Павлодар, 2021

Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар


1.1 Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері

Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б. шарттар керек.

Экономикалық шарттар – бұл дегеніміз ең алдымен тауарларды ұсыну және оған сұранымның болуы, яғни:

- тұтынушылар ала алатын тауарлардың болуы;

- олардың сатып алатындай ақша қаражаттарының болуы;

- қызметкерлердің еңбек ақылары тауарларды алуларына әсер ететін жұмыс орындарының, жұмысшы күштерінің артық немесе кемшін болуы;

- экономикалық жағдайларға мыналар елеулі әсер етеді;

- ақша ресурстарының болуы және алу мүмкіндігі;

- инвестицияланған капиталдағы табыс деңгейі;

- өздерінің іскерлік операцияларын жүргізуді қаржыландыру үшін ауылдағы тауар өндірушілерге қарыз бере алатын мекемелердің және оларда заемдік қаржыларының болуы.

Осылардың бәрімен нарықтың инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар шұғылданады:

- бірінші кезекте - қаржы беру қызметін көрсететін банктер;

- екінші кезекте - шикізаттармен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен, комплектілейтін бұйымдармен, жанармаймен, энергиямен, машиналар және қондырғыламен, аспаптармен және т.б жабдықтайтын жеткізушілер;

- үшінші кезекте – тұтынушыларға тауарларды жеткізу қызметін көрсететін толайым және бөлшек сауданың сатушылары;

- төртінші кезекте – бұл кәсіптік және заңгерлік, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсететін мамандандырылған фирмалар мен мекемелер;

- бесінші кезекте – жұмысшы күштерін іріктеп алуға көмек көрсететін еңбекке орналастыру жөніндегі агенттік;

- алтыншы кезекте – бұл жұмысшылар мен мамандарды, қызметшілерді оқытып үйрететін оқу орны;

- ақырысында, жарнамалаушы, көлік қатынасы, қамсыздандыру, байланыс және ақпарат беретін агенттіктер.

Әлеуметтік шарттар кәсіпкерліктің экономикалық жағдайларға қалыптасуына әсер етеді. Бұл ең алдымен тұтынушылардың талғамға сай тауарларды алуға ұмтылыстары. Әртүрлі кезеңдерде осы ұмтылыстардың өзгеруі де мүмкін. Бұл орайда ортаның әлеуметтік – мәдени жағдайына байланысты адамгершілік және діни нанымдардың да елеулі рөль атқаратынын ескерген жөн. Бұл нормалар тұтынушылардың өмір салттарына және осы арқылы тауарларға деген сұранымдарына да әсер етеді. әлеуметтік жәйіттер әркімнің жұмысқа деген, еңбек ақыға, жұмыс жағдайына деген талаптарына ықпал жасайды.

Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері

Бизнестің мүмкіндігін анықтау және бағалау Бизнес – жоспарды жасау Ресурстарға қажеттілікті анықтау Кәсіпорынды басқару
Бизнес мүмкіндіктерінің ұзақтылығы 1 Тарау

Бизнеске қадам басқан кез

Қажетті ресурстарды анықтау Басқару стилін қалыптастыру
Бизнес мүмкіндіктерін жүзеге асырудың рыногы Жоспардың мән – мағынасы Қолда бар ресурстарды анықтау Бақылау жүйесін енгізу
Бәсекелестікті зерттеу 2 Тарау

Кәсіпорынның резюмі (жазылуы)

Ресурстарға қажеттілікті идентификациялау Ұйымдастырушылық процестерді жасау
Рынок және кәсіпорын үшін бизнестің мүмкіндіктерін бағалау Саланы талдау:

Өндірістік жоспар;

Маркетинг жоспары;

Қаржы жоспары;

ұйымдық жоспар.

Қажетті ресурстарды жеткізушілерді анықтау SWOT талдауын (күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қауіпсіздігі, оларды бағалау)
Тәуекелділік және бизнес мүмкіндігі әкелетін пайда Операциялық жоспар;

Қорытынды:

Тиімділікті есептеу.

Жеткізушілермен тіл табысудың жолдары Табысқа жетудің факторларын анықтау
Кәсіпкерліктік біліммен, біліктілікпен, ұмтылыспен қабысу жағы

Ауылдағы кәсіпкер кәсіпшілік қызметінен қанағат тауып жүруі тиіс. Ол қызметкерлерінің деңсаулықтарын қорғау, жұмыс орындарын сақтау және т.б. мәселелерді шешуге тырысып отырады.

