Павлодар, 2014

Экономикалық тиімділік және ауылшаруашылығының ұдайы өндіріс жүргізу жолдары


4.1 Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттарының бірі өндірістің жеке бір саласының, сондай тұтас саланың экономикалық тиімділігін анықтау болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін бағалауда «ақырғы өнім» деген ұғымды түсіну керек, ол тұтас алғанда анықтаушы маңызға ие. Оның өнеркәсіптік өндірістің барлық салаларына қатысты мәні бар, ол ішкі тұтыну жағын шегеріп тастағандағы жалпы кешеннің өндірген өнімдерінің құнын көрсетеді. Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші салаларындағы ақырғы өнімнің құнын есептеген кезде өңдеуге жіберілетін ауыл шаруашылығы шикізаттарының құны есепке алынбайды, тек қана қайта өндейтін сала шығарған дайын өнімдердің құны ғана есепке алынады.

АӨК – нің өнімдері іс жүзінде технологиялық циклдің кез келген стадиясында өткерілуі мүмкін. Мәселен, егіншілік саласының өнімдері алынған күйінде (астық, жеміс – жидек және т.б.) өткізілуі мүмкін, алғашқы өңдеуден өткізгеннен кейін (мысалы құрама жем) малды бордақылауға, одан кейін ол мал союға және қайта өңдеуге және т.б. жіберіледі. Сөйтіп ақырғы өнімнің құрамына мыналар кіреді:

- АӨК – нің бірінші сферасындағы салалардың және қосымшасалалардың өнімдері;

- АӨК – нің үшінші сферасындағы қайта өндейтін салалардың өнімдері;

- өндірілген мүліктердің өнімдері немесе АӨК – нің бірінші сферасындағы кәсіпорындар орындаған жұмыстар немесе көрсеткен қызметтер. Бұл АӨК – нің бірінші сферасында әдетте ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар өндірілетінін көрсетеді, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарына (өткеру құндарын анықтауға) амортизациялық аударулардың көлемі кіреді. Сөйтіп мұндай мүліктерге ішкі тұтынудың сапасы жағынан қарағанда негізгі қорлардың амортизациясын және басқадай айналымнан тыс активтердің амортизациясын кіргізеді;

- саудалық үстеме баға қою, делдалдарды марапаттау, көлік ұйымдарының қызметтерінің және басқадай өндіріс пен шаруашылықтардың істеріне қарай жүргізіледі.

Салалардың пропорцияны анықтау және басқарушылық шешімдерді мемлекеттік, сондай – ақ салалық деңгейде шешу үшін «ақырғы өнімнің құрылымы» деген ұғым пайдаланылады. Бұл ұғым ақырғы өнімнің құрылымында әр саланың өнімдерінің үлес салмақтары қандай екенін көрсетеді.

Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі мына қатынас бойынша бағаланады:

- ақырғы өнімнің құны-ақырғы өнімді өндіруге жұмсалған шығын (ішкі тұтынуға пайдаланылған өнімге жұмсалған шығынды есептемегенде) яғни, ақырғы өнімнің құны-негізгі өндірістік қорлардың құны.

Экономикалық тиімділігімен қатар агроөнеркәсіп кешенінің әлеуметтік тиімділігін де анықтау қажеттілігі туды. АӨК – нің барлық сферасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізінен ауылдық жерлерде графикалық шектері нақты айқындалған аудандарда болғандықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары орналасқан жерлерде жұмыспен қамтылу жағы да артатынын әлеуметтік тиімділікті анықтайтын көрсеткіш деп қарау керек. Қосымша көрсеткіштер ретінде еңбек ресурстары бойынша (жұмысшылар, басқарудағы адамдар және т.б.) және мамандық бойынша жұмыссыздықты азайту жағы да еске алынады. Бұған керекті деректер жергілікті әкімшіліктерден алынады.

Бұдан басқа әлеуметтік тиімділіктің көрсеткіштері болып мыналар да табылады:

- қызметкерлердің сырқаттануларын азайту-бұл кәсіпорындардың бухгалтерлік есептерінен немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан алынады;

- өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауруларды азайту- бұл ақпараттар да содан алынады;

- автоматтандыру деңгейін көтеру және жұмыстың кейбір түрлерін кешенді механикаландыру;

- әйелдер және т.б. шұғылданатын жұмыс орындарында қол еңбегін қысқарту.

