Павлодар, 2021

Қазақ орфографиясының принциптері


Қазіргі қазақ емлесінің ережелері

Дауыстылардың жазылуы

Жалаң дауыстылар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э.

Қосынды дауыстылар: ё (йо), и (ый, ій), у (ұу, үу), ю (йұу, йүу), я (йа).

Барлық буындарда жазылатын әріптер: а, е, ы, і.

Буын талғайтын әріптер: ә, о, ө, ұ, ү. Олар біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының басқы буындарында жазылады: дәрі-дәрмек, Есенәлі, Қызылорда, жөн-жосық, өте-мөте, басқұр, кешқұрым, бүрсігүні.

Кірме әріптер: э, ё.

Ескерту. Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген а дыбысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады, алайда а әрпі жазылады: жай, жай-жапсар, жайлау, жайсаң, жайт, шай, шайқас, шайтан, шайыр.

Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә дыбысының орнына а әрпі жазылады: ләззат (айтылуы – ләззәт), рәсуа (айтылуы – ірәсүуә), Жәмила (айтылуы – Жәмійлә), тәкаппар (айтылуы – тәкәппар).

Айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз деген сөздер осы таңбаланғандай жазылады.

Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде жазылады: сыйлық, сыйлау, сыйымды, тыйым, тыю, тыйылу.

Ә, ұ, ү әріптері мына сөздердің екінші буындарында жазылады: сірә, кінә, күнә, куә, іңкәр, күмән, шүбә, зәмзәм, мүсәпір, дүдәмал, Күләш, Күләнда, Күләй; мағлұм, бұлбұл, мақұл, байғұс; мәжбүр, әңгүдік, дүлдүл.

9-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздердің жазылуына түсінік беріңіздер.

З...ялы, қ...янат, акт...р, бейқ...сап, би...лай, би...зы, бұрти..., бүйр...к, вал...та, б...ро, в...кализм, ғар...п, ғұс...л, дәлд...ріштік, деб...тор, д...фис, дз...до, ду...т, жанқ...яр, ж...нақ, ж...ю, жымп...ю, кәст...м, көкп...ңбек, қад...р, қау...п, құд...рет, лағ...нет, майм...ю, ма...стро, мет...ор, ми...а, ми..., рухани...т, дәлд...ң, дәнек...с, тауқ...мет.

10-жаттығу. Көп нүктенің орнына а, ә әріптерінің бірін қойып, жаттығуды орындаңыздар.

Т...урат, ...жу…, ку...л...ндыру, б...дия, д...нд...ку, күн…к...р, т…к...ппар, мүш...йра, мүһ...зин, н...руыздық, олд...-білд..., сүтшәрб...т, әз...зіл, б...ғбан, б...йбіше, бейкүн..., бейж...й, бейм...ғлұм, бейп...ру…, бейш...ра, м...шине, г...кку, гүлт...ж, дүд...м...л, күп...йке, дүб...р…, ділд..., әмірл...шкер, ділм...р, дімк...с, дінд...р, ж...йлау, күл...пара, ж...йнамаз, күм...жнік, т...б...рік, күм...н, күн...ра, ж...мағат, к...у...п, ж...риялау, күш...н, ж...дит, з...мз...м, к…ус...р, кін...л...у, кін...р...т, м...н-ж...й, мүк...ммал, мүл...йім, н...м...рт, емд...м, мәрм...р, мін...жат, п...руай, пірәд...р, р…су..., ш...й, үк...м...н, ш...йнек.

11-жаттығу. Көп нүктенің орнына ұ, ү, ы, і әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер.

Дәлд...ң, дәнек...с, ақк...с, ақти...н, алақ...йын, алақ...рт, аһ...лау, уһ...леу, әж...м, әндиқ...л, байм...р, бейқад...р, беймағл...м, беск...л, бет-ж...зі, борғ...й, ғар...п, д...лд...л, д...рия, жақ...т, жар...мес, жаһ...л, жекс...рын, ж...млә, зәйт...нағаш, Зәб...р, зәб...р, итм...рын, келіт...п, қаб...лет, қағ...лез, қад...р, қалам...ш, қан...шер, қарағ...с, қас...рет, қат...гез, қат...м, қау...п, құд...р, құд...рет, құз...рет, лағ...нет, мазм...н, мазл...м, мағз...м, мағл...м, мақс...т, мақл...қат, малғ...н, мақ...л, мақ...л...қ, марқ...м, манс...қ, мәжб...р, мәжн...н, мәнз...р, мәмл...к, мәңг...рт, мәшһ...р, миғ...ла, неғайб...л, сам...рық, сәк...н, соғ...рлым, сөзт...лға, с...мс...р, тауқ...мет, тәтп...ш, хаз...рет, хак...м.

