Павлодар, 2021

Аграрлық сектордың инновациялық даму барысы және әлеуметтік инфрақұрылым


Тәуелсіздік жылдары қазақстандық қоғамның экономикалық және саяси институттары түбегейлі өзгерді. Қазіргі кезеңде Қазақстанның одан әрі дамуы үшін жер-жерлерде басқару жүйесін жетілдіруді қажет етеді. Алайда уақытында ұсынылып қабылданған заңнама актілерінің жетілдірілмеу салдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі осы күнге дейін заңнамамен бекітілген жоқ, ал мұның өзі жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне нұқсан келтіретіні белгілі.

Қазақстан Конституциясына сәйкес Қазақстанда халықтың жергілікті маңыздағы мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару жұмыс істейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің тәртібін азаматтар өздері Заңда белгіленген шектерде белгілейді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Жолдауында индустрияық-инновациялық дамуға айрықша маңыз берілген. Еліміздегі инновациялық саясаттың мақсаты – шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру, сервисті-технологиялық қызмет көрсетуді жетілдіру. Осыған орай, бүгінгі таңда постиндустриалды кеңістікте технологиялық өрлеудің маңызды факторларының бірі – инновация болып отыр.

Инновация ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңаша бастау деген ұғымды білдіреді. Кең мағынада алғанда ғылымның жетістіктерін, жетілген техника мен технологияларды, ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып табылады. Инновациялық жүйе дегеніміз мемлекеттің макроэкономикалық саясатынан бастап, венчурлық (тәуекелдік) бизнесті, шаруашылық қызметінің көптеген түрлерін, ақыл-ой мен қаржы инвестицияларын, кадрлар біліктілігін, елдің білім мен кәсіптік деңгейін, инновациялық құрылымдар мен технологияларды қамтитын тұтасқан бір дүние.

Қазіргі уақытта өзін-өзі басқаратын институттардың құрылуын «жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылуға тиіс басқаруды ұйымдастыру нысаны мен деңгейіне сәйкес дұрыс тәсілдеменің болмауы қолбайлау болып отыр».

Қазіргі жағдайларда жоғары технологиялы экономиканы құруда мемлекеттің орны заңдылық ретінде ұлғаюы тиіс. Бұл мемлекеттік ғылыми саясатты әрдайым дамыту мен диверсификациялау, маңызы жоғары түбірлі ғылыми зерттеулер нәтижесін өндіріске енгізу негізінде жүзеге асуы мүмкін. Өнеркәсіптегі құрылымдық-инвестициялық өзгерістерді жылдамдатуға мемлекеттің ықпалынсыз ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияларды салықтық, бюджеттік және сыртқы сауданың экономикалық құралдары арқылы енгізу мүмкін емес.

Сонымен қатар, инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асу аясында ғылым мен техника жетістіктерін мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына қолданудағы жаңа мақсаттар мен міндеттерге негізделеді. Бұл аталған құжаттар жалпы инновациялық жетістіктерді қолданысқа енгізу шараларын реттеп, еліміздің ауылшаруашылық кешенін дамытудағы алға қойылған негізгі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді деген ойдамыз.

Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясы – экономика салаларын әртараптандыруға және дамудың шикізаттық бағытынан кету жолымен елдің тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізуге негізделгені белгілі. Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру барысында өнеркәсіпті, ғылымды және жоғары технологияны дамыту көзделіп отыр. 2015 жылға дейін тауар өндірісінің меншікті салмағын 46,5 пайыздан 50–52 пайызға дейін өсіру, ғылыми қызмет пен ғылыми-инновациялық іс-әрекетті 0,9 пайыздан 1,5–1,7 пайызға өсірмекші.

Әлемде жергілікті өзін-өзі басқарудың әр түрлі нысандарын іс жүзінде қолданудың ауқымды тәжірибесі жинақталды. Басқа елдерде жол берілген келеңсіздіктерді қайталамау үшін Қазақстанға қолайлы болатын тәжірибені таңдаған дұрыс болар еді.

Әлемнің көптеген дамыған елдерінде пайдаланылатын терминологияны қолданатын болсақ, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттары-мәслихаттар (жергілікті өкілетті органдар) жұмыс істейді. Мәслихатты халық тікелей сайлайды, оның бюджеті, өзінің айрықша өкілеттігі, яғни өзін-өзі басқарудың ресми белгілері бар, алайда Конституцияға сәйкес мәслихаттар жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жатады.

Инновациялық даму барысында болашақта өзекті мәселелердің бірі – ол әлеуметтік ғылыми қоғамдастықты қалыптастыру. Ол еліміздегі ауылшаруашылық елді мекен салаларының орынықты дамуы үшін маңызды алғышарттарды құруды көздейді. Ол дегеніміз – саланың ғылыми-технологиялық жаңартуын жүзеге асыруға қабілетті мамандарды қайтадан даярлау негізінде жоғарыкәсіптік мамандарды дайындау.

