Павлодар, 2017

1. Физика дидактиксының жалпы мәселелері


Оқыту тоориясы дидактика деп аталады. "Дидактика" гректің сөзі, оқыту теориясн мен білім беру деген магына береді. Дидактика оқытудың мазмұнын, ұйымднстыру түрлерін негізгі қағидалары мен әдістерін анықтайды. Физика пәнін оқыту да дидактиканың принциптеріне негізделеді. Әдіс физика пәнінің оқыту ерекшелігін қарастыратын ғылым болса, дидактика оқытудың барынша ортақ жалпы заңдылығын қарастырады. Ал дидактиканың негізгі міндеті - оқытудың заңдылығын ашу, берілетін білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барнша тиімді әдісгерін және ұйымдастыру түрлерін тауып беру. Білім - белгілі құбылыстар тудырған теориялық қорытыңдылар, заңдылықтар негізі, сол заңдылықтардың өзара байланысынан туған нақты принциптер мен ұғым жүйелері, заңдар мен ережелер , солардың жиыны болып есептеледі.Білік-іс жүзілік /практикалық/ қимыл-әрекет, шәкір алған білімнің негізінде жузеге асатын және жаңа білім алуға алғы шарт болатын қалыптасу деп түсінеміз. Мысалы, оқушы жаңа білім негізін игергеннен кейін біліктілігін дамытады, сол білімін жетілдіру көзін іздейді.Дағдыға - әбден әдетке айналған, жаттанды /автоматтандырылған/ әрекеттерді жатқызып жүр.Физикалық аспаптардьщ жұмыс істеу принциптерін, олардың өзара ерекшеліктерін ажырату. Мысалы, айнымалы ток амперметрімен ешкім тұрақты токты өлшемеуі тиіс.Жалпы алғанда оқытуды жақсартып, сапалы білім беру үшін қажетті терт шартты атап өтуге болады. Олар дидактикалық жақсы әзірлігі бар, іздене, ынта-ықыласымен жұмыс істейтін физика пәні мұғалімінің болуы. Екішісі – оқушылардың берілетін білімге сай жоғары дәрежеде оқытылуы; үшіншісі – жақсы оқулықтын және оқу, көрнекті, технккалық құралдардың, сондай-ақ физикалық бөлімнің болуы;төртіншісі- физика сабағын өткізуге ыңғайлы ахуалдың өзара сыйласымдылыққа негізделген оқушылар мен физика мұғалімінің арасындағы жақсы арақатынастын болуы. Алайда, оқытуға қажетті бүкіл жағдайлар болғанның өзінде саббакты ұйымдастырудың мақсаты мен дидактикалық шарттарын жете түсінбейінше, сабақтардын сапасы ойдағыдай дәрежеде болмауы мүмкін. Бұл өз кезегінде дидактикалық жүйе мен оқу-тәрбие жұмысын бағдарлаудың ережелерін сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.Оқушының физиканы оқуына негізінен әсер ететін себептердің бірі- мотивтер.Мотивтер деп оқушыны белгілі іс-әрекет жасауға итермелейтін, арнайы нысанға бағыттайтын себепті айтамыз. Оқушылардың мотивтері, саналы түрде сезінген қажеттіліктері мен физика пәніне қызығуларына байланысты болады, Бала жақсы оқу үшін , ол физикадан алған білімін өмірде керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет.

Мотивтер оқушылардың физиканы оқуға деген жағымды ынтасы мен сезімдерін тугыэады. Мысалы оқушылардың физиканы оқыту деген пәнің сүйіп жақсы оқуы мұғалімді жақсы көруі оның физика сабағын қызығылықты жүргізуіне байланысты. Оқытудың сапасын арттыруда окушалардың білімге деген интеллектік мәні бар мотивтерін қалылтастырудың маңызы зор

Оқушылардың физикалық білімге қызығуларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

Қызыгудың әлі де айқындалмаған солқылдақ түрі

Кең ауқымды қызығу /широкий интерес/

өзектелген қызығу /стрежневый иктерес/

Оқытуды бағдарлауда істі атқарушы ең басты кейіпкер болуы тиіс. Оқыту процесінде барлық логикалық ойлау әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес творчестволықәрекет жасауға үйренеді. Бұдан шығатын қорытынды- оқыту баланың жан-жақты өсіп дамуын қамтамасыз етеді.Олай болса, оқыту мен дамудың өзара тығыз байланыста болуын тұтастыра қарау керек.Білім алу- оқу материалдарын есте қалдырку ғана емес, ол білім мен дағдыны меңгеру жолында жан-жақты ойластырылған іс-жүзілік әрекет. Ал, физикалық білім деп- табиғаттағы заңдарды танудын нәтижесінде жинақталған теориялар мен ұғымдар, заңдар мен заңдылықтар жүйесін айтамыз.

Біздің мектептерімізде берілерін білімнің басты үш белгісін атап көрсетейік:

А) Білімнің саналығы.

Ә) Білімнің іс- жүзілік сипаты.Білімнің өмірмен ұштастыруыжәне теория мен тәлідеудін арасындағы тығыз байланыстын болуы.

Б) Білімнің дәлелділігі. Білім алушы адам біреудің айтқанына, істегеніне, не оқығанына талғаусыз сене алмай, өз көзін жеткізеді, қорытындылар мен тұжырымдар жасайды.

Білімділік қандай да бір іске деген шеберліктің алғашқы негізі. Дағды-әрекеттің саналы әдеттену дәрежесіне жетуі яғниоқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі. Икемділік пен дағды тәжіорибемен шыңдалады. Оқушыларда пайда болған біліктілік пе дағды екі топқа бөлінеді:

1.Интеллекті білік

2. Еңбек нәтижесінде пайда болған білік жәнедағды

Жалпы алғанда оқыту процесінің негізінен үш түрлі құрылымыбар.

Біріншісі - догмалық оқу деп аталады. Мұндай түрдегі оқыту-мұғалім білімді түсіндірмей /дайын түрде/ береді, оқушылар білімді тек жаттап алдады да, соны қайталап айтыпбереді. Сөйтіп, негізіне есте қалдыру қаблеті ғана қалыптасады. Мұндай оқыту қөбінесе орта ғасырларда басым орын алған-ды.

Екіншісі – түсіндірмелі оқу, немесе ақпар алу негізіндегі оқу. Оқытудың бұл түрінде мұғалім білімді айқындәйекті етіп түсіндіреді. Көрнекті тәсілдерді пайдаланады. Оқушыларға материалды әбден ұғатындай етіп береді. Оқытудың мұндай сипаты оқушылардың есте қалдыру қабілетімен қатар, ойлау қабілетінің де дамуына ықпалынын тигізеді. Сөйтіп, оларалған білімдерін іс жүзінде қолдануға, өздігінен түрлі формулалар, лабораториялық жұмыстар орындауға, физикалық жаттығулар мен тәжірибелерді жасауға бейімделеді.

Үшінщі – проблемалық оқыту. Проблемалық оқыту да оқытудың жеке түрі деуге болады. Қазіргі ол оқытудың бір кезеңі ретінде қоолданылып жүр.

Оқытудың бұл түрін қолданғанда оқушыға білім – проблемалық жағдайда беріледі оқушы сол проблемаларды іздену арқылы өзі шешуі тиіс. Проблемалық оқытудың артықшылығы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады, оларды творчестволық жұмыс іздеуге тәрбиелейді. Соңғы кезде проблемалық оқыту мектептерде кең таралған оқу жүйесінің бірі болып отыр.