2.1 Іскерлікті ұйымдастыру формалары
Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Бизнес дегеніміз ол белгілі бір істі жүргізу.
Бизнестің өзіне тән бір белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акционерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болып келеді. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруды бұл жағдайда мемлекеттік тапсырыс ретінде мемлекет қаржысына бизнесмендер орындай алады. Экономикасы дамыған көптеген мемлекеттерде, мысалы мұндай мемлекеттік қолдауды, бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.
Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты түрлерімен салыстырғанда өзінің жандылығымен және инициативалылығымен ерекшеленеді. Бизнесмен үнемі жаңа өнімді, технологияны, сапаны, нарықты, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және т.б. іздестіру үстінде болады.
Бизнес жоғары деңгейдегі өзінше іс-қимыл танытуды және экономикалық таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершілікті қажет етеді. Бизнестің қасиеттері шығармашылыққа, жетілдірілуге, жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруге итермелейді, ал мұның өзі өз кезегінде қоғамды экономикалық және әлеуметтік өркениетке алып келеді.
Бизнес – бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аясында жүзеге асатын, жекелеген азамттардың немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрінде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметі.
Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын тиісті мағынасындла және заңдық негіздегі жасалуы жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы іскерлікке қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген іскелік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.
Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның, фирманың мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен, жалғызбасты болып іс-қимыл танытады. Алайда, егер бұл қызмет бір рет қана немесе кездейсоқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жеке іскерлік белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе, іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.
Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналысуы үшін іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу қажеттілігі қарастырылған. Мысалы, дәрігерлік қызмет, білім беру қызметін көрсету, нотариалдық қызмет және т.б.
Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір салады жүйелі жүргізілетін болса, онда белгілі бір мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады.
Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кезе келген уақытта тоқтата алады.
Жеке іскерлік қызметтің тағы бір түрі жеке кәсіпорын, фирма, шаруа (фермерлік) қожалығы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорнын тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана тұрмауы мүмкін. Бұл кәсіпорынның меншік иесі іскерлік қызметтің субъектісі ретінде танылады, ол кез келген мөлшерде қызметкерлер жалдауы мүмкін, бірақ олар іскерлер ретінде емес, жалдамалы қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда жеке іскерліктен топтық, яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі байқалады.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылымы, масштабы, қызмет ауқымы тұрғысынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік тұрғыдан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді.
Кәсіпкерліктің түрлері:
1) атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық қаржылық және кеңестік;
2) меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі;
3) меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек;
4) кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді:
- ұжымдық-құқықтық;
- ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер:
1) Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: а) жауапкершілігі шектелмеген серіктестік; б) командитті (сенімге негізделген) жауапкершілігі шектелген серіктестік. Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты;
2) акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алды.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы-өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер бар:
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектеулі жауапкершілікті серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекелін өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам. Қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Акционерлік қоғам – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады.
Шағын кәсіпорындар – бұл өзінің көлемі жағынан шағын шаруашылық ұйымы. Мұнда жұмыс істеушіліердің саны мен шаруашылық айналымының көлемі заі актілерімен және үкіметтің қаулыларымен белгіленеді.
Жоғарыда келтірілген ұйымдастыру формалары негізінен ұсақ және орта бизнеске тән. Дамыған елдерде ірі бизнес көптен бері мемлекеттік шекарадан шығып, экспорт-импорт операцияларымен және басқа елдерде капитал орналастырумен айналысатын халықаралық компаниялар тәсіліне ие болды. Осындай компаниялар, бірақ филиалдары бар және бірнеше елде тіркелгендіктен, дүние жүзіндегі көптеген елдерде бизнес операцяиларын жүзеге асыратындықтан, трансұлттық компаниялар деп аталады.
2.2 Нарықтық шаруашылықтың мәні және негiзгi қасиеттері
Өндiрiстiң қоғамдық формаларының эволюциясы, қоғамның және жеке индивид қажеттiлiгiн қанағаттандыруына негiзделген қоғамдық тауар өндiрiсінің және жұмыс жасауына негiзделген қазiргi нарықтық жүйенiң пайда болуын әкелi.
Нарықтық шаруашылық – тауар өндiруi негiзіндегі, экономика ұйымдарының қоғамдық формасы. Ол өндiрiстің және тұтынудың өзара әрекеттесуін, нарық арқылы қамтамасыз етедi.
Нарық – тауарлық ақша айналымның орнықты өзара әрекеттесуi негiздегі қатынастардың экономикалық жүйесi.
Қазiргi нарықтық шаруашылық факторлар базасында, олардың арасында және өзара байланыстардың базасында орын алды, яғни, әлемдiк экономиканың, мемлекеттiк реттеу және рыноктық инфрақұрылымы арасында. Оның негiзiнде мына тiркестер жүзеге асырылады «өндiрiс – үлестiрiлу – айырбас – тұтыну», сонымен бiрге әлеуметтiк және экологиялық мәселелер ұйғарылады, яғни қоғамдық тауар өндiрiсі қалыптасады.
