Микроэкономикалық фундаменталды талдау екі нұсқада болуы мүмкін: факторлардың әсерін зерттеу негізінде акцияның бағасын анықтайтын факторларды және кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдау [4].
Ұйымның қаржылық есептілігінің талдауы – ұйымның өткен және қазіргі жағдайы мен қызмет нәтижелері бағаланатын процесс.
Қаржылық есеп беру компанияның қаржылық жағдайы туралы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы деректер жүйесі болып табылады және бухгалтерлік есеп деректері негізінде құрастырылады. Есеп беру активтер мен компанияның міндеттерінен, активтер мен міндеттерді өзгертетін жайттар мен операциялардың нәтижелері туралы ақпараттан тұруы қажет. Бұл ақпарат экономикалық шешім қабылдауда көптеген қолданушыларға қажет. Қаржылық есеп беру қолданушылары ретінде инвесторлар, компания қызметкерлері, кредиторлар, жеткізушілер, сатып алушылар, мемлекеттік органдар және басқа да қоғам мүшелері болуы мүмкін.
Содан басқа, қаржылық есеп беру кәсіпорын мен оның сыртқы ортасы арасындағы байланыстырушы дәнекер болып табылады. Сыртқы қолданушыларға есеп берудің мақсаты, ең алдымен, қаржы нарығында қосымша қаржы ресурстарын алу болып табылады [2].
ҚР кәсіпорындарының қаржылық есеп беруі келесілерден тұрады:
Бухгалтерлік баланс ұйымның активтерін, өзіндік капиталды және міндеттерді көрсетеді.
Пайда мен шығындар туралы есеп есеп беру периоды ішіндегі ұйымның қаржылық нәтижелерін сипаттайды.
Ақша қозғалысы туралы есеп берудің негізгі мақсаты есеп беру мерзімі ішіндегі заңдық тұлға қаражатының түсуі және кетуі туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.
Өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есеп есеп беру мерзімі ішінде болған өзіндік капиталдың құрылымдық және сандық өзгерістері туралы ақпаратты айқындайды.
Әртүрлі экономикалық белгілерге сәйкес есеп беру ақпараты қаржылық есеп берудің элементтері деп аталатын жеке ірілендірілген мақалаларға топталады. Басты элементтер активтер, міндеттер, өзіндік капитал, кіріс, жұмсау, пайда мен шығын болып табылады. Алғашқы үш элемент кәсіпорын құралдарын және белгілі бір мерзімнің осы құралдар көзін сипаттайды, ал қалған элементтер есеп беру периоды ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер еткен және өзгерістерді алғашқы үш элементке негіздеген шаруашылық өмірдің операциялары мен жайттарын көрсетеді.
Инвестициялық жобаның қаржылық талдауының негізгі мақсаты кәсіпорын иелерінің (акционерлердің) байлығын жобаның арттыра алатындығын анықтау болып табылады [3].
Инвестициялық жобаның қаржы бөлімін талдау келесі сатыларда жүргізіледі:
Кәсіпорынның алдыңғы жұмысын және оның қазіргі жағдайын қаржылық талдауы, әдетте, ликвидтілігін, кредитке қабілеттілігін, кәсіпорын кірістілігін және оның менеджментінің эффективтілігін көрсететін негізгі қаржы коэффициенттерін есептеу мен интерпретациялауға әкеледі. Сонымен қатар, қаржы бөлімінде кәсіпорынның соңғы жылдардағы негізгі қаржылық есеп беруін ұсыну және жылдар бойынша басты көрсеткіштерді салыстыру маңызды. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалатын болса, қаржылық есепті инвестор тартылатын елдің форматына түрлендірген жөн.
Экономикалық эффективтілікке қол жеткізудің жоба жүзеге асырылатын жағдайда мәні бар. Жобаның іске асырылуы әртүрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы мүмкін: техникалық, технологиялық, экологиялық және т.б. Инвестициялық жобаны экономикалық бағалау жобаның қаржылық іске асушылығын анықтауды болжайды.
Жобаның қаржылық іске асушылығы – жобаны іске асырудың бүкіл қадамдарында (есептік период) жеткілікті мөлшерде қаржының болуы.
