Павлодар, 2017

4. Бағдарлама мен физика оқулығына қойылатын талаптар


Оқу бағдарламасы. Физиканы оқу жоспарының негізіидө оқыту бағдарламасы жасалады. Мұнда физика пәнін оқытудың міндеті мен мақсаты және мазмұны анықталады. Сонымен бірге әр класта физикадан өтетін оқу материалдарының жылдық көлемі керсетіледі. Оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеті туралы методикалық түсініктер беріледі, оқыту әдістері белгіленеді. Оқу әдістеріне байланысты бағдарламаны белгілі логикалық жүйемен құрудың бірнеше заңды принциптері бар.

Басқа оқу бағдарламалары тәрізді физика бағдарламаларын құрастырудың негізгі мақсаттарының бірі – оның ғылыми жүйеде құрылу принципі. Осы бағдарламалар негізінде қамтылатын материалдар теориялық жағынан да, іске асу жағынан да ғылыми тұрғыда тексерілген, өмірдің шындығын көрсететін болуға тиіс. Физикадан оқытылатын материалды іріктегендө, әр класта оқитын оқушылардың жас ерекшеліктері мен оларға берілетін материалдың білім беру деңгейі және тәрбиелік мәні өзара сәйкестікте болуы керек. Әрине, бағдарламаларда берілген материалдың мазмұны үнемі өзгеріп, жақсарып отыратындығы заңды. Техниканың соңғы табыстарына орай, оқу бағдарламаларына жаңалықтар енгізіледі, ал, ескірген бұрынғы ұғымдар, түсінінтер алынып тасталады. Бағдарламаның ғылыми негізі оның идеялық мәнімен тығыз байланысты. Бағдарламаның идеялық бағыты дұрыс болуы біріншіден, бағдарламаға енгізілген оқу материалдарын диалектикалық көзқараста талдап, қорыту. Екіншіден, оқушылардың тиісті физикалық ғьлыми жүйені меңгеруін, ақыл-ойын дамытумен бірге олардың адамгершілік, патриоттық көзқарастарын қалыптастыру мақсатын көздеу. Үшіншіден, оқушылардың, жас ерекшеліктеріне қарай ғылымның әр саласында кездесетін әр турлі қарама-қарсы идеялардың айқын дәрежеге көтерілуін қамтамасыз ету.

Бағдарламада физиканың ғылыми мән-мағынасын дұрыс сақтау оқу материалының ғылыми дәрежесін мүмкіндігінше көтеруге және оқушылардың жеке мәселелерді диалектикалық-материалистік негізде түсінуіне себепкер болады. Бағдарламада теория мен тәжірибенің бірлігін сақтау оқушылардың физикалық білім мен дағдыларды тиянақты меңгеруін қамтамасыз етеді. Физика-эксперименттік ғылым, сондықтан оның бағдарламалары физиканың тек теориялық негіздерін анықтаумен шектелмеуі, қайта міндетті түрде физиканың өндіріс пен ауыл шаруашылығында қандай маңызы бар екенін дәлелдеп беруі тиіс.

Бағдарлама негізінен екі турлі принциппен, концентрлік және түзу сызықтық принцип негізінде құрылады. Концентрлік принциппен құрылған физика бағдарламасы бойынша класта етілетін кейбір тараулар мен тақырыптар, мысалы,электр магнит туралы түсініктер, жарық құбылыстары жоғары кластарда қайта қаралып кеңінен баяндалады.

Жаңа бағдарламаларда бір пән мен екінші пәннің оқу материалдары біріне-бірі тірек болуы және бірінін-бірі мазмұнын толықтырып отыруы шарт. Бұл жағдай оқылатьи материалдың теориялық негіздерін жан-жақты тексеругө және оқушылардың ғылыми көзқарастарын дұрыс тәрбиелеуге жол ашады. Атап айтқанда, физика мен химия, физика мен астрономия, физика мен математика пәндерінің арасында тығыз байланыс бар. Жеке піндердін өзара заңды байланыстылығын зерттеудін нәтижесінде түрлі ғылымның жаңа салала- рының қалыптасатындығын білеміз. Мысалы, химиялық физика, биологиялық физика, астрофизика сияқты ғылым салаларынын қалыптасуы олардың өзара заңды байланыстарының тұтасуы, табиғаттын құпияларын ашу жолында бірлесуі нәтижесіндө пайда болған.

Физика оқулығы. Физика оқулығы оқу жоспары мен бағдардамасына сайкес жазылады. Физика оқулығында бағдарламада қамтылатын материалдың желісі бойынша оқушыларға берілетін білім, дағдылардың жүйесі толық және кең қарастырылып баяндадады. Физика оқулығы жаңа білім беретін, бұрынғы білімін толықтыратын, өз беттерімен үй тапсырмасын орындағанда жетекшілік міндет атқаратын негізгі құрал болыл табылады.

Басқа да оқулықтар сияқты, физика оқулықтарының мазмұны мен құрылымына төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады: Оқулықтың теориялық, идеялық негізі және методологиялық мазмұны, оның физикалық ғылыми қорытындылары жас ұрпақты материалистік көзқарасты тәрбиелеуге сәйкес жазылуы қажет. Оқулық мазмұны жағынан оқу жоспары мен оқу бағдарламасына және әр класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жазылуы тиіс. Физика оқулығының тнориялық және іс-жүзілік жақтары оның физика ғылымымен өзара етене байланыста болуы керек. Оқушылар физика оқулығының ғылыми-теориялық заңдылықтарды терең түсінумен бірге оларды өмірде қолданудын жолын меңгере алатындай болуы керек.

Фиэика оқулығында материалдың желісі жүйелі және оның әрбір бөлімдерінің, әрбір тарауларының, әрбір параграфтарының жеке тақырыптарының арасында логикалық бяйланыс болуы міндет. Физика оқулығының тілі жатық, ой-пікірі ұғынықты, баяндалуы тартымды болып, онда оқушыларды ынталандыратындай түрлі мысалдар, фактілер және тәжірибелер келтірілуі шарт. Онда оқушылардың өзбеттерінше жүргізетін оқу жұмыстарының үлгісі, тәжірибелерді жасау тәсілдері қарапайым болуы міндет. Бұл үшін оқулықта түрлі жаттығу жүмыстары мен откен оқу материалын қайталау сұрақтары үздіксіэ беріліп туруы тиіс.

Дидактиканың көрнекілік принципін іске асыру мақсатымен физика оқулығында жеке тақырыптарға байланысты схема, график, диаграмма, сурет, тағы басқа материалдар кең беріліп, оларды пайдаланудың жолы көрсетілуі тиіс, Физика оқулығы үшін бұл айтылған шарттар міндетті.

Фиэиканың тиісті тақырыптарына байланысты оқытудын түрлі техникалық құралдарын: магнитофон жазбаларын, оқу фильмдерін, теледидарды, эпидоскоп, кадоскоптарды көрсету қажет. Физика оқулығы түрлі құбылыстарды әсерлі етіп беретіндей болуы керек. Мұқабасы түптеулі, қағазы, көлемі оқушылардың тұтынуына қолайлы әрі эстетикалық тәрбие берерліктей дәрежеде жасалуы қажет.