Павлодар, 2014

Агроөнеркәсіптік кешен


1.1 Аграрлық өндірістің және оның салаларының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы кешені ашық та біртұтас жүйе болып табылады, ол өзара байланыстағы құрылым құрушы элементтерден тұрады, олардың әрқайсысы өзінің ғана емес тұтас жүйенің дамуына әсер етеді. Жүйенің мұндай ашықтығы осы ортаға қатынастың іштей де (микро), және сырттай да болуына елеулі ықпал етеді. Алайда экономикалық дамудың әр кезеңінде ортаның әсері әрқилы болуы мүмкін. Сондықтан халық шаруашылығы кешенін алға бастыру ең алдымен оның өзін өзі реттеуі мен басқарудың механизмі қаншалықты дұрыс болатындығына байланысты.

Нарықтық экономиканың өзіне тән сипаты мынада: етер әсері жағынан ішкі ортаға қарағанда сыртқы ортаның әсері артық болады, бұл қазіргі қазақстандық жағдайда тіпті ерекше.

Бұрын жабық болып келген экономиканың енді бүкіләлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіне ене бастауы, оның кеңейіп тереңдей түсуі, сыртқы ортаның әсері мен маңыздылығы факторларының ұлғаюы әрине бәрін жете білуді қиындатады және әртүрлі тәуекелге баруға алып келеді.

Осындай жағдайда оның тұтастығын сақтай отырып халық шаруашылығы кешенінің барлық элементтерінің өзара қатынаста қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету олардың құрылым түзеуші әр элементінің орны мен рөлін анықтаудың жаңаша, сапалық тұрғыдан келуді қажет етеді. Халық шаруашылығы кешенінің барлық құрылым түзеуші элементтерінің арасындағы объективті өзара байланыс пен өзара тәуелділікті ескермеу және есептемеу кешеннің ретті дамуына, өзін өзі қалыптастыру циклінің бұзылуына, құрылымдық ілгерілеудің бәсендеуіне әкеліп соғады.

Еліміздің халық шаруашылығы кешенінің құрылым түзеуші кез келген элементіне түсетін жүктің мөлшері қоғамдық өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісіне қарай анықталады.

Көптеген ірі мемлекеттердің экономикасында бірнеше салааралық кешендер бар, олардың негізгілері мыналар:

- отын – энергетикалық кешен (бұған қуат беретін және оны пайдаланатын генераторлар, энергетикалық ресурстарды алу және өңдеу, соңғы тұтынушыларға электр қуатын және жылуды диспетчерлік жолмен жеткізу);

- орман өндірісі кешені (ағаштарды өсіру, дайындау, алғашқы өңдеуден өткізу және өткізу);

- агро өнеркәсіп кешені (АӨК).

Аграрлық сектор (ауыл шаруашылығы) кез келген елдің экономикасында ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығына айрықша орын берілетіндігі адамдардың өмір сүрулеріне қажетті азық – түліктерді өндіретіндігі және жұмысшы күштерін толықтыратындығы, өндірістік емес тұтынатын тауарлар мен азық түліктерді және өндірістік мақсаттағы өнімдерді өндіретіндігі. Шын мәнінде ауыл шаруашылығының даму деңгейі көп ретте елдің экономикалық деңгейін анықтайды.

Қазақстан Республикасы ежелден аграрлы ел болып есептеледі. Әртүрлі себептерге байланысты еңбек етуге қабілетті жұрттың, ауыл шаруашылығындағы үлесі ХХІ ғасырдың басында 10% - ке дейін кеміп кетті. Бұл жерде негізгі рөлді мемлекеттің саясаты ретінде жарияланған өнеркәсіпті индустриализациялау факторы атқарды, сөйтіп еңбекке жарамды ауыл тұрғындары жоғары ақы төленетін және келешегі үлкен салаларға ағылды.

Аграрлық экономиканың екі мағынада ұғымы бар. Тар ауқымда алғанда бұл кәдімгі ауыл шаруашылығы, яғни азық – түлік өнімдері мен өңдеуші салаларға шикізаттардың кейбір түрін береді. Осы секторда жүзеге асырылатын технологиялық процестер егіншілік пен малшаруашылығы өнімдерін өткізгенге дейін өндірумен шектеледі.

Елуінші жылдардың басында ғылыми және өндірістік түсінігімізге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, оны сақтаумен, өңдеумен және тұтынушыларға жеткізумен шұғылданатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы деген ұғым беретін агроөнеркәсіп кешені (АӨК) деген атау енді.

