Эстетикалық тәрбие жан-жақты тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол мектеп оқушыларының табиғат сұлулығын бейнелейтін өнерден бірден-бір кем түспейтін табиғаттың өзіндігін қабылдап, сезінуінде, оның сұлулығы мен әсемдігін бойына сіңіруінде физика пәні де үлкен міндет атқарады. Сонымен бірге эстетикалывқ тәрбие табиғаттың заңдылықтарын сезімталдықпен түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың кристалдар құрылымы әлемі оқулығын, оның ғажап сымбаттылығын, бейнесін тікелей қабылдануы эстетикалық тәрбиенің қуатты құралы бола алады. Физикада көрсетілетін сұлулық, сан түрлілік тек кристалдар құрылымында ғана ма? Жоқ. Дисперсиялық құбылыс түрінде жарық, сәулелерінің түрлі түсті түзеп, сан алуан бояумен шыға келі ше? Кемпірқосақ, батра күннің дөп-дөңгелек боп нарттай қазал нұрлануы т.б. мысалдар оған дәлел.
Эстетикалық тәрбиеге лайықты көңіл бөлетін мұғалімдер оқушылардың жалпы физика әлеміндегі сұлулықты мысалы, аспанның көктігін сабақ үстінде де, кластан тыс жұмыс кезінде де, серуендеп жүргенде де қабылдап, түсінуін табандылықпен дамытады.
Түрлі-түсті музыка, дыбыстың түр-түстерге арналған әсем кеш, көркем көрме ұйымдастыру эстетикалық тәрбиеде үлкен роль атқарады.
Ал табиғаттың өзіне үңілейікші. Бұл ретте асыл тастар мен алмастың ішкі құрылымдық құрылысының ғажап текше торлы болып жасалуының жаратылыстық жарастығын былай қойғанның өзіңде әрбір адам таң-тамаша болып сүйсіне қарайтын, сырт көрінісінің өзіңдегі жалт-жұлт етіп жанып та, жайнап та өріну себебінің жарық сәулесінің алтын мен алмастың сырт пішініндегі сан-салалы қырлары мен жақтарының шағылуын екендігін айтсақ та жеткілікті.
Ал табиғатта толып жатқан заттардың симметриялы болып келуі жаратылыс сұлулығының бір дәлелі емес пе?
Кейбір физикалық заңдылықтардың, теориялардың, ұғымдардың сұлулығы да оқушылар үшін эстетикалық тәрбие көзі. Бұған кваттық теория, салыстырмалық теория жақсы мысал.