Тыныс белгілері – адамның ойын дәл, нақты, түсінікті, тиянақты етіп жеткізетін, жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Тыныс белгілері туралы ілім пунктуация деп аталады. Ол латын тілінің «punctum» – «нүкте» деген сөзінен алынған.
Қазақ тілінде төмендегідей тыныс белгілерінің түрлері қолданылады.
Тыныс белгілері |
Нүкте |
Сұрау белгісі |
Леп белгісі |
Көп нүкте |
Үтір |
Нүктелі үтір |
Жақша |
Қос нүкте |
Тырнақша |
Сызықша |
Тыныс белгілері қойылатын орындарына қарай екіге бөлінеді:
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері |
Нүкте |
Сұрау белгісі |
Леп белгісі |
Көп нүкте |
Кешкі ауа буалдырланып, ала-бөле теңіз жақ түксиіп тұрды. (Ә.Н.) |
Сондай бір әлсіз үміт ана көңілін алдарқатып, өң мен түстің арасындай есірік халде жүр ме? (Ә.Н.) |
Былайғы кезде де ажал шеңгелі адам жағасын бір сәт босатпапты-ау! (Ә.Н.) |
Кезегі келгенде күн басына да бір зауал төніп, қара кебінге оранып, бар әлем тіл тартпай, түн құшағына кіріп бара жатады ... (Ә.Н.) |
129-жаттығу. Сұралған тыныс белгілеріне сәйкес өзіндік мысалдарыңызды келтіріп, кестені толтырыңыздар.
Әр бірыңғай мүшеден кейін сұрау белгісінің қойылуы |
Екпінсіз бұйрық мәнді сөйлем |
Аяқталмаған ойдан кейін көп нүктенің қойылуы |
Ұранды сөйлем |
Аяқталмаған ойдың бірінші бөлігі сұрау мағыналы болғандықтан, сұрау белгісі мен көп нүктенің қабаттасып келуі |
|
|
|
|
|
130-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып, қандай мәнде айтылып тұрғанын анықтаңыздар.
Үсік шалған қара қошқыл бетінің ұшына жас түйірлері қатып, мұз бұршақтай бозарып тұр. (Ә.Н.) Қазандықтың астына қалаған сары қи маздап жанып, үй іші жылына бастады. (Ә.Н.) Жасағанберген шоққа беті қызып, маужырай бастады. (Ә.Н.) Биыл балық бағыты қалай, тереңге неге кетті, тайызға қашан соғады? (Ә.Н.) Апырай, неткен кәусар, неткен желікті саумал сүт еді сол! (Ш.А) Оһ, шіркін, неткен тәтті су десеңші, осы судан ішкізген адамға құл болуға Гүлсары дән риза! (Ш.А.) Ал соғыс жылдарының ішінде тұрғын үйлердің тұрпаты қандай болады десеші? (Ш.А.) Жан-жақтан соншама қонақ жиналған астардың тірлігі аз бола ма? (Ш.А.) Мүмкін, Қаратай бұл жолы да мәжілістерде әбден құлақ үйренген сөздерді естіп, одан келер-кетері шамалы деп, ескі әдетінше аулына тарта бермек пе? (Ш.А.) Шіркін, конкурсқа қатысқан соң, бәйге алып шығу деген қандай жақсы! (С.Ш.) Кеше Құнанбай, Бөжейдің араздығын, жаманатын есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе, көрсін! (М.Ә.) Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? (Ж.А.)
131-жаттығу. Мақал-мәтелдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер.
1) Ақ қалпақты көрінсе атакем менің демес пе Ақ жаулықты көрінсе енекем менің демес пе 2) Білімдіге дүние жарық білімсіздің күні кәріп 3) Көтерем түйеден безбе салтанатың емес пе Тебеген деп биеден безбе қос қанатың емес пе 4) Еріншектің ертеңі таусылмас 5) Еңбек қылсаң ерінбей тояды қарның тіленбей 6) Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар жақсымен жолдас болсаң несібі жұғар 7) Тарта жесе тай қалар қоя жесе қой қалар қоймай жесе не қалар 8) Білімсіздің сөзі білектей білімдінің сөзі жібектей 9) Тазалық денсаулық негізі, денсаулық байлық негізі 10) Қарның ашса қазан ас ет болмаса сазан ас сазан тамақ емес пе сазанды жұрт жемес пе 11) Өнер ағып жатқан бұлақ Білім жанып жатқан шырақ 12) Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың Шағайын деп шапшыса неге шошып қашасың
132-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер.