Қазіргі кезде А.И. Алтухованың, В.А. Кундиустың пікірлерінше негізінен төрт түрлі сфераны бөліп көрсеткен оңтайлы:

- біріншісі – ауыл шаруашылығына өндіріс құрал жабдықтарын жеткізумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын кәсіпорындар мен бірлестіктер;

- екіншісі – ауыл шаруашылығының өзі;

- үшіншісі - өнімдерді сақтаумен, өңдеумен және оны өткізумен шұғылданатын кәсіпорындар;

- төртіншісі-ғылми танымдық мекемелердің, мамандандырылған кеңес беретін, ғылми-зерттеулер жүргізетін, жаңалықтарды енгізетін орталықтар, ақпараттық және мониторингтік қызметтер, мәдени ұйымдар.

АӨК- нің әр сферасындағы салалар мен кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудегі үлестері мен оның көлемін жуықтатып қана анықтауға болады. Бұл мәселен ауыл шаруашылығына қызмет ететін кәсіпорындар (бірінші сфера) көпжақты болып келеді, олар ауыл шаруашылығына қатысты емес салаларға да өнімдер дайындайды. Ал сауда ұйымдары (үшінші сфера) ауыл шаруашылығы өндірісінен басқалардың да өнімдерін саудалайды. Ал екінші сфераны алатын болсақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір көп бөлегі жеке меншіктегі қосалқы шаруашылықтарда өндіріліп жүр. Өз қажеттерін өтеу үшін жұртшылықтың өндірген өнімдері мен оның құнын дәлдікпен айту мүмкін емес – бұл үшін бағалаудың жанама әдістері қолданылады, ол тұтыну қажеттілігінің шамасы және т.б.

АӨК-нің барлық салаларының өнімдерінің көлемін тек біржақты ғана, осы кешенде ғана дайындалған және пайдаланылғанын анықтауға болады. Мысалы бірінші сфера үшін бұл арнаулы техникаларды, айталық астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбаиндер, үшінші сфера үшін-элеваторлар және сол тектес құрылыстар, бұларда ауыл шаруашылығындық емес өнімдерді сақтауға болмайды.

Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасына өнеркәсіп өндірісінің мына салалары жатады:

- тракторлар мен ауылшаруашылығы машиналарын шығару;

- мал шаруашылығы үшін машиналар шығару;

- тамақ өнеркәсібі үшін машиналар шығару;

- минералды тынайтқыштар өндіру;

- микробиология өнеркәсібі;

- химиялық тынайтқыштар мен өсімдікті қорғайтын басқа да нәрселерді өндіру;

- селолық құрылыстар;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы негізгі құрал жабдықтарды және т.б. жөндеу және техникалық күтім жасау.

Екінші сфераның ауыл шаруашылығының жалпы өнімдеріндегі үлес салмағы меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алған инвестицияларына және амортизациялық есептеулеріне қарай анықталады. Мамандардың бағалаулары бойынша бірінші сфераның ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің алтыдан бірден бестен біріне дейін алады. Бұл сферада айналымға түспейтін активтердің 15 тен 20 пайызына дейінгісі бар.

Агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасы сол өзінің ауыл шаруашылығы. Бұл сферада кешеннің өндірістік потенциалы мен еңбек ресурстарының басым бөлегі пайдаланылады. АӨК – нің екінші сферасындағы салалар өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларының диспоритеті, сондай – ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарымен қатынастарының реттелмеуі бірінші сферада түпкілікті өнім құнын төмендетуге әкеліп соқтыруда – қазір бұл пайыз жартысынан аспайды.

АӨК – нің екінші сферасы екі саладан тұрады: егіншілік және мал шаруашылығы; бұлардың әрқайсысында бірнеше сала бар:

Өсімдік шаруашылығында мынандай салалар бар:

- астық шаруашылығы;

- көкөніс шаруашылығы;

- жемшөп өндірісі;

- қант қызылшасын өсіру;

- картоп өсіру;

- кендір өсіру;

- жүзім шаруашылығы;

- бақша шаруашылығы және т.б.

Мал шаруашылығының салалары:

- етті ірі қара шаруашылығы;

- қой шаруашылығы мен ешкі өсіру;

- жылқы шаруашылығы;

- құс шаруашылығы;

- шошқа өсіру шаруашылығы;

- түйе шаруашылығы;

- үй қоянын өсіру;

- балық шаруашылығы және т.б. игеру әдістемелеріне қарай АӨК– нің бірінші сферасында 80 – ге дейін қосымша салалар бар.

Агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасына ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен, өңдеумен, тасымалдаумен және өткерумен шұғылданатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді:

Оларға мына салалар кіреді:

- сүт өндейтін;

- ет өндейтін;

- дәмдендіруші шығаратын;

- тоқыма;

- аяқ киім;

- көлік қызметі;

- сауда қызметі және т.б.

