“Методиканың” мәні “метод-әдісі” деген сөзден шыққандықтан, “оқыту әдісі” деген ұғым физиканы оқытудың бірнеше жолын қарастырады. Олад – кешенді әдіс, жобалық әдіс, дедуктивтік және индуктивтік әдіс, т.б. Сонымен, оқыту әдісі ұғымы – оқытудың мазмұнына, күллі оқу жұмысының барысында, оқі ісін ұйымдастыруға, әр түрлі творчестволық шараларға негізделеді.
Физика ғылымының өзіндік зерттеу әдісі болатыны секілді физиканы оқытудың да өз әдісі бар. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және материалды қабылдату айла- шараларын айтамыз.Әдіс – оқытудың мақсаты мен мазмұның анықтайды. Оның өзгеруіне қарай әдіс те өзгеріп отырады. Мысалы, физиканы оқытудың төменгі класстар мен жоғары класстардағы әдістерінің арасында айырмашылық бар.Әр класста әр түрлі әдіс қолданылады.
Оқыту әдістерін оқу тәсілдерімен шатастыруға, немесе әдістерді тәсілдердің қосындысы, болмаса жиынтығы деуге болмайды. Бұл долбарлау оқыту әдісінің өзіндік сапасын жойып, әдістердің өз алдына дидактикалық категория екендігін жоққа шығару болар еді.
Тәсіл-әдісті іс жүзіне асырудың бір жолы – әр түрлі тәсілдердің ұштасып келуі. Физиадан өткізілетін сабақтарда негізгі әдіс- эксперимент. Ал, тәсілге- мұғалімнің тәжірибенің жаса шеберлігі, оны көрсете отырып ұғынықты түсіндіру, оқулықты пайдалану, т.б. жатады.
Оқыту әдістері мен тәсілдерінің өзара айырмашылықтарының болуы олар бір-біріне ешқашан ауыса алмайды деген ұғымды білдірмейді.
Физиканы оқыту барысында оқушылардың ойлау әрекетін жетілдіріп қоймай, оқып үйренетін материялға деген танымдық құштарлықты да дамытуға жағдай жасау қажет. Физикалық құбылыстарды тануға деген қызығудың қалыптасып, дамуына себеп туғызатын жағдайлардын бірі бірдей физика оқулығында түсіндірілген.
Физика ғылымының жаңа деректермен сабақ мазмұнын байыту, оқытудың проблемалық тәсілдерін жүзеге асыру, оқыту әдістері мен тәсілдерін түрлендіру, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін күшейту, қызықты тәжірибелер жасау, физикалық фокустар, схемалар, графиктер, т.б. пайдалану оқыту ісін жандандыру түседі.
Қазіргі қолданылып жүрген оқыту әдістерін негізінен үш топқа бөлінеді: 1.Ауызша түсіндіру әдісі. 2.Көрнекілік әдәсә.3.Проактиалық әдәс.
Бұлар бір-бірімен ұштаса еліп әдістер жүйесін құрайды.
Оқыту ісінде де ғылыми зерттеудегі сияқты әдістер пән мазмұнымен тікелей байланыста болады.Оқыту әдістері түрлі құбылыстардың өзгеруін, олардың өзара табиғи-байланыстарын және даму заңдылықтарын анықтайды, ғылыми-зерттеу әдістерінің негізгі принциптерін үйретеді және оқушылардың творчестволқ дамуына көмектеседі. Олардың әрқайсысына жеке тоқталайық.
