Павлодар, 2017

3. Физика сабағында кәсіптік бағдар беру


Қазіргі ғылыми-техникалық революция заманында басты міндеттердін бірі жастардың өздөрі ұнататын әрі оған икемі: бар мамандықты дұрыс таңдап алуын жүзегө асыру. Мамандықты дұрыс таңдаудын саяси-әлеуметтік, экономикалық жәнө халық шаруашылық маңызы бар. Еңбек өнімділігін арттыру, жұмысшы күшін неғұрлым тиімді пайдалану, т.б. осыган тікелей байланысты. Ғылыми негізді кәсіптік багғар жұмысын іскө асыру арқылы саналуан мамандарды өз қабілеттеріне қарай іріктеп орналастыруға болады. Бұл жағдай олардың еңбекке деген ынта- жігерін күшейтеді, жастардың өнімді еңбекке тез араласып кетуіне жәрдемдеседі. Кәсіптік бағдар берудің әлеуметтік мәнімен қатар тәрбиелік мәні ерекше. Адамның еңбекке деген қабілетін байкау, оны одан әрІ жетілдіре беру, тек мамандыкты дұрыс қалаған күнде шешіледі. Барлық адамның еңбекке қабілеті біркелкі бола бермейді. Сондықтая олар әр турлі мамандықты таңдайды. Кәсіптік бағдар беру және мамандық таңдау екеуі екі шара. Кәсіп адамның қызметі, тыныс-тіршілігі, тұрмыстық іс-әрекеті, қоғамда еңбек ету орны, кәсіп ету үшін ол белгілі бір іске машықтануы тиіс. Толып жатқан кәсіптің турлері бар: инженерлер, техниктер, дәрігерлер, мұғалімдөр, экономистер, т.б. Мұндай күрделі кәсіп салаларын мамандыққа бөлуге болады. Мысалы, педагог кәсібін алсақ, ол жеке пәндер және оның жеке салалары бойынша мамандыққа бөлінеді. Атап айтқанда, физик, математик, астроном, химик, тарихшы, т.б. Ал күрделі мамандықтың өзі бірнеше тар мамандыққа бөлінуі мүмкін. Мысалы, қатты денелер физикасының, атмосфералык физиканың маманы. Белгілі мамандыққа иө болған адам ғана күрделі еңбек саласының белгілі бір түрінде жұмыс істей алады. Сонымен, кәсіп мамандыққа қарағанда кең түсінік. Ғылыми негізделген кәсіптік бағдар мен мамандың тандау жұмысының орталығы - жалпы білім беретін орта мектептер. Бұл жұмыс мектептердегі оқу түріне қарай бөлінеді. 0лар: кешкі, сырттан оқитын және кәдімгі орта білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар жұмысы. Мектепте жүргізілетін кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмысың төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - І-ІҮ, екінші кезең – Y-YIII, үшінші кезең - IX, төртінші кезең - Х-ХІ кластардағы кәсіптік бағдар жұмысы.

Бірінші кезеңде оқушылардың жеке ерекшеліктеріне орай кәсіптік бағдардың әдепкі, қарапайым шаралары жүзеге асырылады. Бұл кеэеңдегі негізгі мақсат оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету.

Екінші кеэең физиканы оқытудың біріншІ басқышында басталады. Мұнда оқушыларға қажет жеке кәсіппен таныстыру көзделеді, Оқушылар жеке кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алады. Физика пәнінің мұғалімі бұдан әрі оқушыларды тікелей насихаттауға көшеді, ол әсерлі насихат болуға тиіс. Сөйтіп, екінші кезеңде оқушылардың мамандық таңдауы басталады.