12-жаттығу. Төмендегі жаттығуды көшіріп, ә, ү, ұ, о әріптері келген сөздердің астын сызыңыздар, олардың емлесін есте сақтаңыздар.

Бектай өз қатесін түсініп, опынып, кінәсін мойнына алса екен деп тіледі. (Ш.А.) Оң бұрышта радиоприемник, сол жақта малдас құрып отырған құндыз бөрікті біреудің қара мәрмәрдан шабылған кішкене статуэткасы қойылған. (С.Ш.) Осы жалған дүниеден, Шешен де өткен не бұлбұл, Көсем де өткен не дүлдүл. (А.Қ.) Өнер алды – қызыл тіл, Тілде жүйрік – ол дүлдүл. (Ж.Ж.) Қазақ жұмыскерлерінің неден кешіккендерін біле алмай дүдәмал болып отырғанда Байшегір келді. (Ғ.М.) Ардақ бәйек болып кішірейген кінәсіз жігіттің сағын қалай сындырар?! (Ғ.М.) Әрине, бұл жерге даусы естілмеген соң не айтып, не қойып бара жатқаны өзгеге беймағлұм болғанымен, бала бәрін біліп отыр. (Ш.А.) Шынында, Қодар мен Қамқаның осы сорына себепкер болған да дәл осы Жетпіс пен соның ағасы даукес, бәлеқор Жексен. (М.Ә.) Бала осы сәтте өзін мүлде бір қорғансыз, бейшара, көзге ілінбес мүсәпір сезінді. (Ш.А.) Жаңа ғана көрінген автолавка осылардың бәрінен қол үзіп, тұра жүгіруге мәжбүр етті. (Ш.А.) Соққыдан әлі есін жиып болмаған әкем байғұс жиі тоқтайды. (С.Ш.) Қол шананың жібі аш болсын, тоқ болсын бір мойымайтын, бір қабақ шытпайтын өгей шешеме, дүлдүл шешеме қайта-қайта ауысып барады да ұзағырақ тоқырап қалады. (С.Ш.) Қуандықтың екі көзі күлімсіреп, ақша беті балбұл жанады. (М.Ә.)

13-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты ә әрпі бар бірнеше сөз теріп, оларды қатыстыра отырып сөйлем құрастырыңыздар.

14-жаттығу. Көп нүктенің орнына о, ө әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. Олардың сөздегі орнына назар аударып, емлесін есте сақтаңыздар.

Данаг...й, мүрт...т, ақылг...й, бақа...т, б...зк...де, д...ңес, кастр...л, кәл...ш, кәст...м, кәсіпқ...й, кәсіп...дақ, к...збе-к...з, к...нет...з, к...к...ніс, қамқ...р, қамз...л, қаск...й, ләмб...к, селқ...с, селс...қ, сенат...р, с...вх...з, шанд...з, шабанд...з.

15-жаттығу. Төмендегі сөздердің екінші буынында ұ, ү, ө дыбыстары айтылғанымен, олардың жазылмау себебін түсіндіріңіздер.

Жұдырық, жауын, жұлын, құлын, құрық, бөрене, дөңгелек, түлкі, бұғы, жауырын, қауын, ғұмыр, домбыра, дүкен, дүние, жұлдыз, жұмыс, көбік, көгершін, көжек, көде, қоңырау, мүйіз, мойын, мұқият, мұхит, өлең, өрік, өсек, самауыр, соғым, суыр, төсеніш.

16-жаттығу. Мәтіннен құрамында о, ө, ұ, ү, и, у әріптері бар сөздерді теріп алып, орфоэпия нормасына сай жазыңыздар, өзгеру себебін түсіндіріңіздер.

