Павлодар, 2021

Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі


4.1 Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттары

Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттарының бірі өндірістің жеке бір саласының, сондай тұтас саланың экономикалық тиімділігін анықтау болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін бағалауда «ақырғы өнім» деген ұғымды түсіну керек, ол тұтас алғанда анықтаушы маңызға ие. Оның өнеркәсіптік өндірістің барлық салаларына қатысты мәні бар, ол ішкі тұтыну жағын шегеріп тастағандағы жалпы кешеннің өндірген өнімдерінің құнын көрсетеді. АӨК – тің өңдеуші салаларындағы ақырғы өнімнің құнын есептеген кезде өңдеуге жіберілетін ауыл шаруашылығы шикізаттарының құны есепке алынбайды, тек қана қайта өндейтін сала шығарған дайын өнімдердің құны ғана есепке алынады.

АӨК – нің өнімдері іс жүзінде технологиялық циклдің кез келген стадиясында өткерілуі мүмкін. Мәселен, егіншілік саласының өнімдері алынған күйінде (астық, жеміс – жидек және т.б.) өткізілуі мүмкін, алғашқы өңдеуден өткізгеннен кейін (мысалы құрама жем) малды бордақылауға, одан кейін ол мал союға және қайта өңдеуге және т.б. жіберіледі. Сөйтіп ақырғы өнімнің құрамына мыналар кіреді:

- АӨК-нің бірінші сферасындағы салалардың және қосымша салалардың өнімдері;

- АӨК – нің үшінші сферасындағы қайта өндейтін салалардың өнімдері;

- өндірілген мүліктердің өнімдері немесе АӨК-нің бірінші сферасындағы кәсіпорындар орындаған жұмыстар немесе көрсеткен қызметтер. Бұл АӨК-нің бірінші сферасында әдетте ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар өндірілетінін көрсетеді, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарына (өткеру құндарын анықтауға) амортизациялық аударулардың көлемі кіреді. Сөйтіп мұндай мүліктерге ішкі тұтынудың сапасы жағынан қарағанда негізгі қорлардың амортизациясын және басқадай айналымнан тыс активтердің амортизациясын кіргізеді;

- саудалық үстеме баға қою, делдалдарды марапаттау, көлік ұйымдарының қызметтерінің және басқадай өндіріс пен шаруашылықтардың істеріне қарай жүргізіледі.

Салалардың пропорцияны анықтау және басқарушылық шешімдерді мемлекеттік, сондай – ақ салалық деңгейде шешу үшін «ақырғы өнімнің құрылымы» деген ұғым пайдаланылады. Бұл ұғым ақырғы өнімнің құрылымында әр саланың өнімдерінің үлес салмақтары қандай екенін көрсетеді.

Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі мына қатынас бойынша бағаланады:

- ақырғы өнімнің құны – ақырғы өнімді өндіруге жұмсалған шығын (ішкі тұтынуға пайдаланылған өнімге жұмсалған шығынды есептемегенде) яғни, ақырғы өнімнің құны – негізгі өндірістік қорлардың құны.

Экономикалық тиімділігімен қатар агроөнеркәсіп кешенінің әлеуметтік тиімділігін де анықтау қажеттілігі туды. АӨК-нің барлық сферасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізінен ауылдық жерлерде графикалық шектері нақты айқындалған аудандарда болғандықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары орналасқан жерлерде жұмыспен қамтылу жағы да артатынын әлеуметтік тиімділікті анықтайтын көрсеткіш деп қарау керек. Қосымша көрсеткіштер ретінде еңбек ресурстары бойынша (жұмысшылар, басқарудағы адамдар және т.б.) және мамандық бойынша жұмыссыздықты азайту жағы да еске алынады. Бұған керекті деректер жергілікті әкімшіліктерден алынады.

Бұдан басқа әлеуметтік тиімділіктің көрсеткіштері болып мыналар да табылады:

- қызметкерлердің сырқаттануларын азайту – бұл кәсіпорындардың бухгалтерлік есептерінен немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан алынады;

- өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауруларды азайту – бұл

- ақпараттар да содан алынады;

- автоматтандыру деңгейін көтеру және жұмыстың кейбір түрлерін кешенді механикаландыру;

- әйелдер және т.б. шұғылданатын жұмыс орындарында қол еңбегін қысқарту.

Тиімділік көрсеткіштерінің толық тізбесі әлеуметтік экономика курсында оқытылады.

Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізу инновациялық үрдістерді қолдау арқылы, ал технологиялық өзгерістерде – тауар өндірушілерге қажетті тұрмыстық жағдайлар жасау есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл үшін агроөнеркәсіпте озық технологиялар, инновациялардың жетістіктері, озат тәжрибелер туралы арнайы ақпарат тарату жүйесін қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының 2015-2020 жылдарға арналған Стратегиясы – экономика салаларын әртараптандыру, дамудың шикізаттық бағытынан гөрі өңдеу, қайта өңдеу, терең қайта өңдеу бағытына басымдылық көрсету, экономикалық қызметтерді қаржыландырудың тиімді жолдарын таңдай білу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту.

Аграрлық секторды реформалау жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің төмендеу салдарынан өнім өңдейтін кәсіпорындардың көпшілігі қалыпты жұмыс істеулерін тоқтатты, қолда бар өндірістік қуаттарын толық пайдалана алмады. Өзара шаруашылық байланыстары үзілді, тұтынушылық кооперация жүйесі бұзылды. Ауыл – селода орналасқан шағын өңдеу кәсіпорындарында, бір жағынан, өнім көлемі азайған болса, екінші жағынан оның сапасы төмендеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, оларды сатып алу жүйесі және көтерме сауда нарқының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімін түпкілікті сатып алушыға әкелгенге дейін жолда делдалдардың көбейіп кетуі саланың тиімділігіне, ауылдық өндірушілердің табыстылығына кері әсерін тигізіп отыр.

АӨК-де электрондық сауда жүйесін енгізу. Электрондық сауда-саттық жүйесі деп ЭСЖ-ге қатысушыларға тауарлармен және қызметтермен сауда-саттық операцияларын нақты уақыт режимінде (on-line), сондай-ақ үйлесімді режимде (on-line + off-line) жүргізуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге сауда-саттық қызметінің, кез-келген уақыт кезеңінде жүргізілген сауда операциялары, сатып алу мен сату ұсыныстарының қарқынын талдауға, жүйеге барлық қатысушылардың нақты уақыттағы сауда операцияларының нәтижелерін қарауға, сондай-ақ электрондық сауда жүйесінің (ЭСЖ) белгіленген ақпараттық ресурстары мен ҚР АШМ-ның ЭСЖ-мен байланысты басқа ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады. Жүйе республикалық және жергілікті маңыздағы атқарушы билік органдарына тауар, қызмет және жұмыс сатып алуға арналған сауда-саттық өткізу шарттары жөнінде ақпаратты интерактивтік режимде жариялауға мүмкіндік береді. Экономикалық қызметтің субъектілері сауда-саттық өткізу шарттары жөнінде жарияланған ақпаратты ұдайы жедел қол жеткізу режимінде қарауға, сондай-ақ нақты сауда-саттыққа қатысуға өз өтініштерін беруге және ұсынылатын тауар, жұмыс пен қызмет жөніндегі қажетті ақпаратты қарауға мүмкіндік алады.

Ауыл мен селоның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудың құрамдас бөлігі ауылдық аудандардың біртіндеп жергілікті басқару жүйесіне көшу. Жергілікті басқаруды өндіріске енгізудің негізгі шарты электрондық әдісті игеруге қол жеткізу.

Қорытып айтқанда, агроөнеркәсіптік кешеніне қатысушылар мен село халқының мүдделі топтарының ақпаратпен қамтылуы жеткіліксіз. Осыған орай ауылдық аумақтардың әлеуметтік саласын инновациялық жолмен дамытудың тұрақты көздерінің бірі облыстық бюджеттік қаржыландыру. Оның негізгі бағыттары: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайтарымсыз қаржылық қолдау, шаруа (фермер) қожалықтарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жәрдем жасау, мал шаруашылығын дамытуына баса назар аударту, әсіресе маркетингтік қызметтің ақпараттық жүйесін дамыту.

Сонымен, келешек жылдарда нарықтық қатынастардың онан әрі нығаюы жағдайында ауылдық аудандарда өңірлік және өңіраралық маңыздағы әлеуметтік инфрақұрылым ойдығаыдай қалыптастыралытын болады, осының арқасында елді қоныстарға әлеуметтік және инженерлік сала дамиды, демек халықтың тұрмыс деңгейі көтеріліп, ауыл мен селода қалыпты өмір сүру қалыптасады.


Бақылау сұрақтары


1. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына қандай сфералар кіреді?

2. АӨК-нің бірінші сферасына тиянақты сипаттама берініз.

3. АӨК-нің үшінші сферасының негізгі функциялары қандай?

4. Ғылыми зерттеулердің үшінші сферасының функциялары зерттеуде қай әдіс негізгі болып табылады?

5. Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттарын атап бер?

6. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін?

7. Бұдан басқа әлеуметтік тиімділіктің қандай көрсеткіштерін білесің?

8. АӨК-де электрондық сауда-саттық жүйесі жөнінде не білесің?

9. Ауыл мен селоның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудың құрамдас бөлігін ата?