3.1 Агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы кешені ашық та біртұтас жүйе болып табылады, ол өзара байланыстағы құрылым құрушы элементтерден тұрады, олардың әрқайсысы өзінің ғана емес тұтас жүйенің дамуына әсер етеді. Жүйенің мұндай ашықтығы осы ортаға қатынастың іштей де (микро), және сырттай да болуына елеулі ықпал етеді. Алайда экономикалық дамудың әр кезеңінде ортаның әсері әрқилы болуы мүмкін. Сондықтан халық шаруашылығы кешенін алға бастыру ең алдымен оның өзін өзі реттеуі мен басқарудың механизмі қаншалықты дұрыс болатындығына байланысты.
Нарықтық экономиканың өзіне тән сипаты мынада: етер әсері жағынан ішкі ортаға қарағанда сыртқы ортаның әсері артық болады, бұл қазіргі қазақстандық жағдайда тіпті ерекше.
Бұрын жабық болып келген экономиканың енді бүкіләлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіне ене бастауы, оның кеңейіп тереңдей түсуі, сыртқы ортаның әсері мен маңыздылығы факторларының ұлғаюы әрине бәрін жете білуді қиындатады және әртүрлі тәуекелге баруға алып келеді.
Осындай жағдайда оның тұтастығын сақтай отырып халық шаруашылығы кешенінің барлық элементтерінің өзара қатынаста қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету олардың құрылым түзеуші әр элементінің орны мен рөлін анықтаудың жаңаша, сапалық тұрғыдан келуді қажет етеді. Халық шаруашылығы кешенінің барлық құрылым түзеуші элементтерінің арасындағы объективті өзара байланыс пен өзара тәуелділікті ескермеу және есептемеу кешеннің ретті дамуына, өзін өзі қалыптастыру циклінің бұзылуына, құрылымдық ілгерілеудің бәсендеуіне әкеліп соғады.
Еліміздің халық шаруашылығы кешенінің құрылым түзеуші кез келген элементіне түсетін жүктің мөлшері қоғамдық өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісіне қарай анықталады.
Көптеген ірі мемлекеттердің экономикасында бірнеше салааралық кешендер бар, олардың негізгілері мыналар:
- отын – энергетикалық кешен (бұған қуат беретін және оны
- пайдаланатын генераторлар, энергетикалық ресурстарды алу және өңдеу, соңғы тұтынушыларға электр қуатын және жылуды диспетчерлік жолмен жеткізу);
- орман өндірісі кешені (ағаштарды өсіру, дайындау, алғашқы
- өңдеуден өткізу және өткізу);
- агро өнеркәсіп кешені (АӨК).
Аграрлық сектор (ауыл шаруашылығы) кез келген елдің экономикасында ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығына айрықша орын берілетіндігі адамдардың өмір сүрулеріне қажетті азық – түліктерді өндіретіндігі және жұмысшы күштерін толықтыратындығы, өндірістік емес тұтынатын тауарлар мен азық түліктерді және өндірістік мақсаттағы өнімдерді өндіретіндігі. Шын мәнінде ауыл шаруашылығының даму деңгейі көп ретте елдің экономикалық деңгейін анықтайды.
Қазақстан Республикасы ежелден аграрлы ел болып есептеледі. Әртүрлі себептерге байланысты еңбек етуге қабілетті жұрттың, ауыл шаруашылығындағы үлесі ХХІ ғасырдың басында 10 %-ке дейін кеміп кетті. Бұл жерде негізгі рөлді мемлекеттің саясаты ретінде жарияланған өнеркәсіпті индустриализациялау факторы атқарды, сөйтіп еңбекке жарамды ауыл тұрғындары жоғары ақы төленетін және келешегі үлкен салаларға ағылды.
Аграрлық экономиканың екі мағынада ұғымы бар. Тар ауқымда алғанда бұл кәдімгі ауыл шаруашылығы, яғни азық – түлік өнімдері мен өңдеуші салаларға шикізаттардың кейбір түрін береді. Осы секторда жүзеге асырылатын технологиялық процестер егіншілік пен малшаруашылығы өнімдерін өткізгенге дейін өндірумен шектеледі.
Елуінші жылдардың басында ғылыми және өндірістік түсінігімізге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, оны сақтаумен, өңдеумен және тұтынушыларға жеткізумен шұғылданатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы деген ұғым беретін агроөнеркәсіп кешені (АӨК) деген атау енді.
Қазіргі кезде А. И. Алтухованың, В. А. Кундиустың пікір- лерінше (2004 жылы) негізінен төрт түрлі сфераны бөліп көрсеткен оңтайлы:
- біріншісі – ауыл шаруашылығына өндіріс құрал жабдықтарын
- жеткізумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын кәсіпорындар мен бірлестіктер;
- екіншісі – ауыл шаруашылығының өзі;
- үшіншісі - өнімдерді сақтаумен, өңдеумен және оны өткізумен шұғылданатын кәсіпорындар;
- төртіншісі – ғылми танымдық мекемелердің, мамандандырылған кеңес беретін, ғылми – зерттеулер жүргізетін, жаңалықтарды енгізетін орталықтар, ақпараттық және мониторингтік қызметтер, мәдени ұйымдар.
