Павлодар, 2017

5. Оқушыларға экономикалык тәрбие беру


Оқушыларға экономикалық білім мен білік беру туралы бұрынды-соңды айтылып көрмегені анық. Өйткені, физика ғылымға да, физик мұгалімге де, физик техник-инженерге де экономикалық білім мен білік керегі жоқ деп есептеліп келеді.Мұның қате екенін өмір көрсетіп отыр.

Бүгінгі өтіп жатқан күрделі күрт өзгерістер әрбір адамның экономикалық білімдер негізін игеруге, ең кем дегенде жалпы түсінігі, экономикалық сауаты мен мәдениеті болуы тиіс екенін далелдеп отыр. Экономикалық тарбие олардың білімге деген ынтасын арттырады, эканомикалық білімді жасампаз еңбекке қолдана білуге үйретеді.Экономикалық білімнің маңызы мен күші оның ғылыми сапасымен, жаңашылдығымен, өмірлік мақсатымен өлшенеді.

Мектеп оқушыларына экономикалық білім беру маселесін қарастырғанда, алдымен мектеп пәндерін оқыту барысында олардың экономикалық білімі мен біліктілігін қарастыру қажеттігіне көңіл бөлу керек. Экономикалық білім беру маселелері оқытудың политехникалық бағдары арқылы, атап айтқанда, математиканың, физиканың, астрономияның, химиянын қоғамның өндіргіш күші ретіндегі мүмкіндіктерін түсіндіру негізінде шешілуі тиіс.

Физиканы, математиканы, кибернетиканы, т.б. пәндерді оқытқанда мына тәсілдердің экономикалық қолданылуын көрсетудің маңызы зор.

- сабақта теориялық материалдарды өткенде өндіріс экономикасы мен еңбек саласынан мысалдар келтіру;

- физикалық, математикалық, экоиомикалық есептер шешу қарастыру;

- экономикалық бағыттағы физикалық / статитика/ ықтималдық теориясы бойынша факультатив ұйымдастыру;

- ЭЕМ-нің пайда болуы мен кемелдену жолдары;

ЭЕМ-де бағдарламалаудың негіздері;

-экономикалық физикалық-математикалық тәсілдермен танысу, т.б.;

-нақты өндіріс процесінде физикалық-математикалық әдісті қолданумен танысу мақсатында өндіріске экскурсия ұйымдастыру.

Осындай шаралар нәтижесінде мектеп лоимпиадалары,конкурстары, кештері өткізіледі. Физика пәнін оқыту кезінде экономикалық есептерді шығаруға көп көңіл бөлу кере,айталық, бір ойыншық,бір кітап, бір кг нан шығаруға қандай өндірістік шығындар кететінің экономикалық есептеу арқылы анықтауға дағдылану оқушылар үшін аса маңызды.

Біздің қазіргі оқулықтарда абстракты сипаттағы есептер өте көр орын алған. Мысалы, белгісіз Х-ты табу, белгісіз У ауданын анықтау, А пункті мен В пунктінің арақашықтығын есептеу, т.б. оның орнына 15га жердің әр га-нан 15ц өнім жинаса, барлық түсім қанша болады немесе Алматы мен Бішкектің ара қашықтығы 250 км, осы екі араға автобус қатынасы қанша шығынға түседі дегендей қажетті мысалдарға көңіл белсек, әрі экономика, әрі физика түсініктері қатар қалыптасар еді.

Физика сабагында оқушыларды осы заманғы өндірістің физикалық негіздерімен таныстыра келіп, белгілі бір ғылыми-техникалық шешімдердің экономикалық тиімділігін көрсетудің маңызы зор. Мысалы, "Заттардың құрылымы” тақырыбында термикалық өңдеу кезінде бұйымның сапасы, тозімділігі қалай артатының, "Үйкеліс" тақырыбында машиналар мен механиздерге қажетті, сирек кездесетін кымбат материалды неғұрлым арзан,тиімді металдармен ауыстыру жолдарын түсіндіру қажет. Механиканы оқығанда өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру экономикалық жолдарын айқындай кетудің манызы айырыкша.

Физика пәнін оқытқанда мектеп оқушыларына экономикалық білім беру табиғат қорғау міндеттерін де ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, жылу даигательдерін, радиоактивті изотоптарды, ядролық реакция, т.б. пайдаланғанда қоршаган ортага зиян келмеу жағы қарастырылган.

Физика сабағында пәнаралық байланысты пайдаланып /химия сабағынан өткен тақырыптарға сілтеме жасай отырып/, экономикалық білім беруге толық жағдай бар. Мысалы, «Оттегі», «Қышқылдар», «Жану» тақырыбын өткенде материалдардың металлургиялық процестері физикамен де, химиямен де тығыз байланысты. Бұл арада теориялық мәселелерді түсіндірумен қоса лабораториялық сабақтарда есеп шығарудың, ол үшін ауыл шаруашылыгы мен өнеркәсіпті ғылымиландыру саласынан алынған мәліметтерді, мысалдарды пайдаланудың ыкпал-әсері зор.

