Агробизнесті ұйымдастыру пәнінің мақсаты кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы ауылшаруашылық кешенімен таныстыру, агроөнеркәсіп және қайта өңдеу кәсіпорындарында менеджмент, маркетинг, өндірісті тиімді және ұтымды ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық білім беру және оны іс жүзінде қолдануды үйрету болып табылады.
Аграрлық өндірістің жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігін арттыру, экономикалық тиімділік және ауылшаруашылығының ұдайы өндіріс жүргізу, нарықтық экономикаға өту жағдайындағы экономикалық қалыптастырудың негізгі бағыттары, ауылшаруашылық салаларының экономикасының жолдары қарастырылған.
Агробизнесті ұйымдастыру сабағында агробизнес саласында іскерлік және дағдыны, категориялық-түсінікті аппараттың, басқа қызмет түрлерінің мазмұны мен сапасы қалыптастыруға әрекет жасайды
Бұл жинақтамадан тәлімгерлердің теориялық білімді дәрістерден ала отырып тәжрибелік сабақтан оны бекіту және ары қарай жетілдіруге бейімделеді.
«Агробизнесті ұйымдастыру» оқу-әдістемелік құралын құрастыра отырып, автор жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру бойынша университеттің оқу-әдістемелік базасының дамуына ықалын тигізеді деп ойлайды.
Бүгінгі жаһандану жағдайында қоғамдық өрлеу әлеуметтік және экономикалық үрдістердің дамуға қажетті жағдай жасайтын ұлттық шаруашылық кешенінің барлық салаларын жетілдіруге қабілетті. Бұл қызметті материалдық және әлеуметтік инфрақұрылымдар атқарады.
Қоғамдық ұдайы өндірістің дамуында өндірістік және агробизнестің алатын орны алдыңғы қатардағы өзекті мәселелердің бірі екендігі белгілі. Олар бүгінгі таңдағы ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сондықтан да әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа күрделі мәселелерді шешуде аграрлық өндірісті дамыту және оны жетілдіру – бүгінгі күннің басты талабы.
Агроөнеркәсіп ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жағдайында күрделі бөлігі екендігі анықталып, өзінің дамуы мен жетілу үрдісінде оның әлеуметтік-экономикалық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін сапалы жаңа ерекшеліктерге ие бола отырып, ал бұл арқылы оның ерекшеліктері көрсетілді, яғни біріншіден, агроөнеркәсіп салаларының қызметтері жұмысшылардың еңбек нәтижесі ретінде өмір сүру игіліктерін өндірудің негізгі құрамдас бөлігі болды, нәтижесінде оның қоғамдық пайдалығын анықтайды; екіншіден, ауқымды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, тұрмыс халінің артуында, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарын жоюда, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануда, қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуде, адамдардың бос уақытының ауқымын кеңейтуде әлеуметтік инфрақұрылымның қызметтері өсті; үшіншіден, агроөнеркәсіп салаларының экономикалық дербестілігі нақтыланды және анықталды, сәйкесінше, жеке көрсеткіш жүйелерін, нормативтерді, стандарттарды, техникалық шарттарды өндіру, қалыптастыру және негіздеу үрдісінде жаңа мақсатты қызметтері анықталды.
Халықтың өмір сүру деңгейі мен оның сапасына елдің тұрғын үймен, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, көлік, мәдени қызмет көрсетумен қамтамасыз етілу деңгейі тікелей әсер етеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, оларды сатып алу жүйесі және көтерме сауда нарқының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімін түпкілікті сатып алушыға әкелгенге дейін жолда делдалдардың көбейіп кетуі саланың тиімділігіне, ауылдық өндірушілердің табыстылығына кері әсерін тигізіп отыр.
Өнім дайындау бекеттерінің жетіспеуі, олардың жеткіліксіз деңгейде жарақтандырылуы, ауыл шаруашылығы өнімі сапасының арнайы зертханаларда бақыланбауы, тамақ өнеркәсібінің қажетті шикізатпен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ село тұрғындарының өз өнімдерін мезгілімен өткізе алмауына келеңсіз әсер етеді. Қорыта келе, агроөнеркәсіп кешеніне қатысушылар мен халық шаруашылығы кешенінің барлық элементтерінің өзара қатынаста қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету олардың құрылым түзеуші әр элементінің орны мен рөлін анықтаудың жаңаша, сапалық тұрғыдан келуді қажет етеді.