Павлодар, 2017

5. Физиканы оқытуда интернационалдық тәрбие беру


Мектептердегі жасөспірімдерге интернационалдық тәрбие беру оқу-тәрбие жұмысынан бөлек жүргізілетін іс емес. Сондықтан мектептерде бұл мәселе мектептен, кластан тыс жұмыстар кезінде да, оқу процесінде де назардан тыс қалған емес. Мектеп оқушыларына интернационалдық тәрбие берудің тәжірибеде қолданып келе жатқан көптеген жолдары мен әдіс-тәсілдері бар екені белгілі.

Физика ғылымы өзі зерттейтін табиғат тәрізді бүкіл халыққа ортақ ғылым. Ол бүкіл жалпы жаратылыс атаулының жаратуды бөлшектерді: атомның, электрон, позитрон, мезондардан бастап бүкіл жар шары, ғарыш, галактикаларға дейін жалпы жалпақ әлем заңдылықтарын зерттейді.

Ол бүкіл халықтық, бүкіл адамзаттық заңдар мен құбылыстарды қарастыратын ғылым. Еңдеше, физика бүкіл халықтық ғылым. Физика ғылымын жеке халық, жеке ұлт, немесе жеке континент тұрғындары жасаған жоқ. Ол интернационалдық ғылым. Оның бастауында вавилондықтар, египеттіктер, гректер тұрса, орта ғасырда арабтар/ оларға көптеген қазақтар кірген/, кейіннен ағылшындар, немістер, италяндар, т.б. халық өкілдері үлес қосқан.

Соңғы жылдары физикалық аса күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғалымдар халықаралық ауқымда бірігіп, жемісті еңбек етуде. Оған Дубно қаласындағы біріккен ядролық зерттеулер институты мысал. Онда көптеген елдердің аса ірі ғалымдары түбегейлі зерттеулер жүргізуде.

Қазақстанда екі, үш, төрт тілде оқытылатын аралас мектептер бар, мұның өзі екі немесе көп тілді меңгеруге жәрдемдесетін бірден-бір жол. Мектепте оқушылармен тәрбие жұмысың жүргізгенде күнделікті өмірде жүріп жатқан интернационализмнің үлгілерін нақтылы мысалдар арқылы көрсетуіміз керек.

Демек, мектептерде интернационалдық тәрбиені дұрыс ұйымдастыру физика пәні мұғалімінің де борышы.