7.1 Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі
Экономикалық тиімділікпен және шаруақорлықпен, ең алдымен жерді пайдалануға жетісу ұтымды ұйымдастырудың есебінен және территорияны меншіктің әртүрлі формаларындағы шаруашылықтардың пайдалануларымен, ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырумен, жер және мал шаруашылығын табиғи – шаруашылық зоналары және микрозоналары бойынша орналастырудың дұрыстығымен айқындалады, бұл қазіргі кезде рыноктың қалыптасу және даму кезеңінде бұрынғыдан де көкейкесті болуда.
Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың экономикалық тиімділігі өзіне сол күйіндегі жүйе мен құндылық көрсеткіштерді қоса алады. Экономикалық тиімділікті анықтау қабылданған басқарушылық шешімдердің дұрыстығын бағалау үшін (республикалық және салалық деңгейде), сондай – ақ ауыл шаруашылығы өндірісін онан әрі рационализациялау үшін керек. Ауыл шаруашылығы қызметінің қаржылық көрсеткіштерін және табыстылығын көтеру үшін қажет.
Орналастырудың тиімділігін анықтауда қолданылатын нақты көрсеткіштер жүйесіне мыналар жатады:
1) өсімдік шаруашылығында:
- экономикалық аудандар мен аймақтар бойынша кейбір өндірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты көлемдерінің үлес салмағы;
- негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі; егіс алқаптарының пайдалану дәрежесі;
- ауыл шаруашылығындық алқаптардың ел аумағының жалпы ауданына қатынасындағы үлес салмағы;
- дақылдардың бір түрі бойынша егіс алқабының бір өлшем ауданына енгізілетін минералды тыңайтқыштардың мөлшері;
- рентабельді ауылшаруашылығындық кәсіпорындардың саны және олардың санының рентабельділігі аз, рентабельді емес және зияндыларының сандарына қатынасы;
- суландыру (мелиорация) шараларының көлемі – нақты көрсеткіштер (құрғатылған жерлердің ауданы, суландыру каналдарының ұзындығы және т.б.);
- негізгі ауылшаруашылығындық дақылдарды өндірудің динамикасы;
- өздерінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдермен аймақтың өздерін қамтудың дәрежесі.
2) 2) мал шаруашылығында:
- бір сиырдан сауылған сүт мөлшері;
- бір мекиеннен алынған жұмыртқа саны;
- сойылған әр малдан (тұқымына қарай) алынған ет;
- өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің бір түрінің ел бойынша жалпы өндірілгеннің ішіндегі үлес салмағы;
- осы экономикалық ауданда немесе аймақта жемшөппен қамту жағы және т.б.
Тиімділіктің нақты көрсеткіштерімен қатар құндылық көрсетіштері де кеңінен қолданылады. Бұлар:
1) жекеленген артық – адыс өнімдердің мөлшері (өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да);
2) аймақтың немесе экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы ұйымдарының алған жалпы пайдалары;
3) жекеленген өнімдердің орташа рентабельділігі;
4) ауыл шаруашылығында шұғылданатын әр еңбеккердің орташа табысы;
5) күрделі қаржылардың мөлшері мен тиімділігі;
6) ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау үшін территорияның орталығынан бағытталған субсидиялардың және трансферттердің динамикасы және т.б. Аграрлық өндірістегі материалдық ресурстар түсінігі. Аграрлық өндірісті шоғырландыру түсінігі, принциптері, формалары және бағыттары, шаруашылықаралық кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция. Ауыл шаруашылығындағы интеграция түрлері. Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын ұтымды орналастырудың әлеуметтік маңызын мына көрсеткіштердің:
- жұмыссыздықты қысқарту және ауылдық жерлерде тұратын жұрттың еңбекпен шұғылдануларын көбейтуге;
- ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған жаңа жұмыс орындарын құруға;
- мамандықтары, шеберліктері және жас ерекшеліктері бойынша бөлінетін еңбекке қабілетті тұрғындарды барынша пайдаланудың мүмкіндіктерін қолдануға;
- еңбек етуге қабілетті жұрттың көшіп қонуын азайтуға;
- әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың нәтижесінде ауыл тұрғындарының жалпы өмір сүру деңгейін жақсартуға;
- өндірістік және сауда қызметтеріне қарай салаларды орналастырудың әсер етуіне (кейбір бағалау бойынша жаңадан ауыл шаруашылығында жаңадан ашылған әр жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді) қарай бағалайды.