Нарықтың классикалық үлгiсi келесi қасиеттермен бейнеленедi:
1) мәселелердiң үштiгін өз алдына шешушi, тәуелсiз тауар өндiрушiлердiң жиыны: не өндіру және қалай өндіру, кімдерге және қалай iске асыру алу;
2) кiмнен және қандай өнiмдi сатып алатынын өз алдына шешушi тәуелсiз тұтынушылардың жиыны;
3) құн бойынша баламалы айырбас;
4) сұраным және ұсыныс ықпалымен бағаны анықтау;
5) өсiмге арналған (тағы басқа факторларды құн заңы ықпалымен) пропорциялардың бағасын реттеу;
6) еркiн бәсеке, еркiн пайда түсуі.
Қазіргі кездегі нарықтық шаруашылық өздiгiнен реттелетін күйден реттелетiн күйге айналдырылуда, бұл нарықтық шаруашылықтың объективті-субъективті құрылымын күрделендiредi.
Нарықтық шаруашылықтың объективті-субъективті құрылымы – бұл нарық субъектілерінің арасындағы түрлi мақсаттағы, арақатынастардың, ұйым формасы және өзара әрекеттесуінің, экономикалық қызығушылықтың, сипатының жүйесi жәнеәртүрлі нарықтық байланыстардың объектілерінің түрлi қозғалыстың қатынастары.
Нарықтық шаруашылықтың субъекттерi:
- үй шаруашылығы - шешiмдердi өз алдына қабылдайтын; қандай да бір (еңбек, капитал, жер) өндiрiс фактор меншiк иелерi болып табылатын; өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бiр немесе бiрнеше тұлғалардың құрамындағы экономикалық бiрлiктерi;
- фирмалар, кәсiпорын - оның сатылуы үшiн мақсаты бар өнiм жасайты, өндiрiстер факторларын пайдаланатын экономикалық бiрлiктер; олар максимал пайдаларына ұмтылады және шешiмдердi өз алдына қабылдайды;
- банк – нарықтың нормалы жұмысы үшiн, қажеттi ақшал массасын қозғалыста ұстайтын (реттейтiн ) регламент белгiлейтiн қаржылай-несие мекеме;
- мемлекет-қоғамдық мақсаттарды жүзеге асыратын, шаруашылық субъекттер және нарықтың үстiнде бақылауды қамтамасыз етуi үшiн заңдық және саяси билікті іске асыратын үкiмет мекемелерiмен белгіленген.
Бұл субъекттердiң мақсаты – нарыққа қатысу ғана емес, қамтамасыз етедi «тұтынушы-өндiрушi» арасын нарық арқылы байланыстырады. Бұл байланыстарды түптейдi, барлық субъекттердi әсер өйткенi өзара байланыстырған.
Нарықтық шаруашылықтың объекттерi бола алады:
- тауарлар;
- қызмет;
- өндiрiс факторлар (еңбек, жер өндiрiстiң құралы);
- ақшалар;
- капиталдар;
- бағалы қағаздар;
- мемлекеттiк жеңiлдiктер, жәрдемақы; әлеуметтiк төлемдер және префенсялар.
Осы құрылым күрделi болғандықтан, әртүрлi нарықтар да бар.
Нарық құрылымдарының классификациясы әр түрлi белгiлерден тәуелдi болады:
1) нарықтық қатынастардың объекттерiнiң экономикалық тағайындауы бойынша:
- тауарлар және қызметтердiң нарығы;
- өндiрiс құралдары рынок;
- еңбек базары;
- инвестициялардың нарығы;
- қаржы, ақша рынок;
- бағалы қағаздар нарғы;
2) географиялық жағдай бойынша танып бiледi:
- жергiлiктi нарық;
- аймақтық рынок;
- ұлттық рынок;
- әлемдiк нарық;
3) нарықтың бәсекелестiктiң шектеуiнiң дәрежелерi бойынша болады:
- монополистiгi;
- олигополистиялығы;
- еркiнi;
- араласы;
4) салалар бойынша нарықтар танып бiледi:
- автомобилдiгi;
- компьютерi; және тағы басқалар;
5) сатуларды сипат бойынша:
- көтерме сауда рынок;
- бөлшек нарық.
Нарықтық экономикада өз инфрақұрылымы болады, яғни, нарықтың нормалы жұмыс тәртiбiнiң қамтамасыз етуi бойынша ерекше нарықтар және орындайтын нақтылы функциялардың жұмыс iстейтiн институттар жиынтықтары өзара сабақтас. Әрбiр нарықтың инфрақұрылымы – өздік болады.
Тауарлар және қызметтердiң нарығы, өндiрiс құралдарының нарығы. Бұл нарықтардың инфрақұрылымы көрсетілген:
- сауда биржаларымен;
- көтерме және бөлшек сауданың кәсiпорындарымен;
- бәсеке саудалармен және жәрмеңкелермен;
- делдалдық фирмалармен.
Ақша рынок, фондылық, инвестициялық. Инфрақұрылым:
- банктер;
- сақтандыру компаниялары;
- қорлар;
- фондылық биржалар.
Еңбек базары еңбек биржасының түрiндегi инфрақұрылымды алады.