Көріп отырғанымыздай үшінші сферадағы салалардың көп бөлегі сан қырлы. Мысалы жүк таситын көлік ауыл шаруашылығындық жүктер жоқ болса басқадай жүктерді тасуға арналып жабдықталады; тоқыма өнеркәсібі импортты шикізатпен, ол аяқкиім синтетикалық заттармен де шығарыла береді. Сондықтан аталған салаларды АӨК-нің құрамына жеткілікті дәрежеде рентабельді болғанда енгізуге болады. Басқа жағынан алғанда ауыл шаруашылығы кәсіпорыны үшінші сфераның өзіне сай болатынын таңдай алатындығы шектеулі. Бұл сатып алу бағасын негізсіз төмендетуге және келісім-шарттың текстісіне өндіруші-кәсіпорнынан гөрі қызмет көрсететін кәсіпорынға тиімдірек болатын анықтамалар енгізуге алып келеді.

Агроөнеркәсіп кешенінің төртінші сферасына аграрлық колледждер мен университеттердің ғылми-танымдық кешендері, мамандандырылған кеңес беруші, ғылми-зерттеулер мен оқу ақпараттық орталықтар және мониторингтік қызмет, мәдениетті ұйымдастыратын ұйымдар жатады.

1.2 Агроөнеркәсіптік кешенде кәсіпкерлік қызметін басқару және оның ерекшеліктері

Кәсіпкерліктің маңызын атап өтуде, оның белгілі бір белгілеріне тоқталып өтуге болады.

Біріншіден, бұл дербес және бастамашыл қызмет. Бұл белгілер кәсіпкерлік қызметтің еріксіз көздерін көрсетеді. Азаматтар және бірлестіктер өздері кәсіпкерлік қызметті бастайды, яғни өздері билік етеді және қызметті жүзеге асырады. Айта кету керек, егер қызмет дербес немесе бастамашыл болмаса, онда ол кәсіпкерлік қызмет болып саналмайды.

Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет-меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде қызмет етуі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет меншік иесі өздерінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде қызмет етпесе, онда ол кәсіпкерлік қызметке жатпайды.

Кәсіпкерлік қызмет қандай да бір игілікті пайдалануға немесе ие болуға бағытталады, яғни табыс табады. Бірақ әр түрлі кедергілер кездесетіндіктен, үнемі табыстылық бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда коммерциялық тәуекел етуі немесе кәсіпкерліктің мүліктік жауапкершілігі аса қажет болып саналады.

Үшіншден, кәсіпкерлік қызмет-бұл табыс табуға бағытталған қызмет. Сондықтан кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты жөнінде баяндалады. Мәселен, кәсіпкердің қайырымдылығы немесе игілікті ісі немесе жасаған бизнес жоспары.

Нарықты экономика кезінде кәсіпкерліктің мақсаты тек өнім өндіру немесе қызмет көрсету ғана емес, осы табыс алу кезіндегі кәсіпкердің мақсатына жетудегі іс-әрекеттері.

Кәсіпкерлік табыс-табыстың ерекше түрі, яғни іскерлігі және арнайы шығармашылық белсенділігі үшін сыйақы, шағын бизнес саласындағы коммерциялық табыс әкелетін жаңа ойлар, техника мен технология енгізгенде пайда болады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылады:

- Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса).

- Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттігі шектеулі тұлғалар.

- Азаматтық бірлестіктер.

Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері:

- дербестік және тәуелсіздік;

- экономикалық ынталылық;

- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

- жаңашылдық.

Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

Бірінші нысан меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.

Екінші нысан кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.

Бұл келісімде: мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу, әр түрлі қызметті іске асыру, материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері, келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.

Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).

Ал мұнда кәсіпкердің бірнеше құқықтары бар, атап айтқанда:

- келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;

- интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

- өндірістік бағдарламалар жасау;

- өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;

- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

- сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

- кәсіпорынды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

- кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

Қазақстандық кәсіпкерлік – бұл шын мағынасында, жаңа реформалармен тудырылған экономика секторы.

Экономикалық реформаның басты бағыттарының бiрi Қазақстандағы дәл қазiргі шағын кәсiпкерлiктi қалыптастыру және дамыту болып табылады. Қоғам шағын кәсiпкерлiк нарықтық тетiктердi құрастыратын шарттарының негізі екенін және қазiргi нарықтық жүйені құрайтын бөлiгi болып табылатынын көбiрек ұғынды. Шағын кәсiпкерлiктiң дамуы «Қазақстан-2030» стратегиясының негiздерiнің бiрi өнеркәсiптiк сектормен бiрге. Қазақстандағы шағын кәсiпкерлiк тек нарықтық жүйенің бір бөлігі ғана емес, ол қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Қазақстан монополизм және бәсекелестiктiң дамытуын жеңуге бағытталған батыл өрнектеулер талап ететiн нарықтық қоғамның әлеуметтiк бағдарламасын құрастыруға курс жариялады. Кәсiпкерлiк, жеке адамдардың мiнез-құлығының, нарықтық мiнез-құлықтың дағдыларының жинағы, мемлекет масштабындағы құрастыруды нарықтық экономикаға ауыспалы мерзiмнiң негiзгi буындарының бiр бола тұра үдеттi.

