Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады.
Дефис арқылы жазылатын сөздер |
|||||||||
қос сөздер |
екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтар не мамандықты көрсететін атаулар |
қосалқы мүшелі күрделі атаулар |
реттік сан есімдер цифрмен жазылса |
ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті, мыс, міс шылаулары |
кей одағай сөздер |
түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы сынды тұлғалар |
араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, эд, бен сияқты элементтер |
басқы әріптермен қысқарған сөзге, %, ° таңбалары бар цифрмен жазылған сан есімге, жеке әріп түрінде алынған объектіге жалғанатын қосымшалар |
басқа тілде дефиспен жазылатын жалқы есімдерге |
ата-ана |
вице-министр |
кафе-бар |
58-үй |
айтқан-ды |
моһ-моһ |
Осман-паше |
әл-Фараби |
ПМПИ-ге |
Дон-Кихот |
Ескерту. Рим цифрынан кейін дефис қойылмайды: ХХІ ғасыр, ІҮ курс.
Күрделі құрама атаулар жасайтын кейбір көмекші сөздер (ат, ас, әл) сөз басында келсе, бас әріппен, сөз ортасында келсе, кіші әріппен, дефис арқылы жазылады: Әл-Фараби даңғылы, Ат-Тарази кәсіпорын бірлестігі, Балалар аурулары институты әл-Фараби даңғылында орналасқан.
53-жаттығу. Мәтінді оқып, онда дефистің неге, қандай жағдайда қолданылғанын түсіндіріңіздер.
Киіз үйлердің жанында, от басында адамдар әңгіме-дүкен құрып отыр. (Ш.А.) Вагон-ресторанда адам онша көп емес екен. (С.Ш.) Жидебайға қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын сұрастырған. (М.Ә.) Үлкен үй мен қонақ үйдің арасына тартылған кермеде Құнанбайдың ер-тоқымы ерттелген ұзын торы ат тұр екен. (М.Ә.) Ауыл үстінен қашқандарын иттер қуып, Ботақан бойы азан-қазан болды. (М.Ә.) Азынаулақ қойлар мен төртті-бесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен келеді. (М.Ә.) Үлкен күміс қаптырмамен бір-ақ жерден түймелеген қызылмауыт камзолының қынама белі болымсыз желмен тербеле солқылдаған көк шыбықтай сүйкімді. (Д.Ә.) Ол орта жастарды жағалатқан ашаң жүзді, мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фан-Штейн еді. (Ғ.Мүс.) Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұқ. (Ж.А.) Жасыбай көлі сол таудың қойнауында қызылды-жасылды кәрден кесеге құйып қойған зәм-зәм суындай мөп-мөлдір. (Б.М.)
54-жаттығу. Дефис арқылы жазылатын он-он бес кісі есімдерін жазып, олардың қай тілден енгенін айтыңыздар.
55-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті қос сөздердің бірін қойып, жаттығуды орындаңыздар, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
1) Атыңнан айырылсаң да, ... айырылма. 2) Әдептілік, ... – адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі. 3) Қырықта қылау түсер, ... қырау түсер. 4) Жақсылықтың ... жоқ. 5) Үйдің ... қыс түскенде білінер, адамның ... басыңа іс түскенде білінер. 6) ... қадірін – балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін – қаралы болғанда білерсің, жанашырдың қадірін – жалалы болғанда білерсің. 7) Жақсы болса жан серігің – әйел болар, ... бәрінен жақын болар. 8) ... сөйлесең, жылан іннен шығады, ... сөйлесең, ақыл естен шығады. 9) ... көсем болар, ... шешен болар. 10) Ақымақтың ... болмайды. 11) Ақымақ ... айтады, ақылды ... айтады. 12) Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде ... ісім бар. 13) ... би болсаң, Балқан тауға сыймассың, бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің. 14) ... белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін. 15) ... арық қазсаң, ... су ішерсің.
Қажетті сөздер: жылай-жылай, ар-ұят, ер-тоқымыңнан, бас-басыңа, сақал-мұртқа, ерте-кеші, алыс-жуығы, ата-ананың, аға-іні, жылы-жылы, қатты-қатты, көре-көре, ішкен-жегенін, сөйлей-сөйлей, асу-асу, ала-құласы, анау-мынау, көрген-білгенін, жылы-суығы, күле-күле.
56-жаттығу. Көркем шығармалардан дефис арқылы жазылатын сөздердің әр түріне мысал келтіріңіздер.
57-жаттығу. Төменде берілген қос сөздердің сыңарларын тауып жазыңыздар.
Ыдыс-..., жалт-..., некен-..., аста-..., ұрда-..., жөн-..., ақын-..., ата-..., ұп-..., ет-..., ағалы-..., сөйлей-..., ертелі-..., қоян-..., қап-..., қолма-..., көзбе-..., қошемет-..., қуаныш-..., құлаш-..., қыңқыл-..., қым-..., қыл-..., мән-..., мейір-..., мектеп-..., мұрат-..., ойын-..., ой-..., оқу-..., өкпе-..., пресс-..., салон-..., салт-..., сұп-..., тай-....
Қажетті сөздер: арман, суық, төк, жық, қыбыр, жөнекей, мақсат, күлкі, қолпаш, сана, жазушы, ағарту, ана, ұзын, сөйлей, кеш, қатты, бюро, қол, көз, вагон, қайғы, құлаш, сыңқыл, қиғаш, қолтық, жай, мет, наз, шапағат, жұлт, интернат, саяқ, інілі, аяқ, тулақ.
