5.1 Ауыл шаруашылығындағы нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым
Ауыл шаруашылығындағы нарық мынандай функцияларды жүзеге асырады:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушыларды тиісті сапа мен көлемдегі өнімдермен қамтамасыз ету. Алайда, аграрлық секторда экономикалық қатынастарды реттеуде мемлекеттің саясаты босаңсудан барып отандық өндірушілер өздерінің өндірістік және еңбек ресурстарымен шығарған барлық өнімдерін өткізе алмайтын жағдай тууда. Нарықтың үлкен сегменті шығарған бағасы мен сапасы төмен импорттық өндірістің тауарларға толып кетуде.
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру.
Қалыпты материалдық техникалық жағдайлармен қамтамссыз етілу жағдайында (ең алдымен энергоресурстармен және көлікпен) берілген функция ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында өнімдердің рентабелділілігі мен жұртшылықтың төлем қабілеті сұранымын қамтамасыз ететін дұрыс бағаларды қою болып табылады:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруді қамтамасыз ету. Бұл функция ресурстарды үнемдеу заңының жалғасы болып табылады және заңдылық базаларының жағдайына, ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесіне және басқадай сыртқы жағдайларға байланысты емес. Бұл функциялардың жеке жағдайларынан мыналар туындайды:
- өндірістік шығындарды төмендету;
- өнімдердің сапасын көтеру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің пайда табуларына жетісу;
- ғылыми – техникалық прогресті дамыту.
- шаруашылық аралық байланыстарды дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз ету. Берілген функцияның әрекеті ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруге бағытталған. Бұл функцияның сферасы тұтас агроөнеркәсіп кешенін қамтыйды (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және өткеру) сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру, машина жасау, көлік қатынасы, байланыс және т.б.
- ауылдың әлеуметтік инфрақұрлымын дамытуды қамтамсыз ету және әлеуметтік проблемаларды шешу. Бұл функция ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығын қамтамасыз ету функциясы арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік проблемаларды шешу өздерін өздері жараққатандыру процесінің бір жағы «жұмысшы күшінде» қалыптастыру.
Қазақстанда нарық функцияларының еркін көрінуі шектеулі, ол мына факторларға да байланысты:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі тұтынушылар- жұртшылықтың көпшілік бөлігінің табыстарының төмен болуы. Бұл фактордың әсері қалыпты нарықтық жағдайдағыдан өнімдерді неғұрлым төмен бағамен босатуды қажет етеді.
- қуатты инвесторлар үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің тартымдылығы жоғары емес. Бұл фактор ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуды елеулі түрде бәсеңдетуде және ауыл шаруашылығындық дақылдарды, жоғары өнімді мал тұқымдарын өсіруді және өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуді де тежеуде.
- ауыл шаруашылығы рыноктарын мемлекеттік реттеу. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу мен белгілі бір өнімдерді шығару мөлшерін ынталандыру әр аймақта ауыл шаруашылығы өндірісінің әртүрлі болуы табыстың да әртүрлі болуына себепші болуда, бұл ауылдағы кәсікерлердің жаңа жолдарды, табыс табудың әдістерін іздестірулерін тежейді.
- шетелдік өндірушілердің экспансиясы. Шетелдік тауар өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін артық шығарудан проблемалар туындатып, жаңа өткізу рыноктарын басқыншылықпен іздеуде, бұрынғыларын кеңейтуде.
Республика жағдайында мұндай тауар өндірушілерімен бәсекеге түсу мүмкін болмай барады.
Сөйтіп осы айтылғандардың негізінде мынандай қорытынды жасауға болады Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында нарықтық реформа елеулі қиындықпен өтеді.
Нарықтық инфрақұрылым деп рынокта тауарлардың қозғалысы мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің жүйесін айтады.
