Физика дидактикасында мынадай негізгі принциптері бар: физиканы оқыту мазмұнының ғылымилылығы; білім берудің жүйелілігі мен бірізділігі, материалдың түсініктілігі; оқытудың көрнектілігі; әрбір оқушының және басының ерекшелігін есеепке алу; білімінің баяндылығы; т.б.
Физика мұғалімі оқушылардың байқампаздығын, өз бақылаулары негізінде қорытынды жасай білу бейімділігін жетілдіруге міндетті. Ол үшін сабағына физикалық көрсетілімдерді еңгізіп, осыған сәйкес, оқушыларының оған зейіндерін сала бақылауын, бағдарлауын ұйымдастыруы қажет. Міне, осылардвң нәтижесінде физиканы оқытудың әдістік маңызы арта түседі. Оқытудың жалпы міндеттері толығырақ шешіледі. Іс жүзінде әдістердің бірде-бірін басқаларынан бөліп алып, “таза күйде” қолданбай, қайта оларды өзара үйлестіріп қолдану міндет. Мысалы, оқытудың сөздік әдістерін тәжірибелер жасап, көрнекті құралдарды көрсетіп, тиімді әдістермен қабыстыра отырып қолдануға болады.
Физиканы оқытудағы ғылыми принцип. Физиканы оқытуды бағдарлауда жалпы қағидалар болып есептелетін дидактикалық принциптер басшылыққа алынады. Физиканы оқытуға оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлік принципі негізгі арқау болып алынады. Ал дидактикалық принциптер ғылымилық пен жүйелік оқушылардың оқудағы сагалығы мен творчестволық белсенділігін арттырады. Әрбір оқыту принциптері өзара тығыз байланысты және өзара өзектес, сабақтас. Мысалы, саналық принциптерін оқытудың ғылымилық және жүйелік принциптерін бөліп алып, жеке қарауға болмайды. Керісінше, оқытуда жүйелік пен ғылымилық болмаса, материалды меңгеруде саналықтың болуы мүкін емеес. Ал оқытуың көрнекілік принципі өз кезегінде материалды сапалы меңгеруге тікелей өз әсерін тигізеді.
Оқыту процесінде қолданылатын әдістердін ғылымилығы дидактикалық таным теориясының негізгі қағидаларына сәйкес анықталады. Жалпы физиканы оқыту әдістерін анықтауда мұғалімнің дәрістеуі мен оқушылардың оқу-таным әрекетін сипаттайтын оқыту процесін негізгі маңыз атқарады. Мұғалім оқу материалын баяндап, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырады, оған басшылық етеді. Олардың білім, білік пен дағдыларды игеруіне жетекшілік етеді.
Егерде қызметкердің білім дәрежесі өндіріс техникасынан төмен болса, онда қазіргі заманғы ең жаңа, ең күрделі деген техниканың өзі тиісті нәтиже бере алмайды . Сондықтан қызметкерлердің білім дәрежесі техникадан ұдайы озып отыруы тиіс. Бұл байланыстан алатын білімнің мазмұны ғылым мен техниканың дамуына тікелей тәуелді екені, олай болса, ғылым мен техниканың қауырт дамуына сәйкес берілетін білім де жаңарып, ілгері дамып отыруы тиіс екені шығады.
Физика пәнінен ғылыми білім беру жүйесі қазір ғылым мен технтка дамуының негізгі көзіне айналады. Ғылымилық принципі теория мен практиканың бірлігін талап етеді.Физиканы оқытудағы бұл бірліктін көрінісі-оқушыларды физикалық заңдардың техникада қолданылуымен таныстыру болып табылады. Ғылымилық принципке түсініктілік, бірізділік, біржүйелік, концентризм, тарихи прнцип, теориянын практикамен байланысы, т.б. принциптер тәуелді. Ғылымилық принциптің өзін даму тұрғысынан қарастыру керек.
