6.1 Халық шаруашылық саласының ерекшелігі
Халық шаруашылығының саласы деп сапалық жағынан бірегей болып келетін кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығын атайды, олар қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде, өнімдерді өндіруде, жұмыс атқаруда немесе қызмет көрсетуде, өндірісті дамыту процесінде атқаратын функцияларының бірегейлілігімен сипатталады. Жекеленген кәсіпорындарды немесе ұйымдарды нақты бір салаға жатқызу үшін өнімдердің экономикалық жағынан бағытталуы, шикізаттар мен материалдардың біртектілігі, сол саладағы технологиялық процестердің сипаттарының жалғасушылығы, кадрлар құрамының кәсіптік және маманданушылық жағынан ұқсастығы есепке алынуы қажет.
Халық шаруашылығын салалар бойынша дифференциялау қоғамдық еңбек бөлінісіне қарай негізделген. Саяси экономика курсы бойынша қоғамдық еңбек бөлінісі негізгі үш түрінде көрінеді:
- жалпы еңбек бөлінісі-еңбек бөлінісін ірі сфераларға-өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы және т.б. жатқызуды айтады;
- еңбек бөлінісін даралау - өндірістің жеке салаларының көрсетілген ірі сфераларының ішінде айрықшаланып көрінеді. Ауыл шаруашылығында еңбек бөлінісін даралау мәселен өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы болып нақтыланған.
- еңбек бөлінісін бірегейлеу-жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті бөлісу мен ұйымдастырудан көрінеді.
Әрине ауыл шаруашылығын осы көрсетілгендей тұрғыда бөлу жеткіліксіз екендігі түсінікті, өйткені бір саланың ішінде қосымша салалар да болады ғой (мәселен өсімдік шаруашылығы, астық өндірісі, жемшөп өндірісі, көкөніс өндіру және т.б. болып).
Жеке салалар мен қосымша салалар әртүрлі ерекшеліктері бойынша топтастырылады, мәселен:
- ақырғы өнімді нақты пайдалану принципі бойынша өндіріс екі қосалқы саладан тұрады - өндіріс құрал жабдықтарын өндіру және тұтыну заттарын өндіру. Бұлайша топтауға шығарылған өнімдердің өнеркәсіп өндірісінің басқа сфераларында немесе саудада немесе тұтынушылар бірден пайдаланатындығы ескеріледі. Осы жағынан алғанда ауыл шаруашылығын тұтыну заттарын өндіретін категорияға жатқызылады (өндірістік құрал жабдықтарды өндіретін АӨК – нің екінші сферасынан өзгешелігімен);
- барлық өндірісті өндіруші және өңдеуші деп бөлуге болады.
Бұның біріншісіне жататындар табиғи ресурстарды пайдаланудың нәтижесінде – пайдалы қазбаларды өндіру, ағаш дайындау, егіншілік өнімдерін өсірумен жинау. Кәсіпорындардың басқа түрі өндірілген (дайындалған, өсірілген) өнімдерді қоғамдық өндірістің неғұрлым алғашқы стадияларында қайта өңдейді. Осы белгілеріне қарай ауыл шаруашылығын өндіруші (өсімдік шаруашылығы, сондай ақ өңдеуші (мал шаруашылығы) салаларға жатқызуға болады;
- шығарған өнімдерінің белгілі бір мақсатқа сәйкес келуіне қарай өндірісті кешенді салаларға бөледі. Бұлайша айқындау салаларды анықтау үшін емес, салааралық кешендерді анықтау үшін керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде АӨК – і осындай кешен болып табылады.
Технологиялық процестер, өндірістік техникалық базалардың ортақтастығы, кадрлар құрамының кәсіптік және мамандықтары , өндіруді және басқаруды ұйымдастырудың жүйелері ескеріледі.
Сандық көрсеткіштері принципі бойынша халық шаруашылығы экономикасында саланың алатын орнын анықтауда мыналар пайдаланылады:
- мемлекеттің ішкі жалпы өніміндегі саланың ақырғы өнімінің үлес салмағы;
- еңбекке қабілетті барлық жұртшылықтың әлгі салада істейтін қызметкерлер санының үлес салмағы;
- салаға қосылған (негізгі объектілердің құны, айналымдағы активтер және т.б.) материалдық - өндірістік ресурстардың үлес салмағы.
