2.1 Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық механизмнің экономикалық негіздері
Нарық айырбастау сферасындағы әлеуметтік- экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде айқындалады, ол арқылы тауарлық өнімдерді өткеру жүзеге асырылады және оған жұмсалған еңбектің қоғамдық сипаты түпкілікті мойындалады. Сөйтіп нарықтық (капиталистік) экономика, жоспарлармен социалистік экономика жағдайларында да қанат жаяды. Ал айырмашылығына келетін болсақ нарықтық экономика жағдайында айырбастау тікелей өндірушілер мен тұтынушылардың арасында, ал жоспарлы экономикада бұл процеске мемлекет қатысады.
Дамыған елдердің ауыл шаруашылығына мемлекеттің қатысы белгілі бір деңгейде ғана болады, ол мемлекеттің өнеркәсіп пен сауда салаларына қатысындай болмайды. Алайда нарықтық жағдайда алмасу процесіне қатысушылардың экономикалық еркіндіктері елеулі түрде кең - өндіруші шығаратын ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрамдары мен құрылымдарын өзі таңдап алады, жеткізушілер материалдық техникалық ресурстары және өткеру бағаларын, ал сатып алушылар жеткізушілерін өздері таңдайды.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі қазірігі жағдайда негізгі үш фактормен анықталады:
- біріншіден барлық экономиканың нарықтық қатынастарға көшірілуімен. Мұндай жағдайда бұрынғы шаруашылықарлық байланыстар бұзылады, ал жаңаларын құру тауар-ақша қатынастарына негізделеді және тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорнына жүктеледі.
- екіншіден, ауыл шаруашылығын бұрынғы жүйе бойынша басқарудың тиімді болмауынан, яғни өндірістің ауыл шаруашылығы өндірістерінің көлемі мен құрылымдарын таңдауда экономикалық еркіндік шектеулі болды;
- үшіншіден, ауыл шаруашылығын толықтай қолдау үшін мемлекеттің мүмкіндігі жоқтығы (бюджеттік қаражат), сөйтіп сала жоспарлы рентабелділікке жету үшін өнімдерді жұмсалған шығындардан аса көп өндіре алмайды.
Әлемдік тәжірбие мынаны көрсетеді, шаруашылықты жаңа формамен жүргізу үлкен ұйымдық өзгерістерді жүзеге асыруды қажет етеді. Нарыққа көшудің негізгі екі бағыты бар: Эволюциялық және Революциялық.
Бірінші бағыт эволюциялық жол құқықтық базаларды жасау арқылы өндірістік қатынастардың біртіндеп өзгеруі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара байланыстарының жүйесін жасау және қадырларды даярлау мен қайта даярлаудың жүйелерін ұйымдастыру арқылы өтеді.
Екінші бағыт революциялық жол нарыққа көшуде «талмалы терапия» (шаралардың негізгісі бағаларды босату) деп аталатын кешенді шараларды жүзеге асыру және өндіргіш күштер мен өндірістің қатынастардың өзара байланыстарын заңды және нормативті базаға келтіру. Кейнсианстік теорияда (біздің елімізде нарықтық қатынастарға көшуде сол негізге алынған болатын) өндірістік қатынастар мен рыноктың қалыптасуы неғұрлым тиімді әрі қысқа жолмен өтеді делінген.
Нарықтық қатынасқа көшу ең алдымен институционалдық өзгерістерге (істеп тұрған кәсіпорындарды реттеуге) алып келеді, оны ауыл шаруашылығындық кәсіпорындардың ұйымдық – құқықтық формаларының өзгеру мысалынан неғұрлым айқын көруге болады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың барлық формаларын көптен бері ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтері және мемлекеттік аграрлық кәсіпорын деп бөліп келген. Кейбір елдерде кооперативтің аналогы – фермерлік шаруашылық кең дамыған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің аздаған проценті ғана қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Қазақстан Республикасының жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың мынандай формалары кең дамыған, олар:
- ауыл шаруашылығы кәсіпорыны;
- шаруа қожалығы;
- жұртшылықтың шаруашылығы.
Аграрлық реформалар басталғаннан бері 15 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатында мына кезеңдерді (этаптарды) шартты түрде бөліп көрсетуге болады:
- бірінше кезең (1991 – 1993 ж.ж.) – бұрын болып келген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бөлшектеп, ұйымдық – құқықтық формаларын өзгерту және өндірісті нарықтық принципке көшіру, шаруашылық байланыстарын және өткеру бағаларын реттеу;
- екінші кезең (1994 – 1995 ж.ж.) – аграрлық реформаны әуелде көзделген кездегіден ары қарай дамытып еліміздің ауыл шаруашылығын қайта ұйымдастыруды одан әрі жалғастыру. Бұл кезең аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің әлсіздене түсуімен сипатталады. Бұл кезеңде шаруа қожалықтарын ұйымдастыру процессі неғұрлым белсенді жүргізілгендігімен сипатталады. Мұндай ұйымдастырудың тиімділігін бағалау үшін уақыт керек, әртүрлі кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтардың территориальдық жағынан бөлінулерін мұқият зерттеу керек.
