Павлодар, 2017

1. Физиканы оқытуда идеялық тәрбие беру


Мектеп баланы тек қана жазу мен сызуға, физика заңдарын /яғни табиғат заңдарын/ танып білуге үйретіп қоймайды, сонымен қатар рухани байлық пен жалпы мәдениет негізін бойына сіңіреді, мінез-құлқын қалыптастырады.

Оқушыларды материалистік көзқараста тәрбиелеуге бірден-бір қажет құрадардың бірі табиғаттағы құбылыстарды тікелей зерттейтін физика пәнін оқып-үйренудің маңызы зор екенін оқушыларға нанымды етіп жеткізу.

Физиканы оқытудың негізгі мақсаты әрбір сабақ идеялық тәрбие әкелетіндей болуы қажет. Ғылыми-техникалық революция жағдайында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда физика сияқты жетекші пәндердің маңызы күннен күнге арта түсуде. Физика сабағында, оны оқып-үйренуде оқушыларды табиғат дамыуның шынайы заңдалақтары жайлы негізгі түсініктер қалыптасады. Оларды адамдар күнделікті өмірде пайдалатындығы туралы, дүниенің қиындығы, материалдығы және оны тануға болатындығы толық дәлелденуі тиіс.

Сонымен, идеялық тәрбие оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жүйесінің іргетасы болып табылады, ол жан-жақты тәрбиенің басқа құрамдарының орны мен ролін анықтайтын шешуші буыны.

Саналы тәрбие- білімнің, сенім мен өмірлік іс-әрекеттің жиынытығы. Идеялық тәрбиелікті қазіргі ғылыми-техникалық, физикалық білім мен мәдениеттің даму талаптарына сәйкестендіру ерекше маңыз алып отыр.

Бұл міндетті мектеп өміріңде іске асыру жолында оқушылардың қоғамдық қызметінің әр түрлі формалары мен бағыттары қолданылады. Мысалы, әңгімелер, конференциялар, кездесулер, зеттеу жұмыстары, Қазақстан тарихын оқып үйрену, т.б. Мұндай сабақтардың мақсаты оқушылардың ізігілік қасиеттерді меңгеруіне көмектесу, оларды адамгершілік идеяларды басшылыққа алуға баулу.