7.2 Нарық айырбастау сферасындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастар
Нарық айырбастау сферасындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде айқындалады, ол арқылы тауарлық өнімдерді өткеру жүзеге асырылады және оған жұмсалған еңбектің қоғамдық сипаты түпкілікті мойындалады. Сөйтіп нарықтық (капиталистік) экономика, жоспарлармен социалистік экономика жағдайларында да қанат жаяды. Ал айырмашылығына келетін болсақ нарықтық экономика жағдайында айырбастау тікелей өндірушілер мен тұтынушылардың арасында, ал жоспарлы экономикада бұл процеске мемлекет қатысады.
Дамыған елдердің ауыл шаруашылығына мемлекеттің қатысы белгілі бір деңгейде ғана болады, ол мемлекеттің өнеркәсіп пен сауда салаларына қатысындай болмайды. Алайда нарықтық жағдайда алмасу процесіне қатысушылардың экономикалық еркіндіктері елеулі түрде кең - өндіруші шығаратын ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрамдары мен құрылымдарын өзі таңдап алады, жеткізушілер материалдық техникалық ресурстары және өткеру бағаларын, ал сатып алушылар жеткізушілерін өздері таңдайды.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі қазірігі жағдайда негізгі үш фактормен анықталады:
- біріншіден барлық экономиканың нарықтық қатынастарға көшірілуімен. Мұндай жағдайда бұрынғы шаруашылықарлық байланыстар бұзылады, ал жаңаларын құру тауар – ақша қатынастарына негізделеді және тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорнына жүктеледі.
- екіншіден, ауыл шаруашылығын бұрынғы жүйе бойынша басқарудың тиімді болмауынан, яғни өндірістің ауыл шаруашылығы өндірістерінің көлемі мен құрылымдарын таңдауда экономикалық еркіндік шектеулі болды;
- үшіншіден, ауыл шаруашылығын толықтай қолдау үшін мемлекеттің мүмкіндігі жоқтығы (бюджеттік қаражат), сөйтіп сала жоспарлы рентабелділікке жету үшін өнімдерді жұмсалған шығындардан аса көп өндіре алмайды.
Әлемдік тәжірбие мынаны көрсетеді, шаруашылықты жаңа формамен жүргізу үлкен ұйымдық өзгерістерді жүзеге асыруды қажет етеді. Нарыққа көшудің негізгі екі бағыты бар: Эволюциялық және Революциялық:
- Эволюциялық жол құқықтық базаларды жасау арқылы өндірістік қатынастардың біртіндеп өзгеруі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара байланыстарының жүйесін жасау және қадырларды даярлау мен қайта даярлаудың жүйелерін ұйымдастыру арқылы өтеді;
- Революциялық жол нарыққа көшуде «талмалы терапия» (шаралардың негізгісі бағаларды босату) деп аталатын кешенді шараларды жүзеге асыру және өндіргіш күштер мен өндірістің қатынастардың өзара байланыстарын заңды және нормативті базаға келтіру. Кейнсианстік теорияда (біздің елімізде нарықтық қатынастарға көшуде сол негізге алынған болатын) өндірістік қатынастар мен рыноктың қалыптасуы неғұрлым тиімді әрі қысқа жолмен өтеді делінген;
- Нарықтық қатынасқа көшу ең алдымен институционалдық өзгерістерге (істеп тұрған кәсіпорындарды реттеуге) алып келеді, оны ауыл шаруашылығындық кәсіпорындардың ұйымдық – құқықтық формаларының өзгеру мысалынан неғұрлым айқын көруге болады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың барлық формаларын көптен бері ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтері және мемлекеттік аграрлық кәсіпорын деп бөліп келген. Кейбір елдерде кооперативтің аналогы – фермерлік шаруашылық кең дамыған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің аздаған проценті ғана қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Қазақстан Республикасының жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың мынандай формалары кең дамыған, олар:
- ауыл шаруашылығы кәсіпорыны;
- шаруа қожалығы;
- жұртшылықтың шаруашылығы.
Аграрлық реформалар басталғаннан бері 15 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатында мына кезеңдерді (этаптарды) шартты түрде бөліп көрсетуге болады:
- бірінше кезең (1991 – 1993 ж.ж.) – бұрын болып келген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бөлшектеп, ұйымдық – құқықтық формаларын өзгерту және өндірісті нарықтық принципке көшіру, шаруашылық байланыстарын және өткеру бағаларын реттеу;
- екінші кезең (1994 – 1995 ж.ж.) – аграрлық реформаны әуелде көзделген кездегіден ары қарай дамытып еліміздің ауыл шаруашылығын қайта ұйымдастыруды одан әрі жалғастыру. Бұл кезең аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің әлсіздене түсуімен сипатталады. Бұл кезеңде шаруа қожалықтарын ұйымдастыру процессі неғұрлым белсенді жүргізілгендігімен сипатталады. Мұндай ұйымдастырудың тиімділігін бағалау үшін уақыт керек, әртүрлі кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтардың территориальдық жағынан бөлінулерін мұқият зерттеу керек.
