Оқу материалының логикалық құрылымын логикалық қатынастар түрінде нобайлаудың кейбір кемшілігі, одан неғұрлым көрнекі, бейнелеуі әсерлі, әрі өз ой желісін қатаң сақтайтын басқа тәсілдерді қажет етті. Мұндай мүмкіндік оку материалын граф түрінде кескіндеу деп есептеліп жүр. Біз, әрине, графтар теориясына тоқталамыз. Оны оқу материалын жобалауға қатысты қырынан ғана қарастырамыз. Графтың оқу материалының логикалық құрылымының артықшылығын далелдеп жатудың қажеті жоқ. Әсіресе, әр түрлі белгілері /таңбалар, схемалар, графиктер, сызбалар, диаграммалар, т.б./ көп физиканы оқыту кезінде графтарды пайдалану өз табысын әкелетіні сөзсіз. Мысалы, тұрақты және айнымалы токтың әрқайсысының өз белгісі бары белгілі. Ал конденсатордың, кедергінің, өрістің, т.б. схемалары, таңбалары белгілеулеріне қарап тізбек жинаймыз ғой. Шынында, белгілі ғалым Н.Ф.Талызин айтқандай , схема ұғымды оқушыларға зат түрінде елестетуге көмектеседі. Графтарды пайдалану, бейнелік кернекіліктің ерекшелігін көрсетеді. Осы графтар теориясының туындысы ретінде пайда болған алгоритмдер теориясы табиғат ғылымдары жүйесінде ғана емес, тіпті, психология мен дидактикада кең қолдану тапты. Керек болса, графгар алгоритмдердің қосымша құраушысы ретінде қарастырылып келеді. Ал дидактикада графгар теориясының маңызы алгоритмдерден жоғары болмаса төмен емес.
Енді, тізбектің белігіне арналған Ом заңын қарастырып көрелік. Өйткені, схема графтың бір түрі гой, оның үстіне Ом эзаңы, тек физика оқулығында емес, электроника мен радиотехника салаларында да кең пайдаланылады.
Біз, физикалық түсініктерден осы Ом заңына көшудегі логикалык жүйеленуді қарастырайық.
Ом заңын міндетті түрде қарастыратын (орта мектеп пен әр түрлі училищелерге) орыс тілінде 20-дан астам оқулыктар мен оқу құралдары шығыпты. Олардың әрқайсысы өзінше методикалық тәсілдер қолданыпты. Кысқасы, авторлар Ом заңын түсіндіруде өз нұсқаларын ұсынган. Бірақ ұсынылған нұсқауларда Ом заңы түсіндірмесінің логикалық қатынастарын қарастыру, оларды өзара салыстыру, талдау жоқтың қасы.
Енді осы тақырыпты оқытудағы тәжіриберден алынған педагогокалық зерттеу нәтижелерін келтірейік./4-сурет/
Сурет-4
Бұл тақырыпты оқытуға осы тараудағы басқа 17 тақырыпқа берілген уақыттың 2 процентінің орнына 10 проценті кетеді екен. Ал, осы тақырыпты оқытуга 12,5 процент уақыт бөлінгенде оны меңгеру сапасы әлдеқайда артқаның оқушылар- мен жүргізілген тексеру сабақтары және оқушылардың жауаптарын талдау көрсетті. Бүгінге дейін дидактикада оқушылардың жіберген қателері мен шатастыруларын талдау ісіне ойдағыдай көңіл бөлінгенінен, жалпы түрде саралау жүргізілмей отыр. Оқу материалын түсіндіргенде оқушылардың назары ең алдымен логикалық элементтердің өзара байланысына аударылуы қажет .Бұл айтылғанға мыналар негіз бола алады.
Оқушылардың қателерін сараптау. Педагогикалық эксперименттер далелдеп бергеніндей оқушылар жіберетін қателердің көпшілігі элементтер байланысының ішінде терең байланысқан элементтер үлесіне тиеді екен. Оқушылардың өз бет- теріман оқыған текстеріне байланысты қойған сұрақтарын талдау, оның үштен бірі өзара бекем байланысқан элементерге қатысты болган.
Тежірибелі мұғаліңдердің әр түрлі деңгейдегі байланысы бар элементтерді түсіндіруіне кеткен уакытты саралау. Оқушының тусіндіруіне кеткен уақыты логикалық элементтердің байланыстарының санына тәуелді болып шыққан. Өзара көп салалы болып байланысқан логикалық құрылым элементтері байланыс санының көптігіне қарамастан, жайшылықта өте қарапайым болып көрінеді де, бұл элөменттер қатынасы оқу кезінде оқушыларға толық күйінде байқалмайды, тіпті, ескерусіз қалып, оларды қателесуге әкеп тірейді.
Оқу материалының жалпы түсініктілігін абсолюттік түсініктілік, салыстырмалы түсініктілік деп екіге бөлуге болады.
Абсолюттік түсініктілік - оқу материалыньң оқушылардың даму дәрежесіне сәйкес оқытылу мүмкіндігін сипаттайды.
Салыстырмалы түсініктілік - бір оқу материалын әр түрлі жолмен түсіндіргендегі оқушылардың түрліше түсіну дәрежесі.
Түсініксіздік - оқу материалын түсінуді және меңгеруді қиындататын, зиян келтіретін қиянат. Оқу материалының қиындығы оқушылардың білім алуға икемділігіне, даму дәрежесіне, оқу материалының күрделілігіне байланысты. Осы айтылғандарды іс жүзіне асыру үшін белгілі зерттеуші Я.А.Микк қиындык, күрделілікті жеңудің үш принципін меңзейді: ақпарды ақпардың ядро төңірегіне жинақтау; оны іске асыру үшін байланыста және қосалқы құрамды элементтерді тысқары қалдыру; жаңа енгізілген элементтерді кенінем түсіндіру.
Оқу материалының қиындығын анықтаудың екі тәсілі бар.
Бірінші тәсіл. Әр түрлі қиындықтағы оқу материалы оқушылар таңдауына ұсынылады да, оларды игеру нәтижесі өзара салыстырады, әрине, бұл оқу материалдары нәтижелері өзара салыстыруға болатындай етіп алдын Ала қарастырылуға тиіс, сонда игеру нәтижесі ең жақсы, ең жоғары болған оку материалы тиімді оқу материалы тиімді оқу материалы болыл есептеледі.
Екінші тәсіл. Қиындығы әр түрлі оқу материалдарын игеру дәрежелерін салыстыру оңайға түспейтін болса, онда қиындық екі оқу материалының игерілуін салыстыру арқылы анықталады.