Павлодар, 2014

Аграрлық өндірістің жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары


Жер – ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы. Жер еңбек заты мен құралы ретінде. Топырақ құнарлығы түрлері, топырақ құнарлығын арттырудың экономикалық негіздері мен факторлары.

Жер ресурстарының құрамы, жер ресурстарының жер иелері мен жер пайдаланушыларға бөлінуі. Ауыл шарушылық жерлерінің құрылымы.

ҚР-ң «Жер туралы» заң мен жер кодексінің негіздері. Республикадағы жер қатынастарының реттелуі. Жер реформасының негізгі бағыттары.

Мемлекеттік жер кадастры: түсінігі, оны құрайтындар. Жер мониторингі түсінігі және оны шешетін мәселелері. Жердің экономикалық бағалануы, ақылы жер пайдалануға өту.

Жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары. Көпқырлы ауыл шаруашылығы қалыптасуы жағдайындағы жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық көрсеткіштері. Жердің бағасын тұтыну құнына және экономикалық құндылығына, ауыл шаруашылық өнімдерді өндірудегі пайдалылығына байланысты белгілеу мүмкіндіктері. Топырақты бонитеттеу мәліметтерін, жер нарығындағы сұраныс пен ұсынысты қалыптасу деңгейін, банктік несие пайызын, шет елдегі мен жақын мемлекеттердегі жердің бағасын белгілеуді, пайдалана отыра жердің жеке меншікте болуындағы тұтыну бағасын белгілеу. Жер рентасы түсінігі және оның түрлері.