арттырудың, жұмыс уақытын қысқартудың негізгі бір жолы техникалық құралдарды, электронды есептегіш машиналар (ЭЕМ) кеңінен пайдалану. Бұл сабақта оқушыларды көбірек қамтуға және физикадан берілетін оқу материалдарының мөлшерін тиімді пайдалануың есебінен білімнің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Шынында, оқыту процесінде мұндай техникалық құралдарды қоданбаса, онда орта мектептегі оқыту мерзімін қазірдің өзінде 12-15 жылға ұзартуға және мұғалімдер манын орасан көп арттыруға тура келер еді. Техникалық құралдарды кеңінен қолдану, біріншіден, сабақ уақытын және бүкіл оқу мерзімі бойындағы уақытты үнемдеп, оқытуды ықшамдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, оқыту процесінде техникалық құралдарды қолдану қай жағынан да тиімді.
Қазіргі ғылыми-техникалық рефолюция орта білім беруді біртіндеп, аса сақтықпен жіктеуді, белгілі бір мағынада оны даярлауды талап етеді.Соңғы жылдары ғылыми-техникалық революция талаптарына сәйкес жалпы білім беретін барлық қоғамдық, жалпы техникалық ғылымдардын және көптеген арнаулы пәндердін оқу бағдарламалары қайта қаралды.Инженерлік мамандықтардын барлығында дерлік физикалық-математикалық даярлық күшейтілді, ғылыми-техникалық революциямен тікелей байланысты физика-математикалық пәндер енгізілді. Барлық оқу пәндерінің ішінде физиканың жаңа оқу бағдарламасына көшуі қиынырақ болды. Өйткені, көзқарастардың, түсініктердің тез, терең өзгерсітерге ұшырауы салдарынафизиканы мектепте оқыту физика ғылымының қазіргі дәрежесінен артта қалды, сондықтан физиканы оқыту материалы бүгінгіден әлдеқайда жаңарту, дақсарту керек. Бұл курстың жаңа мазмұнға өтуінін тағы бір қиындығы бұл пәнді меңгеру оқушылардың математикалық әдіс-тәсілдерді, яғни математиканы қаншалықты меңгергендігіне де байланысты.Білімнің мазмұның жетілдірідің аса маңызды міндеттерінің бірі осы күнгі ғылым мен техниканың, мәдениеттің жетістіктерін мүмкіндігінше толығырақ қамту. Бұл физика пәнінің мазмұны мен құрылымын және оның көлемін анықтауда негізге алынуы қажет.
Қазіргі физика оқулықтарында, немесе қосымша әдебиеттерде берілетін ақпарлар көп екендігі байқалады, әлі де болса ескірген материалдар кездеседі. Ал мұның бәрі оқу материалының көлемін шамадан тыс арттырып жібереді. Демек, қазіргі заманғы білімнің мазмұнын жаңартып, көлемін анықтау ісі әлі аяқталған жоқ. Ол кемшіліктер біртіндеп жойылуы тис. Білімнің мазмұнын жаңартудың екінші бір маңызды бағыты- дамушы оқу идеясы. Оның негізгі мәні- оқушылардың ойлауын барынша дамыту, өздігінше іздене білу, жаңа білім алу, алған білімнің қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Қысқасы, ең басты нәрсе физикалық ғылым негіздерінен білім беру. Сөйтіп, мектептің қарқынды дамыған ғылыми-техникалық революцияны қуып жетуі қажетті шарт.“Үздіксіз” оқу жүйесінің бірінші кезеңі-мектепке дейінгі арнаулы балалар мекемелеріндеқоғамдық тәрбие беру. Бұл мекемелер балаларды мектепке оқуға алдын ала әзірлеп, оларды жан-жақты үйлесімді дамытудың алғашқы шараларын жүзеге асырады. Орта білім беретін мектептегі оқыту “үздіксіз оқытудың” екінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңді үздіксіз білім берідің “мектептік” кезеңі деп атайды. Физика мұғалімі ең алдымен шәкірттерді жергілікті өндірістермен, мектепті өз қарамағына алған фабрикалармен, заводтар, колхоздар немесе оқушылардың ата-аналары жұмыс істейтін өндіріс орындарымен таныстыруды іске асыруы парыз.Енді оқушыларға политехникалық білім беруді (физиканы жеке тараулары мен тақырыптарды оқытуды) іске асыру жолын қарастырайық. Мысалы, “Жұмыс және энергия” деген тақырыпты өту кезеңінде политехниалық білім беруге жол ашық. Шынында, жұмыс, қуат, энергя, пайдалы әсер коэффициенті сияқты ұғымдарды меңгеру-политехникалық білім берудің төте жолы. Оқушылардың келешектегі қызметінде осы және басқа да физикалық шамаларды білудің маңызы зор. Оқушыларға өздері үнемі көріп жүрген двигательдердің, автомобильдердің, тракторлардың, комбайындардың, т.б. қуаты туралы мәліметтер жинауға тапсырма беру, т.б. қуаты жөніндегі атауларды қосып тапсырмалар беру пайдалы.Физика мұғалімінің сабақ үстінде айтылған техникалық материалдарды жинақтап, тұтас бір жүйеге келтірілуі , толықтырып, жаңа мәліметтер қосып тереңдету, ғылым негіздерінің іс-жүзінде қолданылуын көрсету үздіксіз жүргізілуі тиіс. Егер оқушылар жыл бойында техникалық жеке обьектілермен танысса, мұндац шолу сабақтарында барлық өндірістік құралдарды, машиналар, технологиялық процестер және адам еңбегінің өзара байланысы қалайұштастыратының анықтауға, олардың қоғамдық маңызын айтуға мүмкіндік туады.Сонымен, үздіксіз білім алу адамның бүкіл өмір бойы оқуын талдап өтеді. Оны жүзеге асыру үшін әрбір адамның өздігінше білім алу, өздігінше пайымдай білу қабілеттерін дамыту, сөйтіп, әрбір адамды творчестволық әңбектерге дағдыландыру қажет. Ғылыми-техникалық революция білім беру жүйесін сан жағынан емес, негізінен сапалық жағынан дамыту міндетін қойып отыр. Ғылым мен техниканың дамуы әр бір оқушыны терең мазмұнды сапалы біліммен қаруландыруды талап етеді.