Тиімділік көрсеткіштерінің толық тізбесі әлеуметтік экономика курсында оқытылады.

4.2 Ауылшаруашылығының негізгі және айналым капиталдың құрамы мен құрылымы.

Нарықтық қарым-қатынастың талаптарында бірінші жоспарға өнімнің сапасы, дәрежесі, беріктілігі деген сұрақтар енеді. Тұтастай техниканын жағдайымен оның сапасына, сонымен қатар оны дұрыс пайдалануына байланысты. Өндіріс үрдісінде кәсіпорын жұмыскерлері еңбек құралдарының көмегімен еңбек нысанына әсер етеді және оларды әр түрлі дайын өнімге айналдырады.

Еңбек нысаны, еңбек құралдарының әсерімен өңдіріс құралдары алынады.


Еңбек нысаны + еңбек құралы=Өндіріс құралдары

      

Еңбек құралдары(машиналар, құрал-жабдықтар) жасап шығарады. Өндіріс құралдарының баға формасын шығару, кәсіпорынының өңдіріс қорлары болып табылады. Олардың өндіріс протцесіндегі жұмыс істеуіне байланысты, оларды дайын өнімнің бағасына көшіру тәсілінде және еңбек құралдарының өндіру сипатын және еңбек нысанының негізгі және өнделген қорлар ажыратады. Негізгі өндірістік қорлар, өндіріс қорларының бір бөлігі. Ол өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт қатысады. Ал оның бағасы дайындалатын өнімге біртің-біртің бөліктермен қолдану тәсіліне қарай көшіріледі. Олар капитал салумен толтырылады. Өндіріс қорларымен қатарлас, өндірістік емес негізгі қорлар бар. Бірақта өндіріс протцесіне қатыспайды, сонымен қатар өздерінің бағасын өнімге тасымалдамайды. Өндірістік емес негізгі қорлардың өндіріс көлеміне, еңбек өндірісінің өсуіне пайда болған зиянға қарамастан, бұл қорлардың әрдайым өсуіне, жұмыскерлердің жағдайының жақсаруына материалды-мәдени өмірдің көтерілуіне, кәсіпорынның іс әрекетінің нәтижесіне байланысты.

Негізгі өндірістік қорлар-бұл қоғамдық өндірістің материалды-техникалық базасы, олардың көлеміне кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы және еңбектің техникалық дәрежесіне байланысты; ол үлкен көлемдегі жұмысқа ие. Осыдан негізгі қорлардың белгілі топтарға жіктелуінің қажеттілігі шығады, әртүрлі қорлардың белгіленген өндірістік тән ерекшеліктері ескеріледі. Негізгі өндірістік қорлары былай бөлінеді:

- ғимарат, құрылыс;

- берілетін құрылғы;

- машиналар және жабдықтар, соның ішінде жүк машиналары, құрал жабдықтар, лобараториялық жабдықтар және т.б.

- құралдар және бір жылдай жұмыскерлердің икемделуі.

- өндірістік және шаруашылық мүлік.

Кәсіпорын машиналар және жабдықтардың өсуіне қызығушылығын таныту, яғни негізгі қорлардың бөлігінің үздігі, өндірістік манызды учаскілерін және кәсіпорынның өндіру мүмкіншілігінің сипаттамасын қамтамассыз етеді. Құрылыс, ғимарат белсенді элемент болып табылатын мүлік. Ол негізгі қорлардың пасивті бөліміне жатады. Құрал-жабдықтардың негізгі қордың бағасынан көп болса, онда өнім шығару және қор беруі көрсеткіші жоғары.

Негізгі қорлардың құрлымына әсер ететін басты факторлар болып табылатын: шығаратын өнімнің сипаты; көлемі; автоматизатциясы және механизатцияның дәрежесі; мамандық дәрежесі; кәсіпорынның орналасқан жері және климаты. Бір фактордың әсер етуі ғимараттың құнымен машиналар құрамына қарай айтылады. Өнімді шығару көлемі жоғары болса, сондай ақ жұмыс машиналары және құрал жабдықтар көп болады.

Негізгі қордын құрлымын жақсартатындар:

- құрал-жабдықтарды жаңарту және жетілдіру;

- прогресті машиналар және станоктар түрлерін жаңарту,

- ғимаратты және құрылысты барынша жақсы қолдану, яғни бос жерлерге қосымша құралдарды қою.