Нарықтық инфрақұрылымның құрамынан мына буындарды бөліп көрсету ұйғарылған:
- ұйымдық база - дайындаушы - қоймалаушы, жабдықтаушы өткеруші, комиссиондық және басқадай делдал ұйымдар, тауар биржалары. Ауыл шаруашылығында нарықтық инфрақұрылымның осы буынына кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың бір бөлігі агрроөнеркәсіп кешенінің құрамында болады. Бұл буынның ұтымды дамығаны-капиталдың дивесификациясы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының осы буынның құрамына кіретін кәсіпорындармен горизонтальді интеграциясы:
- материалдық қамтуға тасымал құралдары, қоймалық және ыдыстар шаруашылығы, ақпараттық жүйе жатады. Ауыл шаруашылығында қамтудың бұл түрлері агрөнеркәсіп кешенінің құрамына кіреді және АӨК – нің аясында жақсы дамыды.
- несие- есептеулерді қамтамасыз ету – несиеге қаржы беретін ұйымдар, олар қарыз береді, есептеу – касса қызметін көрсетеді және ақша қаражатының қозғалысы мен тиімді жұмсалуын қадағалайды. Есептеу – касса қызметін көрсету кәсіпкерлі қызметіндегі баяғыдан келе жатқан консервативті тәсіл.
Мұндағы өзара қатынастың жүйесі ежелден қалыптасқан және келешекте елеулі өзгерістер еңгізу болжаусыз. Қарызгерлік қатынастар банктердің жоғарғы ставкаларын ұстайды, ауыл шаруашылығына қарыз берудің жолдарын реттеу өз дәрежесінде болмады, ауыл шаруашылығы ұйымдары өз өндірістерін ұлғайтуға дәрменсіз болды.
5.2 Ауыл шаруашылығындағы нарықтық экономика және бизнес
Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Бизнес дегеніміз ол белгілі бір істі жүргізу.
Бизнестің өзіне тән бір белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акционерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болып келеді. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруды бұл жағдайда мемлекеттік тапсырыс ретінде мемлекет қаржысына бизнесмендер орындай алады. Экономикасы дамыған көптеген мемлекеттерде, мысалы мұндай мемлекеттік қолдауды, бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.
Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты түрлерімен салыстырғанда өзінің жандылығымен және инициативалылығымен ерекшеленеді. Бизнесмен үнемі жаңа өнімді, технологияны, сапаны, нарықты, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және т.б. іздестіру үстінде болады.
Бизнес жоғары деңгейдегі өзінше іс-қимыл танытуды және экономикалық таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершілікті қажет етеді. Бизнестің қасиеттері шығармашылыққа, жетілдірілуге, жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруге итермелейді, ал мұның өзі өз кезегінде қоғамды экономикалық және әлеуметтік өркениетке алып келеді.
Бизнес – бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аясында жүзеге асатын, жекелеген азамттардың немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрінде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметі.
2. Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын тиісті мағынасындла және заңдық негіздегі жасалуы жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы іскерлікке қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген іскелік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.
Жоғарыда келтірілген ұйымдастыру формалары негізінен ұсақ және орта бизнеске тән. Дамыған елдерде ірі бизнес көптен бері мемлекеттік шекарадан шығып, экспорт-импорт операцияларымен және басқа елдерде капитал орналастырумен айналысатын халықаралық компаниялар тәсіліне ие болды. Осындай компаниялар, бірақ филиалдары бар және бірнеше елде тіркелгендіктен, дүние жүзіндегі көптеген елдерде бизнес операцяиларын жүзеге асыратындықтан, трансұлттық компаниялар деп аталады.
5.3 Саладағы нарықтық саясат
Шаруашылығы салаларында нарықтық саясат мемлекет пен айқындалады және бұл агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастырудың кейбір мәсерлерін мемлекеттік реттеуді қажет етеді.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қызметін мемлекеттік реттеуде көптеген мәселелер иерархияның барлық деңгейіндегі үкімет органдарының назарында қашанда болып келді және бола береді де.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісіне мемлекеттің экономикалық жағынан әсер, ықпал етуінің құқықтық негіздерін атап кетуге болдады. Негізгі мәселелер болып мына мәселелер көзделген:
- агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамыту;
- Қазақстан Республикасының азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұртшылықты азық – түлікпен қамтуды жақсарту;
- ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары арасындағы экономикалық паритетті қолдау;
- ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қызметкерлерінің табыс деңгейлерін жақындату;
- агроөнеркәсіп өндірісі сферасындағы отандық тауар өндірушілерді қорғау.