Үшінші кезеңде кәсіп пен мамандық жан-жақты насихатталады. Оқушылардың мамандық таңдауға саналы қарайтындығын ескеру қажет. Сөйтіп, тоғызыншы класс оқушылары, болашақ мамандықтарын таңдай алатын деңгейге келтіріледі. Ал, X-XI класс оқушылары арасында кәсіптік бағдар үлкен орын алуы тиіс. Олар таңдап алған мамандықтарының ерекшеліктерін, келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Көпшілігі икемділігі мен бейімделуіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осылайша оқушылардың мектепті бітірер жылдара таңдаған мамандықтарын анықтау кезені жүреді. Міне, осының негізіндө физика пәнінің мұғалімі жалпы мектептін кәсіптік бағдар жөніндегі жұмысын қорытындылайды. Мектеп бітірушілер белгілі бір шешімге келгеннен кейін олардың қалаған мамандықтарын іріктеу жұмысы жүргізіледі.Кәсіптік бағдар физика пәні мұғалімі жұмысымен орта мектеп көлемінде аяқталып, сонымен ғана шектелмейді. Бұл жұмыс арнайы орта, жоғары оқу орындарында, мекемелер мен өндірістерде, жанұяда жүргізіледі. Алайда, бұлардың бәрінде кәсіптік бағдар жұмысының көлемі мен тәсілі бірдей емес. Кәсіптік бағдар бару мұратына орай кәсіптік бағдардың көлемін, формасын, тәсілін анықтайды.Жалпы мектепте жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының жалғасы әрі қарай негізінен екі жолмен жүзеге асады. Біріншісі - жоғары және арнаулы орта-кәсіптік оку орындарына түскен оқушылармен жұмыс, екіншісі - тікелей еңбекке араласқан жастар арасындағы жұмыс.Барша көппіліктің кәсіптік бағдар жайлы дұрыс түсінігі болуы керек. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдармен де, ата-аналарымен де жастар мамандық таңдар кезде үнемі ақылдасып, олардың ақыл-кеңесін алады, ой-пікірін тыңдайды. Олай болса, жастардың мамандық таңдау жұмысын түбегейлі жақсарту үшін сол оқушылардың ата-аналарының кәсіптік бағдар жөнінде жан-жақты түсінігі болуы керек. Ата-аналардың мамандык, таңдаудағы көзқарасы қоғам талабына сай келуі шарт. Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін физика мұғалімі көпшілік арасында кәсіптік бағдлр жұмысын оқушылармен ортақ жүйеде жүргізгені жөн. Қазіргі кезде кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмыстары негізінен он бірінші класта жүргізіліп, төменгі кластарда оған жеткілікті назар аударылмайды. Мамандықты таңдаудан бұрын ол мамандыкты ұнату керектігі әркімге аян. Мәселен, кейбір мамандықтар балаларға тек сырттай ұнайды. Олар сондай мамандықтың адамдарын көріп кызығады. Дәл солардай болсам дейді. Мысалы, оқушылар, ұшкыштарға еліктейді, аспанға, ғарьш кеңістігіне ұшсам дейді. Міне, бұл сырттай қызығу әсерінен туындаған ұмтылыс. Кейбір оқушылар белгілі бір мамандыкты таңдамас бұрын оның халық шаруашылығында алатын орнының қандайлық дәрежеде екенін анықтап біледі. Творчестволық өсуі мен еңбек ақы мөлшерін, қоғамдық қажеттілігін талдап, таразыға салып көреді. Сонан кейін ғана әлгі мамандыққа ықыласы ауады. Окушылардың өздері қалаған мамандықтары бойынша қандай кәсіп саласында жұмыс істегісі келетіндіктерін біліп отыру, халық шаруашылығына игі әсерін тигізеді. Бұл тұста республикамызда мектеп бітіруші жастардың мамандық таңдауы, әлі де болса қоғам мүддесіне дәл келмей отырғанын айтқан жөн.Мамандыктың отыз мыңдай түрі бар. Ал ғылыми-техникалық прогрестің тез қарқынмен дамуына байланысты жаңа мамандықтар пайда болуда. Деректерге қарағанда соңғы он жыл ішінде 6 мыңга жуық жаңа кәсіп пен мамандықтар пайда болған. Оқушыларға кейбір мамандықты "нашар" деу дұрыс еместігін, ең бастысы жақсы маман болу керектігін жете түсіндіру керек.

Сонымен, кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысы дұрыс жүруі үшін мынадай шараларды жүзеге асырған жөн.

1.Кәсіп пен мамаңдық жөніндегі хабарлар көлемін көбейтіп, оның мазмұны мен формасын жақсарту каяет.

2 Әр түрлі мамандықты жан-жақты әрі терең ашып көрсету қажет.

3.Әр түрлі оқу орындарына түсушілерге арналған анықтама кітапшалардың мазмұнын түбегейлі өэгерту керек.

4.Жастар ұнатып оқитын гаэет-журналдарға мамандық жәйлі мақалалардың әрдайым шығып тұруын қарастыру қажет.

Ғылыми негізделген кәсіптік бағдар оқушылардың қалған мамандыққа деген ынтасын арттырып қана қоймайды, сол қалаған мамандығы бойынша енбек ету үшін қаншалықты қабілет, білім керектігін саралап, оны алдын ала білуіне көмектеседі.