Кәсiпкерлiктi дамыту көптеген мәселелер жиынтығымен түйiседi, оның ішінде ақпараттық, қаржылық, институционалдық, мемлекеттік (жемқорлық, бюрократизм) мәселелері, бірақ бұлардың барлығы шешімі табылатын мәселелер.

Кәсiпкерлiк класстың бiлiмi нарықтық экономикаға бағдарланған кез келген қоғамның тұрақтылығына керек. Жеке кәсiпкерлiкті дамыту барлық бастапқы мүмкiндiктер бірдей бөлiнген, кәсiпкерлiк мүмкiншiлiктiң тең берiлуін талап етедi.

Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады.

Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық мәселелерін қамтиды.

Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.

Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.

Кәсіпкерлік қызметтің факторларына экономикалық ресурстар жатады.

Экономикалық ресурстар – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдық ресурстары.

Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әр түрлі жабдықтар, құралдар, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар, әр түрлі көлік, байланыс құралдары, материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер және қазбалы байлықтар.

Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:

- Материалдық ресурстар – жер, оның табиғи байлығы және капитал.

- Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің 4 қызметін түсіну керек, атап айтқанда:

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі орындаған жұмысы мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және кәсіпорынның (фирманың) іс бағытын айқындайды.

3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн (капитализм кеңес өкіметі емес, ешкім жай ғана көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы күші – мол пайда табу.

Жоғарыда көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі. Ресурстарға төлемдердің түрлері:

- Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз салады.

- Жер, су бергеніне рента алады.

- Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбекақы алады.

- Кәсіпкерлік табысты таза табыс деп атайды, ол залал болуы да мүмкін.

1.3 Агроөнеркәсіптік кешенде шағын кәсіпкерлік – тиімді нарықтық шаруашылық құрудың жалпы саласы

Бүгінгі таңдағы әміршіл-әкімшілдік жүйеден нарықты экономикаға өтудегі ең ерекшелігі – шағын кәсіпкерлікті дамыту болып саналады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы №131-І Заңының 3-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері:

1. Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

2. Шағын кәсіпкерлік субьектілері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асырады.

3. Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:

- толық серіктестік;

- командитті серіктестік;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

- қосымша жауапкершілігі бар шектеулі серіктестік;

- өндірістік кооператив – шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін.

Шағын кәсіпкерлік-тиімді нарықтық шаруашылық құрудың және бәсекеге төзімді болып келетін жалпы саласы. Ол нарықты экономикада қолайлы икемділік, халықтың ірі қаржы және өндірістік ресурстарын жұмылдыруды, өзіне қуатты антимонополиялық әлеует әкеледі, құрылымды қайта құрудың нақты факторларын және ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары бойынша дамуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар жұмыссыздық және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешеді.

Шағын кәсіпкерліктің экономикалық маңызын талдау бағыттары екі жағдайда анықталады: біріншіден, экономиканың секторы ретінде өзі қалыптасады және дами алады (ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейде); екіншіден, ол кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып саналады.

Экономиканың секторы ретінде шағын кәсіпкерлікке көшу қоғамдық өндірістің екі жақты бірлігін айқындау негізінде қалыптасты: ұйымдық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық.

Ұйымдық-техникалық жағы өндірістік күшті дамытуды ұсынады, яғни өндірістің материалдық-техникалық элементтері жұмыс күші және өндірісті ұйымдастыру нысандарының, сонымен қатар өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және орталықтандыру жүйесі мен әдістерінің жиынтығы.

Әлеуметтік-экономикалық жақтары өндірістік қатынастарды құрайды және төменде аталған жағдайлармен толықтырылып, шағын кәсіпорындардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды:

- меншік иелерінің және оның отбасы мүшелерінің жеке еңбегі арқылы;

- меншік иесінің өндірістік басқару қызметтерімен және жалдамалы еңбекті пайдаланумен сәйкес келуі.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту икемді аралас экономиканы қалыптастыруда жалпы әлемдік үрдістерге жауап береді, шаруашылық үлгілерін және әр түрлі меншік нысандарының үйлесуі, бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың күрделі жинақталуы, ірі, орта және шағын өндірістерді мемлекеттік реттеу. Егер ірі бизнес – бұл қаңқа және дамыған экономиканың белдігі болса, онда орта және шағын кәсіпкерлік – шаруашылық тірі организмнің бұлшық еттері болып саналады. Бұл көптеген жағдайда экономикалық өсудің қарқынын, халықты жұмыспен қамту жағдайын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтауда бастапқы секторлары болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту көптеген маңызды артықшылықтармен ерекшеленеді:

