Павлодар, 2021

Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі


Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы экономикасының саласы ретінде кез келген экономикалық жүйеге және кез келген өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарға тән негізгі экономикалық заңдарға бағынады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында экономикалық және шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық өзгешеліктерін, еңбек, өндірістік және жер ресурстарын орналастырудың ерекшеліктерін ескеру керек.

Бұл ерекшеліктер туралы неғұрлым анық түсінікті негізгі макроэкономикалық ұғымдарды және олардың ауыл шаруашылығында көрінуіне қарай отырып алуға болады.

Өндірісті жандандыру (воспроизводства) – бұл жұмысшы күші мен өндіріс жабдықтарын, сондай – ақ табиғи ресурстарды үнемі жаңартып отыру. Онымен бір мезгілде адамдар арасындағы қатынастар да жаңарып отырады, өйткені бұлар өндірістің экономикалық формалары.

Бұлайша айқындау өндірістің кез келген салаға және кез келген қоғамдық – экономикалық кезеңге (формацияға) тән. Ауыл шаруашылығында өндірісті жандандыруды жүзеге асырудың ерекшелігі мынада: басқа салалармен салыстырғанда мұнда табиғи – биологиялық жүйені – жерлерді, өсімдіктерді және малды яғни бәрін де жандандыру керек. Сөйтіп, қоғамдық - өндірістік қатынастардың бұл сферасында неғұрлым маңызды болып техниканың, биологияның, экономиканың және экологияның тұтастығы болып табылады.

Қайта жандандырудың екі түрі бар – жай және кеңейтілген.

Жай қайта жандандыруда өндірілген өнімнің мөлшері мен оның сапасы кейін келетін әр циклда сол өзгермеген күйінде қалады. Бұл өз кезегінде өндіріс факторларын өзгеріссіз қалдырады. Барлық қосымша өнім, егер ол өндірілсе, сол өндірушінің тұтынуы мақсатында жұмсалады. Таза тұрғыда алғанда жай қайта жандандыру, әсіресе ауыл шаруашылығында тек теориялық сипатқа ие. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жердің құнарлылығын арттыруға байланысты және климат жағдайына елеулі тәуелді. Осындай жағдайда алдын ала жасалған болжамдардың әр жолы да өндірістік қайта жандандыру кезеңі (маусымы) аяқталған кездегі нәтижеге сай келуі мүмкін емес. Мұндай қайта жандандыруды, яғни қосымша алынған барлық азық – түлік өздерінің тұтынуларына жұмсалса да жай қайта жандандыруға жатқызуға болмайды. Аграрлық экономика үшін алынған қосымша өнім өз өндірісінің тиімділігіне ғана емес, бірқатар сыртқы факторларға байланысты.

Кеңейтіп қайта жарақтандыруды жүзеге асырудың екі әдісі бар, олар экстенсифті және интенсифті.

Экстенсифті әдіс еңбек құрал жабдықтарын сан жағынан ұлғайту. Ауыл шаруашылығына қатысты бұл – егіс алқаптарын кеңейту; мал санын өсіру; өңдеуші өнеркісіп үшін - өндірістік қуаттарды күшейту; өткеруді жақсарту үшін – сауда алаңдарын кеңейту, жаңа тұтынушылар табу және олармен шаруашылық қатынастарын ұйымдастыру.

Ауыл шаруашылығында қайта жаңартудың экстенсифті әдісінің жарқын бір мысалы болып 50 – жылдардың ортасында жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру болып табылады. Салыстырмалы түрде жаңа игерілген алқаптардың түсімділігі төмен болғанымен ССРО сол тұстағы азық – түлік проблемаларын шешу мүмкін болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысқан, соған жақын болған ауылдың әр еңбеккері жыл аяғында бұрын түсіне де кірмеген мөлшерде астық және басқадай өнімдер алды.

Аграрлық секторда (әсіресе егіншілікте) экстенсифті әдістің резервтері елеулі шектеулі. Алайда осы кезде оның резервтері бар. Елде жүргізілген аграрлық реформаның кейбір ағаттықтарының салдарынан жердің көпшілігі (бірінші кезекте колхоздар мен софхоздар таратылған кезде паи ретінде алынған жерлер) пайдаланылмайды немесе мақсатында пайдаланылмайды. Оларды ауыл шаруашылығы айналымына қосу белгілі бір шығын, оның ішінде қаржылай да жұмсауды қажет етеді. Мал шаруашылығында экстенсифті әдісті қолданудың жақсы мүмкіндіктері бар болғанымен мемлекеттің саясаты бір бағытпен жалғаспай, тауар өндірушілер аумалы төкпелі жайыттарға тап болып мал шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру төмен рентабельді немесе мүлде зиянды болды. Бұл мал басының барлық түліктен күрт көбеюіне алып келді. өңдірістік алаңдар да (комплекстер, қора жайлар және т.б.) толықтай немесе ішінара жойылды. Осындай жәйіттер жергілікті жерлердегі қайтаөңдеуші өнеркәсіп орындарында да орын алды.