Қаржылық жүзеге асырылу мәселесі мына сұрақты тудырады: қарыз алушы, яғни жобаны жүзеге асыру барысында, қарызды жұмсау периодын қоса алғандағы жобаны жүзеге асыратын кәсіпорын банкротқа ұшырап қалған жоқ па.
Қаржылық іске асушылық жобаның қатысушыларының жиынтық капиталы үшін тексеріледі. Әрбір қатысушыдан жобаға түсетін ақша ағымдары бұл жағдайда ағыстар болып табылады (және «+» таңбасымен алынады), ал жобадан әр қатысушыға түсетін ағындар жылыстау болып табылады («–» таңбасымен алынады). Содан басқа, жобаның ақшалай ағыны қарастыралады (бұл жағдайда кіріс пен басқа пайдалардың ағындарының қосындысы – бұл инвестициялық және өндірістік шығындарды қоса алғандағы және «–» таңбасымен жазылатын жылыстауды, яғни салықтарды есептемегенде «+» таңбасымен жазылатын құйылымдар).
Басқа сөзбен айтқанда, егер есептік периодтың әрбір қадамында барлық ақша құйлымдары мен жобаның ақша жылыстауының алгебралық қосындысы (таңбаларды есепке ала отырып) теріс болмаса, жоба қаржылық іске асатын болып табылады [4].
Шығынсыздық талдауы басты өнім түрлерін дайындау мен сату құнының құрылысын талдау жөніндегі жүйелендірілген жұмысты және барлық ұсталымдарды айнымалылар (өндіріс пен сату көлемінің өзгеруімен өзгереді) мен тұрақтыларға (өндіріс көлемі өзгерген кезде өзгеріссіз қалады) бөлуді құрайды. Шығынсыздықты талдаудың басты мақсаты – шығынсыздық нүктесін, яғни пайданың нөлдік мәніне сәйкес келетін тауарды сату көлемін анықтау. Шығынсыздық талдауының маңыздылығы шығынсыздық нүктесі бар инвестициялық жобаны жүзеге асыру процесі барысында нақты немесе жоспарлы кіріс пен кәсіпорынның пайдалы қызметінің сенімділігін бағалауды салыстыру болып табылады [17].
Қаржылық талдау тәжірибесі қаржылық есеп берудің негізгі талдау түрлерін (талдау әдістемесін) жасақтады:
Инвестициялық жобаның қаржылық талдауы қаржылық коэффициенттер жүйесінің көмегімен жүргізіледі және келесі бөлімдереден тұрады:
Мүліктік жағдайдың бағасы кәсіпорын активтері мен олардың жай-күйінің құрылымын сипаттайды.Мүліктік жағдайдың келесі көрсеткіштерін ерекшелейді:
, (11.1)
(11.2)
(11.3)
. (11.4)
Негізгі құралдардың активті бөлігінің құнына көлік, құрал-жабдықтар, транаспорттық құралдардың құның еңгізеді. Бұл көрсеткіш тікелей «жұмыс етуші» активтердің үлесін сипаттайды;
, (11.5)
, (11.6)
. (11.7)
Өтімділікті бағалау активтердің ақшаға өзінің номиналдық құнын жоғалтпай және қысқа мерзімде айналу қабілеттілігін талдауға мүмкіндік береді. Талдау келесі коэффициенттерде негізделген:
, (11.8)
, (11.9)
, (11.10)
, (11.11)
. (11.12)
Қаржылық тұрақтылықтың бағасы. Қаржылық тұрақтылықтын астарында кәсіпорынның меншікті құралдарының арқасында қызмет атқару мүмкіндіктері, сыртқы факторлардан тәуелсіздік деңгейі;
Әдетте, коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, кәсіпорын тұрақтылығы сәйкесінше өседі және оның несиелерден тәуелділігі кеми түседі
, (11.13)
, (11.14)
, (11.15)
, (11.16)
. (11.17)
Әскерлік белсенділік бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:
а) нәтижелілік көрсеткіштері:
1) еңбек өндірісі () – бір жұмыскерге өнім өндіру
, (11.18)
2) еңбек сыйымдылығы () – өндрірістің бір данасына еңбек шығындары. Бұл көрсеткіш еңбек өндірісіне кері болып келеді
, (11.19)
3) қор қайтарылымдығы – өндіріс көлемінің негізгі қорлардың құнына қатынасы
, (11.20)
4) қор сыйымдылығы – негізгі қорлар құнының өндіріс көлеміне қатынасы
, (11.21)
