Павлодар, 2017

4. Алғашқы жылдардағы физиканы оқыту мен оқулықтар


Қазақ мектептерінде алған құрылған кезден-ақ политехникалық, өндіріс негізі және әр алуан ғылымға, жалпы жаратылысты, табиғатты танып білу ғылымдарына, оның ішінде әсіресе, физика ғылымына деген құштарлық айқын сезіле басталады. Табиғат құбылыстары мен құпияларын тереңнен зерттейтін физика сияқты ғылымға қызыгу, әрине заңды еді.

Сондықтан физиканы оқыту мен оқулықтар шығарудың міндетті бірінші кезектегі мәселе болып қойылды. Бізді сол кездің өзінде-ақ қазақ зиялылары өз ана тілінде, яғни жергілікті авторлар көмегімен оқулықтар мен оқу құралдарын шығарғаны құантады. Содан бері күні бүгінге дейін төл авторларымыздың оқулықтары мен оқу құралдарын шығармаппыз. Сол оқулықтардың ішінен Елдес Омарұлының «Физика» атты қөлемі өте үлкен, әрі терең мазмұнды, физиканың сан-саласын қамтыған еңбегін атау қажет.

Елдес Омарұлы Ахмет Байтұрсыновпен ең жақын пікірлес, ниеттес дос болған. Бұл еңбек 1923 жылы Орынборда шыққан. Ол араб графикасымен жазылған.

Кітапта 265 сурет берілген. Енді оқулықтың әр тарауына қасқаша шолу жасап шығайық.

1. Таныстыру./ «Кіріспе» орнына/ , дүниедегі заттардың болмыста бар екенін білу үшін оны көзбен көріп, я басқа мүшелердің бірімен сезуге келетін қасиеті болуға тиіс деп басталады. Мұндай затты қанша ұсақтап бөлсекте оны ірі бөлшектерінің қасиеттері кіші бөлшектерінің қасиетімен бірдей болып шығады.

Одан әрі кейбір денелер әр түрлі заттан құралғандығы анықталады.

Заттың үш күйі туралы да түсінік беріледі. Дүниедегі заттар үш түрлі күйде болады: қаттты,сұйық,газ тәріздес.

«Қозғалыс, орын ауыстыру қозғалысы» деген тарау былай басталады. Жер үстіндегі барлық заттардың қозғалмай тұрғандығы да, қозғалып орын ауыстырып тұрғаны да бар. Мысалы, өзеннің жағасындағы тас, өсіп тұрған ағаш, қоршап тұрған көк орай шалғын орнында тұрғанда, өзінің суы қозғалып ағып жатады деп автор, қозғалыс өзара салыстырмалы болатындығын түсіндіреді. Бірқалыпты қозғалыс, айнымалы қозғалыс туралы егжейлі-тегжейлі түсініктер беріліп, оның заңдылықтары анықталады.

Келесі тарауда сұйық нәрсенің құраушы бөлшектері бірімен-бірі қатты нәрсенің құраушы бөлшектерінде нық жабыса байланыспағандығын, қатты нәрсенің бөлшектері бір-бірімен берік байланысқандығы, сұйық денелер қозғалысы гидродинамика деген арнайы бөлім екендігі сипатталады. Автор бұл тарауда сұйық нәрсенің бөлшектерінің бірін-бірі тартатын күшін қатты денелердің бөлшектерінің өзара тарту күшімен салыстырады.

4-тарауда газдардың серпімділігі туралы баяндалады. Қатты заттардың тұраұты/өзгермейтін/ формасы мен көлемі болатыны түсіндіріледі. Сұйық заттардың қалыпты көлемі болмайтыны оның сол сұйық құйылған ыдыстың пішініне тұсетіні анықталған. Сөйтіп, газдың сыртқы ыдыс көмегімен көлемін сақтауы, газдардың ыдыстың қабырғаларына түсіретін қысым күші, жан-жағына жайылатын серпімділігінен деп анықтама беріледі. Газ қасиеттеріне қатысты оқулықта бұдан басқа да мәселелер қарастырылады.

5-тарауда жылу құбылысы өте қарапайым мысадан басталады. Мұндай жылу мөлшері теек жылу шығарушы көздің жылу шағатыр қасиетіне байланысты емес, сонымен қатар жылу қабылдаушы дененің де заттың көлеміне, температурасына да байланысты болатынын сөз болады. Бұдан ары жылу заңдылықтары оның тарауы, жылусыйымдылық,т.б. қарастырылады.

