Физиканы оқыту барысында мұғалімнің физика ғылымының терең адамгершілік сипаты, оның халықты қара жұмыс түрлерінен босатудағы ролін өмірлік мысалдармен ашып көрсетуіне болады. Олардың халық шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстарының физика ғылымы көмегімен механикаландырылуы мен автоматтандырылуына көздерін жеткізе алады. Өндірісті механикаландырудан және автоматтандырудан түсетін экономикалық пайданың халықтың мүддесіне пайдалануды физиканың халыққа берген игілігі деп түсіндіру қажет.
Оқушыларды ғылымы мен техниканың озат та іргелі жетістіктерімен таныстыру, ғылыми жетістіктерді көрсету үшін физиканың барлық бөлімдерінен толып жатқан мысалдар табылады.
Ең ірі, ең қуатты бу турбиналары, газ-бу қондырғыларымен аса қуатты жылу және су электр станцияларының салынғанын физиканың адам үшін жасап отырған пайдасының мысалы ретінде келтіруге болады. Соңғы жылдары Қазақстанда 1500 кВт тұрақты токпен және кернеуі 1150 кВт айнымалы токпен электр энергиясын үлкен қашықтарға жеткізуге арналған желілердің салынып жатқанын айту жөн. Мұндай желілерді салу міндеті ең аз шығынмен электр энергиясын Сібір мен Қазақстандағы шалғай аудандарға жеткізуді көздеп отыр. Дүние жүзінің бірде-бір елінде мұндай қашықтыққа созылған жоғары кернеулі желі жоқ.
Жергілікті көздерді пайдалану, туған ауыл, қала, өлкенің бейнесі техникалық прогрестің, жылуландыру мен электрлендірудің нәтижесінде қалай өзгеріп жатқаның айтып, физиканың жалпы адам, қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеп беруге болады. Бұл ретте энергетикалық база жасау, халық шаруашылығының барлық салаларын механикаландыру мен автоматтандыру мәселелеріне ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерінің енгізуге негізделген жаңа технологиялық процестердің мәнін айрықша атап өту керек.
Энергия мен қуаттың іргелі база жасау мәселелері физиканың бүкіл курсын өту барысында қарастырылып, оқушыларға электрлендірудің берік базасын жасау ісі незізгі бағыт болып табылатының жете түсіндіру керек. Олар электрлендірудің мақсаттары мен жолдарын, бұдан былайғы техникалық прогрестегі, халықтың тұрмыс мәдениеті мен материалдық әл-қуатын одан әрі арттыру ісіндегі оның орнын айқын түсінетін дәрежеге көтерілуі тиіс.