«Инвестиция» термині – жалпы трактаттауда капиталды әрі қарай арттыру мақсатында жұмсауды білдіреді. Инвестициялау нәтижесінде алынған капитал өсімі нақты уақыттағы құралдарды пайдаланудан бас тартуды инвесторға өтеу үшін, оны тәуекел үшін марапаттау және алдағы уақытта инфляция шығынын ақтау үшін жеткілікті болуға тиіс.
Инвестиция деп көбінесе пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге немесе басқа да қызмет түрлеріне жұмсалатын ақша құралдарын, мақсаттық банктік салымдарды, жарна, облигациялар мен басқа да құнды қағаздарды, дүние-мүлік немесе дүние-мүлік құқығын, интеллектуалдық құндылықтарды түсінеді [1].
Инвестициялар бұрын экономикалық әдебиетте қолданылып келген «капиталдық салым» түсінігінен ерекшеленеді.
Инвестициялар анағұрлым кең трактатталады: капиталдық салымдар тек негізгі капиталға салым жасауды білдіреді, ал инвестициялауды ақпараттық ресурстар, құнды қағаздар, рухтық потенциал, материалдық қор сияқты экономикалық ресурстардың басқа да түрлеріне капитал жұмсаумен байланыстыруға болады.
Инвестициялардың көптеген анықтамалары бар, бірақ олардың барлығының жалпы қырлары бір:
Экономикалық категория ретінде инвестициялар келесідей сипатталады:
Инвестициялар кәсіпорындардың дамуын қамтамасыз ете отырып, келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді [2]:
Өзіндік кәсіпкерлік қызметін кеңейту кәсіпорынның нарықтағы мықты ұстанымдарын, шығарылатын өнімге, атқарылатын жұмысқа немесе көрсетілетін қызметтерге деген сұраныстың бар екенін куәландырады. Бұл өндіріс шығынын және өндіріс көлемі өсуі есебінен айналымды төмендетуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық ресурстар инвестициялау объектілеріне қаржы жұмсауды жүзеге асыруда қолданылатын ақша және басқа да активтердің барлық түрлері болып табылады.
Инвестициялық ресурстарды қалыптастыру стратегиясы инвестициялық қана емес, сонымен қатар, компанияның қаржылық стратегиясының маңызды құрамдық элементі болып табылады. Мұндай стратегияны жасақтау қарастырылған көлемде үздіксіз инвестициялық қызметті қамтамасыз етуге; осы мақсаттарға бағытталған өзіндік қаржылық құралдарды анағұрлым эффективті пайдалану, сонымен қатар, компанияның келешектегі ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған.
Инвестициялар классификациясы мен түрлері. Инвестициялардың формалары мен түрлерінің көптілігі олардың белгілі бір классификациясын талап етеді. Әртүрлі ақпарат көздері мен ғалымдар инвестициялар классификациясын әртүрлі көзқарас тұрғысынан трактаттайды. Оларды есепке алу, талдау және жоспарлау үшін 1.1-суретте көрсетілген жеке белгілер бойынша классификациялауға болады.
Ақша құралдарын жұмсау объектілері бойынша нақты және қаржылық инвестицияларды бөледі.
Нақты инвестициялар (капиталдық салымдар) – экономикалық субъектілердің операциялық бөлшектігін жүзеге асырумен, олардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешумен байланысты нақты активтерге (материалдық және материалдық емес) қаржы (капитал) жұмсау.
Нақты инвестициялар екі әртүрлі компоненттен тұрады. Олардың біріншісі – негізгі капиталға инвестициялау, яғни өндірістік құрылғы, өндірістік компъютерлер мен ғимараттар сияқты қайта өндірілген капиталдық игілікті игеру. Екінші компонент – өндіріс процесінде пайдалануға арналған шикізат қорының немесе дайын жүзеге асырылмаған тауарлар жиыны. Коммерциялық тауарлық-материалдық қорлар экономикалық жүйедегі капитал қорларының жалпы шамасының құрам бөлігі болып есептеледі; олар құрылғы, өндірістік ғимараттар түріндегі капитал сияқты қажет [3].