Сонымен, жылу туралы Е.Омарұлы сол кездегі жалпы сауаттандыруды негізге ала отырып, физиканы оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі ретінде құбылыстарды мүмкіндігінше қарапайым мысалдармен түсіндіруге, неғұрлым етене ұғымдарды пайдалану арқылы іске асыруға ұмтылғаны сүйсіндіреді.

6-тарауда мөлдір заттар, сәулені шағылыстырушы денелер, алардың осындай қасиетке ие болу ерекшеліктері, жлпы денелер мен заттардың көріну себептері басқа да оптикалық құбылыстар қарапайым мысалдармен танымал түсініктер арқылы физика ғылымының жетекші саласы ретінде оптиканың жеке тараулары мен тақырыптары талдалған.

Келесі 7-тарауда асыл мұрамыз-домбыра әр қырынан қарастырылып, оның табиғаты кәдіргі тербеліс екені дәлелденеді. Сөйтіп, оқушылар өздеріне етене таныс мұраны мысал ете отырып, бірте-бірте физикалық күрделі құбылыстарға қызыға бой ұрады.

Бұдан әрі кәдімгі тербелістер, оның тарауы, дыбыс табиғаты, толқын тұрлері, тербеліс түрлерінің ерекшеліктері, дыбыстың толқын жиілігі, дыбыстың қаттылығы,жоғарылығы т.б. сөз болады.

Келесі 8-тарауда магнитттің кеңістікте таралуынан бастап,оның әр түрлі әсерлері,пайдалану жолдары, магниттің туу механизмы, оның тегі яғни туу механизмының молекулалық-атомдық құрылымға байланыстылығы қат-қатымен қарастырылады. Магниттік құбылыстың қызықты мысалдары келтіріледі, магнетизмнің физикалық табиғаты ашылады.

9-тарауда электр зарядтарының табиғаты, түрлері, олардың оң теріс зарядталғандарына байланысты бірін-бірі тартаныны немесе бірін-бірі тебетіні жәйлі қарапайым мысалдарды қарастыра отырып, кәдімгі электр ағыны электр өткізгіштігі, электр энергиясы, оны пайдалану жолдары, электр энергиясын өндіру мен пайдалануыдың болашағы туралы оқулықтың негізгі міндеттеріне көшеді. Тағы басқа электрлік құбылыстар кейіннен қарастырылады.

Қорыта айтқанда, оқулықтың негізгі ерекшелігі, физикалық қызық құбылысты қарапайым мысалдардан бастап, оқушысын қызықтыра, проблеммалық жағдай туғыза отырып білімге жетелейді. Сондай-ақ, кітап физикалық күрделі құбылыстарды қарапайым да нанымды мысалдармен нақтылай түседі.

Бұл жерде біз кітапқа толық сипаттама беруді немесе толық талдау жасауды мақсат тұтқан жоқпыз. Негізі мақсат оссындай оқулықтардың сол кезде жазылуы және оны өзіміздің төл авторларымызды жаөғанын айту. Келесі оқулық Сарбатырұлы мен Қалымбетұлының «Жаратылыстану»кітабы бастауыш мектептің 2-оқу жылына арналған. Оны «Қазақстан» баспасы 1932жылы шығарған екен. Көлемі 136 бет.

Кітап 54 бетінен, яғни IV-тарауынан бастап, физикалық құбылыстардың, физикалық денелердің түсініктері мен ұғымдары беріледі. Бұл кітап бұгінгі бастауыш класста оқылатын «Табиғаттану» пәні мен физика пәні оқулығының біртұтас жүйесін жасау мақсатында жазылған.

IV-тарау, жылу, ауа, су сияқты әрі танымал,әрі әмбебап физикалық денелерді қарастырудан басталған. Кітап авторларының бір құптарлық жайы физикалық тәжірибеоерге аса көңіл бөлінген, мысалы осы кітаптың алғашқы бетіндегі екі тәжірибе жылудың және сұйықтың тарауын қарастыра келіп ауа изолятор екенін дәлелдейді.

Кітапта бұдан ары ауа атмосферасына көтерілу, денелердің жылудан ұлғаюы ауаның қозғалысы, жел, судың булануы, буланудың булану ауданына байланыстылығы, кебу, тұман, тұманның пайда болуы, будың қанығуы, қырау, қар, қардың ар түсті болуы, мұз, жылу мен сұйықтың алмасу процессі, термометр, балқу жылуы, қайнау сияқты ұғымдарды, желді,Күнді зерттеу тәжірибелерін жүргізуді мақсат етіп, оқушылардың алғашқы түсіктері мен дағдыларын қалыптастыру жолында ізденіс жасалғаны айқын байқалады.