Интенсифті әдіс үшін ақырғы өнімдердің саны мен сапасын көтеруге көмектесетін өндірістік процестің сапалық сипаттарын арттыру жағы тән. өнімдердің сапасын жақсарту сондай – ақ өндірісті кеңейту де болып табылады, өйткені сандық көлемдері жағынан бірдей болғанымен сапалырақ өнімдердің құндылық бағалары жоғары болады. Бұл әдістің бағдарлану сапасы жайына келсек ол еңбек өнімділігін арттырушы да бола алады. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің деңгейі тек объективті емес, сондай – ақ субъективті факторларға да байланысты. Сондықтан қызметкерлердің мамандықтарын көтеруге, механикаландыру және кешенді механикаландыруға, өсімдік шаруашылығында қолайсыз климат жағдайларында, мал шаруашылығында эпизоотия болғанда жұмсалған шығындар қайтарымын береді. Көп қаражаттық шығындарды талап ететін әлгіндей шараларды жүргізу қажет те екенін ұмытпаған абзал.

Кеңейтілген қайта жандандырудың ауыл шаруашылығында қолданылатын интенсифті әдісінің басқа бағыттарына өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру, мал шаруашылығында малдың өнімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі жағдайда бұл мақсаттарға жету оңай емес, өйткені дақылдардың түсімділігін көтеру өндірілген минеральды тыңайтқыштардың мөлшері мен сапасына, ал малдың өнімділігін арттыру жемшөптің мөлшері мен сапасына, малдың қажеттіліктері теңдестірілген (балансиндарылған) азық түрлерімен азықтандырылуына және т.б. байланысты, өкінішке орай соңғы кезде бұларға назар аз аударылуда. Әлгілерден басқа интенсификацияға элитті тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыруды жатқызуға болады. Алайда бұл шаралар түбегейлі зерттеулерді жүргізуді қажет етеді, оған көп қаржы керек. Зерттеулерді жеке шаруашылықтың немесе бір өңірдегі ауылшаруашылығы басқармасының аясында жүргізу нәтиже бермейді. Бұл шаралар мезо және микродеңгейде жүргізіліп ғылыми жағынан қамтамасыз етіліп, ғылми жағынан жетекшілік жасалып отырылуы тиіс.

Ауыл шаруашылығындағы өндіріс жағдайы өнеркәсіп өндіріс жағдайынан елеулі өзгеше, ауылдық жерлерде тұрудың жайы көптеген элементтер бойынша қалада тұрудың жайымен салыстыруға келмейді. Осының бәрі қызметкерледі қосымша ынталандыру және әлеуметтік сфераға қосымша шығын жұмсауды қажет етеді.

Бухгалтерлік есеп деңгейіндегі ерекшелік және мүлікті бағалау нәтижесі өндірілген өнімнің бір бөлегі ақша түріне айналмайтынын, сол тауар - өнім түрінде (мысалы тұқымдық материал) қайта жандандыру үшін қалатындығын көрсетеді. Солай бола тұрса да бухгалтерлік есеп, салық беру және басқаруға қатысты шешімдер қабылдау үшін ондай қорлардың ақшалай бағалануы керек.

Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өндірісі басқа өндірістік салалардан тұтас элементтері бойынша ерекшеленеді. Бұл өзгешеліктерді қайта жарақтандыру процесін ұйымдастырған кезде және түрлерді таңдағанда және капиталды аграрлық секторда пайдаланудың бағыттарын таңдағанда ескеру керек.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің бұлардан басқа да ерекшеліктері бар, олар жайында алдағы тақырыптарда айтылатын болады.


Бақылау сұрақтары


1. Халық шаруашылығы саласы деген не?

2. Халық шаруашылығын салалық дифференциялау неден туындады?

3. Бір саланы екіншісінен қандай сандық көрсеткіштер бөледі?

4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі ерекшеліктері қандай?

5. Нарықтық механизм деген не?

6. Рыноктар қандай белгілер бойынша классификацияланады?

7. Агроөнеркәсіп кешенінде нарықтың қандай түрлері

8. Нарықтық инфрақұрылым деген не?

9. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін ата?