- меншік санын ұлғайту арқылы орта класты қалыптастыру- демократиялық қоғамда саяси тұрақтылықтың негізгі кепілдігі;

- халықтың экономикалық белсенділігінің үлесі артады, азаматтардың табыстылығын арттыру және әр түрлі әлеуметтік топтардың жақсы тұрмыстарында тепе-теңдікті реттейді;

- аз ғана капитал жұмсау арқылы, жаңа жұмыс орындарын құру, әсіресе, қызмет көрсету саласында;

- азаматтардың, оның ішінде мемлекеттік сектордан босап қалғандардың, сонымен қатар халықтың әлеуметтік төмен топ өкілдерінің жұмысқа орналасуы;

- өндірістік монополияны тарату және бәсекелі ортаны құру;

- материалдық, қаржылық және табиғи ресурстарды жұмылдыру, оларды аса тиімділікпен пайдалану.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни, адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес- бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік-бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;

- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);

- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;

- өндіріс және тұтыну кооперативтері;

- консорциумдар;

- акционерлік қоғамдар.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі-оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік-толық шаруашылық есеп, қазыналық-толық емес шаруашылық есеп.

Кәсіпкерліктің ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен де айқындалады.

Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (6-сурет).

6-сурет-Кәсіпорын қызметінің артықшылықтары мен кемшіліктері


Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің өндірістік негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз.

Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

Кәсіпкерлік қызметтердің әр түрлі белгілері бойынша жіктелуі 7-суретте келтірілген.

7-сурет – Кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі белгілері бойынша жіктелуі


Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;

- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;

- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.

Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда.

1.4 Ауыл шаруашылығында әлеуметтік инфрақұрылымның экономикалық механизмі

Дамыған экономикалық жүйелерге тән инфрақұрылымның экономикалық механизміне байланысты мәселесі әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалыптасқан. Қазақстан Республикасында жүргізілетін және нарықтық қатынастардың құрылуы мен дамуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық қайта құру, әлеуметтік үрдістерді мемлекеттік реттеу жүйесінің құрылуының негізгі қағидаларын қайта қарастыру қажеттілігіне әкеледі. Ауылдық аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымды қайта құру мәселесі экономикалық механизмдердің дамуының жалпы моделін іздеумен байланысты шешілуі керек. Ел экономикасының және жеке аумақтардың бүгінгі күндегі жағдайы – тұрақтылық және баланстылық сияқты динамикалық сипаттамаларды экономикамен шығынға алып келген нақты бір деңгейдегі мемлекеттік реттеу жүйесінің дағдарысының нәтижесі.

Қазіргі кезде аграрлық секторлардың дамуының тұрақты, теңестірілген және әлеуметтік бейімделген шарттарды құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қорларға, тетіктерге және қағидаларға сүйенбейді. Мұның бәрі әлеуметтік инфрақұрылымды тұрақты ету үшін негізді құрамайды, өйткені дағдарыстан шығу жеткілікті дәрежеде қиын болғандықтан, дамудың мақсатты бейімделулері анықталмаған.

Инфрақұрылым салаларында сапа, ең алдымен, келесідей бағалаушы көрсеткіштерде нақты көрінеді: тұрмыстық қызмет көрсетуде – жөндеудің кепілдігі; қоғамдық тамақтандыруда – тағам құнарлылығы; коммуналды қызмет көрсетуде – профилактикалық деңгей мен оның тұрақтылығы және тез арада қызмет көрсетудің кепілділігі; көлікте – тексерудің кезеңділігі және оның нәтижелілігі; саудада – барлық құрамдас бөліктерін: сұраныстың өзгеруі, тапсырманы безендендіру және т.с.с. қоса отырып қызмет көрсетудің жалпы мәдениеті.

Инфрақұрылым салаларының экономикасы анағұрлым көп дамыған сайын, кәсіпорындардың да, халықтың да таңдауының мүмкіндігі жоғарылады, тұтынушылар өндіріске көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасын жақсарту қажеттілігін талап етеді. Сол бағытта жеделдетілген ғылыми-техникалық өрлеу әрекет етеді. Оның инфрақұрылым салаларында пайда болуының екі жағы бар. Бір жағынан, бұл сфераның әр түрлі салаларда технологиялық үрдістердің тікелей жетілуі, екінші жағынан – ғылыми-техникалық прогресс сапа бойынша бұрын өндірілгеннен де маңызды дәрежеде асыра түсетін еңбектің жаңа өнімдерін үздіксіз өндіреді.