Мәлiметтiң нарығының инфрақұрылымы:
- ақпараттық орталықтар;
- заң кеңселерi;
- жарнамалық агенттiктер;
- аудиттiк фирмалар.
Нарықтың артықшылықтары:
1) тиiмдi ресурстарды бөлу нарық арқылы;
2) иiлгiштiк, биiк өзгеретiн шарттарға биiк бейiмделгiштiк;
3) таңдаудың бостандығы және өндiрушiлер және тұтынушылардың әсерлерi;
4) ҒТҚ максимал қолдану табыстары;
5) түрлi қажеттiктi қанағаттандыруға қабiлеттiлiк, жоғарылату тауарлар және қызметтердiң сапасы.
Нарық – күрделi, өз негативтi тараптары бар жүйе.
- нарық жаңадан өндiрiлетiн қорлардың сақтауына мүмкiндiк туғызбайды;
- қолданылған шешiмдердiң келеңсiз салын мүмкiндiгi бойынша аяққа басады;
- тауарлар және ұжымдық пайдаланудың қызметтерiнiң өндiрiсi үшiн қызықтыруларды құрмайды;
- толық жұмыспен қамту және тұрақты баға деңгейге кепiлдiк бермейдi;
- ғылымдағы iргелi зерттеулердiң әсерлi себебiн қамтамасыз етпейдi;
- прецессия және инфляциялық процесстермен ұшырағанда тұрақсыз болады.
Бұның барлығы негативтi моменттердiң шешiмi мемлекет өз мойнына алды. Қазiргi шаруашылық нарықтың классикалық үлгiсiмен салыстырғанда өзгердi.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттiң функциялары:
- мемлекет нарықтық экономиканың тиiмдi жұмысы үшiн заңға сүйенген негiздi және әлеуметтiк ауа райын қамтамасыз етедi және нарықтың субъекттерiнiң мiнез-құлығына нарықтық шаруашылық экономикалық әсер арқылы реттейдi; бұл - баға саясатының шектеу нысананы көздейтiн салықтар (көмек ) мемлекеттiк жәрдемақы, қарыздар, айыппұл арқылы, кеден баж және тағы басқаларарқылы іске асады.
- бәсекелестiктiң сүйемелдеуi, өткiзу;
- орнын толтырудың тиiмдi ортақ шарттарының жасауы табиғи ортаны қорғау және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамытуы арқылы;
- (табыстың алуы) экономика секторы бұл кәсiпкерлiктiң дамытуы арқылы мемлекеттiк меншiктiң iске асыруы;
- нарықтың негативтi тараптарының өтемi;
- инвестициялық – құрылымдық саясат экономикалық серпiндi реттеу арқылы макродеңгейдегi орнын толтыруды тұрақтану жолымен, инфляция, жұмыссыздық, қаржы өндiрiстiң деңгейiне қаржы және салық бақылауы;
- мемлекет табысты қайта бөлiсудi кепiлдiктердiң әлеуметтiк әдiлеттiлiгiн қағида қамтамасыз етуге шақырған, оқу құрал және тағы басқалар, жүзеге асыру (еңбек шығынына байланыссыз ) трансферт төлемдерi.
- мемлекет шағын және орта кәсiпкерлiктi мiндеттi қолдау;
- (мемлекеттi алып қояды шаруашылық субъекттерде имамдығады және мемлекеттiк бюджеттi қалыптастырады) қазыналық саясатты өткiзу.
Мемлекет өзi экономикалық субъект болып қалыптасады, өйткенi. мемлекет мемлекеттiк меншiк және мемлекеттiк кәсiпкерлiктi жетiлдiредi, меншiктi кәсiпкерлiгi болады.
Экономикадағы мемлекеттiк секторды пайда болудың себептерi, осыған келтiрдi:
- соғыстар;
- ұлттық қорғаныс;
- макроэкономикалық процесстердiң инфрақұрылым қамтамасыз етуi;
- халықтың өсуi;
- урбанизация;
- қоршаған ортаның мәселелерi.
Мемлекеттiк функцияларынан және жұмыс салаларына сүйене отырып мемлекеттiң секторлыққызметі тағайындалды:
- милитарландыру және конверсия;
- капитал және ғылымды қажетсiнетiн салалардағы жаңа процесстерi;
- әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылым;
- экономиканың «аурулар» (кәсiпкерлiк нашар жүретiн кез) сала.
Нарықтың қоғамы – еркiн кәсiпкерлiктiң қоғамы, сондықтан мемлекет нарыққа өте абайлап араласады.
Нарықтың тәжiрибесi сектордың ұтымды мемлекеттiк шекараларын анықтады, дегенмен дамыған капиталистiк елдердегi мемлекеттiк меншiктiң масштабтары дәл қазiр түбегейлi өлшемi болады.
АҚШтағы және батыстағы мемлекеттiк сектордың маңызды айырмашылықтары бар.
Нарықтық шаруашылықтың үлгiлерi.
Мемлекеттің экономикаға әсерініiң дәрежелерiне және басты есептеріне байланысты нарықтық шаруашылықтың келесi үлгiлерi танып бiледi:
1) таза нарықтық шаруашылық;
2) әлеуметтiк нарықтық шаруашылық.