Ауызша баяндау әдісі. Физиканы оқыту процесінде ауызша баяндау әдісіне- физикалық жаңа материалды түсіндіру, әңгімелесу лекция жатады. Бұл аталған әдістер үшін жалпы ортақ нәрсе мұғалімнің оқушыларға сабақты қонымды түсіндіруі. Материалды әңгімелеу - бұл сабақтың логикалық негізінен түсіндіру. Мұғалім сабақта әңгіме әдісінпайдалануға ұқыпты даярлануы тиіс. Мұғалімнің әңгімелегені белгілі бір физикалық құбылыстарды, мысалы, реактивті құбылысты оқушылар одағыдай түсінуі үшін негізгі түсініктер мен қағидаларды және олардың байланыстарын қисынды етіп көрсетуі керек. Олардың мінін ашу үшін дәл бейнелі сөздерді таба білуі қажет. Әр түрлі көрнекілік құралдарын көрсеткенде оқушы жасаған экспериментті сипаттағанда, не оны талдағанда мұғалімнің түсіндірме сөзі жетекші орын алады. Шынында, физикалық құбылыстар мен өзгерістерді баяндау, тіпті, физикалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ, зерттеу, бағдарлау кезеңде сөзбен мағлұмат берілетіні белгілі. Физика таза табиғат тану және тәжірибе жүргізу жөніндегі ғылым бола тұрса да, оны оқытудағы сөз шеберлігінің маңызы жоғары. Жалпы сөз сигналдарын қабылдау күрделі құбылыс. Сабақтың біткенін жариялайтын қоңырау сылдырын оқушылар қалай қабылдап, оған қалай жауап беретіні баршаға мәлім.Уақтысы жеткен кезде, қоңырау сылдыры естілмей-ақ, “қоңырау” деген сөздін өзі қоңырау сылдырап тұрғандай әсер тудырады.Сөйтіп, сөз қоңыраудың міндетін атқарады. Бұдан оқыту процесінде де сөздің соншалық маңызды екенін көреміз.
Әңгіменің кейбір түрлері мынадай : жаңа білімді шолу мақсатында қолданылатын әңгіме, білімді көтеру мақсатымен және жариялау ауызша жаттығулар жасау үшін жүзгізілетін әңгіме, сондай-ақ, өткен материалды қайталау мақсатында өткізілетің әңгіме. Әңгіменің соңғы екі түрі сипаты бойынша жаңа материалды бекіту мақсатындағы әңгімеге жататындықтан, арнайы әңгіме ретінде қарастырылуы да мүмкін.Жаңа білім беретін әңгіме сабағы – оқушының индуктивті жолмен физикалық құбылыстардың бірлі-жарым мысалдарын келтіріп, жалпы қорытындылар шығару. Ол оқушыларға хабарланатын материалды жалпы жағдайдан жалқы жағдайларға алып келетін әңгіме.
Сабақтарды тақырыбына сай : кіріспе әңгіме сабақ; түсіндірме әңгіме сабақ; қорытынды әңгіме сабақ болып бөлінеді.
Бұлардың ішінде ең күоделісі әрі тиімдісі түсіндірме әңгіме сабақ.
Түсіндірме әңгіме сабақ көрсетілімдер жасаумен қоса жүргізіледі.Тәжірибе неғұрлым қарапайым болса соғұрлым түсінікті болады.
Түсіндіру. Соңғы кездерде бұл бірде жеке тәсіл,бірде әңгімені аралас пайдалану тәсілі делініп жүр. Қалай болғанда да, түсіндіруге: пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер жатады. Оқушылар оқып үйренетін материалды игеруіне негіз боларлық жеткілікті білімдер жоқ жағдайдың бәрінде бұл айла қолданылады.
Мұғаімнің әңгіме сабақтарына мынадай талаптар қойылады: әңгіме сабақ ұзаққа созылмауы керек .Өйткені, әңгіме сабақ ұзаққа созылса, оқушылар зейін қойып тындамайды, әрі шаршайды. Материалдын оңай, қиындығы және көлеміне қарай әңгіме сабақ 10-15 минуттан аспауы керек.