Кей жағдайда сандық көрсеткіштер мен қатар логикалық немесе мәнін анықтау әдісі де қолданылады. Мысалы, зерттеулер негізінде қоғамдық өндірістін құрылымындағы саланың рөлі мен орнын елдің экономикалық немесе әскери қауіпсіздігі тұрғысынан, саланың даму деңгейіне, шығарылатын өнімдердің саны мен сапасы жұртшылықтың тұрмысына етер әсеріне қарай анықтайды.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы негізгі салаларының бірі болып табылады. Сала ретінде ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты халықты азық – түлік өнімдерімен және ақырғы пайдаланылатын тауарлармен (мата, жүн, осыдан жасалған бұйымдар) қамтамасыз ету болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда ауыл шаруашылығы жұмысшы күшін (еңбек ресурстарын) толықтыратын, қосымша құн жасайтын сала. Ауыл шаруашылығы еліміздің өмірлік маңызды саласы болып табылады.
6.2 Ауылшаруашылық экономикасының ерекшелігі
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы экономикасының саласы ретінде кез келген экономикалық жүйеге және кез келген өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарға тән негізгі экономикалық заңдарға бағынады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында экономикалық және шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық өзгешеліктерін, еңбек, өндірістік және жер ресурстарын орналастырудың ерекшеліктерін ескеру керек.
Бұл ерекшеліктер туралы неғұрлым анық түсінікті негізгі макроэкономикалық ұғымдарды және олардың ауыл шаруашылығында көрінуіне қарай отырып алуға болады.
Өндірісті жандандыру (воспроизводства) - бұл жұмысшы күші мен өндіріс жабдықтарын, сондай - ақ табиғи ресурстарды үнемі жаңартып отыру. Онымен бір мезгілде адамдар арасындағы қатынастар да жаңарып отырады, өйткені бұлар өндірістің экономикалық формалары.
Бұлайша айқындау өндірістің кез келген салаға және кез келген қоғамдық-экономикалық кезеңге (формацияға) тән. Ауыл шаруашылығында өндірісті жандандыруды жүзеге асырудың ерекшелігі мынада: басқа салалармен салыстырғанда мұнда табиғи - биологиялық жүйені – жерлерді, өсімдіктерді және малды яғни бәрін де жандандыру керек. Сөйтіп, қоғамдық - өндірістік қатынастардың бұл сферасында неғұрлым маңызды болып техниканың, биологияның, экономиканың және экологияның тұтастығы болып табылады.
Қайта жандандырудың екі түрі бар- жай және кеңейтілген.
Жай қайта жандандыруда өндірілген өнімнің мөлшері мен оның сапасы кейін келетін әр циклда сол өзгермеген күйінде қалады. Бұл өз кезегінде өндіріс факторларын өзгеріссіз қалдырады. Барлық қосымша өнім, егер ол өндірілсе, сол өндірушінің тұтынуы мақсатында жұмсалады. Таза тұрғыда алғанда жай қайта жандандыру, әсіресе ауыл шаруашылығында тек теориялық сипатқа ие. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жердің құнарлылығын арттыруға байланысты және климат жағдайына елеулі тәуелді. Осындай жағдайда алдын ала жасалған болжамдардың әр жолы да өндірістік қайта жандандыру кезеңі (маусымы) аяқталған кездегі нәтижеге сай келуі мүмкін емес. Мұндай қайта жандандыруды, яғни қосымша алынған барлық азық – түлік өздерінің тұтынуларына жұмсалса да жай қайта жандандыруға жатқызуға болмайды. Аграрлық экономика үшін алынған қосымша өнім өз өндірісінің тиімділігіне ғана емес, бірқатар сыртқы факторларға байланысты.
Кеңейтіп қайта жарақтандыруды жүзеге асырудың екі әдісі бар, олар экстенсифті және интенсифті.
Экстенсифті әдіс еңбек құрал жабдықтарын сан жағынан ұлғайту. Ауыл шаруашылығына қатысты бұл – егіс алқаптарын кеңейту; мал санын өсіру; өңдеуші өнеркісіп үшін - өндірістік қуаттарды күшейту; өткеруді жақсарту үшін – сауда алаңдарын кеңейту, жаңа тұтынушылар табу және олармен шаруашылық қатынастарын ұйымдастыру.
Ауыл шаруашылығында қайта жаңартудың экстенсифті әдісінің жарқын бір мысалы болып 50 – жылдардың ортасында жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысқан, соған жақын болған ауылдың әр еңбеккері жыл аяғында бұрын түсіне де кірмеген мөлшерде астық және басқадай өнімдер алды.