58-жаттығу. Қос сөздердің әрқайсысына он мысалдан келтіріп, кестені толтырыңыздар.
Мәндес қос сөздер |
Сыңар мәнді қос сөздер |
Қарсы мәндес қос сөздер |
Қайталама қос сөздер |
Күшейткіш буынды қос сөздер |
Ата-ана, |
Бала-шаға, |
Ұзынды-қысқалы, |
Қалт-қалт, |
Қып-қызыл, |
59-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып қос сөз жасаңыздар.
Биік, жоғары, секең, бырт, сарт, қора, қыз, ілгерінді, жеті, мая, кіші, әрі, аласа, қарсы, аяқ, табақ, ағайын, айтыс, арман, арпа, атақ, ат, аумалы, әзіл, бағыт, бау, дау, дүние, ем, жал, жол, кедей, көрші, күнімен, қадір, қамыт, қорлық, құда, құрал.
60-жаттығу. Төмендегі зат есімдерге реттік сан есімдерді қосып, емле ережесіне сай жазыңыздар.
Ғасыр, бала, жыл, ғимарат, қаңтар, апта, дәуір, сәуір, бөлме, пәтер, мұғалім, оқушы, тапсырма, жаттығу, желтоқсан, бастық.
61-жаттығу. Төмендегі сан есімдерді емле ережесіне сай жазылуын анықтап, бағанға бөліп көшіріңіздер.
Үлгі:
Дефис арқылы жазылатын сөздер |
Дефиссіз жазылатын сөздер |
Жиырма-отыз, |
Елу бес, |
1 Мамыр, жиырма отыздан, 2 курс, төрт жүз елудей қой, 2012 жыл, 22 Наурыз, 9 сынып, бес он, жиырма үш, 27 үй, 7 қабат, ХХІ ғасыр, 5 студент, бес жүз елу алты, жүз жүзден, екіден бір, бес жарым, қырыққа жуық, сексеннің тоғызы.
62-жаттығу. Дефис арқылы жазылатын он-он бес географиялық атау жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
63-жаттығу. Төмендегі сөздердің емлесін есте сақтаңыздар.
Ассалаумағалайкүм, атсалысу, Аллауакбар, Алла тағала, Аязата, аяқдоп, аяқмәшине, Адамата, азғана, алғы сөз, алтынтой, алыпсатар, Асанқайғы, асүй, атүсті, ауасуытқыш, ауызашар, ашықхат, әлхамдилла, әлейкүмассалам, әр алуан, әртүрлі, кез келген, баз баяғы, бастан-аяқ, бірнегізді, бісміллә, демалысүй, Ер Тарғын, ер-азамат, ер-тоқым, ерке-тотай, Жарықбас, Жәбірейіл, жәрекімалла, Жезтырнақ, Зеңгібаба, иншалла, иіссу, иіссабын, көрсеқызар, күйеубала, Қамбарата, Қаңбақшал, қарасөз, Қорқытата, Қыдырата, қызжолдас, мақтауқағаз, мекенжай, мектепішілік, мерейтой, мүшелтой, мұзкәмпит, Ойсылқара, ойтүрткі, онжылдық, өмірдастан, поп-жұлдыз, пікірталас, сегізаяқ, сенімхат, синьор, сүт кенже, Таскемпір, тас-талқан, тоқымқағар, тоқішек, ұлан-байтақ, ұлан-ғайыр, Ұмайана, хал-ахуал, шала-шарпы, Шекшеката.
64-жаттығу. Төмендегі сөздердің бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатынын ажыратып, бағанға бөліп жазыңыздар.
І. Абыр(күбір), авиа(апат), авиа(зауыт), авто(бекет), авто(жол), ағайын(жегжат), ағаш(үй), ағаш(тарақ), ағаш(көмір), ағып(таму), адал(ақы), адам(күн), адам(сағат), азу(ағаш), азу(тіс), айыл(тартпа), айыр(көмей), ақ(бата), ақ(бидай), ақ(бөкен), ақ(желек), ақ(жол), алма(ағаш), алма(кезек), арпа(бидай), арпа(шөп), ауыз(су), ауыз(үй), ашық(хат), аэро(сурет), аэро(флот), әзіл(ажуа), әлде(бір), әр(кез), әр(қашан), әулие(әнбие), алмалы(салмалы).
ІІ. Баға(тізбе), бағыт(шам), банк(аралық), бас(бармақ), бас(сүйек), бек(сұлтан), бел(құда), бел(омыртқа), бет(сүйек), бір(күндік), бір(нәрсе), бір(бақайлы), веб(сайд), Жеті(қарақшы), жеті(нан), инфра(құрылым), инфра(күлгін), ит(жығыс), көз(мөлшер), көк(сүт), көк(шөп), көк(мұз), көк(бақа), көк(бауыр), көк(шыбық), көк(кептер), көк(шыбын), көңіл(ашар), күл(талқан), күні(ертең), қожа(бидай), қия(тас), қисық(ауыз), қияқ(өлең), қиял(ғажайып), қиян(кескі), алдын(ала), алды(артына), алтын(валюта), алтын(қабақ), алуа(шекер), алма(кезек), алтын(балық).