- үшінші кезең (1996 жылдан бастап) аграрлық сектордағы және жалпы агроэкономикадағы процестерді ішінара мемлекеттік реттеумен.
Рыноктық нарықтық конъюнктура – нақты рыноктарға сұраным мен ұсынымның арақатынасы. Рыноктық конъюнктура тауарлардың жалпы мөлшерімен, жеке тауарлардың бағаларымен, сатушылар мен сатып алушылардың сандарымен және аз да болса әсер ететін басқа да факторлармен анықталады:
- рыноктық (базарлық) бәсекелестік-тәуелсіз тауар өндірушілердің өздерінің өнімдерін барынша көп, әрі мүмкіндігінше қымбаттау бағамен сатуларына ұмтылыс жасаулары;
- нарықтық қатынастардың субъектілері – сатушы және сатып алушы.
- нарық аумағы- бұл берілген өнімдерді барынша мол өткізуді көрсетеді. Рынок аумағы жыл ішінде сатылатын тауарлардың көлемімен анықталады (физикалық бірлікте немесе құндылықтарына қатысты) көлемді анықтауды бағалауда ұлттық өндіріс назарға алынады, оған осы өнімдерді импорттаудың көлемі және экспорттаудың көлемін игеру жағы:
- нарық механизмі-сұраным мен ұсынымның арасында нарықтық тепе – теңдікке қалыптасу процессі;
Өзін - өзі реттеу механизмі мыналардан тұрады:
- рынокқа жоғары сапалы жаңа тауар түскенде немесе бағасы төмен болғанда оған сұраным өсе түседі;
- тауарларға сұранымның өсуі, сұранымның қанағаттандырылмауына, осы тауарға бағаның өсуіне, оны сатудан табыстын молаюына, тауар өндірушінің пайдасының көбеюіне және кәсіпкерлер үшін рынок сегментінің тартымдылығының артуына алып келеді;
- рынок секторының тартымдылығының өсуі осы сектор қосымша инвестициялар тартуға және өндірілетін тауардың саны көбейтуге алып келеді;
- тауар мөлшерінің көбеюі сатып алушылардың сұранымдарын толық өтеуге, осы тауарға бағаның құлдырап және рыноктың осы сегментінің тартымдылығының төмендеуіне алып келді;
- сатып алу сұранымның құлдырауымен және сегмент рыногының тартымдылығының төмендеуімен бетпе – бет келген кәсіпкерлер капиталын салатын жаңа сфераларды іздеуге мәжбүр болады;
- берілген сектордан капиталдың кетуі басталады, бұл сұранымның қанағаттандырылмауына және тауарларға бағаның көтерілуіне және т.б. алып келеді;
Сөйтіп әр этап (кезең) сайын сұраным мен ұсынымның арасында нарықтық тепе – теңдікке қол жетеді де сатып алушы белгілі бір мөлшерін сатып алады, ал сатушы тауарлардың сондай мөлшерін сондай бағамен өткізеді.
2.2 Ауыл шаруашылық нарықтардың классификациясы мен түрлері
Өткеретін өнімдері, істейтін жұмыстары немесе көрсететін қызметтеріне қарай ауыл шаруашылығындағы рыноктарды төрт топқа біріктіруге болады:
- ауыл шаруашылығы рыноктары (ауыл шаруашылығы өнімдері өзерінікі);
- ауыл шаруашылығы үшін материалды – техникалық ресурстар рыногы;
- қызмет көрсету рыногы;
- сауда сферасы рыногы (маркетингтік қызмет).
Материалды – техникалық ресурстар рыногы ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өндірісі үшін қажетті техникамен және материалды – өндірістік қорлармен қамтиды. Бұл жерде негізгі төрт сегментті бөліп көрсетуге болады:
- ауыл шаруашылығында машиналар мен механизімдер рыногы;
- материалды – өндірістік қорлар рыногы (жанар май, энергия, өндірістік шикізаттар мен материалдар);
- миниралдық тыңайтқыштар рыногы;
- мал шаруашылығы үшін жем – шөп рыногы.