Мектептегі экономикалық тәрбие беру жүйесі мына шарттарды қамтиды:

шәкірттерге экономикалық көзқарастар жүйесін оқытып, олардың

бойында экономикалық ойлау элементтерін дамыту;

еңбек нәтижесіне, мектептің материалдық игіліктеріне, өзінің заттарына деген ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру;

өз еңбегін тиімді ұйымдастырып, уақытты ұтымды пайдалана білуге үйрену;

шығындарды түпкі нәтижемен, қажеттілікті оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;

өзінің кәсіптік муддесін мемлекет мүддесімен салыстыра білу.

Оқушыларды қолда бардың бәрін үнемдеп,ұқсатып ұстауға үйретудің маңызы зор. Мектеп қабырғасынан бастап олар халық игілігіне мұқият қарауға, саналы тәртіпке, жүктелган істі адал орындауга дағдылануы тиіс. Қоғамдық меншікке барынша жауапты қарау, берілген тапсырманы айнықпай орындау шәкірт бойына тераң сіңірідуге тиіс қасиеттер.

Оқущылардың экономикалық даярлығын қамтамассыз етерлік өз мүмкіндіктері бар. Оқу шеберханасы жағдайында мектептің жабдықтары мен ағаш жиһаздарын жасау, тозған кітаптарды қалпына келтіру, ойын алаңдарын жабдықтау, мектептің оқу-өндірістік комбинатында еңбек ету, қажетті жабдықтар мен материалдарды іріктеу, атқарылған істің экономикалық тиімділігін анықтау, т.б. қатысуға мүмкіндік бар. Түптеп келгенде, экономиканың мәні үнемділікке үйрету. Ол оқушының күңделікті өмірінен де орнықты орын алуы керек. Соған арнайы көпшілігімізге таныс бір мысал келтірейік. Мәселен, су шүмегі ашық қалды делік. Аққан судың литріне қала тұрғыны бар болганы 0,12 тиын төлейді. Тым арзан. Бұрынгы ата-бабаларымыз судың көзін тауып, құдық қазатын. Иінағашпен иық ауыртып, шелектеп әкелген суды үнемдеп пайдалануға тырысатын. Ал бүгінде құбыр арқылы келіп тұрған суды таусылмайтын нәрседей көреміз. Сол сұррусыз судың шығынын есептеп көрөлік. Біздің Алматы сияқты миллион тұргыны бар қалада ауыз суды тазалау мен тарту ісіне жыл сайын 10 миллион сом қаржы жұмсалады. «Судың да сұрауы бар»дегенде бабаларымыз осыны айтқан ғой.

Тағы бір мысал. Уйден, жұмыс орнынан, жатаханадан шығарда жарықты сөндіруді ұмыттық делік. Мәселен, 100 вт электр шамы 10 сағат жанып тұрса, онда 30 гр нан пісіруге, 10гк металл өндіруге жететін электр қуаты ысырап болады.

11 квт/сағ. электр энергиясын өндіруге жұмсалатын отын шығынын 1грамга кеміту. 1,2 млн шартты отынды үнемдеу мүмкіндігін береді. Бұл бүкіл еліміз бір тәулікте өндіретін көмірдің қуатына тең. Өндірістік, тұрмыстық мақсатта электр энергиясын тұтыну қауырт өсіп келеді. Электр энергиясын – еңбек өнімділігін арттырудын, еңбек жағдайын жеңілдетудің, тұрмыс жагдайын жақсартудың, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігінің дүние жүзілік деңгейіне жетудің қайнар кезі. Олай болса, оған үлкен жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарау керек.

Адамның ұқыптылық, немесе ысырапшылық қасиеттері негізінен жас кезінде қалыптасады. Мектеп оқушысының кітапқа, мектеп мүлкіне деген қатынасы мен оның біраз жылдардан кейін өндірістегі машиналарга, жабдықтарга, шикізатка де- ген қатынасының арасында терең байланыс бар. Сондықтан оқушыларға экономикалық тәрбие берудің алғашқы шарты олардың осы моктеп мүлкіне, оқулықтарга деген ұқыптылық көзқарасда қалыптастыру. Әрине, мектеп мүлкіне деген ұқыптылық көзқарасы бірден, өздігінен қалыптаса салмайтыны белгілі,ол үшін жан-жақты ойластырған үлгі жоспар жасалады, онда толып жатқан шаралар ескеріледі.

Сонымен, экономикалық жаппай білімге ұмтылу оқуды қайта құрудың аса маңызды бағыттарының бірі. Бұл міндеттің тиімді жүзеге асуы үшін мүғалімдер экономикалық білімді біздері де үйренуі керек.