Өткен тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның экономикалық және қоғамдық өмірінің барлық салаларында түбегейлі өзгерістер болды. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесі қалыптасу кезеңінде мемлекеттің қоғамдық-саяси ұстанымдары жаңарды, еліміз әріптестік пен өзара әрекеттестіктің халықаралық ықпалдастығына бағыт алды.
Тұтас қоғамның, соның ішінде ауылдық жерлерді қоныстанған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғамның алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесінің қызметіне байланысты. Халықтың өмір сүру деңгейі мен оның сапасына елдің тұрғын үймен, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, көлік, мәдени қызмет көрсетумен қамтамасыз етілу деңгейі тікелей әсер етеді.