Көркем әдебиетте әрбір сөздің өз тұрпаты сақталуға тиісті. Тілге бай, тілі жақсы дегенде ешбір жазушы жаңадан сөз тауып, сонысымен бай, сонысымен көркемдікке жетпейді. Халқының тіл байлығында бар сөздерді дұрыс тұрпатымен пайдаланып, сол қордан алынған сөздерден жаңа теңеулер, жаңа бейнелеулер арқылы тілге бай, тілге шебер деп аталады. Әсіресе, дауысты дыбыстар мен дауысты буындарды кескілеу сөздің тұрпатын бұзумен бірге сөйлемнің ішкі ырғағын да бұзады. Ат жорғалап келе жатып шауып кетсе, желіп келе жатып сүрініп кетсе, қалай көрер едік? Сөйлемнің ырғағын бұзу да соған ұқсайды.

Тіліміздің қорында бар сөздерге жаңа мағына беру жолындағы табыстарымызға мен Ісләм Жарылғаповтың көрермен, оқырман, аялдама деп қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мұхтар Мағауиннің «ірінді суы» да сондай, белгілі түсініктің мағынасын дәл береді.

Бізде қақ аталатын, шалшық су, жайдақ су деп аталатын сулардың бәрін де ірінді су деген дұрыс көрінеді.

Біраздан бері жалпы мағынасындағы искусство дегенді өнер деп атап келеміз. Ана тілімізде сақина-білезік соғуды да өнер дейміз. Арба-шана істеуді де, үй жонуды, етік тігуді де өнер дейміз. Туындысы – өнерші. Дұрысында искусствоны басқа өнерлерден айырып, көркем өнер деуіміз керек. Оның ішіне сурет, музыка, сахна, экран, би өнерлері ғана кіретін болсын. Көркем әдебиет деген сияқты көркем өнердің де өзінің асыл тегін көрсетіп тұратын атауы болғаны дұрыс. (Ғ.Мүсірепов)

17-жаттығу. Төмендегі тіркестердің бөлек жазылатынын есте сақтап, олармен сөйлем құрастырыңыздар. Ұ, ү әріптерінің сөзде қандай орында келгенін талдаңыздар.

Ұзын құлақ, ұзын тұра, ұзын сонар, ұзын сүре, ұлы түс, ұлы сәске, Ұлы жүз, ұн көже, үй басы, үй жолдас, үй жұмысы, үй шаруасы, үн қату, үн қосу.

18-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, ый, ій әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. И әрпінің қандай дыбыстардың орнына жұмсалып тұрғанын айтыңыздар.

З...ялы, с...ақы, ақм...я, с...қыр, кей...ді, с...лау, т...діру, с...ысу, т..., т...тық, т...ын, т...янақты, т...дыру, с...лы, т...ек, с...палау, с...лық, с...рақ, с...ыну, с...я, бай...ды, оқ...ды, су...ды, мой...ды, құр...ды, қағ...да, тақ...я, құнт..., қобд..., жам...ғы, жым...ысу.

19-жаттығу. Төмендегі сөздермен түрлі сөз тіркестерін жасап жазыңыздар, сый, тый сөзінен тараған сөздерді дұрыс жазуға жаттығыңыздар.

Сый, сыйақы, сый-қошемет, сый-құрмет, сыйлас, сыйлау, сыйлы, сыйлық, сый-сияпат, сый-сыбаға, сыйымсыз, сыйысу, тыйғызу, тыйдыру, тыйылу, тыйым.

20-жаттығу. Көп нүктенің орнына ю, йу, я, иа әріптерінің бірін қойып, сөздердің жазылуына түсінік беріңіздер.

А...ан, а...т, гор...н, о..., а...анат, бата...қ, ке...ана, д...ана, а...бадам, қ...аз, а...т, бо...у, ди..., жалпи..., бо...у, м...а, алди...р, ха...анат, а..., жанқи...р, желқұ...ң, қ...а, қи...қ, қи...л, құрпи..., си...көк, тоти...йын, уәла...т, ха...ан, аңыра...ды, әкіми...т, бади...н, жа..., қа...з, та...қ.

21-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістік не көсемше жұрнақтарының бірін жалғап, дұрыс жазылуын есте сақтаңыздар.

Үлгі: оқы + у – оқу, оқы + й – оқи(ды), ...

Ақси, аңқаусы, аңқи, арби, ая, бағжи, бақши, балши, байы, барти, болпи, борби, борси, кейі, кейки.

22-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістіктің жұрнағын жалғап, емлесін түсіндіріңіздер.

Кемі, тоқы, қасы, шаншы, жібі; ойна, саба, бу, мін, сау, тазарт; ки, и, қи, жи; сый, тый, той, күй; тік, тақ, жақ, кеп, ық.