Ғылымнан бөлек орын алған жаңа теориялар мектепте өтілетін физика курсының көлемі мен дәрежесін қайта құруды талап етіп отыр. Біздің мектептерімізде физика пінің оқыту деңгейі физика ғылымының қарқынынан кейін қалып келеді. Физика курсының мазмұны, материалы, көлемі жөнінен ғылымның соңғы мәліметтерінен айтарлықтай айырмашылғы болуы түсінікті. Физика курсында ғылым әлі толық шешпеген күрделі мәселелер оқушылар түсінетіндей етіп, жеңілдетіп беріледі.
Мысалы, физика курсында заттың анықтамасы беріледі. Шынында, тыныштық, - массасы болатындардын бәрі зат деп анықталатыны белгілі. Соны оқушыларға жете түсіндіру қажет.
Бұл анықтаманың мазмұның оқушыларға тұсіндіру қиын. Өйткені, оқушылардың мұны түсінуге өресі мсен білімі жеткіліксіз. Сондықтан ҮП класста затқа - “физикалық дене неден тұрса, соны зат деп атаймыз ” деген анықтама беріледі. Зат демекші, ҮП класста химиялық элементтер атом ядросы заряды мөлшеріне сүйеніп, анықтама беруге болмайды, ал “бір түрлі атомдар элементтер деп аталады” деген анықтама мазмұны жөнінен одан алшақ емес. Дегенмен, қандай да жеңілдетудің шегі бар. Жеңілдету - фактілер мен қорытынды пікірді теріс бұрмалау болауы керек. Осы таяу жылдарға дейіноқулықтарға қолданылып келген “химиялық қасиеттері бірдей атомдар жинағы” деген элементке берілген анықтама ғылымилық принципті тікелей бұрмалау еді.
Түсініктілік принципі. Оқу материалының түсініктілігі туралы мәсеоені шешкенде жоғарыда айтылған маңызды принцип - ғылымилықты естен шығармау керек. Демек, сабақты түсінскті ету жағын көздегенде, тақырып мазмұның ғылымилығына сүйену керек.
Түсініктілікті үстірт қарастырылатын оңайлықпен алмастыруға болмайды. Өте жеңілдетуге тырысу сөзсіз кемшілікке соғады. Мысалы, ҮП класста балқу мен қатаюға анықтама берутемпературасының маңызы туралы жалаң айтылған анықтамаға қарағанда, оңайырақ және бұл түсініктің ғылыми мазмнына қайшы келмейді. Бұл принциптің маңыздылығы ұғымдардың ғылыми мазмұнын бұрмалай түсінікті етіп беру. Бұл жолда түсінікті оңайлатып-жеңілдетумен қатар біліктілік пен дағдыға үйретуді іске асыра білу керек.
Өтілетін материалдың түсініктілігін ең алдымен оның дәлдішіне байланысты. Физиканың негізгі қағидаларының дәлелділігінің анықтауда эксперименттің үлкенмаңызы зор. Дегенмен, дәлел ретінде тек мектепте жасалатын эксперимент қолданылып қоймайды. Ол үшін көбіне, эксперименттің дайын мәліметтерін (Галилей, Ом, Паскаль және басқа оқымыстылардың тәжірибелерін) пайдаланамыз.
Жүйлік және бірізділік принципі. Мектепте физиканы оқыту жүйесін құруда жүйелік пен бірізділік талап ету сондай-ақ, сабақ оқыту барысында іс жүзіне іске асыру ғылыми білім мен түсінікті дамытудың ең маңызды принциптерінің бірі саналады. Бұл принцип оқыту процесіндемұғалімнің жалпы жұмысы мен оқушылардың бүкіл іс-әрекетінің жүйесін түзеді.