Сонымен қатар, инвестицияларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады:
Нақты инвестицияларға, сонымен қатар, валдық және таза инвестициялар түсініктерін жатқызуға болады. Таза инвестициялар – бұл негізгі капиталды толықтыру шығынын алып тастағандағы валдық инвестициялар [1].
Қаржылық инвестициялар төлемдік және қаржылық міндеттердің барлық түрін қамтитын қаржылық активтерге капиталдық салым дегенді білдіреді. Олар әртүрлі қаржылық құралдарға қаржы жұмсау болып табылады, олардың ішінде құнды қағаздар үлкен мәнге ие: үлестік (акциялар) және қарыздық (облигациялар). Нақты инвестицияларға қарағанда (материалдық активтерге) қаржылық инвестицияларды жиі портфельдік деп атайды, себебі берілген жағдайда инвестордың басым мақсаты қаржылық активтерді оптималды жинақтауды қалыптастыру (инвестициялар портфелін) және оларды құнды қағаздармен операциялар жүргізу процесі барысында басқару болып табылады. Қаржылық инвестицияларды оларды сатудан түскен қаржы бюджеттік жетіспеушілікті жабуға жұмсалатын мемлекеттік құнды қағаздарға бөледі және портфельдік инвестицияларды эмиссиялық құнды қағаздарға (акционерлік қоғамдардың акциялары мен облигациялары) бөледі [2].
Инвестициялауға қатысу сипаты бойынша тура және жанама инвестициялар деп бөледі.
Тура инвестициялар қаржы жұмсау үшін объектіні таңдауда инвестордың міндетті түрде қатысуын талап етеді. Жанама инвестициялар қаржы делдалдары арқылы жүзеге асады: коммерциялық банктер, инвестициялық компаниялар мен қорлар және т.б.
Соңғылары жинақталған қаржының эффективті қолданылуын қамтамасыз ете отырып, өз қалауынша үлестіреді және жұмсайды. Жанама инвестициялар салымдар ретінде басқа эмитенттердің құнды қағаздарына андеррайтинг арқылы енеді.
Инвестициялау периоды бойынша салымдарды қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық мерзімге) деп бөледі.
1.1-сурет – Инвестициялар классификациясы
Соңғылары капиталдық салымдар түрінде болады [3].
Меншіктік формалары бойынша инвестициялар Жеке меншік инвестициялар мемлекеттік емес меншік формалы заңдық тұлғалардың, сонымен қатар, азаматтардың кәсіпорындық қызмет объектілеріне қаржы жұмсауды білдіреді. Мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар, жергілікті бюджет құралдары капиталын жұмсауды сипаттайды.
Аумақтық белгісі бойынша инвестициялар мемлекет ішіндегі және шет елдегі салымдарға бөлінеді.
Инвестициялық тәуекел деңгейі бойынша инвестицияларды келесі түрлерге бөледі [2]:
Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, ал заманауи экономикада инвестициялардың көп бөлігі қаржылық инвестициялармен көрсетіледі. Қаржылық инвестициялау институттарының жоғары дамуы көп деңгейде нақты инвестициялардың дамуына әсер етеді. Әдетте бұл екі форма бәсекелес емес, өзара толықтырушы болып табылады.
Қаржы жұмсау объектісі критериі бойынша инвестициялар классификациясы 1.2-суретте көрсетілген.
Қаржылық инвестициялар спекулятивті сипатта болады немесе ұзақ мерзімді салымдарға бағытталады.
Қаржылық инвестициялар формалары үлестік және қарыздық құнды қағаздарға салым жасау, сонымен қатар, депозиттік банк салымдары болып табылады.
Спекулятивтік қаржылық инвестициялар белгілі бір уақыт ішінде инвестордың инвестициялық кіріске қол жеткізуіне бағытталады.
1.2-сурет – Қаржы жұмсау объектісі критериі бойынша инвестициялар классификациясы
Ұзақ мерзімді салымдарға бағытталған қаржылық инвестициялар әдетте инвестордың стратегиялық мақсаттарын қудалайды, капитал жұмсалатын объектіні басқаруға қатысумен байланысты.