Сегменттің алдыңғы үшеуі сыртқы болып табылады, бұлардың өнімдері ауыл шаруашылығы салаларынан тыс жерлерде өндіріледі. Жем – шөп рыногы бір саланың өз ішінде – сатып алушы мал шаруашылығы, сатушы өсімдік шаруашылығы болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін мамандандырылған ірі кәсіпорындарда (мәселен комбинаттарда) кешенді түрде өндіргенде бұл рыногтың мүлде болмауы да мүмкін.
Қызмет көрсету сферасы нарығында ауыл шаруашылығы кәсіпорны өндірістік процесті жүзеге асыруға қажетті қызметпен қамтамасыз етіледі. Бұдар:
- ақпараттық (байланыс қызметін қоса алғанда);
- консалтинг;
- ғылми – зерттеушілік (элитті тұқым шаруашылығын қоса алғанда);
- техникалық (кәсіпорын мамандырылған кәсіпорындардың техникалық қуаттарын пайдаланады);
- малдәрігерлік;
- мелиоративтік;
- іздеушілік және жерге орналастырушылық т.б.
Сауда сфералары нарығы бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорыны өнімдерін өздігінен өткізе алмай мамандырылған сауда ұйымдарының қызметіне жүгінеді. Бұл рынок мынандай қызметтер көрсетеді:
- дилерлік және дистибюторлық ұйымдардың қызметтері;
- көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының қызметтері;
- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметтері;
- өңдеуші кәсіпорындарының қызметтері.
Аграрлық сектордың кәсіпорны аталған рыноктардың көпшілігінің қызметтеріне еріксіз қатысуға тәуелді болады, бұл қосымша ұйымдық өзгерістер мен материалдық шығындарды қажет етеді.
Бәсекелестің шектелу дәрежесіне қарай нарықтардың төрт түрі болады, олар:
- таза бәсекелестік нарығы;
- монополистік бәсекелестік нарығы;
- олигополиялық нарық;
- таза монополия нарығы.
Таза бәсекелестік нарығы бір – біріне ұқсас тауарлы өнімдерді сататын көптеген сатушылардан және сатып алушылардан тұрады. Алайда жеке бір сатып алушы немесе сатушы тауарлардың рыногтық бағаларының ағымдағы деңгейлерін өзгертуге үлкен ықпал жасай алмайды.
Монополистік бәсекелестік нарығы көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады, олар сауданы бірыңғай рыноктың бағалары мен емес, бағалардың диапазондары кең тұрғыда жасайды. Бағалар диапазонының болуы сатушылардың сатып алушыларға бір – бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы қатталуы түрліше болатын тауарлардың әртүрлі варианттарын ұсына алатындықтарымен түсіндіріледі.
Олигополиялық нарық әдетте бағаның пайда болу саясатына және бір – бірінің маркетингтік стратегияларына өте сезімтал аздаған сатушылардан тұрады. Сатушылардың аз болуы бұл рынокқа жаңа претенденттердің кірулері қиын болатындығымен түсіндіріледі. Егер қандай бір кәсіпорын өзінің бағаларын 10% - ға төмендетсе сатып алушылар соған қарай ойысады да, басқа өндірушілер не бағаны төмендеуілерімен, немесе көптеп әкеліп, қызмет көрсету аяларын кеңейтумен жауап береді. Егер кәсіпорын бағаларды көтерсе, басқа өндірушілер олай етпеулері де мүмкін. Онда ол бұрынғы бағаға қайта оралуы, немесе бәсекелесіне мойынсұнып өз істегенінен жалтаруы мүмкін.
Таза монополия кезенде рынокта бір ғана сатушы болады. Ол мемлекеттік ұйым да, реттелетін жеке монополия немесе реттелмейтін жеке монополия болуы да мүмкін.
Жоспарлы экономика жағдайында ауыл шаруашылығының өнімдері анықтау жағынан монопольды болады. Алайда баға деңгейі тауар өндірушілердің қалыпты пайда табуларын қамтамасыз етіп негізгі сатып алушыларды жоғары бағалармен аластатпағандары жөн.
Нарықтық экономика жағдайында сол баяғы бір рынокты немесе рынок сегментін игеру жолында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасында бәсекелестіктің болуы заңды. Сондықтан кәсіпорындарды ірілендіру тенденциясы көзделеді немесе келісімді бағаларды қою қолға алынады (пулдер, картелдер және т.б.). Бұл монополиялардың әртүрлілігі болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1. Рынокқа анықтама беріңіз
2. Нарықтық механизм деген не?
3. Рыноктар қандай белгілер бойынша классификацияланады?
4. Агроөнеркәсіп кешенінде рыноктың қандай түрлері бар?
5. Нарықтық инфрақұрылым деген не?
6. Олигополиялық нарық дегенді қалай түсінесің?
7. Сауда сфералары нарығына анықтама бер.