Алайда күні бүгінге дейін республикада «Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» арнайы заң жоқ. Мұндай заңды дайындаудың кезі келді, онда агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары көрсетілуі керек, ол бағыттар мыналар:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің, шикізат пен азық – түлік рыногын құрып, қалыптастыру және жұмыс істеу;
- қаржыландыру, несие беру, қауіпсіздендіру, салықты жеңілдетіп салу;
- агроөнеркәсіп өндірісі сферасында ғылымды дамыту және ғылыми қызметті жүзеге асыру;
- ауылдың әлеуметтік сферасын дамыту.
- Агроөнеркәсіп өндірісіті мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін барлық деңгейді және бюджеттен тыс көздер де пайдаланылуы мүмкін.
«Қаржылық лизинг туралы», Қазақстан Республикасының 1.06.2002 ж. бойынша Заңда әртүрлі бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудың бағыттары айқындалған, атап айтқанда.
- мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жаңа техникалар мен қондырғыларды, сортты тұқымдар мен асыл тұқымды мал алуды қоса алғандағы инвестиционалдық қызметті қолдау;
- топырақтың құнарлылығын арттыру, мемлюративтік шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік меморативтік жүйені аяқтап, ұстау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күрес жұмыстарын жүргізу, малдың қауіпті жұқпалы ауруларын жою;
- агроөнеркәсіп өңдірісі сферасына несие беру және оны қауіпсіздендіру;
- материалдық ресурстар мен энергия жеткізуге кеткен шығындардың бір бөлігін жабу (компенсация төлеу), асыл тұқымды мал шаруашылығын, элитті тұқым шаруашылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының гибридті тұқымдарын өндіруде қолдауға дотация беру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктер рыноктарын дамыту мен қолдау;
- агроөнеркәсіп өндірісі салаларында мамандар даярлауды ұйымдастыру;
- нақты бағыттары мен қаржыландырудың Қазақстан Республикасының үкіметі бекіте алатын дотациялар мен компенсациялардың басқа да түрлерін ойластыру.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктердің рыноктарын тұрақтандыру үшін мемлекет сатып алудың және тауарларды реттеудің интервенциясын жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктердің рыноктарын тұрақтандыру үшін мемлекет сатып алудың және тауарларды реттеудің интервенциясын жүзеге асырады. ауыл шаруашылығы өнімдеріне, шикізатқа және азық – түлікке нарықтық бағалар ең аз деңгейден де төмен түскенде, немесе агроөнеркәсіп өндірісіндегі тауар өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізат пен азық – түліктерін сұранымның азаюынан өткізе алмауларынан барып жүзеге асырылады. Тауар интервенциялары рынокта ауыл шаруашылығы өнімдеріне, шикізат пен азық – түлікке, сондай – ақ бағалардың рыноктағы ең жоғары деңгейлерінен асып кеткен жағдайда жүзеге асырылады.
5.4 АӨК инвестициялар түсінігі, маңызы және ерекшеліктері
Тәуелсіздікке қол жеткеннен бастап Қазақстан үшін ұлттық экономика қалыптасуының жаңа кезеңі басталды. Ішкі қаржылық ресурстардың шектеулілігіне байланысты мемлекет үшін инвестицияларды тарту және отандық инвесторладың инвестициялық әрекеттерін активизациялау міндеті басты міндетке айналды. Сол себепті инвестициялық әрекетті басқару мәселесі бүгінгі таңда маңызды әрі өзекті болып табылады.
Инвестициялар – қазақстандық экономика үшін жаңа ұғым. Орталықтанған жоспарлы шаруашылық кезең барысында «капиталдық салым» ұғымы қолданылды, яғни негізгі қорды қолдануға және оның толық жөндеу жұмыстарына кеткен барлық шығындар.