Нақты инвестициялар, өз ретінде, материалдық (заттық) және материалдық емес (потенциалдық) болып бөлінеді. Потенциалдық инвестициялар материалдық емес игілікке қол жеткізу үшін қолданылады. Соның ішінде олар ұжым біліктілігін арттыруға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуге, тауар белгісін (маркасын) алуға және т.б. бағытталады. Материалдық инвестициялар, ең алдымен, өндіріс құралдарына салым жасауды білдіреді [4].
Әрбір инвестиция түрі, типі үшін өз тәуекел деңгейлері бар. Мысалы, материалдық инвестициялар арасында анағұрлым жоғары тәуекелдік деңгейі жаңа кәсіпорындар, өндірістер құру бойынша инвестицияларға және ең төмен деңгей ағымдық инвестицияларға тән.
Тура және портфельдік инвестициялар. Инвестордың инвестициялық процеске қатысу сипаты бойынша инвестициялар тура және жанама болып бөлінеді. Тура инвестициялар нақты активтерді игеру болсын, капиталды ұйымның жарғылық қорына жұмсау болсын, нақты инвестициялау объектісіне инвестордың тікелей қатысуын білдіреді. Жанама инвестициялар инвестордың әртүрлі қаржы құралдарын игеру жолымен қаржы делдалдары арқылы (институттық инвесторлар) инвестициялау объектілеріне капитал жұмсауын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте инвестицияларды тура және портфельдік инвестицияларға бөлу жиі кездеседі. Сонда тура инвестициялар деп өндіріске тікелей қаржы жұмсау, нақты активтерді игеру түсініледі. Портфельдік инвестициялар құнды қағаздарды сатып алу түрінде жүзеге асырылады. Яғни, көбінесе тура инвестициялар нақты инвестициялармен, ал портфельдік инвестициялар қаржылық инвестициялармен тепе-теңдестіріледі. Шынында, инвестордың әртүрлі инвестициялау объектілеріне, және ең алдымен, әртүрлі қаржылық құралдарға капитал жұмсау диверсификациясы болып табылады. Портфельдік инвестициялау объектілері ретінде, әдетте, әртүрлі құнды қағаздар, банктік депозиттік салымдар, шет елдік валюта болып табылады. Осыған сәйкес, инвестициялық портфель құрамына тура, сонымен қатар, жанама инвестициялар да енуі мүмкін. Тура және портфельдік инвестициялар инвестор мен инвестиция алушы (кәсіпорын) үшін әртүрлі мәнге ие [4].
Кәсіпорын үшін әрбір инвестор салымның белгілі бір мөлшерімен немесе ағымымен (ең алдымен, қаржылық) ұштастырылады. Көбінесе, мысалы, акционерлік қоғамдарда салым мөлшеріне байланысты (игерілген акциялар санына) инвесторлар басқаруға қатысу үшін белгілі бір құқықтарға ие болады. Осыған сәйкес, инвесторлар инвестициялар алушылар көзқарасы тұрғысынан портфельдік және тура инвесторларға емес, ірі, ұсақ және т.б. болып бөлінеді.
Инвестор акцияларды, пайларды, үлестерді игеру арқылы кәсіпорынға салым жасай отырып, тікелей (тура инвестор) немесе жанама түрде арқылы (жанама инвестор) қаржылық институттар арқылы әрекет етеді. Соған қоса, оның қалай әрекет етуі емес, мақсаттары қандай, кәсіпорынға қандай қаржы мөлшерін жұмсайтыны маңызды.
Портфельдік инвестор – қаржы салымынан белгілі бір (қаланатын) пайда деңгейіне жету мақсатында тәуекелдік дәрежелі әртүрлі қаржы құралдарын игеретін тұлға.
Соған қоса, портфельдік инвестор міндетті түрде қаржы институттары арқылы әрекет етпейді. Ол бұл операцияларды тура, тікелей жүзеге асыра алады. Басқа сөзбен айтқанда, инвестордың көзқарасы тұрғысынан инвестициялар тура және жанама немесе портфельдік және бөлінбейтін, біртекті немесе симплексті болып бөлінеді [1].