- үшінші кезең (1996 жылдан бастап) аграрлық сектордағы және жалпы агроэкономикадағы процестерді ішінара мемлекеттік реттеумен.
- нарықтық конъюнктура – нақты нарықтарға сұраным мен ұсынымның арақатынасы.
Нарықтық конъюнктура тауарлардың жалпы мөлшерімен, жеке тауарлардың бағаларымен, сатушылар мен сатып алушылардың сандарымен және аз да болса әсер ететін басқа да факторлармен анықталады:
- нарықтық (базарлық) бәсекелестік – тәуелсіз тауар өндірушілердің өздерінің өнімдерін барынша көп, әрі мүмкіндігінше қымбаттау бағамен сатуларына ұмтылыс жасаулары;
- нарықтық қатынастардың субъектілері – сатушы және сатып алушы.
- нарық аумағы – бұл берілген өнімдерді барынша мол өткізуді көрсетеді. Нарық аумағы жыл ішінде сатылатын тауарлардың көлемімен анықталады (физикалық бірлікте немесе құндылықтарына қатысты) көлемді анықтауды бағалауда ұлттық өндіріс назарға алынады, оған осы өнімдерді импорттаудың көлемі және экспорттаудың көлемін игеру жағы:
- нарық механизмі – сұраным мен ұсынымның арасында нарықтық тепе – теңдікке қалыптасу процессі;
Өзін-өзі реттеу механизмі мыналардан тұрады:
- нарыққа жоғары сапалы жаңа тауар түскенде немесе бағасы төмен болғанда оған сұраным өсе түседі;
- тауарларға сұранымның өсуі, сұранымның қанағаттандырылмауына, осы тауарға бағаның өсуіне, оны сатудан табыстын молаюына, тауар өндірушінің пайдасының көбеюіне және кәсіпкерлер үшін рынок сегментінің тартымдылығының артуына алып келеді;
- нарық секторының тартымдылығының өсуі осы сектор қосымша инвестициялар тартуға және өндірілетін тауардың саны көбейтуге алып келеді;
- тауар мөлшерінің көбеюі сатып алушылардың сұранымдарын толық өтеуге, осы тауарға бағаның құлдырап және рыноктың осы сегментінің тартымдылығының төмендеуіне алып келді;
- сатып алу сұранымның құлдырауымен және сегмент нарығының тартымдылығының төмендеуімен бетпе – бет келген кәсіпкерлер капиталын салатын жаңа сфераларды іздеуге мәжбүр болады;
- берілген сектордан капиталдың кетуі басталады, бұл сұранымның қанағаттандырылмауына және тауарларға бағаның көтерілуіне және т.б. алып келеді;
Сөйтіп әр этап (кезең) сайын сұраным мен ұсынымның арасында нарықтық тепе – теңдікке қол жетеді де сатып алушы белгілі бір мөлшерін сатып алады, ал сатушы тауарлардың сондай мөлшерін сондай бағамен өткізеді.
7.3 Саладағы нарықтардың классификациясы мен түрлері
Өткеретін өнімдері, істейтін жұмыстары немесе көрсететін қызметтеріне қарай ауыл шаруашылығындағы нарығытарды төрт топқа біріктіруге болады:
- ауыл шаруашылығы нарықтары (ауыл шаруашылығы өнімдері өздерінікі);
- ауыл шаруашылығы үшін материалды – техникалық ресурстар нарығы;
- қызмет көрсету нарығы;
- сауда сферасы нарығы (маркетингтік қызмет).
Материалды – техникалық ресурстар нарығы ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өндірісі үшін қажетті техникамен және материалды – өндірістік қорлармен қамтиды. Бұл жерде негізгі төрт сегментті бөліп көрсетуге болады:
- ауыл шаруашылығында машиналар мен механизімдер нарығы;
- материалды – өндірістік қорлар нарығы (жанар май, энергия, өндірістік шикізаттар мен материалдар);
- миниралдық тыңайтқыштар нарығы;
- мал шаруашылығы үшін жем – шөп нарығы.
Сегменттің алдыңғы үшеуі сыртқы болып табылады, бұлардың өнімдері ауыл шаруашылығы салаларынан тыс жерлерде өндіріледі. Жем – шөп рыногы бір саланың өз ішінде – сатып алушы мал шаруашылығы, сатушы өсімдік шаруашылығы болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін мамандандырылған ірі кәсіпорындарда (мәселен комбинаттарда) кешенді түрде өндіргенде бұл рыногтың мүлде болмауы да мүмкін.