Таза нарықтық шаруашылықтың бiр үлгiдегi шарттары:
1) жеке меншiкке құқық;
2) мәмiлелердiң шешiмiнiң бостандығы;
3) тұтынуды бостандық;
4) бағалардың бәсекелестiктiң бостандығы және еркiн бiлiмi;
5) мамандықтың еркiн таңдауы, жұмыс орын және жұмыстар.
Өндiрiстен түскен қаражат, кәсiпкерге жеке меншiгiн өз меншiгiмен шексiз билеуге және өз меншігіне иелiк ету мүмкiндiгiн береді, осының арқасында тәуелсiз тиiмдi шаруашылық қалыптасады.
Әрбiр жекеменшiк субъект өз мүмкiндiктерiн мемлекетке қарағанда жақсы бiледi, сондықтан тәуелсiз шарттар жасайды. Кәсiпкерлер еркiн баға белгiлеуi бар өткiр бәсекелестiктегi мiнсiз нарықтарында болады, сондықтан өз еңбегi және капиталдарды өте өнiмдi қолданады. Мамандық және iстейтiн жұмысының еркiн таңдауы тауарлардың халық шаруашылығын ұтымды қамтамасыз етуге кепiлдiк бередi.
Адамға нарықтық шаруашылықтың (батыс теориясы) ықпалы:
1) жерден тыс мистикаға терiс қатынас;
2) ойлау және мiнез-құлықтың прагматикалық түрi;
3) пән, дербес, адалдық;
4) тұрақты әлеуметтiк және жанұядағы қарым-қатынастар;
5) өмiр сүру көздiң нүктесiмен ойлап-пiшiлген тиiмдi;
6) сыныптардың арасындағы дәстүрлi тосқауылдардың жоюы;
7) құндылықтардың ретiнде бас әлеуметтiк өлшеуiшiнiң ақшалары;
Таза нарықтық экономиканың iске асыруының кезіндегі мәселелерi:
1) өмiр сүру үшiн жетпейтін аз төлемақы;
2) монополиялардың бiлiмi, мүлiктiк шоғырландыру;
3) жұмыссыздық;
4) биiк әлеуметтiк шығындар.
Таза нарықтық экономикадан айырмашылық, әлеуметтiк үлгiсiнің және нарықтық жұмыстың пайда болуы немесе әлеуметтiк нарықтық шаруашылық жиiрек басым болады.
Онда келесi моменттер болады:
1) өндiрiстiң құралы (өндiрiс факторлар ) арқылы жалпы мемлекеттiк және iрi дербес монополиясыны жеңуi, және кiрiс көзi ретінде қоғам мүшелердiң арасындағы бiр қалыпты үлестiрiлу;
2) барлық түрлердегiнi кәсiпкерлiктiң құрастыруы үшiн қолайлы жағдайлардың құрастыруы;
3) өндiрiстiң үлкеюiмен экономикалық өсуге жәрдемдесу, дефициттiң жоқтығы байланысты;
4) әлеуметтiк көзқарастан қайта бөлу нелiктен экономиканың әкiмдiк - командалық форма болғанын жеңiлдеу iске асады;
5) әлеуметтiк консенсус мүдделерiндегi бiр қалыпты үлестiрiлуден астам табыс және дүниелер;
6) көмек еңбекке жарамсыз, бiрақ еңбекке себеп залалға емес;
7) талпынысы бүркеме және экономикалық жоғалтулар құтылу үшiн күт жұмыссыздық құтылу, қоғамдық қоғамдық және әлеуметтiк мәселелер;
8) инфляциядан құтылуға талпыныс;
9) дербес белсендiлiктiң кеңейтуi, әрекет құқығын қамтамасыз ету арқылы, еңбектi қорғау, кәсiпорындармен басқаруға қатысу;
10) қаржы мүмкiндiктерiнiң өсуi, өсу азаматтардың жеке әл-ауқаты қарыз есебiнен және салық жеңiлдiктерi;
11) (қоршаған орта ) мекендеудi ортаның қорғауы, төмендету экологиялық залал.
Әлеуметтiк бағдардағы үлгiден таза нарықтың үлгiсiнiң айырмашылығы базарға нарықтық тетiктегi мемлекеттiң ролi, мемлекеттiң әсерiнiң қарқынымен анықталады.
Егер бұл үлгiлерді салыстырса, онда бүгiнгi әлемде ерекшелеуге болады:
1) әлеуметтiк нарықтық шаруашылық;
2) аралас экономиканы;
3) бiрлескен экономика.
Олар мақсаттар және мемлекеттiк бағдарламалардың бағытталғандығы бойынша өзгешеленедi:
1) мұндай мақсатпен әлеуметтiк нарықтық шаруашылық азаматтардың мүдделерi қорғауға шарт қояды;
2) аралас экономика басқа мақсатты құрады: кәсiпкерлiктiң дамытуы үшiн шарттардың жасауы;
3) бiрлескен экономика мақсатқа шарт қояды - iрi кәсiпкерлiктiң мүдделерiнiң қорғауын.