Сол жылдары шыққан екі еңбектің аттарын атау парыз. 1-кітаптың авторы: Басқарұлы, аты (Найзағай және жай) 46 беттен тұрады. 2-кітап «Жаратылыстану» деп аталады. Авторы –мұғалім Малабайұлы. 1-ші және 2-ші жыл деп бөлініп екі кітапша болып шыққан. Қарастырғаны: Жер, басқа планеталар, жұлдыздардың, тарихы және т.б.

Келесі сол тұста жарық көрген Әлжанұлы Тәпен мен Нұрмұханбетұлы Кенжебектің «Табиғаттану» атты оқылығы. Кітап Ташкент қаласында шыққан, көлемі 8,85 баспа табақ. Физикаға байланысты мәселелер кітаптың 3-тарауында қарастырылады. Осы тараудың «Ішкі қозғалыс машиналары», «Бу машинасы мен жалпы таныстыру», «Электроскоп», «Электрдің екі түрі», « Өткізгіштер мен тзоляторлар жөнінде», « Элементтер», «Элементтерді қосу», «Электр шамы», «Электр қонырауы» тәрізді т.б. тақырыптарда физика мен техниканың едәуір күрделі мәселелері сөз болады.

Электр тақырыбында электр өрісі мен магнит өрісінің өзара әсері, компасты/бұл кітапта, басқа да ертеде шыққан кітаптарда компас құбылама деп аталыпты/ пайдаланудан бастап электродтың екі түрі туралы, олардың пайда болуы жайлы, өткізгіштер, өткізгіш еместер изоляторлар, жартылай өткізгіштер, олардың қасиеттері,ток көздері, т.б. баяндалған.

Сол кездегі 4-класстың «Табиғаттану» пәні осыншама физикалық мәселенің басын қамтып, оны үйретуге күш жұмсапты. Ал аталған тақырыптарды оқыту тереңдігі мен мазмұндылығы қазіргі физика оқулығының осы тақырыпты қамту дәрежесіне кем түспеуі физиканы оқыту жолға қойылғанын көрсетеді.

Айманұлы Жақып –қазақ мектептерінде физиканы оқыту, оның басты ұғымдарын қалыптастыпу, физиканы оқуға ғылыми білім берудің міндетін қоюшыларлың бірі ,әрі оны іске асыру жолында үлкен еңбек сінірген педагог. Оның 1932 жылы «Қазастан» баспасынан шыққан «Политехникалық мектепте электр жұмысы» атты кітабы осының толық айғағы.

Автор политехникалық бағыттағы мектептің физиканы оқытудағы/ оның ішінде электр бөлімін оқытудағы/ауыр жүгін жеңілдетуді көздеп, электрлік негізгі ұғымдар мен құбылыстарды, әрі әр оүрлі аспаптарды оқушыларға жатық түсіндіруге ұмтылады.

Бұл еңбектің ұтымды жағы, электр тогы заңдарын тікелей тәжірибеден қорытып, оқушылардың тікелей қатысымен анықтап шығу жолын тандап алғандығы.

1932 жылы «Қазақстан баспасынан» С.Бегсүгүрұлының «Магнит және электрмагнит деген не?»кітабы жарық көрген. Автор өз ой желісін: «... магнит электр мен магнетизнің қандай байланысы барын ашып берді, соның арқасында динамиканы пайдаға асырып отырмыз,дөңгелек айналдыратын мотор жасап отырмыз» деп түйіндейді.

Көлемі онша үлкен болмағанымен қалыптастырылатын мәселелері едәуір, әрі қызықты, жатық жазылған. Кітапта суреттер мен әр түрлі физикалық құралдар, техникалық сызбалар /чертеждер/ келтірілген. Авторлар физикалық, техникалық терминдерді өз баламаларымен алмастыруға ұмтылған. Мысалы «компасты», «құбыланама» деп, ал «магнит стрелкасын»-«магнит тілі» деп айтуға ұсынған.

Кітапта Фарадейдің магнитті электрлеу,электрлі магниттеу жайлы біраз қызықты әңгімелер, Фарадейдің өмірінен мысалдар келтірілген.

Қорыта айтқанда, Берсүгүрұлының бұл кітабы физиканы оқытудын алғашқы жылдарында өз міндетін атқарған.