5) шығын сыйымдылығы () – өндірістік шығынның өндіріс көлеміне қатынасы. Көрсеткіш өндіріс бірлігіне өзіндік құн мөлшерін сипаттайды
, (11.22)
6) шығын қайтарылымдығы () – өндіріс көлемінің өндірістік шығындарға қатынасы
, (11.23)
7) енбекті қормен жарақтандыру () – жұмыскерлердің өндірістік негізгі қорлармен қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді
, (11.24)
б) активтердің айналымдылық коэффициенттері:
1) айналымдылық коэффициенттері кәсіпорынның активтерінің өз құнын қарастырылып жатқан кезең ішінде анықталаған сан рет сатудан түскен табыс арқылы өтеу қабілетін сипаттайды
- ағымдағы (айналымды) активтердің айналымдылық коэффициенті () – айналымды активтерді қолдану (айналым жылдамдығы) тиімділігін сипаттайды және кезең бойынша (бір жылда) айналымды активтер неше рет айналатынын немесе айналымды активтердің құнының бірлігіне сатудан түскен пайданың қанша бірлігі келетінін көрсетеді
, (11.25)
- қорлар айналымдығының коэффициенті () – қорларды өткізу жылдамдығын қамтып көрсетеді
. (26)
Компания қорларының айналымдылығы неғұрлым жоғары болса, өндіріс соғұрлым тиімді болады және оны ұйымдастыру үшін айналымды капиталға қажеттілік анағұрлым азаяды;
- дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті () – дебиторлық берешек кезең бойынша (бір жылда) неше рет айналатындығын көрсетеді (компания өзінің өнімі үшін төлемді жинау бойынша жұмысты қаншалықты тиімді ұйымдастырды)
. (11.27)
Берілген көрсеткіштін төмендеуі төлемқабілеттілігі жоқ пайдаланушылар санының артуы және өткізудің басқа да мәселелері жайлы ескертеді, бірақ компанияның клиенттермен қарым-қатынастын, нарық үлесінің кеңеюіне бағытталған, жұмсақ политикаға өтуімен байланысты болуы мүмкін. Дебиторлық берешектің айналымдылығы неғұрлым төмен болса, компанияның өткізу көлемін кеңеюі үшін айналымды капиталға деген қажеттілігі соғұрлым жоғары болады;
2) айналым ұзақтығы (кезеңі) () – бір айналым жасауға қажет кезең
, (11.28)
немесе
. (11.29)
Кәсіпорын айналымдылық коэффициентін арттыруға және ағымдағы активтердің айналым ұзақтығын төмендетуге ұмтылу қажет.
Рентабелділікті бағалау. Рентабелділік – кірістін шығысқа, немесе өндіріс көлеміне, немесе активтерге қатынасы. Рентабелділіктің негізгі көрсеткіштерін қарастырайық:
а) сатылым рентабелділігі (сатудан түскен пайдада кірістің үлесі):
1) жалпы кіріс коэффициенті ()
, (11.30)
2) Таза кіріс коэффициенті ()
, (11.31)
б) өндіріс рентабелділігі:
1) өнім бірлігінің рентабелділігі
, (11.32)
2) өндіріс көлемінің рентабелділігі
, (11.33)
в) активтердің рентабелділігі:
1) жиынтық активтердің рентабелділігі (ROA) – компания активтерінің кіріс тудыру қабілетін көрсетеді, яғни кәсіпорын активтерінің құнының бірлігіне қанша кіріс келетінің көрсетеді
, (11.34)
2) меншікті активтердің (меншікті капиталдың) рентабелділігі (ROE) – есептік кірістің көзқарасы бойынша акционерлердің инвестицияларына қайтарылымды көрсетеді
, (11.35)
3) өндірістік қорлардың рентабелділігі () – қорлар қайтарылымдығының тиімділігін көрсетеді
. (11.36)
Құнды қағаздар нарығындағы жағдайды бағалау келесі көрсеткіштерді есептеу негізінде жүргізіледі:
, (11.37)
. (11.38)
Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, қор нарығының осы кәсіпорынға деген сенімі соғұрлым жоғары болады;
, (11.39)
, (11.40)
(11.41)
Қаржылық бағалау коэффициенттерінің бұл тізімі жан-жақты емес, бірақ негізгі ақпараттың құрамына сәйкес және жобаны әр түрлі көзқараста бағалауға мүмкіндік береді.