Агроөнеркәсіп және ауылдық аумақтарды дамыту аясында әлеуметтік тұрғыда ең маңызды жобалардың қатарынан мына төмендегілерді атап көрсетуге болады.

Нәтижесінде инновациялық объектілер бой көтерген ауыл аумақтарының бет - әлпеті өзгереді, бұлардағы қала өміріне іспеттес салынған әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілерде ондаған жұмыс орындары пайда болады, жергілікті тұрғындар үшін табыс көздері көбейеді, халықтың тұрмыс – тіршілігі жақсарып, олардың өмір сүру деңгейі, өмір сапасы жақсара түседі.

Ауылдық аудандардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жүйесін жетілдірумен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының мәліметтері бойынша бұл бағыттағы әсіресе халықаралық ынтымақтастық бағыттағы жұмыстар оң нәтижелерін бере бастады.

Инновациялық өзгерістердің болашақтағы ең өзекті мәселелері агроөнеркәсіпті шоғырландыру, кооперация және итеграцияның инновациялық басым бағыттарын таңдау. Бұлар өз кезегінде саланы техникалық және техналогиялық жаңартуда жетік мамандарды пайлалануда, олардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруді талап етеді.

Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізу инновациялық үрдістерді қолдау арқылы, ал технологиялық өзгерістерде – тауар өндірушілерге қажетті тұрмыстық жағдайлар жасау есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл үшін агроөнеркәсіпте озық технологиялар, инновациялардың жетістіктері, озат тәжрибелер туралы арнайы ақпарат тарату жүйесін қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының 2015–2020 жылдарға арналған Стратегиясы – экономика салаларын әртараптандыру, дамудың шикізаттық бағытынан гөрі өңдеу, қайта өңдеу, терең қайта өңдеу бағытына басымдылық көрсету, экономикалық қызметтерді қаржыландырудың тиімді жолдарын таңдай білу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту.

Аграрлық секторды реформалау жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің төмендеу салдарынан өнім өңдейтін кәсіпорындардың көпшілігі қалыпты жұмыс істеулерін тоқтатты, қолда бар өндірістік қуаттарын толық пайдалана алмады. Өзара шаруашылық байланыстары үзілді, тұтынушылық кооперация жүйесі бұзылды. Ауыл – селода орналасқан шағын өңдеу кәсіпорындарында, бір жағынан, өнім көлемі азайған болса, екінші жағынан оның сапасы төмендеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, оларды сатып алу жүйесі және көтерме сауда нарқының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімін түпкілікті сатып алушыға әкелгенге дейін жолда делдалдардың көбейіп кетуі саланың тиімділігіне, ауылдық өндірушілердің табыстылығына кері әсерін тигізіп отыр.

Өнім дайындау бекеттерінің жетіспеуі, олардың жеткіліксіз деңгейде жарақтандырылуы, ауыл шаруашылығы өнімі сапасының арнайы зертханаларда бақыланбауы, тамақ өнеркәсібінің қажетті шикізатпен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ село тұрғындарының өз өнімдерін мезгілімен өткізе алмауына келеңсіз әсер етеді. Қорытып айтқанда, АӨК-не қатысушылар мен село халқының мүдделі топтарының ақпаратпен қамтылуы жеткіліксіз.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кешенді ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қолдауды одан әрі дамыту мақсатында:

– ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі білімді, озық технологиялар мен ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату, отандық ауыл шаруашылығы өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда жылжытуға көмек беруге қатысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алу қажет. Ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі білімді, озық технологиялар, ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату мен беру жүйесін құрып, оны дамыту. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кәсіпкерлік белсенділікті дамытудың ең маңызды элементі болып табылады. «Қазагромаркетинг» АҚ жұмыс істейтін өңірлік желісінің базасында ауыл шаруашылығы білімін, озық технологиялар, ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату мен беру жүйесін ҚР АШМ, ҚР АШМ-дің ҒЖО құрылымдық бөлімшелерін, қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерін, сондай-ақ «Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты жобаны тарта отырып құру қажет.

Қазіргі уақытта аграрлық секторда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің төлемге қабілеттілігінің төмен болуына және осы салада білікті мамандардың аз болуына байланысты консалтингтік қызметтер көрсету осы қызметтер нарығы ешкімді қызықтыра алмаған соң дамымаған. Сөйтсе де ауыл шаруашылығы өнімі мен оның өңделген өнімдерін дайындау, сатып алу мен өткізудің жолға қойылған жүйесінің болмауының салдарынан маркетингтік және басқа да консалтингтік қызметтерге сұраныс көп. Сонымен бірге селода экономикалық өсу мен кедейшілікпен күрестің маңызды факторы болып табылатын шағын бизнесті дамыту үшін халық үшін бизнесті ұйымдастыру мен оны жүргізу идеясын қалыптастыру мен іске асыру, сондай-ақ бизнесті жоспарлау мәселесі бойынша оқыту қызметтерінің аясын кеңейту қажет.