Мұғалім сабақ өткізудің сұрақ-жауап түрінде қолоданады. Бірақ, мұнда “жетекші”сұрақ қойып, оның жауабын оқушы “аузына салуға” болмайды. Сұрақ-жауап түрінде әңгіме өткізу, тәжірибе көрсеткен жағдайда тиімді. Өйткені, тәжірибе кезіңде оқушылар мұғалім қойған сұраққа еш жетектеусіз-ақ жауап бережі және мұғалім көмегімен одан қорытынды жасайды.Сұрақ-жауап түрінде әңгіме өткізудің , әсіресе, өткен материалды талдап қорытқанда маңызы үлкен.
Мектеп физикадан өткізілетін лекцияның мақсаты оқушылардың басқа әдістерден ала алмайтын мәліметтерді және деректерді қорытындылау.
Лекция тыңдау физика жайында әңгімен таңдаудан қиынырақ .Өйткені , ол тұрақты зейінді талап етеді. Мектепте физикадан лекция тек жоғары класстарға оқылады.Алайда, кейбір шолу лекциялары емтихан алдында материалды қайталау мақсатында ЕХ кластарда оқылуы мүмкін.
Әрине, физикадан сабақ өткізбес бұрын жалпы лекция сабақтарына қойылатын талаптарды жете білу керек. Бұл талаптар төмендегідей:
- Баяндаудың ғылыми дәлдігі, логикалық үйлесімділігі, бекітілудің тыңғылықтылығы, әсерлілігі,анықтығы.
- Оқушылырдың осы сабақты таңдаудың қажеттігін, сабақ кезіңдегі мақсаттарын түсіну.
- Қарастырылған тақырыпты орындауға оқушылардың әзірлігі, олардыі лекцияны ықыласпен тыңдауы, саналы қабылдауы.
- Оқушылар алған жаңа білімін бұрын алған білімдерінен байланыстыра алуы, осы білімдерін тұрақты есінде сақтай алуы.
Лекциялық сабақ кезіңде мұғалім оның жалпы мзиұнын мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып отырады, жауабын өзі қайтаруы мүмкін.
Енді келесі әдістерге қысқаша тоқталып өтелік.
Көрсетілімдік әдіс.Физикадан көрсетілетін көрсетілімдер біртіндеп және сабақтың тиісті езеңінде көрсетілуі тиіс,Егер қажет болса, суреттерді, графиктерді, жоспарлы алдын ала іліп қоюға болады.Көрсетілімдерді көрсетіу, түсіндірумен ұштасьырылуы қажет.
Физиа сабағынан өткізілетін экскурсиялар.Экскурсиялар көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы.Физикалық экскурсияны өткізу барысында әр түрлі әдістердің – әңгіме, лекция, әңгімелесу және басқалар қолданылуы мүмкін. Бірақ, бұладың бәрі көрсетілімдік әдісімен үйлестіріледі , соған бағынышты.
Әдетте экскурсия нақтылы заттарды, құбылыстарды, процестерді табиғи жағдайда көріп, қабылдауға мүмкіндік береді.
Лабораториялық әдіс пен физикалық эксперимент.Мектептегі эксперимент, лабораториялық және іс-жүзілік жұмыстар теориялық білімдерді анағұрлым саналы және берік игеруге көмектеседі. Бұлар – көрнекілік, саналық пен белсенділік, оқыту мен өмірдің байланысуы арлқылы жүзеге асады.
Физикалық жатығулар. Физикадан есеп швғару – білімді бекітудің және іскерлік пен дағдының қалыптасуын, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдісі.Лаборатория жабдықтарын, өлшеуіш аспаптарды пайдалана біліді үйрететін арнаулы жаттығулар да бар.
Қайталау әдістері. Физика сабағында қолданылатын қайталау әдісі бекіту әдәсәне ұқсас. Физиалық жаттығулар мен қайталау – білімді бекітудін жаңа іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Қайталау да жаттығулар сияқты, ауызша және жазбаша өткізіледі. Қайталау күнделікті қайталау және қорытынды қайталау болып бөлінеді. Күнделікті қайталау әр сабақ сайын өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – мұғалімнің оқушымен әңгімесі және оқулыққа әдейі еңгізілген қайталау – шолу сабақтарын орындау.