Берілген коэффициенттерді қолданып жүргізетін жобаны қаржылық бағалау барлық жобалық цикл барысында жоспарлаудың әрбір қадамында іске асырудың жақсы болатынын (желательно) ескеру қажет [17].
Тәжірибелік тапсырмалары
1 Кәсіпорынның балансын талдау және оның күйінің екі жыл ішінде қалай өзгергенін салыстыру (барлық формулалар лекцияда бар)
2-кесте – Кәсіпорынның бухгалтерлік есептері
Мың теңгемен
Активтер |
Жол коды |
Есепті кезеңнің аяғында |
Есепті кезеңнің басында |
I. Қысқа мерзімді активтер: |
|
|
|
Ақша қаражаттары және олардың баламалары |
010 |
15 713 |
10 200 |
Сатуға болатын қаржылық активтер |
011 |
8 177 |
3121 |
Қысқа мерзімді сауда және басқа да дебиторлық берешек |
016 |
1658 |
1856 |
Ағымдағы табыс салығы |
017 |
650 |
760 |
Акциялар |
018 |
8086 |
7918 |
Басқа қысқа мерзімді активтер |
019 |
1857 |
1031 |
Жалпы қысқа мерзімді активтер |
100 |
36141 |
24886 |
II. Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
|
Негізгі құралдар |
118 |
11771 |
15100 |
Материалдық емес активтер |
121 |
78 |
59 |
Басқа ұзақ мерзімді активтер |
123 |
969 |
783 |
Жалпы ұзақ мерзімді активтер |
200 |
12818 |
15942 |
Баланс |
|
48959 |
40828 |
2-кестенің жалғасы
Мың теңгемен
Міндеттеме және меншікті капитал |
Жол коды |
Есепті кезеңнің аяғында |
Есепті кезеңнің басында |
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер |
|
|
|
Несиелер |
210 |
935 |
884 |
Қысқа мерзімді сауда және басқа кредиторлық берешек |
213 |
3012 |
2915 |
Қысқа мерзімді резервтер |
214 |
3120 |
2563 |
Пайда салығы бойынша ағымдағы салық міндеттемелері |
215 |
513 |
551 |
Қызметкерлерге берілетін сыйақы |
216 |
4158 |
3322 |
Басқа да ағымдағы міндеттемелер |
217 |
911 |
813 |
Ағымдағы міндеттемелердің жалпы сомасы |
300 |
12649 |
11048 |
IV. ұзақ мерзімді міндеттер |
|
|
|
V. Капитал |
|
|
|
Жарғылық (акционерлік) капитал |
410 |
30000 |
27586 |
Қорықтар |
413 |
8588 |
3683 |
Бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын) |
414 |
-2278 |
-1489 |
Бас компанияның иелеріне тиесілі жалпы капитал |
420 |
36310 |
29780 |
Жалпы капитал |
500 |
36310 |
29780 |
Баланс |
|
48959 |
40828 |
3-кесте – Пайда мен шығын туралы есеп
Мың теңгемен
Көрсеткіштердің атаулары |
Жол коды |
Есеп беру кезеңінде |
Өткен кезең үшін |
Табыс |
010 |
212 277 |
198 856 |
Сатылған тауарлар мен қызметтердің құны |
011 |
12489 |
13 542 |
Жалпы пайда |
012 |
199 788 |
185 314 |
Әкімшілік шығындар |
014 |
83 544 |
22 383 |
басқа шығындар |
015 |
17 426 |
2 413 |
Басқа кірістер |
016 |
17 943 |
2315 |
Жалпы операциялық пайда (залал) |
020 |
116 761 |
162 833 |
Қаржыландыру шығындары |
022 |
863 |
729 |
Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) |
100 |
115 898 |
162 104 |
Табыс салығы бойынша шығыстар |
101 |
11213 |
15623 |
Жалғастырылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда (залал) |
200 |
104 685 |
146 481 |