Физика ғылымы жинақтап беретін білімді жүйеге тексеру – оқушылардың санасында өзара байланысты ұғымдар жүйесін, ойлаудың пәрменді «аспабын» пайда етеді. Екінші жағынан ол оқушылардың алған білімдері есте сақталуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге жекеленген мәліметтер мен факторларды неғұрлым ірі бірліктерге топтастырып, материалды жекелеген мәліметтер мен факторлардың жиынтығы ретінде еске сақтаудан құтқарады. Ондай топтауларды есте сақтау және керекті жағдайларда қайта жаңғырту оңай. Сонымен, жүйеге түсіру адамның білімін реттеп қана қоймайды, жаңа білімдердің қайнар көзі қызметін де атқара алады. Сөйтіп, оқушылардың білімдерін жүйеге түсіруде нысаналы қызметтің қажеттілігі ап-айқын көрінеді. Оқушылардың білімдерін жүйелеуде құбылыстарды біртұтас ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіретін теорияларды оқып үйрену, сондай-ақ олардың ұқсастығы мен айырмасын білу, топтарға жіктеу маңызды міндеи атқарады. Оқу бағдарламалары оқушылардың білімдерін жүйелеуге жағдай жасауы тиіс. Бірақ, олардың бір өзі бұл проблемалардың толық шешімін қамтамасыз ете алмайды. Ол үшін мұғалімінің материалды жүйеге түсіндірудің әр түрлі әдістерін пайдалануы жөн.
Көрнекілік принцип. Көрнекілік принципін қолдану оқушылардың физикалық құбылыстарды танып білуінің негізі болып есептеледі. Көрнекілік принціпін жүзеге асыру физикалық білімді сапалы меңгеруге, зейіннің, есептің, эстетикалық талғамның дамуына бірден-бір жол ашады.
Сонымен, физиканы оқытудағы көрнекілікке: көрсетілімдік тәжірибелер, техникалық, лабораториялық жұмыстарды жүргізу, әтүрлі физикалық аспаптар мен құралдарды қолдану, мұғалімнің тақтаға суреттер мен графиктер салуы, оқушалырдың үлестірме материалымен жұмыс істеуі, тағы басқалар жатады.
Физиканы оқытудағы тарихи принцип. Маңызды физикалық жаңалықтар жөніндегі тарихи мәліметтерді, әсіресе, отандық ғылымдардың физиканың ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуындағы еңбектерін оқушыларға әңгімелеу, тек жалпы білім алу үшін емес, сонымен қатар, тәлім-тәрбие алу үшін де маңызды.
Физика ғылымының табыстарына бірден қол жеткен жоқ.
Бұл – ғылымның ұзақ уақыт тарихи дамуының, ғылыми ізденудың зерттеушілер еңбектерінің нәтижесі. Физика ғылымының даму бағытын көрсету - оның бұдан арғы бастауынын нақты болашағын, дүниені одан әрі танудағы шексіз мүмкіндігін дәлелдеу деген сөз.
Қазіргі кеэде ғылыми білімдердің көлемі мен мазмұны айырықша тез өсіп отырғандықтан, аз уақыт ішінде көп білім беру міндеті туындап отыр. Осыдан барып көрнекілік құралдарына да жаңа талаптар қойылуда. Бұл талаптар оқыту процесінің тиімділігін арттыру мақсатында ең жаңа техникалық құралдарды қамтиды,
Концентризм принципі. Кейбір педагогтар физиканы оқытуда концентризм принципін қолданудың қажеті жоқ дейді. Мұндай пікір айтушылар концентризм принципі өткенді ретсіз қайталау, физика курсының кейбір тарауларын екі рет оқыту, т.б. деп ойлайды.
Жалпы жаратылыс, табиғат жөніндегі біздін біліміміз біртіндеп дамиды. Жаңа фактілер мен қорытындылар жинақталуына қарай бұрын анықталған құбылыстарға қайта ораламыз. Оларды жаңа теория тұрғысынан зерттелген жаңа фактілерге орай қайталауды қарастырамыз. Сөйтіп, бұрын танылған құбылыстардың түрлі жақтары айқын танылады және біздің біліміміз бірте-бірте жоғары сатыға көтеріледі.
Мектеп курсында негізгі физикалық түсініктер концентризм принципінде қалыптасады. Электромагнетизм жөніндегі алғашқы ұғым оқытудың түрлі сатысында, әсіресе, жоғары класта атом кұрылысы теориясы мен заттың құрылымдық теориясы негізінде дамып толыға түседі. Жарық пен жылу құбы- лыстары туралы түсініктердің қалыптасуы жөнінде де осыны айтуға болады.