Өңірлердің әлеуметтік дамуын реттеуді әртараптандыру мен тереңдету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның шаруашылық механизмін– әлеуметтік дамуға жұмсалатын ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жөнінде салалық, өңірлік және мемлекеттік мақсатты бағдарламалардың арасындағы экономикалық байланыстар жүйесін қалыптастыру қажет. Аталмыш механизм республиканың өңірлеріндегі халқының өмір сүрудегі деңгейінің оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етіп, өңірлік әлеуметтік саясатты ғылыми жағынан негізді түрде реттеу үшін осы аумақтағы халықтың, жұмыс күшінің қалыпты өсіп-өнуі үшін қажетті жағдай жасайды.

Нарықтық қатынастар қалыптасып дами бастаған кезеңде мамандану және шаруашылықтың кешенді дамуы сияқты ұғымдар өзгерді. Мамандану мен шаруашылықтың кешенді дамуы әрбір өңірдің біртұтас шаруашылық кешенінің жұмысын жақсартуға қосатын үлесін арттырып қана қоймай, сонымен бірге әрбір өңірдің халқының мүдделерін толық қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа кезеңінде – бүкіл шаруашылық механизмі экономикалық негізде жетілдірілген кезеңде өндіріс тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар заңдар қабылданды.

Қазіргі нарықтық экономикада инфрақұрылым мемлекеттік реттеудің маңызды басымдықтарының бірі. Инфрақұрылымды құру мемлекетке қойылатын талаптардың арасында жиі қайталанып отырады. Мемлекеттің инфрақұрылымды құруға кең түрде қатысу талабы – қызметтің бұл саласы жеке капитал үшін жеткіліксіз түрде тартылуының негізгі жағдайынан шығады.

Өңірлер, салалар мен ауыл шаруашылығы салаларының экономикасының дамуы әлеуметтік бағытта дамуы үшін бағдарламалық әзірлемелерге әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен байланысты қосымша құрамдастар енгізілді.

«Агроөнеркәсіп кешендері мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы Заңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік негіздері анықталады [74].

Селолық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жол, пошта-жинақ ақша жүйесін, газбен, электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, су бөлу, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен өңдеу объектілері кіретін тыныс-тіршілік объектілерінің жүйесі.

Агроөнеркәсіп кешені мен селолық аумақтардың дамуын мемлекет агроөнеркәсіп кешені мен селолық аумақтар саласын несиелеуді дамыту, агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру, агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін ғылыми-нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және кадр даярлау, селолық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салу, селоларды оңтайлы орналастыру, малдәрігерлік – санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы реттейді.

Мемлекет агроөнеркәсіп кешені мен селолық аумақтар саласын кредиттеуді дамытуды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес немесе арнайы мамандандырылған ұйымдардың жарғылық кпаиталына қалыптасуға немесе арттыруға қатысып реттейді.

Агроөнеркәсіп кешені мен селолық аумақтарды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету үшін уәкілетті мемлекеттік орган стандарттар, нормативтер мен нұсқаулықтар, әдістемелік пен ұсынымдар шығарады.

Осыған орай ауылдық аумақтардың аграрлық саласын инновациялық жолмен дамытудың негізгі бағыттарының бірі облыстық бюджеттен қаржыландыру кешені болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер, мал шаруашылықты дамытуға қолдау, сонымен қатар ауыл шаруашылық жылдық маркетингтік жүйесін ақпаратты дамыту, ауылдық аумақтардағы шаруа қожалықтарының жағдайын жақсартуға жәрдем жасау.

Нарықтық қатынастардың нығаюы шамасына қарай аудандарда өңірлік және өңір аралық маңыздағы нарықтық инфрақұрылым ойдығаыдай қалыптастыралытын болады, осының арқасында экономиканың аграрлық секторында жұмыспен қамтылғандар саны едәуір артады, демек халықтың өмір сүру деңгейі көтерліп, әлеуметтік сала мен инфрақұрылым дамиды деп болжанып отыр.


Бақылау сұрақтар


1. Ауыл шаруашылығы саласы озық технологиялар мен ғылым мен инновациялардың жетістіктері туралы ақпаратты тарату жолдарын ата?

2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау туралы айтып бер?

3. Аграрлық секторда әлеуметтік дамудың жоғарын ата?

4. Инновациялық өзгерістердің болашақтағы ең өзекті мәселелері қадай?

5. Агроөнеркәсіп және ауылдық аумақтарды дамыту жолдарын ата?

6. Инновациялық даму барысында қандай өзекті мәселелер бар?

7. Инновациялық жүйе дегеніміз не?

8. Инновациялық құрылымдарға не жатады?

9. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы не айтасың?