Келесі қарастырылатын оқулығымыз «Математика мен халық шаруашылығының физикалық негідері» / «Қазақстан» баспасынан 1932 жылы шыққан./

Мұндағы 12-сабақ былай айталған: « Халық шаруашылығындағы физиканың негіздері». Оның ішінде электр бөлімі қарастырылады, физиканың халық шаруашылығында қандай маңызы бар екендігі айтылады. Оның негізгі арқауы «Электр арқылы жарық тудыру» мәселесі. Өндірісті электрлендір, радио радио жүйесіндегі электрлік құбылыстардың атқаратын міндеті жайлы айтылады. Сонан соң электр бөлімін оқыту төмендегідей төрт сабаққа бөлінеді: «Электр ағынымен танысу», «Электромагнит», «Электрлендіру», «Радио».

Электр бөлімін оқыту осылай жоспарланып, сонан соң сбақтар жеке-жеке кеңінен қарастырылады. Авторлар «Электр ағыны» сабағының мақсатын былай сипаттайды: электр туралы алғашқы ұғымды беріп, оны қалай өлшеуге болатынын көрсету, электр арқылы жарық алу жолдарын түсіндіріп беру. Әр сабақтың өзін үшке бөліп өткізуді ұсынады. Бұл сабақтарда элементтердің құрылысы, электр ағынының түйісуі мен үзілуі, электр тізбегін ажыратып-қосқыш, өткізгіщтекр, өткізгіш еместер, электр сымын пайдаланып жарық алу сияқты мәселелер қарастырылады. Ал, «Электр ағынының қуаты»сабағында электр ағының алу жолдары, электр шамы жанғанда неге жылу бөлінетіндігіе ампер, вольт сияқты электр тогын өлшеу бірліктері, олардың анықтамалары, электр қуатын өлшеу, электр жылулық құбылыс тудыруы сияқты мәселелер қарастырылады.

Ал сабақтың 2-бөлігі біріншісі басқыш мектепте электрді қалай пайдалануды, қолда бар аспаптар мен жабдықтарды қолдану мен пайдалануды көрсетумен шектеледі.

«Электр қуатын пайдалану»иақырыбындағы сабақта электр ағынының магниктік қасиеті, электромагнитті қалай жасауға болатындығын, магнит күштер, электр қоңырауы, электромагниттік телеграф, электр двигателі, электрдвигателдердің жұмыс істейтіндігі, магнит өрісінің тууы, телефон мен магнитофон, телефон станциялары қондырғылары мен құрылымдарының жұмыс принципі сөз болады.

Сарбатырұлы басқарған авторлар алқасы жазған «Жаратырыстану» оқулығы І басқыш мектепке арналған /1932 жылы басылып шыққан, көлемі 8 баспа табақ /. Мұнда физика пайдалы кендер, металдар, машина, машина жасау, трактор, әр түрлі техникалық механизмдер жұмысы жәйлі білім негіздері беріледі.

«Мектеп жұмысын зерттеу экспедициясы» атты методикалық зерттеу арқылы кітап 1934 жылы Қызылордада басылып шығыпты.

Авторлар физикалық аспаптар мен құралдардың тапшылығын, кабинет мақсатында пайдаланатын арнайы бөлмелердің жоқтығын, қаржының жетімсіздігін ескере келіп, қарапайым құралдарды қолдан жасауға ұсынады. Олар /Әдепбергенұлы мен Сарбатырұлы және жауапты редактор Баймаханұлы/ физиканы оқытудың өзекті жерін көрсетіп, оны іске асырудың жолдарын іздестіреді. Осы экспедицияның зерттеу нәтижесіне сәйкес 5-класта физиканы оқытуға қорытынды берәлген.

Сол жылдардың оқу бағдарламасына сәйкес физиканы оқытудың 5-кластан басталганың, әрі оның күрделілігі, тереңдігі қазіргі 8-класс бағдарламасынан кем түспегенің көру қиын емес.

Ғалымдардың пікірінше оқушылардың физикадан дұрыс жауап бермеу себептері олар бастауыш кластарда метрлік жүйені, қарапайым өлшем бірліктерін, т.с.с. өз дәрежесінде меңгермейді.

Кітаптың екінші бөлімі негізінен физикалық аспаптарды қолдан жасауға болатын қарапайым түрлеріне, оларды жасаудың әдіс-амалдарына және кейбір қарапайым тәжірибелерді жасауға, осы тәжірибелерді сипаттауға арналаған.