Қазақстан Республикасында және сол сияқты өзге елдерде шаруашылықтың жаңа экономикалық факторларына ауысқаннан бастап кең ауқымды ұғымды – инвестицияларды қолдана бастады. Қазіргі экономикалық теорияда бүгінде Қазақстанда қолданатын инвестициялардың бірқатар анықтамалары бар.
Кешендеу арқылы инвестициларға анықтама берудің бірнеше тәсілін белгілеуге болады:
- инвестициялар – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік объектіге немесе өзге де әрекет түріне салынатын ақшалай қаражат, банктік салымдар, пайлар, акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар; лицензиялар, сондай-ақ тауар белгісіне берілетін лицензиялар; несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, зияткерлік құндылықтар.
- инветициялар – халық шаруашылығы салаларының (мемлекет ішінде немесе шетелде) түрлі кәсіпорындарына ұзақ мерзімге капитал салу.
- инвестициялар – табыс табу мақсатында мемлекет ішінде, сондай-ақ шетелдегі түрлі халық шаруашылығы салаларына мемлекеттің немесе жеке меншік капиталдың ұзақ мерзімге қаражат салуы.
- инвестициялар – табыс табу немесе әлеуметтік немесе экономикалық эффектіге қол жеткізу мақсатында түрлі өндірістік, коммерциялық, әлеуметтік, ғылыми, мәдени немесе өзге де салалардағы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін салынатын қаржылық, мүліктік және зияткерлік құндылықтардың жиынтығы.
Қазіргі нарықтық экономикада инвестициялық процестер инновациялық процестермен тығыз байланысты.
Жалпы алғанда, инновациялар – ғылым, техника, технологияларды енгізу арқылы негізгі капиталдың (өндірістік қордың) немесе өндірілетін өнімнің жаңартылуы.
Бұл қоғамдық өндірісті жетілдірудің объективті заңды процесі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес инвестициялар – табыс табу мақсатында кәсіпкерлік әрекет объектілеріне салынатын мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрі.
Инвестицияларды салудың негізгі салалары:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлік және мүліктік құқық; ұстап қалу құқығы және өзге де, импорттық және қайта өңдеусіз сатылымға арналған тауарлардан басқа;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысы бар формалар;
- облигациялар және өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер;
- инвестициялармен байланысты келісімшарттар бойынша қаржылық сомалар, товарлар, қызмет көрсетулер талабы;
- зияткерлік қызметтің нәтижесіне берілетін құқық, сонымен бірге авторлық құқық, патенттер, тауарлық белгілер, технологиялық процестер, өнеркәсіптік үлгілер, ноу-хау, нормативтік-техникалық, архитекторлық, конструкторлық және техникалық жобалық құжаттарға берілетін құқық;
- лицензиялауға негізделінген немесе мемлекеттік органмен өзге формада берілген қызметті жүзеге асыруға берілетін кез келген құқық.
Инвестицияларды жүзеге асыру процесі инвестициялық әрекет деп аталады. Инвестициялық әрекеттің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық әрекет объектісін қолданушылар, сондай-ақ жеткізушілер, заңды тұлғалар және өзге де инвестициялық процестің қатысушылары табылады. Инвестор- инвестициялық қызмет атқаратын жеке немесе заңды тұлға. Инвестициялық әрекеттің құрылымдық элементі болып инвестициялық процесс табылады.
Инвестициялық процесс-ақша ұсынатындарды ұсыныс ұсынатындармен бірге табыстыру механизмі. Бұл процесс инвестициялық салада жүзеге асырылады, оның құрамына төмендегі салалар кіреді:
- ғылыми-техникалық өнім және интелликтуалды потенциал жүзеге асатын капиталды құрылыс саласы;
- қаржы капиталының айналымы саласы (түрлі формдағы ақша, ссудалық және қаржылық міндеттер).
Инветициялық процестің элементтері:
- қаржы институттары;
- қаржы нарығы.
Қаржы институттары- салымдарды қабылдайтын және алынған ақшаны қарызға беретін немесе өзге формаларда инветициялайтын ұйымдар (банктер, зейнеткерлік қорлар, сақтандыру компаниялары).