Қызмет көрсету сферасы нарығында ауыл шаруашылығы кәсіпорны өндірістік процесті жүзеге асыруға қажетті қызметпен қамтамасыз етіледі. Бұдар:
- ақпараттық (байланыс қызметін қоса алғанда);
- консалтинг;
- ғылми-зерттеушілік (элитті тұқым шаруашылығын қоса алғанда);
- техникалық (кәсіпорын мамандырылған кәсіпорындардың техникалық қуаттарын пайдаланады);
- малдәрігерлік;
- мелиоративтік;
- іздеушілік және жерге орналастырушылық т.б.
Сауда сфералары нарығы бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорыны өнімдерін өздігінен өткізе алмай мамандырылған сауда ұйымдарының қызметіне жүгінеді. Бұл рынок мынандай қызметтер көрсетеді:
- дилерлік және дистибюторлық ұйымдардың қызметтері;
- көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының қызметтері;
- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметтері;
- өңдеуші кәсіпорындарының қызметтері.
Аграрлық сектордың кәсіпорны аталған рыноктардың көпшілігінің қызметтеріне еріксіз қатысуға тәуелді болады, бұл қосымша ұйымдық өзгерістер мен материалдық шығындарды қажет етеді. Бәсекелестің шектелу дәрежесіне қарай нарықтардың төрт түрі болады, олар:
- таза бәсекелестік нарығы;
- монополистік бәсекелестік нарығы;
- олигополиялық нарық;
- таза монополия нарығы.
Таза бәсекелестік нарығы бір – біріне ұқсас тауарлы өнімдерді сататын көптеген сатушылардан және сатып алушылардан тұрады. Алайда жеке бір сатып алушы немесе сатушы тауарлардың рыногтық бағаларының ағымдағы деңгейлерін өзгертуге үлкен ықпал жасай алмайды.
Монополистік бәсекелестік нарығы көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады, олар сауданы бірыңғай рыноктың бағалары мен емес, бағалардың диапазондары кең тұрғыда жасайды. Бағалар диапазонының болуы сатушылардың сатып алушыларға бір – бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы қатталуы түрліше болатын тауарлардың әртүрлі варианттарын ұсына алатындықтарымен түсіндіріледі.
Олигополиялық нарық әдетте бағаның пайда болу саясатына және бір – бірінің маркетингтік стратегияларына өте сезімтал аздаған сатушылардан тұрады. Сатушылардың аз болуы бұл рынокқа жаңа претенденттердің кірулері қиын болатындығымен түсіндіріледі. Егер қандай бір кәсіпорын өзінің бағаларын 10 пайызға төмендетсе сатып алушылар соған қарай ойысады да, басқа өндірушілер не бағаны төмендеуілерімен, немесе көптеп әкеліп, қызмет көрсету аяларын кеңейтумен жауап береді. Егер кәсіпорын бағаларды көтерсе, басқа өндірушілер олай етпеулері де мүмкін. Онда ол бұрынғы бағаға қайта оралуы, немесе бәсекелесіне мойынсұнып өз істегенінен жалтаруы мүмкін. Таза монополия кезенде рынокта бір ғана сатушы болады. Ол мемлекеттік ұйым да, реттелетін жеке монополия немесе реттелмейтін жеке монополия болуы да мүмкін. Жоспарлы экономика жағдайында ауыл шаруашылығының өнімдері анықтау жағынан монопольды болады. Алайда баға деңгейі тауар өндірушілердің қалыпты пайда табуларын қамтамасыз етіп негізгі сатып алушыларды жоғары бағалармен аластатпағандары жөн. Нарықтық экономика жағдайында сол баяғы бір рынокты немесе рынок сегментін игеру жолында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасында бәсекелестіктің болуы заңды. Сондықтан кәсіпорындарды ірілендіру тенденциясы көзделеді немесе келісімді бағаларды қою қолға алынады (пулдер, картелдер және т.б.). Бұл монополиялардың әртүрлілігі болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1. Елдің азық түлік қауіпсіздігіне қандай шараларды жүзеге асырумен жетісуге болады?
2. Дифференциальды рента деген не?
3. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық факторлары қалай көрінеді?
4. Олигополиялық нарық туралы не білесің?
5. Монополистік бәсекелестік нарығы не?
6. Таза бәсекелестік нарығы туралы айтып бер?
7. Нарықтық экономика туралы не айта аласың?