Білім алу үшін де, дүние тану үшін де еңбек етіп, оқу оқып танымсыз харекет жасау қажет. Оқушыларға еңбектің әлеуметтік мазмұнын, қажеттілігін, іс жүзінде түсіндіру – олардың жалпы дамуы мен көзқарастарының қалыптасуына ықпал етеді.
Еңбек адамның даму тарихында ғана емес, өзің қоршаған материялық дүниені танып білуде де, табиғатты өз ырқына сай өзгертуде де шешуші роль атқарады, адам еңбек ету арқылы қоғамға қажетті игіліктер жасайды, әрі табиғат құбыластарының жаратылымдық заңдылықтарын ашады.
Физика сабағында, физиканың лабораториялық сабақтарын да, сабақтан тыс лаораториялық, немесе тәжірибелік жұмыстарда оқушылар тікелей практикалық еңбекпен таныстырылады. Мұндай сабақтарды ұйымдастыру ісі мен методикасының өзіндік өзгешелігі бар. Ол оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіпке бейімдеу міндеттерін ойдағыдай орындау жолында едәуір мүмкіндіктер ашады.
Әдеттегі сабақтарда оқушының еңбегі негізінен жеке жүргізіледі. Оған, аз еңбегі өнімінің-алған білімінің-тұтынушысы, өз еңбегінің нәтижесі—бағаны, кластағы абырой-беделді алатын да, жанұяның қолпаштауын, немесе жазғыруын еститін тек өзі сияқты болып көрінеді. Оқушының оқудағы еңбегінің қоғамдық мәні, әдетте, оның өзіне байқалмай, жасырын қалады, оның жетістігі мен кемшілігін ілуде біреу болмаса, кластағы басқа балалар өздерінің жетістігі немесе кемшілігі деп қабылдайды. Тәрбие мәселелерін ойдағыдай шешу үшін, класқа ортақ мақмсат қою керек. Металл сынықтарын жинау, сенбіліктер, туристік жорықтар мен басқа да тәрбиелік шаралар қанша пайдалы болғанымен олардың тиімділігін, әрине, кластағы оқу еңңгімен салыстыруға әсте болмайды.
Физика сабағында оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, ол жастарды еңбекті сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Оқушыларды еңбек етуге психологиялық жағынан әзірлеу, оларды басқалардың еңбегін құрметтеуге дағдыландыру. Ал оқушыларды қажетті білімдермен, шеберліктерге дағдыландыру, кез келген маңызды жұмысты орындау үшін қажетті еңбек сүйгіштікке, шыдамдық пен табандылыққа тәрбиелеу деген сөз.
Оқытудың бірінші сатысында, нақты мысалдар арқылы, қоғамның материалдық әрі рухани құнды қазыналарын жасаудағы физиканың ролін көсетуге мүмкіндік бар. Физиканың алғашқы сабақтарынан бастап-ақ оқушыларға әрбір физикалық аспаптарда, әрбір ашылған жаңалықтар мен теорияларда көптеген ғалымдардың еңбегі барын көрсетіп отыру оқушыларға көп ой тастайды.
Сол сияқты, оқушыларды әр түрлі жұмыстың іскерлік ырғағын сезінуге, оларға ең қарапайым қөрінетін бөлшектің өзі қолданыс тапқанға дейін қаншама шебер қолдардан өтетінің нақты мысалдардан көрсетуге болады.
Мұгалімнің жеке басының үлгісі, оның өз еңбегіне адалдықпен қарауының әрбиелік маңызы өте үлкен. Өйткені, бұларды оқушылар үнемі сезініп отырады және жоғары бағалайды, көп жағдайларда мұгалімдерге електейді.
Оқу оңай болғандықтан, оған деген құнттылық пен сүйіспеншілілкке тәрбиелеудің бірінші шарты – оқушыларға оқудың мақсатын түсіндіру үлкен міндет атқарады.
Оқушыларды өздерінің білімдерін мектепте оқып жүрген кезінің өзінде-ақ, күнделікті өмірде, шеберханалар мен мектеп жаныңдағы еңбек орындарында жұмыс істеу кезіңде тексерудің маңызы зор.
Оқу – оқушылар үшін еңбек қуаныш әкелетін белсенді ойлау процесі болуға тиіс.
Еңбекке тәрбиелеуде физика сабағында жүргізілетін әр түрлі лабораториялық жұмыстардың маңызын айрықша атап өткен жөн. Олар оқушыларды қажетті дағдылармен және шеберліктермен қаруландыру, қоғамдық меншікке ұқыпты қарауға тәрбиелейді, еңбек мәдениетін бойларына сіңіреді. Отанның өз үйіннен басталады дегендей еңбекке деген ынталықтың үлгісі физика кабинетіндегі тазалық пен жинақтылық болуы қажет. Физика кабинетіндегі құрал-саймандар мен қондырғыларды, аспаптарды қалай болса солай ретсіз қоя салу, жұмыс орнын, үстелді жинаусыз қалдырудың өзі ерсі көрінетіндей болып әсер етуі еңбекке тәрбиелеуде өз игілігін бередң.
Лабораториялық жұмыстарды мұқият жүргізуге дағдыландыру қажет. Лабораториялық жұмыс орындарында тәртіп сақтауға, аспаптарды ұқыпты орналастыруға физикалық схемаларды, тізбектерді құрастырып жинауға, оларды сызуға және жазбаларға өте жіті назар аударып отырған жөн.
Ақырында, еңбекке даган саналы қөзқарасты тәрбиелеуде кластан тыс, әсіресе, қоғамдық пайдалы жұмыс үлкен маңыз атқаратының ескерген жөн. Шаңанда, физика кабинетін жабдықтау, мектеп үшін оқу көрнекті құралдар әзірлеу, мектеп үйін электрлендіру және радиоландыру сияқты кластан тыс жұмыстың қоғамдық маңызын ескеріп, оны еңбек тәрбиесінің көзі ретінде пайдалануға болады.
Физикадан сабақ беретін мұғалім мектептегі оқу шеберханасындағы ужымдық еңбек формасын жүзеге асыра отырып, нәрселерді істей алады. Оның құндылығы тек ортақ тақсатқа бірлесіп жұмыс істеу үшін оқушылардың топтасуында емес, сонымен бірге олардың еңбекті ұйымшылдықпен, жоғары өнімділікпен атқару үшін ортақтасуында. Бұл коллектив күшіне сенуге, жеке бастың мүддесін көптің еркіне бағындыруға әкеледі.