Қаржы нарығы – келісімшар жасау үшін ақша ұсынатындарды ақша іздейтіндермен табыстыратын механизм (ақша нарығы, капитал нарығы).
Кәсіпорында инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмін жасау үшін барлық проблемаларды ескере отырып, кешенді шаралар өткізу қажет.
Қазіргі уақытта тиімді инвестициялық саясатты қалыптастыруда кәсіпорында инвестициялық әрекетті басқаруды ұйымдастыру мәселесі маңызды роль атқарады. Инвестициялық жобалар жайында дұрыс шешім қабылдау басқарудың күрделі әрі маңызды міндеті болып табылады. Өйткені инвестордың қызығушылықтарына кәсіпорынның экономикалық қызметінің барлық аспектілері кіреді, міндеттің көп факторлы болуы инвестиция жоспарының жасалуына, керекті мәліметтер дайындау үрдісіне ерекше талаптар қояды. Проблеманы шешудің бірден-бір жолы – инвестициялар тарту мақсатында кәсіпорын тиімді бизнес-жоспарды жасап шығаруы тиіс.
Қаржы ағымын басқарудың тиімді механизмінің болмауы салдарынан кәсіпорын табыстың басым бөлігін жоғалтып, дебиттік және несиелік қарызға батады. Бұған жол бермеу үшін нақты бюджеттеуді ұйымдастыру (ақша қаражаты мен қаржы нәтижелерін жоспарлау, есептеу және бақылау технологиясы). Басшылық бір айға, тоқсанға, жылға бюджеттік жоспар құруы тиіс.
Бюджет кәіспорында реттеуші, бағыттаушы және бақылаушы ролін атқаруы тиіс, яғни инвестициялық әрекеттің нақты әрі детальді жоспары болуы керек. Кәсіпорынның негізгі проблемаларының бірі – басқарудың тиімді ұйымдастырылмауы.
Екіншіден, ақша қаражатын басқару кәсіпорынның инветициялық әрекетін басқарудың тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Оған ақша қаржаты айналымының уақыт есебі (қаржылық цикл), ақша айналымының анализі, оны балжау, ақша қаражатының оптимальды деңгейін анықтау, бюджеттік ақша қаражатын құрастыру кіруі тиіс. Ақша қаражаты сияқты актив түрлерінің маңыздылығын негізгі үш себеппен анықтауға болады:
- керітартпалық – ақша қаражаты ағымдағы операцияларды орындау үшін пайдалынады, себебі кіріс және шығыс ақша ағымындарының арасында уақыт аралығы бар, сондықтан кәсіпорын есеп шотында бос ақша қаражатын сақтауы тиіс;
- алдын ала сақтандыру – кәсіпорынның әрекеті нақты алдын ала белгіленбеген, сондықтан ақшалай қаражат жоспарланбаған төлемдерді орындау қажет;
- саудагерлік – ақшалай қаражат саудагерлік есеп бойынша қажет, себебі ойламаған жерден пайдалы инвестициялау мүмкіндігі үнемі туындап отыруы мүмкін.
Сондықтан біздің кәсіпорынға екі қарама-қарсы жағдайды ескеру қажет: ағымдағы төлем қабілетін сақтау және артық ақша қаражатын инветициялаудан қосымша табыс алу. Сөйтіп, ақша ресурстарын басқарудың негізгі міндеттерінің бірі олардың ағымдағы орташа қалдықтарын оптимизациялау болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1. Рынокқа анықтама беріңіз
2. Нарықтық механизм деген не?
3. Рыноктар қандай белгілер бойынша классификацияланады?
4. Агроөнеркәсіп кешенінде рыноктың қандай түрлері бар?
5. Нарықтық инфрақұрылым деген не?
6. Еңбек ресурстары түсінігі.
7. Инвестициялар түсінігі, маңызы және ерекшеліктерін ата?
8. Тауар интервенцияларына не жатады?
9. Сатып алу интервенцияларына анықтама бер.
10. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық экономиканы қалай түсінесің.