Инвестициялық процесс түсінігін қарастыруға көшейік. Инвестициялық процесс инвестициялық қызметті жүзеге асыру бойынша сатылар, әрекеттер мен операциялар тізбегі болып табылады.
Инвестициялық процестің нақты барысы инвестициялау объектілерімен және инвестициялау түрлерімен (нақты және қаржылық инвестициялармен) анықталады. 1.3-суретте көрсетілгендей, инвестициялық процестің негізгі үш сатысы бар.
1.3-сурет – Инвестициялық процесс сатылары
Әр сатыны кеңірек қарастырайық [2].
Дайындық сатысы – бұл инвестициялау туралы шешім қабылдау сатысы. Бірнеше фазадан тұрады. Бірінші фаза шегінде инвестияцилау мақсаттары қалыптасады, екінші фазада инвестициялау бағыты анықталады және үшінші фазада нақты инвестициялау объектілері таңдалады, келісімшартты дайындау және жасасу жүзеге асырылады, онда жұмсалатын қаржы көлеміне, мерзімдер мен инвестициялар ретіне қатысты қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, инвестициялық процесті жүзеге асыру кезіндегі жақтардың өзара ара қатынасы, инвестициялар объектісімен пайдалану реті, инвестициялар объектісіне меншіктік қатынас, объектіні пайдаланудан түсетін болашақ пайданы үлестіру және т.б. айқындалады. Инвестициялық келісімшартқа қол қою арқылы материалдық және материалдық емес салымдарға инвестиция дәрежесі беріледі.
Екінші сатыда инвестицияларды жүзеге асыру жүреді – әртүрлі келісімшартқа отыру жолымен құқықтық формаға алынатын инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер. Олар мүлікті аударумен байланысты келісімшарттар; жұмысты орындау мен қызмет көрсетуге бағытталған келісімшарттар; лицензиялық және басқа келісімшарттар болуы мүмкін. Екінші саты инвестициялық қызмет объектісін жасаумен аяқталады.
Үшінші пайдалану сатысы – жасалған инвестициялық қызмет объектісін пайдаланумен байланысты саты. Осы саты шегінде тауар өндірісі, жұмыс атқару, қызет көрсету ұйымдастырылады, маркетинг және жаңа тауарды өткізу жүйесі құрастырылады.
Пайдалану сатысы барысында инвестициялық шығынның орны толтырылады, инвестицияларды жүзеге асырудан түскен пайда орнатылады. Дәл осы саты инвестициялардың сатылу мерзімімен сәйкес келеді.
Инвестициялық қызметтің қатысушылары (субъектілері) инвесторлар, Азамат кодексімен немесе арнайы заңдармен реттелетін жалпы немесе спецификалық дәрежелері бар әртүрлі физикалық және заңдық тұлғалар болып табылады.
Қатысу формасы бойынша инвесторлар салымшылар, жалға берушілер, жеткізушілер, сатып алушылар, объектілер қолданушылары мен жұмыс атқарушылар рөліне ене алады.
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру формасы бойынша субъектілер ретінде банктерді, сақтандыру және инвестициялық қорларды, делдалдық фирмалар мен басқа ұйымдастыру формаларын қарастыруға болады.
Инвестицияларды басқарудың екі негізгі стратегиясы бар: пассивті және активті. Пассивті стратегияда инвестордың рөлі келесіде: тәуекелдер мен қаржы жұмсаудың әртүрлі нұсқаларының эффективтілігін бағалап, активтерді таңдау, оларды сатып алу және ақша пайда болып, өз акциялар пакетін сату мүмкіндігі туындайтын кезеңді күту.
Мұндай әрекет моделін экономистер «buy and hold», яғни «сатып алыңыз және ұстаңыз» деп атайды. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен нарықтың тұрақты кеңеюінің артуы жағдайында инвестор бүкіл пайданы иемденеді, бірақ тоқырау немесе нарықтың құлауы жағдайында ол барлығын немесе бүкіл салымдарын жоғалтады [1].