Аграрлық секторда (әсіресе егіншілікте) экстенсифті әдістің резервтері елеулі шектеулі. Алайда осы кезде оның резервтері бар. Елде жүргізілген аграрлық реформаның кейбір ағаттықтарының салдарынан жердің көпшілігі (бірінші кезекте колхоздар мен совхоздар таратылған кезде паи ретінде алынған жерлер) пайдаланылмайды немесе мақсатында пайдаланылмайды. Оларды ауыл шаруашылығы айналымына қосу белгілі бір шығын, оның ішінде қаржылай да жұмсауды қажет етеді. Мал шаруашылығында экстенсифті әдісті қолданудың жақсы мүмкіндіктері бар болғанымен мемлекеттің саясаты бір бағытпен жалғаспай, тауар өндірушілер аумалы төкпелі жайыттарға тап болып мал шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру төмен рентабельді немесе мүлде зиянды болды. Бұл мал басының барлық түліктен күрт көбеюіне алып келді. өңдірістік алаңдар да (комплекстер, қора жайлар және т.б.) толықтай немесе ішінара жойылды. Осындай жәйіттер жергілікті жерлердегі қайтаөңдеуші өнеркәсіп орындарында да орын алды.
Интенсифті әдіс үшін ақырғы өнімдердің саны мен сапасын көтеруге көмектесетін өндірістік процестің сапалық сипаттарын арттыру жағы тән. өнімдердің сапасын жақсарту сондай – ақ өндірісті кеңейту де болып табылады, өйткені сандық көлемдері жағынан бірдей болғанымен сапалырақ өнімдердің құндылық бағалары жоғары болады. Бұл әдістің бағдарлану сапасы жайына келсек ол еңбек өнімділігін арттырушы да бола алады. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің деңгейі тек объективті емес, сондай – ақ субъективті факторларға да байланысты. Сондықтан қызметкерлердің мамандықтарын көтеруге, механикаландыру және кешенді механикаландыруға, өсімдік шаруашылығында қолайсыз климат жағдайларында, мал шаруашылығында эпизоотия болғанда жұмсалған шығындар қайтарымын береді. Көп қаражаттық шығындарды талап ететін әлгіндей шараларды жүргізу қажет те екенін ұмытпаған абзал.
Кеңейтілген қайта жандандырудың ауыл шаруашылығында қолданылатын интенсифті әдісінің басқа бағыттарына өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру, мал шаруашылығында малдың өнімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі жағдайда бұл мақсаттарға жету оңай емес, өйткені дақылдардың түсімділігін көтеру өндірілген минеральды тыңайтқыштардың мөлшері мен сапасына, ал малдың өнімділігін арттыру жемшөптің мөлшері мен сапасына, малдың қажеттіліктері теңдестірілген (балансиндарылған) азық түрлерімен азықтандырылуына және т.б. байланысты, өкінішке орай соңғы кезде бұларға назар аз аударылуда. Әлгілерден басқа интенсификацияға элитті тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыруды жатқызуға болады. Алайда бұл шаралар түбегейлі зерттеулерді жүргізуді қажет етеді, оған көп қаржы керек. Зерттеулерді жеке шаруашылықтың немесе бір өңірдегі ауылшаруашылығы басқармасының аясында жүргізу нәтиже бермейді. Бұл шаралар мезо және микродеңгейде жүргізіліп ғылыми жағынан қамтамасыз етіліп, ғылми жағынан жетекшілік жасалып отырылуы тиіс.
Жұмыс күшін толықтырудың келесі ерекшелігі әлеуметтік – тұрмыстық сфераны жоғары деңгейде ұстаудың керектілігінен туындайды. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс жағдайы өнеркәсіп өндіріс жағдайынан елеулі өзгеше, ауылдық жерлерде тұрудың жайы көптеген элементтер бойынша қалада тұрудың жайымен салыстыруға келмейді. Осының бәрі қызметкерледі қосымша ынталандыру және әлеуметтік сфераға қосымша шығын жұмсауды қажет етеді.
Бухгалтерлік есеп деңгейіндегі ерекшелік және мүлікті бағалау нәтижесі өндірілген өнімнің бір бөлегі ақша түріне айналмайтынын, сол тауар - өнім түрінде (мысалы тұқымдық материал) қайта жандандыру үшін қалатындығын көрсетеді. Солай бола тұрса да бухгалтерлік есеп, салық беру және басқаруға қатысты шешімдер қабылдау үшін ондай қорлардың ақшалай бағалануы керек.
Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өндірісі басқа өндірістік салалардан тұтас элементтері бойынша ерекшеленеді. Бұл өзгешеліктерді қайта жарақтандыру процесін ұйымдастырған кезде және түрлерді таңдағанда және капиталды аграрлық секторда пайдаланудың бағыттарын таңдағанда ескеру керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің бұлардан басқа да ерекшеліктері бар, олар жайында алдағы тақырыптарда айтылатын болады.
6.3 Ауыл шаруашылық саласының экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлары
Экономикалық тиімділікпен және шаруақорлықпен, ең алдымен жерді пайдалануға жетісу ұтымды ұйымдастырудың есебінен және территорияны меншіктің әртүрлі формаларындағы шаруашылықтардың пайдалануларымен, ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырумен, жер және мал шаруашылығын табиғи – шаруашылық зоналары және микрозоналары бойынша орналастырудың дұрыстығымен айқындалады, бұл қазіргі кезде рыноктың қалыптасу және даму кезеңінде бұрынғыдан де көкейкесті болуда.
Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың экономикалық тиімділігі өзіне сол күйіндегі жүйе мен құндылық көрсеткіштерді қоса алады. Экономикалық тиімділікті анықтау қабылданған басқарушылық шешімдердің дұрыстығын бағалау үшін (республикалық және салалық деңгейде), сондай – ақ ауыл шаруашылығы өндірісін онан әрі рационализациялау үшін керек. Ауыл шаруашылығы қызметінің қаржылық көрсеткіштерін және табыстылығын көтеру үшін қажет.
Орналастырудың тиімділігін анықтауда қолданылатын нақты көрсеткіштер жүйесіне мыналар жатады:
Өсімдік шаруашылығында:
- экономикалық аудандар мен аймақтар бойынша кейбір өндірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты көлемдерінің үлес салмағы;
- негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі; егіс алқаптарының пайдалану дәрежесі;
- ауыл шаруашылығындық алқаптардың ел аумағының жалпы ауданына қатынасындағы үлес салмағы;
- дақылдардың бір түрі бойынша егіс алқабының бір өлшем ауданына енгізілетін минералды тыңайтқыштардың мөлшері;
- рентабельді ауылшаруашылығындық кәсіпорындардың саны және олардың санының рентабельділігі аз, рентабельді емес және зияндыларының сандарына қатынасы;
- суландыру (мелиорация) шараларының көлемі – нақты көрсеткіштер (құрғатылған жерлердің ауданы, суландыру каналдарының ұзындығы және т.б.);
- негізгі ауылшаруашылығындық дақылдарды өндірудің динамикасы;
- өздерінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдермен аймақтың өздерін қамтудың дәрежесі.
Мал шаруашылығында:
- бір сиырдан сауылған сүт мөлшері;
- бір мекиеннен алынған жұмыртқа саны;
- сойылған әр малдан (тұқымына қарай) алынған ет;
- өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің бір түрінің ел бойынша жалпы өндірілгеннің ішіндегі үлес салмағы;
- осы экономикалық ауданда немесе аймақта жемшөппен қамту жағы және т.б.
Тиімділіктің нақты көрсеткіштерімен қатар құндылық көрсетіштері де кеңінен қолданылады. Бұлар:
- жекеленген артық – адыс өнімдердің мөлшері (өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да);
- аймақтың немесе экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы ұйымдарының алған жалпы пайдалары;
- жекеленген өнімдердің орташа рентабельділігі;
- ауыл шаруашылығында шұғылданатын әр еңбеккердің орташа табысы;
- күрделі қаржылардың мөлшері мен тиімділігі;
- ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау үшін территорияның орталығынан бағытталған субсидиялардың және трансферттердің динамикасы және т.б.
Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын ұтымды орналастырудың әлеуметтік маңызын мына көрсеткіштердің:
- жұмыссыздықты қысқарту және ауылдық жерлерде тұратын жұрттың еңбекпен шұғылдануларын көбейтуге;
- ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған жаңа жұмыс орындарын құруға;
- мамандықтары, шеберліктері және жас ерекшеліктері бойынша бөлінетін еңбекке қабілетті тұрғындарды барынша пайдаланудың мүмкіндіктерін қолдануға;
- еңбек етуге қабілетті жұрттың көшіп қонуын азайтуға;
- әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың нәтижесінде ауыл тұрғындарының жалпы өмір сүру деңгейін жақсартуға;
- өндірістік және сауда қызметтеріне қарай салаларды орналастырудың әсер етуіне (кейбір бағалау бойынша жаңадан ауыл шаруашылығында жаңадан ашылған әр жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді) қарай бағалайды.