Олар экономиканың реттеулерi қағидалар бойынша төмендегiше өзгешеленедi:
1) әлеуметтiк нарықтық шаруашылық - ұзақ мерзiмдi программалау;
2) аралас экономика - қолдану көбiнесе тактикалық әдiстер;
3) бiрлескен экономика - негiзгi басымдылықтарды анықтайды.
Бұдан осы үлгiлердiң экономикасындағы мемлекеттiк секторлар пайда болады:
1) 30 % жетедi (елдiң өте типтi мысалы - Германия);
2) 10 шақты % (АҚШ);
3) болмашы (Швеция, Жапония).
Нарықтық шаруашылыққа өтудiң шарттары
Демек, әлемде мұндай басқа бiр рыноктық жүйесiнен өтудің прецендентi жоқ, ондай өтулер күрделi және қатты жүредi.
Келесi экономикалық өзгерулерi iске асады:
1) әрбiр әлеуметтiк топ шаруашылық жүйедегi өз орыны алар түрдiң көп тәсiлдi, көп сектор аралас экономикасын жасау;
2) әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүддесін iске асыратын әлеуметтiк нарықтық шаруашылықтың құрастыруы;
3) тұрғынның әртүрлi топтарының қажеттiлiктi қанағаттандыруына бағытталған экономикалық өсудi жаңа түрге өткел техникалық және әлеуметтiк өрлеудi қамтамасыз етуге, қолайлы қоршаған ортаның қолайлы жабдықталғандығы;
4) шаруашылық жұмысының бостандығы;
5) шаруашылықтың жаңа формалары, бекiту жеке меншiк түрлерiнiң алуантүрлiгi;
6) бәсекелестiктiң дамытуы, кәсiпкерлiк;
7) еркiн баға белгiлеудi тетiктiң тәртiпке келтiруi;
8) сақтап және қандай болса да нарықтық емес экономика секторы, дүние шаруашылық сиысуға керек
9) тең мұршалардың мемлекетiмен қамтамасыз ету құрал және қолдау (азамат әлеуметтiк кепiлдiктер) әлеуметтiк осал жерi еңбекке жарамсыз табу.
Нарыққа өткелдiң логикасы:
1) кәсiпорындардың мемлекет меншiгiнен шығаруы жекешелендiру арқылы;
2) нарық және оның инфрақұрылымының құрастыруы;
3) экономиканы монополиясыздандыру;
4) әкiмшiл-әмiршiл жүйелердi жою;
5) бағалардың үстiнде мемлекеттiк бақылаудың бiртiндеп шектеуi, еркiн бағаларға өткел;
6) қатты айналыстағы ақша жиынның шектеу бағытталған несие - ақшалай қаржы саясат;
7) тұрғынның нарығының шарттарына бейiмделу үшiн күштi әлеуметтiк кепiлдiктер;
8) құрылымдық жылжулардағы экономикалық әдiстерiнiң белсендi құрылымдық инвестициялық саясатты жүзеге асыру, iске қосуы;
9) экономиканың әлеуметтiк бағыты.
Нарықтық реформалардың мәлiметтерiнiң ерекшелiктерi:
1) нарыққа өткелдiң мәжбүр сипаты;
2) нарықтың барлық салалар мен салаларларын қамту;
3) нарықтың жеткiлiктi идеологиялық қамтамасыз етуiн жоқтық;
4) әлеуметтiк базасының әлсiздiгi;
5) күштi дүниелiк ықпал;
6) саяси тұрақсыздық;
7) айқын стратегиялық бағдарлардың жоқтығы, қарама-қайшылық iске асырудың тетiгi, тактикалық тактикалық қателер.
Не бұл реформаларға нәтижеде сәттi болды: (ресми санақ)
1) мемлекеттiк меншiктiң монополизмының Подорванолары;
2) көп тәсiлдi экономиканың құрастыруын процесс басталды;
3) сындырып тастаған, бiрақ бiржолата емес, командалық-әкiмшiлiк басқару аппарат;
4) экономиканың рыноктық инфрақұрылымы бiртiндеп қалыптасады, әсiресе интенсивтi түрде - қаржылай-банктiк салада;
5) (биiк табысы бар тұрғын үшiн) импорттық тауарлар тұтынушы нарығындағы тепе-теңдiк арқасында жеткен;
6) пайда болды және кәсiпкерлердiң мiнез-құлықтың нарықтық себеп бағдарлалған кең жiгi күшеедi.
2.3 Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым
Нарық мынандай функцияларды жүзеге асырады:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушыларды тиісті сапа мен көлемдегі өнімдермен қамтамасыз ету. Алайда, аграрлық секторда экономикалық қатынастарды реттеуде мемлекеттің саясаты босаңсудан барып отандық өндірушілер өздерінің өндірістік және еңбек ресурстарымен шығарған барлық өнімдерін өткізе алмайтын жағдай тууда. Нарықтың үлкен сегменті шығарған бағасы мен сапасы төмен импорттық өндірістің тауарларға толып кетуде.
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру.