АӨК – нің әр сферасындағы салалар мен кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудегі үлестері мен оның көлемін жуықтатып қана анықтауға болады. Бұл мәселен ауыл шаруашылығына қызмет ететін кәсіпорындар (бірінші сфера) көпжақты болып келеді, олар ауыл шаруашылығына қатысты емес салаларға да өнімдер дайындайды. Ал сауда ұйымдары (үшінші сфера) ауыл шаруашылығы өндірісінен басқалардың да өнімдерін саудалайды. Ал екінші сфераны алатын болсақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір көп бөлегі жеке меншіктегі қосалқы шаруашылықтарда өндіріліп жүр. өз қажеттерін өтеу үшін жұртшылықтың өндірген өнімдері мен оның құнын дәлдікпен айту мүмкін емес – бұл үшін бағалаудың жанама әдістері қолданылады, ол тұтыну қажеттілігінің шамасы және т.б.
АӨК – нің барлық салаларының өнімдерінің көлемін тек біржақты ғана, осы кешенде ғана дайындалған және пайдаланылғанын анықтауға болады. Мысалы бірінші сфера үшін бұл арнаулы техникаларды, айталық астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбаиндер, үшінші сфера үшін – элеваторлар және сол тектес құрылыстар, бұларда ауыл шаруашылығындық емес өнімдерді сақтауға болмайды.
Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасына өнеркәсіп өндірісінің мына салалары жатады:
- тракторлар мен ауылшаруашылығы машиналарын шығару;
- мал шаруашылығы үшін машиналар шығару;
- тамақ өнеркәсібі үшін машиналар шығару;
- минералды тынайтқыштар өндіру;
- микробиология өнеркәсібі;
- химиялық тынайтқыштар мен өсімдікті қорғайтын басқа да
- нәрселерді өндіру;
- селолық құрылыстар;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы негізгі құрал жабдықтарды және т.б. жөндеу және техникалық күтім жасау.
Екінші сфераның ауыл шаруашылығының жалпы өнімдеріндегі үлес салмағы меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алған инвестицияларына және амортизациялық есептеулеріне қарай анықталады. Мамандардың бағалаулары бойынша бірінші сфераның ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің алтыдан бірден бестен біріне дейін алады. Бұл сферада айналымға түспейтін активтердің 15 тен 20 пайызына дейінгісі бар.
Агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасы сол өзінің ауыл шаруашылығы. Бұл сферада кешеннің өндірістік потенциалы мен еңбек ресурстарының басым бөлегі пайдаланылады. АӨК – нің екінші сферасындағы салалар өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларының диспоритеті, сондай – ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарымен қатынастарының реттелмеуі бірінші сферада түпкілікті өнім құнын төмендетуге әкеліп соқтыруда – қазір бұл пайыз жартысынан аспайды.
АӨК – нің екінші сферасы екі саладан тұрады: егіншілік және мал шаруашылығы; бұлардың әрқайсысында бірнеше сала бар:
Өсімдік шаруашылығында мынандай салалар бар:
- астық шаруашылығы;
- көкөніс шаруашылығы;
- жемшөп өндірісі;
- қант қызылшасын өсіру;
- картоп өсіру;
- кендір өсіру;
- жүзім шаруашылығы;
- бақша шаруашылығы және т.б.
Мал шаруашылығының салалары:
- етті ірі қара шаруашылығы;
- қой шаруашылығы мен ешкі өсіру;
- жылқы шаруашылығы;
- құс шаруашылығы;
- шошқа өсіру шаруашылығы;
- түйе шаруашылығы;
- үй қоянын өсіру;
- балық шаруашылығы және т.б. Игеру әдістемелеріне қарай АӨК-нің бірінші сферасында 80 – ге дейін қосымша салалар бар.
Агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасына ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен, өңдеумен, тасымалдаумен және өткерумен шұғылданатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді:
Оларға мына салалар кіреді:
- сүт өндейтін;
- ет өндейтін;
- дәмдендіруші шығаратын;
- тоқыма;
- аяқ киім;
- көлік қызметі;
- сауда қызметі және т.б.
Көріп отырғанымыздай үшінші сферадағы салалардың көп бөлегі сан қырлы. Мысалы жүк таситын көлік ауыл шаруашылығындық жүктер жоқ болса басқадай жүктерді тасуға арналып жабдықталады; тоқыма өнеркәсібі импортты шикізатпен, ол аяқкиім синтетикалық заттармен де шығарыла береді. Сондықтан аталған салаларды АӨК – нің құрамына жеткілікті дәрежеде рентабельді болғанда енгізуге болады. Басқа жағынан алғанда ауыл шаруашылығы кәсіпорыны үшінші сфераның өзіне сай болатынын таңдай алатындығы шектеулі. Бұл сатып алу бағасын негізсіз төмендетуге және келісім – шарттың текстісіне өндіруші – кәсіпорнынан гөрі қызмет көрсететін кәсіпорынға тиімдірек болатын анықтамалар енгізуге алып келеді.
Агроөнеркәсіп кешенінің төртінші сферасына аграрлық колледждер мен университеттердің ғылми – танымдық кешендері, мамандандырылған кеңес беруші, ғылми – зерттеулер мен оқу ақпараттық орталықтар және мониторингтік қызмет, мәдениетті ұйымдастыратын ұйымдар жатады.
Бақылау сұрақтары
1. Нарықтық экономиканың өзіне тән сипатын атап бер?
2. Аграрлық экономиканың екі мағынасын айтып бер?
3. АӨК – нің әр сферасындағы салалардың түрлерін ата?
4. АӨК – нің екінші сферасы екі саладан тұрады. Қандай?
5. Агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасын атап бер?
6. Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғары деңгейіне қалай қол жеткізу керек?
7. Нарықтық реформалардың мәлiметтерiнiң ерекшелiктерiн ата
8. Нарыққа өткелдiң логикасы қандай?
9. Нарықтық шаруашылыққа өтудiң қандай шарттары бар?