6.4 Ауыл шаруашылық салаларының экономикалық және технологиялық ерекшеліктері.
Аграрлық сектордың жеке-жеке қарауды қажет ететін бірқатар өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ауыл шаруашылығы нарықтық экономикадағы елдерде артықшылықтары бар фермерлік шаруашылықтарды жүргізілетіндігіне, жеткілікті ірі кәсіпорын бола алатындықтарына қарамастан бұл секторды монополиялап алуға қабілетті емес. Басқаша сөзбен айтқанда, салыстырып қарағанда ұсақ ауылшаруашылықтық өндірушілер нарықтық бағаларға әсер ете алатын ірі фермерлерге қарағанда нарыққа әсер ететін нендей бір топты да ұйымдастыра алмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында сатушылар қашанда көп, олардың бірде біреуі бағаға әсер ететіндей өнім мөлшерін жеткізе алмайды.
Алайда, мемелекеттің қанша араласқанына қарамастан дамыған елдерде ауыл шаруашылығы рыноктарына кіру мен одан шығу жеткілікті еркін. Бұл жерде жақсы реттелген жер нарығы, оның кең таралған арендасы, ипотекалық несиесі бар. Осының бәрі ауыл шаруашылығын өндірісін бастамақ болған әркімнің негізгі ресурсы бар екенін көрсетеді. Және керісінше әр фермер өз шаруашылығының пайдасыздығына немесе жеткілікті пайда алмайтындығына көзін жеткізсе ешқандай заң жүзінде де, институциональдық немесе экономикалық шектеулерсіз ақ басқа сата алады.
Сөйтіп аграрлық секторда бәсекелестіктің негізгі екі шарты сақталады:
- базарда сатушылардың көп мөлшерде болуы;
- сатушылардың базарға кіру және оны тастау еркіндігі.
Осыдан мынандай қорытынды шығаруға болады, ауыл шаруашылығы – бұл бәсекелестік өрістейтін сала.
Екіншіден, ауыл шаруашылығы емес салаларда жер кәсіпорындарын орналастыратын базис ретінде пайдаланылады. Жердің пайдалы қасиетіне ешқандай маңыз берілмейді.
Егіншілікте жердің жоғарғы қыртысы – құнарлы деп аталатын топырақ қабаты пайдаланылады.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі табиғи жағдайларға өте тәуелді. Ауыл шаруашылығында тиімді технология қолданатын, аграрлық мәдениеті дамыған елдердің өзінде аграрлық өндірістің нәтижесі бұрынғысынша болжауға болмайтын күйінше қалып келеді. Құрғақшылық, топан су қаптауы, зиянкестер, мал мен өсімдіктің аурулары аграрлық сектор сферасына капитал салудың тәуекелділігін азайтады.
Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін диверсификациялау (модификациялау санын кеңейту) өте шектеулі. Осы саладағы техникалық прогресс мәденилендірілетін өсімдіктер мен мал тұқымдарының неғұрлым жетілдірілген сорттарын енгізумен қатар жүргізіледі. Алайда селекциялық қызмет негізінен дақылдар мен малдың өндірістік қасиеттерін жетілдіруге; ауыруларға, зиянкестерге шалдығуды төмендетуге және қолайсыз ауа райына төзімді болуға, өнімділіктері мен технологияларға, оның ішінде механикаландырылған немесе тіпті автоматтандырылған технологияға және тағы басқаларға бейімділігіштігін арттыруға бағытталуы тиіс.
Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісінің және азық түлік секторының ақырғы өнімдері – азық түлік болды. Алайда тағам өнімдеріне бағалық эластикалық сұраным төмен екендігі белгілі. Тұтынушылар азық түліктің негізгі түрлерін олардың бағаларының өсуіне немесе азаюына қарамастан өзгермейтін мөлшерде ала береді. Индустриальды елдерде ауыл шаруашылық өнімдердің эластикалық орташа коэффициенті 0,20 - 0,25 болды, яғни фермерлер өнімдерін өткізуді 10% арттыру үшін бағаларын 40 - 50% төмендетуі қажет.