Қалыпты материалдық техникалық жағдайлармен қамтамссыз етілу жағдайында (ең алдымен энергоресурстармен және көлікпен) берілген функция ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында өнімдердің рентабелділілігі мен жұртшылықтың төлем қабілеті сұранымын қамтамасыз ететін дұрыс бағаларды қою болып табылады;
- ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруді қамтамасыз ету
Бұл функция ресурстарды үнемдеу заңының жалғасы болып табылады және заңдылық базаларының жағдайына, ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесіне және басқадай сыртқы жағдайларға байланысты емес. Бұл функциялардың жеке жағдайларынан мыналар туындайды:
- өндірістік шығындарды төмендету;
- өнімдердің сапасын көтеру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің пайда табуларына жетісу;
- ғылыми – техникалық прогресті дамыту.
- шаруашылық аралық байланыстарды дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз ету. Берілген функцияның әрекеті ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруге бағытталған. Бұл функцияның сферасы тұтас агроөнеркәсіп кешенін қамтыйды (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және өткеру) сондай – ақ қоғамдық тамақтандыру, машина жасау, көлік қатынасы, байланыс ж.т.б.
- ауылдың әлеуметтік инфрақұрлымын дамытуды қамтамсыз ету және әлеуметтік проблемаларды шешу. Бұл функция ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығын қамтамасыз ету функциясы арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік проблемаларды шешу өздерін өздері жараққатандыру процесінің бір жағы «жұмысшы күшінде» қалыптастыру.
Қазақстанда нарық функцияларының еркін көрінуі шектеулі, ол мына факторларға да байланысты:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі тұтынушылар – жұртшылықтың көпшілік бөлігінің табыстарының төмен болуы. Бұл фактордың әсері қалыпты нарықтық жағдайдағыдан өнімдерді неғұрлым төмен бағамен босатуды қажет етеді.
- қуатты инвесторлар үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің
тартымдылығы жоғары емес. Бұл фактор ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуды елеулі түрде бәсеңдетуде және ауыл шаруашылығындық дақылдарды, жоғары өнімді мал тұқымдарын өсіруді және өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуді де тежеуде.
- ауыл шаруашылығы рыноктарын мемлекеттік реттеу. Ауыл
шаруашылығы өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу мен белгілі бір өнімдерді шығару мөлшерін ынталандыру әр аймақта ауыл шаруашылығы өндірісінің әртүрлі болуы табыстың да әртүрлі болуына себепші болуда, бұл ауылдағы кәсікерлердің жаңа жолдарды, табыс табудың әдістерін іздестірулерін тежейді.
- шетелдік өндірушілердің экспансиясы. Шетелдік тауар өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін артық шығарудан проблемалар туындатып, жаңа өткізу рыноктарын басқыншылықпен іздеуде, бұрынғыларын кеңейтуде.
Республика жағдайында мұндай тауар өндірушілерімен бәсекеге түсу мүмкін болмай барады.
Сөйтіп осы айтылғандардың негізінде мынандай қорытынды жасауға болады Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында нарықтық реформа елеулі қиындықпен өтеді.
Нарықтық инфрақұрылым деп рынокта тауарлардың қозғалысы мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің жүйесін айтады.
Нарықтық инфрақұрылымның құрамынан мына буындарды бөліп көрсету ұйғарылған:
- ұйымдық база – дайындаушы – қоймалаушы, жабдықтаушы – өткеруші, комиссиондық және басқадай делдал ұйымдар, тауар биржалары. Ауыл шаруашылығында нарықтық инфрақұрылымның осы буынына кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың бір бөлігі агрроөнеркәсіп кешенінің құрамында болады. Бұл буынның ұтымды дамығаны – капиталдың дивесификациясы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының осы буынның құрамына кіретін кәсіпорындармен горизонтальді интеграциясы:
- материалдық қамтуға тасымал құралдары, қоймалық және
- ыдыстар шаруашылығы, ақпараттық жүйе жатады. Ауыл шаруашылығында қамтудың бұл түрлері агрөнеркәсіп кешенінің құрамына кіреді және АӨК – нің аясында жақсы дамыды.
Несие – есептеулерді қамтамасыз ету – несиеге қаржы беретін
ұйымдар, олар қарыз береді, есептеу – касса қызметін көрсетеді және ақша қаражатының қозғалысы мен тиімді жұмсалуын қадағалайды. Есептеу – касса қызметін көрсету кәсіпкерлі қызметіндегі баяғыдан келе жатқан консервативті тәсіл.
Мұндағы өзара қатынастың жүйесі ежелден қалыптасқан және келешекте елеулі өзгерістер еңгізу болжаусыз. Қарызгерлік қатынастар банктердің жоғарғы ставкаларын ұстайды, ауыл шаруашылығына қарыз берудің жолдарын реттеу өз дәрежесінде болмады, ауыл шаруашылығы ұйымдары өз өндірістерін ұлғайтуға дәрменсіз болды.
2.4 Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғары деңгейі
Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізу инновациялық үрдістерді қолдау арқылы, ал технологиялық өзгерістерде – тауар өндірушілерге қажетті тұрмыстық жағдайлар жасау есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл үшін агроөнеркәсіпте озық технологиялар, инновациялардың жетістіктері, озат тәжрибелер туралы арнайы ақпарат тарату жүйесін қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының 2015–2020 жылдарға арналған Стратегиясы – экономика салаларын әртараптандыру, дамудың шикізаттық бағытынан гөрі өңдеу, қайта өңдеу, терең қайта өңдеу бағытына басымдылық көрсету, экономикалық қызметтерді қаржыландырудың тиімді жолдарын таңдай білу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту.