Кәсіпорын құрлысының жоғары сапалы жоспарларын және құрылыс сызбасын дұрыс іске асыру.

Аз қолданатын және керек емес құралдарды жою, көп өнім шығаратын құралдарды қою керек.

Негізгі қорларды санау және есептеу.

Негізгі қорларды санау және жоспарлау табиғи және ақшалай формада жүреді. Негізгі қорларды табиғи және ақшалай формада жүреді. Негізгі қорларды табиғи формада бағалауды машиналар саны олардың өнімділігі, қуаттылығы өндіріс ауданының өлшемі және т.б көрсетіледі. Осы мәліметтер кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын, өндіріс бағдарламасын жоспарлауда, құралдардын өндіру қуат резервін жоғарлату құралдарға баланс құруда бұл бағытта құралдарды түгендеу және паспортизатция жүреді. Оның кіріс, шығысы есептеуге қолданады. Негізгі қорлардың бағасының құны негізгі қорлардың өндірісін дамытуды жоспарлауға және амортизатцияны анықтауға керек. Негізгі қорлардың бағасының бірнеше түрі бар:

- бірінші құны арқылы –нақты шығындар, салықтар және жинақтар есептелінеді.

- күнделікті құны бойынша-белгілі күндегі нарықтың бағасымен анықталады.

- баланстық құн бойынша-негізгі заттың бірінші немесе күнделікті құны.

- өткіу құны бойынша- негізгі нысанмен айырбастауға болуы мүмкін құн.

- жою құнының-қоры бөліктердің құны.

Негізгі қордың тозуы және амортизатциясы.

Кәсіпорынды құру кезінде жеке тұлға болашақ өндірісті белгілі капитал түрінде жәрдем ақы береді. Оған мүлік, ақша жатады. Осымен құралдарды жәрдем ақы беру үрдісі аяқталады және оларды өндіріспен және өнімдерді шығарудан кейін қамтамассыз ету тапсырмасы қарастырылады. Тасымалдау үрдісінде негізгі қор тоза бастайды.

Тозудың екі түрі ажыратылады:

- физикалық-негізгі қордын төмендеуі немесе шығын шығаруы;

- моральдық тозу мыналардан құралады; негізгі қордың жеке обьектісінде толық физикалық тозу екі жолмен құның жоғалтады:

а) істегі машина, құрал жабдықтар өздерінің техникалық және эксплутациондық қасиеттерінен ескіріп қалғандықтан.

б) негізгі қордың берілген обьектісін арзандау жасауға болады.

Физикалық және моральдық тозуды есптеу, қордың баланстық құнын дұрыс анықтауға, олардың қызмет ету және ауыстыру уақытын, нормасын және амортизация құнын дұрыс анықтауға қажет.

Амортизатция-бұл тозудың құнын көрсететін, активті қызмет ету мерзіміндегі амортизатциялық құнның систематикалық орналастыру түрі.

Қазіргі кезде амортизациялық шығару тек негізгі қордың толық қалпына келуіне кетеді. Негізгі қордың ремонтына шығыны өзіне шығарылатын өнімді қосады. Негізгі жолдардың ремонты оларды жұмыс істейтін қалыпта сақтау үшін қажет. Ремонт тізімін % -қ мақсатпен оның түрлеріне жүргізіледі:

- Өтпелі ремонт негізгі құралдарды жөнделетін және жұмыс істейтін қалыпта ұстау үшін, ұсталынған заттарды ауыстырып, құралдарды жасайтын механизмдерді қалыпта ұстау үшін қажет. Өтпелі ремонт графикте көрсетілген мерзіммен жүргізіледі.

- Капиталды ремонт – ремонтталатын объектілерді шашып, орнын басқа заттармен ауыстырады немесе толық қалпына келтіруді көздейді.

Транспорттық құрылғылардың ремонты 1 жылдан астам уақыт алады, яғни агрегаттардың толық шашылып, орнына жаңа құрылғылып салынып, ұсталынғандарды толығымен қалпына келуін қамтиды. Агрегаттарды жинау, сынау жұмыстары кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз етеді, негізгі құрылғылардың жұмыс істеу мерзімін көбейтеді.