Кәсіпкерлікті қалыптастыруда кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандықтарын көтеру маңызды рөль атқарады:

- кәсіпкерлік қызметті жүргізудің қазіргі тәсілдеріне оқытып, үйрету;

- кадрларды оқыту және қайта оқыту, оларды дамыған елдерде дайындықтан өткізу;

- кәсіпкерлерді оқытатын оқытушы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды шектеу;

- ауыл шаруашылығы бойынша кеңес беретін жүйе құру және т.б; ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің негізгі элементтері біздің пікірімізше мыналар болып табылады:

- бизнестің мүмкіндігін айқындау және бағалау;

- бизнес – жоспарды жасау;

- ресурстарға қажеттілікті анықтау;

- кәсіпорынды басқару.

Агроөнеркәсіп кешені салаларының соңғы 15 жылда дамуының құқықтық жағынан даму кезеңдерін былайша бөлуге болады:

Жер реформасының бірінші кезеңінде (1990–1994 ж.ж.) «Жер реформасы туралы», «Шаруа қожалығы туралы», «Жер салығы туралы» Заңдардың қабылдануы. Осы құжаттарға сәйкес ұжымшарлар мен кеңшарлардың жерлері мен өндіріс құрал жабдықтары ұжымдардың мүшелеріне берілді. Экономикалық аграрлық секторында экономикалық қатынастарды түбірінен өзгертуге алғаш рет мүмкіндік туды. Алайда бұл кезеңде жаңа заңдылықтар негізгісі болып табылатын ауыл шаруашылығының жеке меншіктік секторын құруға қол жеткізе қойған жоқ. Көптеген экономистер мен саясат танушылардын пікірлері бойынша бұның негізгі себептері мыналар болды:

- ауылшаруашылығындық алқаптар мен құрал жабдықтардың негізгі бөлегі ұжымшарлар мен кеңшарларда болғанымен жеке меншіктік түрге көшудің және шаруашылықты жүргізудің нақты жолдары белгіленбеді;

- жер қатынастарын жаңаша дамытудың құқықтық негіздері жасалмады.

Жер қатынастарының екінші кезеңінің дамуы (1994–2001 ж.) жерге байланысты заңдылықтардың нарық жағдайына қарай бейімделу кезеңі болды. Осы мақсатқа орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қатынастарын реттеу туралы», «Жер қатынастарын одан ары жетілдіру туралы» жарлықтары шықты, әрі бұлар нарықтық қатынастарды қалыптастыруға (жерге иелік ету арқылы) әсер етті.

ҚР-сы Президентінің Заңдық күші бар «Жер туралы» (22.12.1995) Жарлығы жарияланып берудің шарттары мен сол жерлердің аумақтары белгіленді, жер рыногы нарығында, оның ішінде жерді пайдалану құқығы нарығына жол ашылды. Жарлықпен әрі жеке участок меншік немесе пайдалану учаскесі болады да оның құны бағаланады.

Жер участкесі шаруаларға (фермерлерге) тұрақты пайдалауға беріледі, оны олар басқаға сыйлай алады, жалға береді, ауыстыра алады, кепілге де салады, ауыл шаруашылығы серіктестіктеріне және кооперативтерге жарна ретінде де бере алады.

ҚР-ның «Жер туралы» Заңын жетілдіру үшін ҚР-ның Үкіметінің алған қаулыларындағы қағидалар мыналар:

- жер участкелеріне құқықтықты бекітудің тәртібі;

- жер кадастры мен жер рыногын жүргізудің негіздері;

- өнімдерді өткерудің негіздері және ауыл шаруашылығын қаржыландырудың мемлекеттік қорын құру.

Кәсіпкерліктің маңызын атап өтуде, оның белгілі бір белгілеріне тоқталып өтуге болады.

Біріншіден, бұл дербес және бастамашыл қызмет. Бұл белгілер кәсіпкерлік қызметтің еріксіз көздерін көрсетеді. Азаматтар және бірлестіктер өздері кәсіпкерлік қызметті бастайды, яғни өздері билік етеді және қызметті жүзеге асырады. Айта кету керек, егер қызмет дербес немесе бастамашыл болмаса, онда ол кәсіпкерлік қызмет болып саналмайды.

Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет-меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде қызмет етуі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет меншік иесі өздерінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде қызмет етпесе, онда ол кәсіпкерлік қызметке жатпайды.

Кәсіпкерлік қызмет қандай да бір игілікті пайдалануға немесе ие болуға бағытталады, яғни табыс табады. Бірақ әр түрлі кедергілер кездесетіндіктен, үнемі табыстылық бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда коммерциялық тәуекел етуі немесе кәсіпкерліктің мүліктік жауапкершілігі аса қажет болып саналады.

Үшіншден, кәсіпкерлік қызмет-бұл табыс табуға бағытталған қызмет. Сондықтан кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты жөнінде баяндалады. Мәселен, кәсіпкердің қайырымдылығы немесе игілікті ісі немесе жасаған бизнес жоспары.