Аграрлық секторды реформалау жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің төмендеу салдарынан өнім өңдейтін кәсіпорындардың көпшілігі қалыпты жұмыс істеулерін тоқтатты, қолда бар өндірістік қуаттарын толық пайдалана алмады. Өзара шаруашылық байланыстары үзілді, тұтынушылық кооперация жүйесі бұзылды. Ауыл – селода орналасқан шағын өңдеу кәсіпорындарында, бір жағынан, өнім көлемі азайған болса, екінші жағынан оның сапасы төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, оларды сатып алу жүйесі және көтерме сауда нарқының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімін түпкілікті сатып алушыға әкелгенге дейін жолда делдалдардың көбейіп кетуі саланың тиімділігіне, ауылдық өндірушілердің табыстылығына кері әсерін тигізіп отыр.
Өнім дайындау бекеттерінің жетіспеуі, олардың жеткіліксіз деңгейде жарақтандырылуы, ауыл шаруашылығы өнімі сапасының арнайы зертханаларда бақыланбауы, тамақ өнеркәсібінің қажетті шикізатпен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ село тұрғындарының өз өнімдерін мезгілімен өткізе алмауына келеңсіз әсер етеді. Қорытып айтқанда, АӨК-не қатысушылар мен село халқының мүдделі топтарының ақпаратпен қамтылуы жеткіліксіз.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кешенді ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қолдауды одан әрі дамыту мақсатында: ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі білімді, озық технологиялар мен ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату, отандық ауыл шаруашылығы өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда жылжытуға көмек беруге қатысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алу қажет. Ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі білімді, озық технологиялар, ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату мен беру жүйесін құрып, оны дамыту. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кәсіпкерлік белсенділікті дамытудың ең маңызды элементі болып табылады. «Қазагромаркетинг» АҚ жұмыс істейтін өңірлік желісінің базасында ауыл шаруашылығы білімін, озық технологиялар, ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату мен беру жүйесін ҚР АШМ, ҚР АШМ-дің ҒЖО құрылымдық бөлімшелерін, қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерін, сондай-ақ «Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты жобаны тарта отырып құру қажет.
Жобаны іске асыру үшін білімді таратып, берумен айналысатын консультанттардың тобын тарту керек. Жобаның аудандық деңгейдегі консультанттары: өңірлердің ауыл шаруашылығы құрамдарының тиімділігінің мониторингі (мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы); ауыл шаруашылығы тауараларын өндірушілердің озық технологиялар, отандық өнімнің жетістіктерін енгізу мәселесіндегі негізгі қажеттілігін анықтау; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелер енгізу мәселесі бойынша консультация беру; іске асырылған жобалардың мониторингін жүргізу мен олардың нәтижесін ауданның аумағында тарату сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады. АШМ-дің өңірлік ҒЖО-мен отандық әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселесі бойынша өзара ықпалдасу; арнайы мамандандырылған семинарлар, конференциялар мен мәжілістер ұйымдастыру.
АӨК-де электрондық сауда жүйесін енгізу. Электрондық сауда-саттық жүйесі деп ЭСЖ-ге қатысушыларға тауарлармен және қызметтермен сауда-саттық операцияларын нақты уақыт режимінде (on-line), сондай-ақ үйлесімді режимде (on-line + off-line) жүргізуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге сауда-саттық қызметінің, кез-келген уақыт кезеңінде жүргізілген сауда операциялары, сатып алу мен сату ұсыныстарының қарқынын талдауға, жүйеге барлық қатысушылардың нақты уақыттағы сауда операцияларының нәтижелерін қарауға, сондай-ақ электрондық сауда жүйесінің (ЭСЖ) белгіленген ақпараттық ресурстары мен ҚР АШМ-ның ЭСЖ-мен байланысты басқа ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады. Жүйе республикалық және жергілікті маңыздағы атқарушы билік органдарына тауар, қызмет және жұмыс сатып алуға арналған сауда-саттық өткізу шарттары жөнінде ақпаратты интерактивтік режимде жариялауға мүмкіндік береді. Экономикалық қызметтің субъектілері сауда-саттық өткізу шарттары жөнінде жарияланған ақпаратты ұдайы жедел қол жеткізу режимінде қарауға, сондай-ақ нақты сауда-саттыққа қатысуға өз өтініштерін беруге және ұсынылатын тауар, жұмыс пен қызмет жөніндегі қажетті ақпаратты қарауға мүмкіндік алады.
Ауыл мен селоның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудың құрамдас бөлігі ауылдық аудандардың біртіндеп жергілікті басқару жүйесіне көшу. Жергілікті басқаруды өндіріске енгізудің негізгі шарты электрондық әдісті игеруге қол жеткізу.