Адам атын ардақта
Әскербек әкесімен әзілдей сөйлесіп, күлімдеп жүреді Әкесі Әлмен баласының көңілді жүргеніне мәз болады Бірақ бүгін көңіл деген нәзік нәрсені күте білмей Әскербек әкесін ренжітіп алды Оқиға ойда жоқта сөзбен шиеленісті Мектептен жақсы баға алып, жайраңдап келген Әскербек әкесіне:
– Әлмен Әлменович, әдебиет сабағынан бес алғанымды хабарлаймын – деді
Әншейінде танадай қара көздерін күлімдетіп, баласына елжірей қарайтын, бұл жолы қалың қасты қабағын қарс жауып алды
– Балам, бойың менен биік бола бастағанға, ойың да биік бола ма десем
– Құлдық ұрып, құлшылық етуге әзірмін, көке Не кінәм бар
– Әдептілік әкені құрметтеуден басталады
– Құрақ ұшып, құрмет көрсетіп тұрған жоқпын ба
– Мені «көке» деуші едің, енді тең құрбыңдай тергейтін болыпсың «Ұрыс «сен» деген сөзден шығады» дейді халық
– Аты-жөніңізді толық айту да айып па
– Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді Ал адамды құрметтеу үшін атын ардақтап, дәрежесін көтеріп, жасы мен туыстық қатысына қарай ата, әже, апа, шеше, көке, тәте, жәке, аға, ағатайым, нағашы, жиен, бөле деу керек
– Көке, кешіріңіз, шынында да, сый-құрмет көрсету осындай ұсақ-түйектен басталады деп ойлаған жоқ едім
– Бұл рәсім ұсақ-түйек емес, ат тергеу – адамгершіліктің белгісі
– Ат тергеу келіндердің ғана міндеті емес пе
– Адамды өз атымен атамай, тіпті болмаса атының соңына сыпайылап «еке» деген жұрнақты қосып айту – үлкен дәстүр «Көкем», «Апам», «Ағатайым», «Атам» деген сөзді қосып айту – сыпайылық Ол – халықтық дәстүр, мән қояр мәдениет белгісі
(«Халық тағылымы» кітабынан)
133-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер. Сөйлем соңында қойылған тыныс белгілерінің ережесін түсіндіріңіздер.
Сәлем...
Жаздың жайма-шуақ күні. Балтабек ағай баласы Батаймен кең көшенің кестедей айшықты гүлзарының қасынан өтіп бара жатып, бірге өскен құрдасымен кездесіп қалды:
– Ассалаумағалейкүм! – деп, ол Өтеннің қолын алды.
– Сәлем! – деп Батай күлімдеп иек қақты.
Былай шыға бере Балтабектің реңі бұзылып, қабағы түйіліп, көзін жыпылықтата берді. Баласына адырая қарап ашуын төкті.
– Балам, мимырт болма!..
– Неге «мимырт» боламын, Жәке!
– Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере салатын құрдасың емес ол.
– Сәлем! – дедім. Сәлемімді қабылдап, күлмең қағып, күле сөйлеп еді ғой...
– Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай, адамша амандасу қажет. Амандасу – адамның амандығына қуанып, ақ ниет білдіру. Сәлем бергенде де инабаттылық пен әдептілік, сыпайылық пен сыйласым керек. Қария кісілермен «ассалаумағалейкүм» деп амандасады.
– Сөзіңіздің төркініне түсіндім, Жәке.
(«Халық тағылымы» кітабынан)
134-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер.
Орман Не деген сөз десеңізші бұл Оған тірелмейтін тіршілік бар ма адам баласында
Ең алдымен, орман ішінің ауасын айтсаңызшы Оған жақындай бергенде-ақ шөптің, шатырдың, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрынды жарады Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын іспеттес ауаны қайта-қайта жұтумен боласыз
Орман дегеніңіз отар-отар мал іспеттес екен ғой өзі Сол отарлардан жыл сайын мал бөлініп, халықтың азық-түлігіне, керегіне жөнелтіліп жатпай ма Сол сияқты жыл сайын орманнан да ағаш кесіліп, халық қажетіне, мұқтажына жіберіледі
Алтайдың елгезек өзендері: Бұқтырма, Күршім, Нарын, Үлбе, Уба облыстық ағаш таситын арбасы есепті Олар тауда құрылыс ағаштарына арқаларын тосып дайын тұрады Содан соң жұп-жұмыр бөренелер поезға тиеледі Қаз дауысты тепловоздар оларды республиканың түпкір-түпкіріне тасиды