Инфрақұрылым ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда маңызды орын ала отырып, өзінің дамуы мен жетілу үрдісінде оның әлеуметтік-экономикалық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін сапалы жаңа ерекшеліктерге ие болды. Бұл арқылы оның ерекше сипаттамаларын анықтауға болады. Біріншіден, инфрақұрылым салаларының қызметтері еңбек етушілердің еңбек нәтижесі ретінде өмір сүру игіліктерін өндірудің негізгі құрамдас бөлігі, ол нәтижесінде оның қоғамдық пайдалығын анықтайды. Екіншіден, ауқымды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, халықтың әл-ауқатын арттыруда, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарды жоюда, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануда, қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуде, адамдардың бос уақытының ауқымын кеңейтуде әлеуметтік инфрақұрылымның қызметтері өсті. Үшіншіден, инфрақұрылым салаларының экономикалық дербестілігі нақтыланды және анықталды, оған сәйкес, жеке көрсеткіш жүйелерін, нормативтерді, стандарттарды, техникалық шарттарды өндіру, қалыптастыру және негіздеу үрдісінде жаңа мақсатты қызметтері анықталды.

Инфрақұрылым бірыңғай нарықтың экономикалық механизмнің негізгі жүйесі ретінде әрекет ете отырып, ол экономиканың барлық салаларын, еліміздің экономикалық аудандарын, облыстарын, аймақтарын бірыңғай қызмет атқаруын байланыстырады. Инфрақұрылымның даму жағдайы мен деңгейі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынына белгілі бір әсер етеді және халықтың әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын әлі де қамтамасыз етеді.

Олай болса, инфрақұрылымды қамтамасыз ету, ондағы салалардың, соның ішінде әлеуметтік сала қызметтерін іске асыру тиімділігі елдің ұлттық шаруашылығының бәсекеге қабілетті маңызды факторларымен әрекет етеді, экономикалық бизнестің кеңеюіне, қоғамдық өндірістің нәтижелерін жетілдіруге ықпал етеді. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық сұраныстарын одан әрі толық, жан-жақты қанағаттандыруға қажетті алғы шарттарды құрады. Еліміздің экономикасын дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инфрақұрылым салаларының қызмет етуінің тиімділігі және оны дамыту экономиканы дамытудың негізі.

Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамуы – ауыл тұрғындарының әртүрлі әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін және олармен қамсыздандырылуын жоғарылату негізінде өмір сүру деңгейі мен сапасының жоғарылауын анықтайтын факторлардың бірі. Біздің ойымызша, мұндай қызметтердің негізгілеріне денсаулық сақтау, білім беру (орта және мектепке дейінгі), көлік, байланыс, жалпы мақсатта пайдаланылатын автокөлік жолдары, коммуналдық қызметтерді жатқызған жөн. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жүйесін жетілдірумен тікелей байланысты.

1.5 Аграрлық сектордың қазіргі даму барысы және әлеуметтік инфрақұрылым

Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізу инновациялық үрдістерді қолдау арқылы, ал технологиялық өзгерістерде – тауар өндірушілерге қажетті тұрмыстық жағдайлар жасау есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл үшін агроөнеркәсіпте озық технологиялар, инновациялардың жетістіктері, озат тәжрибелер туралы арнайы ақпарат тарату жүйесін қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының 2015-2020 жылдарға арналған Стратегиясы – экономика салаларын әртараптандыру, дамудың шикізаттық бағытынан гөрі өңдеу, қайта өңдеу, терең қайта өңдеу бағытына басымдылық көрсету, экономикалық қызметтерді қаржыландырудың тиімді жолдарын таңдай білу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту.

Аграрлық секторды реформалау жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің төмендеу салдарынан өнім өңдейтін кәсіпорындардың көпшілігі қалыпты жұмыс істеулерін тоқтатты, қолда бар өндірістік қуаттарын толық пайдалана алмады. Өзара шаруашылық байланыстары үзілді, тұтынушылық кооперация жүйесі бұзылды. Ауыл – селода орналасқан шағын өңдеу кәсіпорындарында, бір жағынан, өнім көлемі азайған болса, екінші жағынан оның сапасы төмендеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, оларды сатып алу жүйесі және көтерме сауда нарқының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімін түпкілікті сатып алушыға әкелгенге дейін жолда делдалдардың көбейіп кетуі саланың тиімділігіне, ауылдық өндірушілердің табыстылығына кері әсерін тигізіп отыр.