Алтыншыдан ауыл шаруашылықтық және азық – түліктік тауарларға сұраным табыс табу жағынан да эластильді емес. Тұрмыстық жағдай төмен болғанда, жанұя табысының негізгі бөлегі тамақ алуға кетіп жатқанда жанұя қосымша тапқан әр теңгесін ең алдымен ішіп жемге жұмсайды. Тамақ алу жағы бірінші кезектегі проблема болып қалмағаннан кейін барып қосымша тапқан табыстарын басқа тауарлар мен қызметке жұмсайды. Сондықтан табыстың өсуіне қарай азық түлік өнімдеріне, соған орай ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраным пропорционалды емес тұрғыдан өседі.
Жетіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымның эластиктігі төмен болғандықтан ұзақ мерзімді фермерлік проблеманы туғызады. Сұраным эластикасының төмен болуы егер ұсыным жағы өспесе, немесе баяу өссе экономика секторына (өз өзінен) проблема бола алмайды. Айта кетелік соңғы ғасырда аграрлық секторда елеулі ғылми – техникалық прогресс болды:
- атпен тасу механикаландырылумен ауыстырылды;
- фермалар электрлендірілді;
- өсімдіктерді минеральды және химиялық заттармен қорғау егіннің түсімділігін едәуір арттырды;
- мал және өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жұмыста алға басу болды;
- аграрлық еңбектің өнімділігі күрт көтерілді – егер өткен ғасырда американ фермері 4 адамды асыраса, ал қазір 100 адамға дейін асырайтын болды.
Сегізінші ерекшелігі ауыл шаруашылығы бәсекелестік жоғары сала. Сондықтан да нарықтың заңдарына орай табыстарының құлдырауларына байланысты осы саладан фермерлердің неғұрлым пайдалы салаға кетулері керек қой. Алайда іс жүзінде бұлай болмауда. Неліктен?
- экономиканың көптеген басқа салаларынан айырмашылығы ауыл шаруашылығы өндіріс сферасы ғана емес өмір сүру де сферасы. әлемде аграрлық еңбекпен табыс табатын өндіріс сферасы яғни бизнеспен емес, өмірлік қалыптасудың нәтижесінде шұғылданатын адамдар көп. Осының салдарынан еңбекпен шұғылдану басқа салаларға қарағанда экономикалық конъюктураға көп ықпал ете қоймайды, яғни аграрлық еңбектің мобилділігі едәуір төмен. Бұл ауыл тұрғындары мен ауыл қызметкерлерінің ол жерлердегі өмір сүру мен еңбек етуге аса құмарлық танытпайтындықтарының, жұртшылықтың бұл бөлегінде ерекше консерватизм бар екенін көрсетеді.
- тіпті фермерлер өздерінің фермаларын тастаған кезде де олардың жерлері ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылмайды, басқа фермерлердің қолдарына түседі.
Тоғызыншыдан, аграрлық өндірістің табиғи факторларға және бәсекелестікке өте тәуелді болатындығынан ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымның бағалық эластикті еместігі қысқамерзімді фермерлік проблема туғызады.
Расында да ауыл шаруашылығы ауа райына, малдар мен өсімдіктердің ауруларының кенеттен таралуына және тағы басқаға өте тәуелді.
Өндірілердің нақты көлемі ауыл шаруашылығы өндірісшілерінің болжауларына мүлде келмейді. Ел территориясында орналасқан миллиондаған ұсақ өндірушілер нарықтық конъюктураны реттеу мақсатында өндіріске бірлесіп бақылау жасауға келісе алмайды. Нәтижесінде аграрлық өндірістің жылдық ауытқулары болып тұрады. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалық эластиктері төмен. Бұл дегеніміз сұранымды аз өлшеудің арты бағаның едәуір өзгеруіне алып келеді.
Егер базарда ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраным тұрақты болса, бағалары тіпті де тұрақты болмайды. Ұсыным көлемінің сәл өзгеруі бақылады.
Бақылау сұрақтары
1. Халық шаруашылығы саласы деген не?
2. Халық шаруашылығын салалық дифференциялау неден туындады?
3. Бір саланы екіншісінен қандай сандық көрсеткіштер бөледі?
4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі ерекшеліктері қандай?
5. Елдің азық түлік қауіпсіздігіне қандай шараларды жүзеге асырумен жетісуге болады?
6. Дифференциальды рента деген не?
7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық факторлары қалай көрінеді?