4.3 Ауылшаруашылық кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері

Негізгі қорлардың үрдісінің бағасы мен оның өзгеру сипаты үшін бірқатар көрсеткіштерді есептейді. Олардың біреуі негізгі қорлардың жаңару қарқындылығын көрсетеді, сол үшін белгілі бір кезеңдегі негізгі қорлардың жаңару коэффициенттерін есептейді:

Кжаңаруеңгкг

мұндағы Кеңг – белгілі бір кезеңде түскен негізгі қордың немесе қайта енгізілген негізгі қордың бағасы.

Ккг – негізгі қорды сараптайтын жылдың аяғындағы қордың бағасы.

Негізгі қорларды жаңарту үрдісі олардың шығару сипатын оқуды үйретеді. Белгілі бір кезеңдегі негізгі қорлардың шығу бағасы:

Кшығ = Кшығ/ Ккг

мұндағы Кшығ - шығып қалған негізгі қордың бағасы,

Ккг – кезең басындағы негізгі қордың бағасы.

Негізгі қорлардың жаңару және шығу үрдістері өзара бағалануы керек. Ол үшін негізгі қорлардың өсуінің коэффициентін оқытады:

Көсу=(Кенг- Кшығ)/Кнг

Жаңару коэффициентін сараптау кезінде негізгі қорлардың шығуы мен өсуі арасындағы байланысты қарастырған жөн. Қосымша мәліметтерді пайдаланып, келесі ақпараттардың дұрыстығына көз жеткізу; негізгі қорлардың жаңаруы жаңа модернизация мен құрылыс арқасында болуы, ескі құралдардың жаңа одан әрі жоғары өнімді жабдыққа ауысуы, соңында негізгі қорларды қолодану үрдісі қаншалықты маңызды екенін қорытындылау керек.

Негізгі қорлардың техникалық күйін сипаттайтын шығыс және сақтау мерзімі коэффициенті болып табылады:

Кшығсалғ

мұндағы Ис – белгілі бір кезеңдегі негізгі қорлар шығысының бағасы,

Калғ - негізгі қордың алғашқы бағасы.

Сақтау мерзімінің коэффициентін былай есептейді:

Ксмқалдалғ= 1-Кшығ

мұндағы Фқал – негізгі қордың қалған бағасы,

Фалғ – негізгі қордың алғашқы бағасы.

Шығыс және сақтау мерзімі коэффициентін кезеңінің басы мол аяғында зерттелген жөн. Шығыс коэффициентінің саны неғрлым аз болса, соғұрлым негізгі қорлардың техникалық күйі жақсы болады.

Негізгі қорлардың активті және пассивті бөліктерін зерттеу маңызды болып табылады. Бұл көрсеткішті орташа арифметикалық мәні (динамика анализі үшін) бойынша жылдың басы мен аяғында зерттеу керек. Ол үшін негізгі қорлардың активті бөлігін өзі мәнін теңестірді.

Негізгі қорларды сынауды жақсартуда маңызды рөлді ИТП жетістіктерінің енуі алады: жаңа техникасымен танысу, негізгі қорлардың құрылымын қолдданысқа әкелу, қолданылмайтын негізгі қорларды азайту, жұмыс пен өндірісті жақсарту, шаруашылықтың жаңа түрлерінің дамуы және т.б.

Ауылшаруашылығындағы кәсіпорынның айналымдық құралдары.

Негізінен жоспарлау сатысына байланысты екі топқа бөледі: нормаланатындар және нормаланбайтын айналым құралдары.

Нормаланатындар-бұл экономиканың жоспарлы норма қорына негізделген жәнеде айналым құралдарының нормативті элементтерінен, кәсіпорынның дұрыс жұмыс атқаруына керекті болып табылады. Нормалық айналым құралының құрамына негізінен кәсіптік фондтар мен дайын өнімдер кіреді.

Кәсіпорынның керегін анықтайтын нормалау процесінде өзіндік айналым құралдарын білу керек. Нормалау мақсаты болып айналым құралының рационалдығын анықтау, кәсіпорындық сферасы мен айналым сферасына қарасты мерзімге айғақтау. Айналым құралында сұраным кәсіпорынның қаржылық жоспарын талап етуде құрастырылады. Нормативтің биіктігі бірыңғай болмайды.