Өнім дайындау бекеттерінің жетіспеуі, олардың жеткіліксіз деңгейде жарақтандырылуы, ауыл шаруашылығы өнімі сапасының арнайы зертханаларда бақыланбауы, тамақ өнеркәсібінің қажетті шикізатпен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ село тұрғындарының өз өнімдерін мезгілімен өткізе алмауына келеңсіз әсер етеді. Қорытып айтқанда, АӨК-не қатысушылар мен село халқының мүдделі топтарының ақпаратпен қамтылуы жеткіліксіз.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кешенді ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қолдауды одан әрі дамыту мақсатында:

– ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі білімді, озық технологиялар мен ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату, отандық ауыл шаруашылығы өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда жылжытуға көмек беруге қатысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алу қажет. Ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі білімді, озық технологиялар, ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату мен беру жүйесін құрып, оны дамыту. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кәсіпкерлік белсенділікті дамытудың ең маңызды элементі болып табылады. «Қазагромаркетинг» АҚ жұмыс істейтін өңірлік желісінің базасында ауыл шаруашылығы білімін, озық технологиялар, ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату мен беру жүйесін ҚР АШМ, ҚР АШМ-дің ҒЖО құрылымдық бөлімшелерін, қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерін, сондай-ақ «Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты жобаны тарта отырып құру қажет.

Жобаны іске асыру үшін білімді таратып, берумен айналысатын консультанттардың тобын тарту керек. Жобаның аудандық деңгейдегі консультанттары: өңірлердің ауыл шаруашылығы құрамдарының тиімділігінің мониторингі (мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы); ауыл шаруашылығы тауараларын өндірушілердің озық технологиялар, отандық өнімнің жетістіктерін енгізу мәселесіндегі негізгі қажеттілігін анықтау; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелер енгізу мәселесі бойынша консультация беру; іске асырылған жобалардың мониторингін жүргізу мен олардың нәтижесін ауданның аумағында тарату сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады. Жобаның облыстық деңгейдегі консультанттары: облыстың ауыл шаруашылығы құрамдарының озық технологиялар, отандық өнімнің жетістіктерін енгізу мәселесіндегі қажеттілігінің мониторингінің деректерін жинау мен өңдеу; өңірлердің мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығы мен өнім өңдеуде нақты технологиялар енгізудегі қажеттіліктерінің тізбесін қалыптастыру; АШМ-дің өңірлік ҒЖО-мен отандық әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселесі бойынша өзара ықпалдасу; арнайы мамандандырылған семинарлар, конференциялар мен мәжілістер ұйымдастыру.

АӨК-де электрондық сауда жүйесін енгізу. Электрондық сауда-саттық жүйесі деп ЭСЖ-ге қатысушыларға тауарлармен және қызметтермен сауда-саттық операцияларын нақты уақыт режимінде (on-line), сондай-ақ үйлесімді режимде (on-line + off-line) жүргізуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге сауда-саттық қызметінің, кез-келген уақыт кезеңінде жүргізілген сауда операциялары, сатып алу мен сату ұсыныстарының қарқынын талдауға, жүйеге барлық қатысушылардың нақты уақыттағы сауда операцияларының нәтижелерін қарауға, сондай-ақ ЭСЖ-дің белгіленген ақпараттық ресурстары мен ҚР АШМ-ның ЭСЖ-мен байланысты басқа ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады. Жүйе республикалық және жергілікті маңыздағы атқарушы билік органдарына тауар, қызмет және жұмыс сатып алуға арналған сауда-саттық өткізу шарттары жөнінде ақпаратты интерактивтік режимде жариялауға мүмкіндік береді. Экономикалық қызметтің субъектілері сауда-саттық өткізу шарттары жөнінде жарияланған ақпаратты ұдайы жедел қол жеткізу режимінде қарауға, сондай-ақ нақты сауда-саттыққа қатысуға өз өтініштерін беруге және ұсынылатын тауар, жұмыс пен қызмет жөніндегі қажетті ақпаратты қарауға мүмкіндік алады.

Ауыл мен селоның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудың құрамдас бөлігі ауылдық аудандардың біртіндеп жергілікті басқару жүйесіне көшу. Жергілікті басқаруды өндіріске енгізудің негізгі шарты электрондық әдісті игеруге қол жеткізу. Мәселен, электрондық жүйені сауда қызметінде пайдаланудың негізгі бағыттары мына төмендегідей (6 кесте).

6 кесте - Электрондық жүйені сауда қызметінде енгізу кезеңдері

Кезеңнің атауы Қажетті іс-шаралар, кезеңнің жалпы сипаттамасы
Техникалық жобалар (ТЖ) жасау Жұмыстың көлемін, орындалу мерзімін нақтылау ТЖ материалдары жұмыстарды жоспарлау мен құжаттандыруда пайдаланылады.
Жұмыстарды жоспарлау Жұмыстардың тізбесі: үйлестіру, тестілеу, қабылдау және т.б.