Нарықты экономика кезінде кәсіпкерліктің мақсаты тек өнім өндіру немесе қызмет көрсету ғана емес, осы табыс алу кезіндегі кәсіпкердің мақсатына жетудегі іс-әрекеттері.

Кәсіпкерлік табыс-табыстың ерекше түрі, яғни іскерлігі және арнайы шығармашылық белсенділігі үшін сыйақы, шағын бизнес саласындағы коммерциялық табыс әкелетін жаңа ойлар, техника мен технология енгізгенде пайда болады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылады:

- Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса);

- заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттігі шектеулі тұлғалар;

- азаматтық бірлестіктер.

- Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері:

- дербестік және тәуелсіздік;

- экономикалық ынталылық;

- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

- жаңашылдық.

Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

Бірінші нысан меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.

Екінші нысан кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.

Бұл келісімде: мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу, әр түрлі қызметті іске асыру, материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері, келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.

Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).

Ал мұнда кәсіпкердің бірнеше құқықтары бар, атап айтқанда:

- келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;

- интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

- өндірістік бағдарламалар жасау;

- өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;

- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

- сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

- кәсіпорынды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

- кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

Қазақстандық кәсіпкерлік – бұл шын мағынасында, жаңа реформалармен тудырылған экономика секторы.

Экономикалық реформаның басты бағыттарының бiрi Қазақстандағы дәл қазiргі шағын кәсiпкерлiктi қалыптастыру және дамыту болып табылады. Қоғам шағын кәсiпкерлiк нарықтық тетiктердi құрастыратын шарттарының негізі екенін және қазiргi нарықтық жүйені құрайтын бөлiгi болып табылатынын көбiрек ұғынды. Шағын кәсiпкерлiктiң дамуы «Қазақстан-2030» стратегиясының негiздерiнің бiрi өнеркәсiптiк сектормен бiрге. Қазақстандағы шағын кәсiпкерлiк тек нарықтық жүйенің бір бөлігі ғана емес, ол қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Қазақстан монополизм және бәсекелестiктiң дамытуын жеңуге бағытталған батыл өрнектеулер талап ететiн нарықтық қоғамның әлеуметтiк бағдарламасын құрастыруға курс жариялады. Кәсiпкерлiк, жеке адамдардың мiнез-құлығының, нарықтық мiнез-құлықтың дағдыларының жинағы, мемлекет масштабындағы құрастыруды нарықтық экономикаға ауыспалы мерзiмнiң негiзгi буындарының бiр бола тұра үдеттi.

Кәсiпкерлiктi дамыту көптеген мәселелер жиынтығымен түйiседi, оның ішінде ақпараттық, қаржылық, институционалдық, мемлекеттік (жемқорлық, бюрократизм) мәселелері, бірақ бұлардың барлығы шешімі табылатын мәселелер.

Кәсiпкерлiк класстың бiлiмi нарықтық экономикаға бағдарланған кез келген қоғамның тұрақтылығына керек. Жеке кәсiпкерлiкті дамыту барлық бастапқы мүмкiндiктер бірдей бөлiнген, кәсiпкерлiк мүмкiншiлiктiң тең берiлуін талап етедi.

Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады.

Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық мәселелерін қамтиды.

Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.

Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.

Кәсіпкерлік қызметтің факторларына экономикалық ресурстар жатады.

Экономикалық ресурстар – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдық ресурстары.

Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әр түрлі жабдықтар, құралдар, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар, әр түрлі көлік, байланыс құралдары, материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер және қазбалы байлықтар.

Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:

- материалдық ресурстар – жер, оның табиғи байлығы және капитал;

- адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің 4 қызметін түсіну керек, атап айтқанда:

1) кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі орындаған жұмысы мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді;

2) кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және кәсіпорынның (фирманың) іс бағытын айқындайды;

3) кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі;

4) кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн (капитализм кеңес өкіметі емес, ешкім жай ғана көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы күші – мол пайда табу.

Жоғарыда көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі. Ресурстарға төлемдердің түрлері:

- материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз салады;

- жер, су бергеніне рента алады;

- жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбекақы алады;

- кәсіпкерлік табысты таза табыс деп атайды, ол залал болуы да мүмкін.


Бақылау сұрақтары


1. Ауыл шаруашылығындағы бизнесті құру үшін қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар

2. ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар

3. Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы күшін ата

4. Кәсіпкерлік қабілеттілікті атап шық

5. Экономикалық ресурстар дегеніміз не?

6. Кәсіпкерлік қызметтің факторларына не жатады?

7. Экономикалық реформаның басты бағыттарын атап бер?