Өзіндік айналым құралдарының көлемінің өнімінен қамтамасыз ету негіздері, шығарылуы, өндірілген өнімнің түрлері, қолданылатын есеп айырсу формасы. Айналым құралдарын нормалау ақша түрінде айқындалады. Кәсіпорынның керегінің негізіне өнім өндіру және шығын жүйелерінің жоспарланған мерзімдерін қарастыру.

Нормативті анықтау үшін ақша түріндегі нормаланған элементтердің орташа тәулік шығыны ескеруге алынады. Орташа тәуліктік шығын өндірістік қор бойынша өндіріске арналған шығын жүйесін сәйкесінше есептеледі; жалпы және тауарлық өнімнің құндылығынан алынған аяқталмаған өндіріс бойынша; тауарлық өкімнің өндірістік құны негізінде дайын өнім бойынша.

Норма-айналымға түскен әр элементтің қатысты көлем қорларының шамалы биіктігі. Қордың нормасы 24 күнді құрайды. Сәйкесінше қор өндіріс 24 сағат ішінде қанша қамтамасыз етілсе соған сәйкес болуы керек. Қор нормасы пайыздық немесе ақшадай белгілі бір базаға орнатылуы мүмкін.

ТМЦ-нің бұл түрінің қорының шығыны мен нормасы бойынша айналым қорларының суммасы анықталады. Міне солай жеке нормативтерде анықталады. Жеке нормативтерге айналымға түскен құралдардың өндірістік қоры шикізат, негізгі және қосымша материалдар компенсацияланған өкімдер отын, ыдыс арзан бағалы және тез істен шығатын заттар; ИЗП және жартылай фабрикаттардың өндірісі, келешек кезеңдегі шығындар; дайын өнімдер. Қайтымды құралдар нормативі анықталған нормаға шығармасын көрсетеді.

Қайтымды құралдардың нормасы ТМЦ нормасын сипаттайды және кәсіпорындарда бір күндік қор детальдар қоры, өтемақы бірлігіне сәйкес және т.б..

Ауыл шаруашылығында айналым құралдарын нормалау.

Нормалау дегеніміз-бұл экономикалық тұрғызылған тұрақталған нормалар қоры және айналым құралдарының нормалық элементтері, кәсіпорынның іс-шарасына міндетті және дұрыс жұмыс істеуіне.

Айналым құралдарының рационалдық көлемін айқындау нормалаудың мақсаты болып табылады. Өндіру және айналыс сферасының нақты мерзімі: айналым құралдарына деген мұқтаждық қаржылық жоспарды құрғанда айқындалады. Норматив биіктігі бірыңғай болмайды, өзіндік айналым құралдарының көлемі өндіріс өнімінің көлеміне байланысты, есеп беру формаларын алу, өндірілген өнім оны жабдықтау және ассортименттің өткізуінің жағдайлары.

Ұйымдардың принциптері бойынша айналым құралдары нормаланатын болып классификацияланады. Нормаланатын құралдардың биіктігі өндірістің нақты керек-жарақтарын қанағаттандыру қажет, өндіріс нормативінің төмендеуіне байланысты өндіріске қажетті қорлармен қамтамасыз ете алмайды жәнеде мердігерлермен төлем жүргізеді, жұмыскерлермен, қызметшілермен есеп айрыса алмайды және т.б..

Нормаланатын айналым қаражатының оптималды мөлшерін анықтау кезінде материалдық ресурстардың шығынын нормалау маңызды орын алады.Яғни жіберілетін өнімді өндіру үшін қажет шикізат немесе материал, техникалық шараларды орындай және ұйымдастыра отырып, жұмысты ескеріп, соны жүзеге асыру.Өндірістік қорлардың нормативтік есептеулерге арналған дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:

- жаңа өнімдерді өндіру нормасын және құрал-жабдықтардың, жанармайдың, шикізат шығынының ескі нормаларын өзгерту.

- транзиттік немесе монтаждық келіп түскен көлемдеріне сәйкес өндіріс қоймаларындағы қажетті қорлармен қамтамасыз етуімен қатар, материалдық-техникалық қамтылу жоспарларындағы материалдық ресурстардың келіп түсу келісім шарт мерзімдері титулдық тексерудің дәлелденуі.