Қорытынды пысықтыу, көбінесе жылдың аяғында, әдетте, тақырыптар мен тараулар бойынша баяндамалар, мұғалімнің шолу сабақтарын орындау.
Проблеммалық оқыту әдісі. Оқушыларға физикалық білім даяр күйінде беріле салмай, мұғаліс оның алдына белгілі бір проблемманы қойып, одан шығу жолын көрсетеді. Проблемалық оқыту - физикалық прблема, физикалық проблемалық сұрақ, физикалық проблемалы тапсырма, проблемалы жағдай деген ұғымдарды қамтиды. Ол тек проблемалық жағдай туғызып қоймай, оны дұрыс шеше білу тәсілдерін де меңгертеді. Ол үщін мұғалім оқушының физикалық материалда кездесетін: ой, пікір, ереже, қағида қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешу тәсілдерін, өздігінен іздену, зерттеу амалдарын үйретуге тиіс.
Проблемалық оқыту үш түрлі формада іске асады: проблемалық баяндау; оқушылардың белгілі дәрежеде іздену және өздігінен іздену әрекеттері.
Проблемалық оқытудың іске асуы ьөмендегідей негізгі үш кезеңнен тұрады: 1. Проблемалық міндет қою және оны айқын ұғыну. 2. Проблемалық міндетті талдау, болжамдар жасау, оны шешудің тиісті амалдарын қарастыру. 3. Проблеманы шешу, оның дұрыстығын тексеру.
Әрине, физикадан берілетінбарлық білімді проблемалық оқыту арқылы іске асыруға болмайды. Кейбір тараулар мен тақырыптарда берілетін білімдер оны қажет етпейді.
Проблемалық оқытудың аса маңызды екі бірдей пайдасы бар. Біріншісі - оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру, екіншісі - ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.
Бағдарлап оқытуды ұйымдастырудың формасын сипаттайтын жалпылама нәрселерді бөліп көрсетуге болады.Бағдарлап оқыту дегеніміз - “Бағдарлама” деп аталатын жиынтық тапсырмалар бойынша оқушылар өз бетімен жүргізетін жұмыс түрі. Бағдарламаларды ғалымдар, мамандар басшылығымен түрлі жастағы оқушылар үшін, педагогтар құрам құрастырады.
Өз бетімен істелетін жұмысқа мүмкіндігінше толық басшылық жасау үшін, бағдарлама - “қадам” деп аталатын логикалық байланысы бар сұрақтардан, немсе ақпарларды қамтиды. Әрбір қадамда міндетті түрде бақылау - сұрақ болады. Оған дұрыс жауап берілгендігін - қадамның мазмұны дұрыстүсіндіріліп, меңгерілгенін көрсетеді. Тек дұрыс жауап берілгенде, бағдарламаның келесі бөлігінде, келесі қадамға өтуге рұқсат етіледі.
Оқытудағы класс-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың белсенділігінің аздығы, үйренушілер үшін оқу жұмысының үйлесімді қарқынының жоқтығы. Бұл кемшіліктерді жою үшін бағдарлап оқытудың негізіне алынған мынадай талаптар орындалуы керек: оқущы оқу материалын жүйелі іріктеліп, орналастырылған қадамдар арқылы қабылдаув керек; оқытуды, оқушы тек оқу материалын қабылдап қана қоймай, сондай-ақ, оны пайдалана білетіндей етіп, ол барлық уақытта “іске әрі жұмыс басты” болатындай етіп құрған жөн; келесі материалды оқып үйренуге өту үшін оқушылар алдында өткенді жақсы меңгеріп алулары қажет; оқушыға оқу материалын тиісті бөліктерге бөлу арқылы түсіндіру қажет.