Сонымен, еңбекте оқушылардың физикалық шамалардың бірліктерін меңгеруіне үлкен мән берілген, пәнаралық байланысты жақсарту, физиканы оқытудың омірмен байланыстылығы, оқушылардың күнделікті тұрмыстан танымал мысалдар келтіре отырып түсіндіру мақсат етілген. Сонын бір дәлелі ретінде Архимед заның /бесінші класта/ оқушылардың өмірмен байланыстыра алмауын айтады: “Бұл Архимед заның бағдарлама бойынша жеткілікті өтпегендіктен емес, қайта оның өмірге керектігін, тұрмыста қолданылатын жерлерін тексермегендіктен”. Міне, сонау отызыншы жылдардың өзінде-ақ физиканы өмірмен өзектестіре оқытуды ғалымдар, зерттеушілер, методистер, мұғалімдер арамандағанын көреміз. Олар физиканы оқыту тек оқу, тек білім алу деп қысқа тұжырым жасаған жоқ, олар физиканы оқытуды болашақта Қазақстанның өндірісінің өркендеуімен, өмірдің өрге өсуімен байланыстыра қарастырыпты.

“Ауыл мектептердің политехникаландыру” /профессор Әлжанұлы Шарапидің/ - сол жылдардағы қазақ мектептерін едәуір уақыт зерттеп, ғылыми-педагогикалық електен өткізіп, соның қорытындысы ретінде жазылған оқулық. Автор сол уақыттағы ауылдың шағы,н мектептерін политехникаландыру проблемасын шешу жолдарын іздестіреді.

Ал, Оспанұлының “Жердің қимылдауы және оның себептері” атты кітабы /1934 жылы Ташкентте жарық көрген. Көлемі 60 бет/ жер сілкінуге арналғанмен, ол едәуір дәрежеде физикалық құбылыстарды қарастырады. Мысалы, механикалық толқындардың таралуы, оның жылдамдықтарының толқынға қатысты болуы және басқа физикалық құбылыстар, сейсмограф жұмысының принципі, сейсмограмма, т.б.

Есімі халқымызға қайта оралған Шәкәрім Құдайбердиевтің “Үш анық” атты еңбегінде табиғаттағы өзгеріс, физикалық құбылыстар жәйлі біршама мағлұматтар бар:

“Ғылым жолында жаратылыстық өзгерістердің атап айтқанда, жану мен ыдыраудың түбі бір. Бұл екі өтелімде әр нәрсенің құрамдарын қайта жаратуға немесе өзгеріске түсуіне себеп туады. Бұл екеуінің де бірінің жалынынан шыққан, ал екіншісінің ыдырауынан шыққан көмірқышқыл улы газ ауаға араласып немесе жерге сіңіп, аяғында хайуан, өсімдіктерге керекті пайдалы азық болып шағады. Сөйтіп, жану кезінде және ыдырау барысында денелерден шыққан қалдықтар

жалындарды біржола тектен-текке құрып кетпей, жоғалмай кері айналып осы дүниелегі бар болмыстың ішінде өмір сүреді”.

Ақырында тақырыбымызды Ахмет Байтұрсыновтың 1913 жылы басылған еңбегінің мына жолдарымен-“Баланы ауырынан жеңіліне, қиынан оңайына қарай оқыту керек” деген ұлағатты сөзімен тамамдамақпыз. Өйткені, бұл пікір күні бүгін де маңызды.

5. физиканы оқытуға қойылатын міндеттер. Физиканы оқытудың міндеттеріне мыналар жатады:

- ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызын және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру;

- ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазргі ғылыми бейнесін қалыптастырды;

- материяның құрылымдық сарқылмастығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің атқарар маңызын ашу;

- ғылыми-теориялық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, атомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарын техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру;

- өз бетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдала білу бейімділігін қалыптастыру;

- қайсібір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтерді негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;

- физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, творчестволық қабілетін дамыту, ілімінің саналы мотивтерін қалыптастыру; мамандықты саналы таңдауға дайындау;

- оқушылаға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерді жетілдіру, еңбек етуге дайындау;

- оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарың кең ауқымын қорытындылауға уйрету;

- физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағиадаларын қолдана білуге үйрету;

- оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгер;

- оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын ала болжау;

- оқушылардың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде,

жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;

- оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту;

- оқушыларды әр түрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана білуге тікелей іс-жүзінде дағдыландыру;

- оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

- физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу;

- оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай білу;

- физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, лабораториялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгеру, т.б.