Өндірістің қарқындылығын жоғарылатуда бірлік басты бағыттың бірі болып табылады немесе өндіріске деген кәделі материалдық шығындардың бірлігін қысқарту болып табылады.Материалдық ресурстардың шығын нормасы материалдың нормасына, нормалау объектісіне, іс-әрекет масштабына, норманың жұмыс істеу уақытына, нормаланатын материалды атауына байланысты оны 5 топқа бөледі.Әрекет ету уақыты бойынша жылдық немесе оперативтік-техникалық нормалар деп ажыратады.

Жылдық норма материалдық ресурстардың бірлікке шаққандағы орташа есеппен 1 жылдық шектік шығынын анықтайды. Іс-әрекеттің масштабына байланысты материалдық ресурстардың шығын нормаларын бірліктік және еркін деп екіге бөледі.Оперативтік-техникалық нормалар берілген өндірістік ұйымдастыру деңгейінің және технологиялық үрдістердің нақты жағдайларындағы материалдар және шикізаттардың шектік шығындарын анықтайды.Бірліктік нормалар белгілі бір зауыттарда немесе құрылғыда жасалған материалдың нақты бірлігінің шығын нормасын белгілейді.

Еркін нормалар өндірістің бірнеше біркелкі кәсіпорында жасалатын өнімдер мен материалдардың шығынын сипаттайды.

Өндірістік қорлар нормативті ағымды, сақтандырушы, технологиялық, транспорттық қорлардан тұрады.Ағымдағы қор өндірістегі кезектесіп отыратын поставтағы материалдық құндылықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған.

4.4 Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру

Ауыл шаруашылығының өндірісін мамандандыру деп қай сала артық дамып, сала аралық байланысты жақсартуға әсер етсе, тауарлы салаға айналдырса, ауыл шаруашылығы кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің, микрозоналарының, аудан, облыс, аймақтың өндірістік бағытын айқындауды айтады.

Өндірістің мамандануын айқындайтын саланың дамуына қолда бар барлық жер, материалды-техникалық және еңбек ресурстары бағындырылған.

Мамандандыру қоғамдық еңбек бөлінісінің түрі болып табылады. Ол ауыл шаруашылығын орналастырумен органикалық байланыста, әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді микрозоналар, зоналар, аудандар және шаруашылықтар, ал шаруашылықтың ішінде бөлімшелер, фермалар, бригадалар, участкелер бойынша ұйымдастыру керек. Мамандандыру біртекті өнімдерді өндіруді шоғырландыруға әсер етеді. Шоғырландырудың деңгейі мамандандырудың дәрежесіне байланысты.

Мамандандыруды тереңдетуге әсер ететін факторларға техника мен технологияны жетілдіру, көліктік комуникацияны дамыту, табиғи жағдайлар және жерге орналастыру жатады. Екінші жағынан мамандандыруды тереңдетуге мына факторлар да әсер етеді:

- жерді ұтымды пайдалану қажеттілігі;

- салаларды үйлестіру және ауыспалы егісті қолдану;

- техникалар мен еңбек ресурстарын жыл бойы тиімді пайдалану;

- ауыл жұртшылығын тағам өнімдерімен және қызмет көрсетумен өзін - өзі қамтамасыз ететін дәстүрге жету;

- қосымша өнімдерді (сабан, көң т.б.) пайдалану;

- шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылу. Қазіргі кезде ұсақ көп салалы шаруашылықтарды мамандандыру процесін қажетті техникалық базалардың және қамту қызметінің болмауы да тежеуде.

Ауыл шаруашылығын мамандандыру барлық экономикамен тығыз байланысты және ғылыми-техникалық прогреспен өзара ұштасып жатады. Ғылыми-техникалық революция жағдайында мамандандыру тереңдей түседі және оның жеке түрлері дамиды, ауыл шаруашылығын шоғырландыру мен мамандандыру тереңдейді және жеке түрлері дамиды, ауыл шаруашылығын шоғырландырудың факторы ретінде маңызы өсіп жоғары тиімділікке жеткізеді. Бұл процестер ауыл шаруашылығын интеграциялаумен қоса жүргізіледі. Экономиканың басқа салалары да (өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету сферасы, көлік қатынасы т.б.) және агроөнеркәсіптік бірлестіктер құруға көмектеседі. Әртүрлі салалардың өзі экстенсивті әдістер емес интенсифті әдістер қолданудың нәтижесінде алға басады.