Қорытып айтқанда, агроөнеркәсіптік кешеніне қатысушылар мен село халқының мүдделі топтарының ақпаратпен қамтылуы жеткіліксіз. Осыған орай ауылдық аумақтардың әлеуметтік саласын инновациялық жолмен дамытудың тұрақты көздерінің бірі облыстық бюджеттік қаржыландыру. Оның негізгі бағыттары: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайтарымсыз қаржылық қолдау, шаруа (фермер) қожалықтарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жәрдем жасау, мал шаруашылығын дамытуына баса назар аударту, әсіресе маркетингтік қызметтің ақпараттық жүйесін дамыту.
Сонымен, келешек жылдарда нарықтық қатынастардың онан әрі нығаюы жағдайында ауылдық аудандарда өңірлік және өңіраралық маңыздағы әлеуметтік инфрақұрылым ойдығаыдай қалыптастыралытын болады, осының арқасында елді қоныстарға әлеуметтік және инженерлік сала дамиды, демек халықтың тұрмыс деңгейі көтеріліп, ауыл мен селода қалыпты өмір сүру қалыптасады.
2.5 Саладағы нарықтық саясат
Шаруашылығы салаларында нарықтық саясат мемлекет пен айқындалады және бұл агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастырудың кейбір мәсерлерін мемлекеттік реттеуді қажет етеді.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қызметін мемлекеттік реттеуде көптеген мәселелер иерархияның барлық деңгейіндегі үкімет органдарының назарында қашанда болып келді және бола береді де.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісіне мемлекеттің экономикалық жағынан әсер, ықпал етуінің құқықтық негіздерін атап кетуге болдады.
Негізгі мәселелер болып мына мәселелер көзделген:
- агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамыту;
- Қазақстан Республикасының азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұртшылықты азық – түлікпен қамтуды жақсарту;
- ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары арасындағы экономикалық паритетті қолдау;
- ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қызметкерлерінің табыс деңгейлерін жақындату;
- агроөнеркәсіп өндірісі сферасындағы отандық тауар өндірушілерді қорғау.
Алайда күні бүгінге дейін республикада «Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» арнайы заң жоқ. Мұндай заңды дайындаудың кезі келді, онда агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары көрсетілуі керек, ол бағыттар мыналар:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің, шикізат пен азық – түлік рыногын құрып, қалыптастыру және жұмыс істеу;
- қаржыландыру, несие беру, қауіпсіздендіру, салықты жеңілдетіп салу;
- агроөнеркәсіп өндірісі сферасында ғылымды дамыту және ғылыми қызметті жүзеге асыру;
- ауылдың әлеуметтік сферасын дамыту.
Агроөнеркәсіп өндірісіті мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін барлық деңгейді және бюджеттен тыс көздер де пайдаланылуы мүмкін.
«Қаржылық лизинг туралы», Қазақстан Республикасының 1.06.2002 ж. бойынша Заңда әртүрлі бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудың бағыттары айқындалған, атап айтқанда:
- мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жаңа техникалар мен қондырғыларды, сортты тұқымдар мен асыл тұқымды мал алуды қоса алғандағы инвестиционалдық қызметті қолдау;
- топырақтың құнарлылығын арттыру, мемлюративтік шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік меморативтік жүйені аяқтап, ұстау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күрес жұмыстарын жүргізу, малдың қауіпті жұқпалы ауруларын жою;
- агроөнеркәсіп өңдірісі сферасына несие беру және оны қауіпсіздендіру;
- материалдық ресурстар мен энергия жеткізуге кеткен шығындардың бір бөлігін жабу (компенсация төлеу), асыл тұқымды мал шаруашылығын, элитті тұқым шаруашылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының гибридті тұқымдарын өндіруде қолдауға дотация беру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктер рыноктарын дамыту мен қолдау;
- агроөнеркәсіп өндірісі салаларында мамандар даярлауды ұйымдастыру;
- нақты бағыттары мен қаржыландырудың Қазақстан Республикасының үкіметі бекіте алатын дотациялар мен компенсациялардың басқа да түрлерін ойластыру.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктердің рыноктарын тұрақтандыру үшін мемлекет сатып алудың және тауарларды реттеудің интервенциясын жүзеге асырады.
Сатып алу интервенциялары ауыл шаруашылығы өнімдеріне, шикізатқа және азық – түлікке нарықтық бағалар ең аз деңгейден де төмен түскенде, немесе агроөнеркәсіп өндірісіндегі тауар өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізат пен азық – түліктерін сұранымның азаюынан өткізе алмауларынан барып жүзеге асырылады.
Тауар интервенциялары нарықта ауыл шаруашылығы өнімдеріне, шикізат пен азық – түлікке, сондай – ақ бағалардың рыноктағы ең жоғары деңгейлерінен асып кеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Бақылау сұрақтары
1. Нарықтық экономика дегенім не?
2. Бизнес ұғымына тоқталу
3. Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы жөнінде не білесіз?
4. Жеке іскерлік қызметтің түрлерін ата?
5. Кәсіпкерліктің түрлерін атап бер?
6. Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін не қажет?
7. Нарықтық реформалардың мәлiметтерiнiң ерекшелiктерiн ата?
8. Нарыққа өткелдiң логикасы жөнінде не айтасың?
9. Нарықтық шаруашылыққа өтудiң қандай шарттары бар?