Инвестицияларды басқарудың белсенді моделін қолданатын инвесторлар тәуекелдерді шектеуді көздейді. Бұл жағдайда инвестор өзі қолайлы деп шешкен уақытта активтерді сатады және сатып алады. Оның мақсаты – нарықтағы жағдайдан максималды пайда алу және үлкен шығындарға жол бермеу.
Мұндай инвестициялау кезінде бағаның төмендеуі кезінде де пайда түсіруге болады.
Инвестициялық қызмет объектілеріне қайта жасалатын және модернизацияланатын негізгі қорларды, айналым құралдарын, құнды қағаздарды, мақсаттық ақша салымдарын, ғылыми-техникалық өнім, сонымен қатар, мүліктік құқықтар мен интеллектуалдық меншікті жатқызады.
Тәжірибелік тапсырмалары
1 Макро және микро деңгейлердегі инвестициялардың рөлін түсіндіріңіз.
2 Келесі терминдердің өзара байланысын анықтаңыз:
3 Кейсшешіңіз.
Жаңа тұрмыстық химикаттарды жасайтын шағын компания биохимиялық зертхана жүргізеді. Жақында зертхана қызметкерлері кілем тазалағыш үшін қызықты жаңа шешім тапты. Бұл құрал өте үлкен пайда әкелуі мүмкін, бірақ компания өзінің нарықтық әлеуетін толықтай іске асыру үшін осы құралды нарыққа шығару үшін жеткілікті қаржы ресурстарына ие емес. Компания президенті келесі үш мүмкіндікті қарастырады:
-зерттеуді аяқтап, өз қаражатыңыздың көмегімен өнімді нарыққа шығаруға тырысу. Бұл үшін дайын өнімді әзірлеуге 2 миллион АҚШ доллары және қаржыны нарыққа жылжыту үшін 500000 доллар қажет. Компанияда мұндай қаражат бар. Алайда, бұл жағдайда қорлардың болашақ нарықтық тарихы ірі компаниялардың әрекеттеріне қатты тәуелді болады.
Нарықтағы жағдайды талдау келесі жылы сатылымнан 12 миллион АҚШ доллары көлемінде түсім алуы әбден мүмкін (65 %). Қолайсыз жағдайларда компания 6 миллион доллардан аспайды (мүмкін 25 %).
Сонымен, нарықтың осы сегментінде жоғары белсенділік болған жағдайда (10 % ықтималдылық), бар болғаны $ 2 млн алады. Сарапшылар бір жылдан кейін қарауды жөн көрмейді, өйткені бағалаудың белгісіздігі тым үлкен болуда;
- үлкен компанияға дизайнды сатыңыз. Бұл ешқандай инвестицияны қажет етпейді және орташа есеппен 5 млн. долар;
- бөгде инвестордан қажетті қаражатты тауып, зерттеу бағдарламасын және қаржыны нарыққа жылжытуды толығымен қаржыландырыңыз. Бұл үшін дайын өнімді әзірлеу үшін 5,5 миллион доллар, ал қаражатты сату үшін 9 миллион доллар қажет. Осылайша, инвестор бизнеске 12 млн. Бұл жағдайда пайда (шығындар өтелгеннен кейін) жартысына бөлінуі керек.
Бұл жағдайда сол кезеңдегі қаражаттың 50 % сатылу ықтималдығымен 35 млн доллар алынады.Мүмкіндігі 25 % деп бағаланған қиын жағдайда тек 25 млн доллар алуға болады, ал нашар жағдайда тек 15 млн доллар алады.
Қажет: Сіздің ойыңызша қай шешім ең жақсы деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз
Өздік жұмыстардың тапсырмалары
1 Күрделі салымдардың «құрамы» және «құрылымы» дегеніміз не?
2 «Жаңа құрылыс» және «қолданыстағы өндірісті кеңейту» терминдеріне түсінік беріңіз.
3 Техникалық қайта жарақтандыру мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрудың қандай айырмашылығы бар?