Жұмыстардың орындалу мерзімін анықтау.

Негізгі анықтамалықтарды толтыру Кезеңдердің ерекшеліктері:

- ақпаратты орталықтан енгізуді қажет етеді;

- жүйенің жұмыс істеуі үшін қажет болып табылады

Іске асыру тәсілдері:

- деректерді айырбастау мүмкіндігі;

- пайдаланушылардың (операторлардың ) деректерді қолмен енгізуі

Үйлестіру, тестілеу, қабылдау Алдын-ала даярлықтан өтуге байланысты регламенттер, ТТ, ТЖ, ЖЖ);

Жүйені қажетті пысықтаудан анықтау

Қызметкерлерді даярлау Әкімшілерді оқыту («Қазагромаркетинг» АҚ мен ҚР ауыл шаруашылығы мамандары тобын Жүйеге әкімшілік етуге оқыту) және Жүйені пайдаланушыларды («ҚазАгромаркетинг»АҚ өңірлік жүйесі, ҚР АШМ-нің аумақтық басқармалары, АӨК-тің басқа қатысушылары) оқыту;

Қамтамасыздандырудың тиісінше жұмыс істеу қабілетін тексеру.

Тәжірибелік пайдалану Ескертпелердің (ұсыныстардың) соңғы тізімін қалыптастыру, үйлестіру, тестілеу мен қабылдау жөніндегі соңғы жұмыстарды жоспарлау мен оларды орындау.
Құжаттандыру - Жүйенің әкімшілері мен оны пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтарды рәсімдеу;

- Жүйе ауқымында бөлімшелердің өзара ықпалдасу регламенттерін әзірлеу;

- техникалық құжаттаманы пысықтау;

- басқа құжаттарды қалыптастыру.

Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға беру - аграрлық сектор кәсіпорындарының арасында PR-шара жүргізу;

- Интернет желісінде «Жүйені баршаға көрсету»“;

- АӨК ірі компаниялары Жүйенің бета-тестер ретінде тарту;

- Жүйені көбейту (бағдарламалық қамтамасыздандырудың дистрибутивтерін пайдаланушылардың арасында тарату).

Жүйенің жұмыс істеуін талдау (жобадан кейін зерттеу) - Жүйенің жұмысын тексеру;

- Сынақ үдерісінде анықталған ескертпелерді жою және Жүйені жобалық және пайдалану құжаттамасына сынау хаттамасына сәйкес тиісті өзгерістер енгізу.

Жобаны аяқтау Жүйені 1 жыл бойы кепілдік қызмет көрсету кезінде өзгеріс, бағдарламалық кодтың қателері пайда болған жағдайда оларды түзету. Жүйені «Қазагромаркетинг»АҚ өңірлік жүйесі арқылы енгізу (республика-облыс-аудан). Лицензия алу қажет емес.

Қорытып айтқанда, АӨК-не қатысушылар мен село халқының мүдделі топтарының ақпаратпен қамтылуы жеткіліксіз. Осыған орай ауылдық аумақтардың әлеуметтік саласын инновациялық жолмен дамытудың тұрақты көздерінің бірі облыстық бюджеттік қаржыландыру. Оның негізгі бағыттары: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайтарымсыз қаржылық қолдау, шаруа (фермер) қожалықтарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жәрдем жасау, мал шаруашылығын дамытуына баса назар аударту, әсіресе маркетингтік қызметтің ақпараттық жүйесін дамыту.

Сонымен, келешек жылдарда нарықтық қатынастардың онан әрі нығаюы жағдайында ауылдық аудандарда өңірлік және өңіраралық маңыздағы әлеуметтік инфрақұрылым ойдығаыдай қалыптастыралытын болады, осының арқасында елді қоныстарға әлеуметтік және инженерлік сала дамиды, демек халықтың тұрмыс деңгейі көтеріліп, ауыл мен селода қалыпты өмір сүру қалыптасады.


Бақылау сұрақтары:


1. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына қандай сфералар кіреді?

2. АӨК – нің бірінші сферасына тиянақты сипаттама берініз.

3. АӨК – нің үшінші сферасының негізгі функциялары қандай?

4. Ғылыми зерттеулердің үшінші сферасының функциялары зерттеуде қай әдіс негізгі болып табылады?

5. Кәсіпкерліктің мәні неден тұрады?

6. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдарын атаңыз?

7.«Кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымды қалай түсінесіз?

8. Кәсіпкерлік қызметтердің әр түрлі белгілерін атаңыз?

9. Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жөнінде не айтасыз?

10. Қазақстанда кәсіпкерліктің даму барысы.

11. Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауы?