Павлодар, 2021

14 Қаржылық инвестициялар, инвестициялық сапасы мен тиімділігін бағалау


Құнды қағаздар ерекше экономикалық санатқа жатады. Бір жағынан құнды қағаздар  бұл-капиталдың ерекше жасалған жалған нысаны (қорлық құндылық), бір жағынан  бұл – нақты тауарлық мінездемелер жинағы бар ерекше тауар, ал үшіншіден ақшалық мінездемесі бар өзіндік қаржылық құрал. Құнды қағаз капиталдың ерекше жасалған жалған нысаны бола тұра оның тауарлық өндірушілік және ақшалық нысанынан ерекшелігі-акционерлік қоғамның жарғылық капиталына кіргізіледі және кепілдікке беріледі,нарықта тауар ретінде айналымда болып,кейбір жағдайда ақшаны айырбастайды. Жалған капиталдың негізгі мазмұны мынада-капитал иесінде негізгі капитал жоқ,бірақ оның құқы бар, себебі,ерекше қаржылық активтер ретінде тіркелген құнды қағаз нысандары бар.

Құнды қағаздар нарықтық шаруашылықтың инвестициялық, төлемдік,есептік сұрақтарды шешетін қажетті қаржылық құралы болып есептеледі [2].

Қаржылық құрал ретінде құнды қағаздар инвестиция тарту және қаржылық ресурстарды салу, бюджеттік тапшылықты жабу, кепілдікті, кредитті және жарғы капиталының өзгеруіне, жекеменшікті трансфармациялау, қайта құрылымдау және басқа қаржы – шаруашылықтық операцияларда қолданылады. Құнды қағаздардың жан-жақтылығы қаржылық құрал ретінде өз алатын орны мен рөлі нарықтық экономикамен, саласы және олардың айналым уақыты,  иелену  нысанын табу,табыстылық пен тәуекелділік, ұсынылатын құқықтар, қорғаныс дәрежесіне байланысты. 

Құнды қағаздар экономикалық категория ретінде мынандай экономикалық ерекшеліктерімен сипатталады: құн, жойылу,кіріс, дербестік айналымның болуы, айналымның жылдамдығы ,инвестициялық потенциал. Нарықтық экономикадағы құнды қағаздардың орны  мен рөлі олар орындайтын  бөлісу мен қайта бөлісу, бақылау, ынталандырушы, есепке алу функцияларымен байланысты. Құнды қағаздарды беруге, сатып алуға, сатуға, ауыстыруға, сыйға беруге болады. Құнды қағаздар нарыққа қатысушылар арасында мақсатты нарықтық қатынасты ресімдеу кезінде де пайдаланылады (фьючерс, опцион, варрант, коносамент). Сондықтан құнды қағаздар бір мезгілде құқық беруші  және құқығын пайдаланушы ретінде құнды қағаздарды пайдалану арқылы іске асады.

Құнды қағаздар бұл – ақша емес, материалдық тауар емес. Оның құндылығы өз қожайынына  ақшалай құжат ретінде беретін ерекше құқығында.

Құнды қағаздарды иемдену, қарызға алу, билік ету жөніндегі мүліктік құқықтың ара-қатынастық түрлі өзгерістері нарық қорының негізін құрайды. Құнды қағаздар заңды категория ретінде келесі құқықтарды айқындайды: құнды қағаздың өзін иемдену, мүліктік құқықты және міндеттемелік құқықты куәландыру, басқару құқығы, меншігін табыстау немесе меншікке алу.

Құнды қағаздар иелерінің құқықтары қолданылып жүрген заңдар нормасымен бекітіледі. Негізгі құнды қағаздар иелерінің құқықтары 14.1-кестеде көрсетілген.

 

14.1-кесте – Құнды қағаздар иелерінің құқығы

Құнды қағаз

Иелердің құқығы

Акция

Басқаруға қатысу (дауыс құқығы), кірісті бөлу және   дивидендтерді алу, акцияларды өтеуін төлеп алу құқығын талап ету, жаңа акцияларды сатып алу құқығы, АҚ тарауынан кейінмүлікті алу  және оның іс-әрекетін қадағалау

Облигация

Кірісті алу, айырбастау және өтеу

Вексель

Иелену,  табыстау, кірісті алу және өтеу

Чектер

Көшірме және  өтеу

Варрант

Алу, сату, айырбастау, кепілдік және сақтау

Фьючерс

Ресімдеу,сатып алу және сату

Опцион

Сатып алу, сату және  табыстау

Коносамент

Алу,  иелену және  ұсыну

Сертификат

Ресімдеу, алу, иелену және өтеу

 

Өзіндік құны бар және айналымнан шықпаған құнды қағаз кез келген зат сияқты  елеулі көрсеткіштерімен сипатталады. Белгіленген қағаздың құнын анықтайтын, дәлірек айтқанда,  өз иеленушісіне ұсынылатын құқық құнын анықтайды. Құнды қағаздар сапасын екі топқа бөлуге болады: құнды қағаздардың инвестициялық сапасы және олардың басқарушылық артықшылығы  [12].

Құнды қағаздардың негізгі инвестициялық сапасы ол-табыстылық, айналым, өтімділік және тәуекелге бару. Табыстылық – құнды қағаздың капиталды өсіру нысанында қаржылық оң шешім әкелу қабілеттілігі. Айналым-құнды қағаздың нарықта сұраныс пен ұсыныс (сатып алу және сату) жасау қабілеттілігі,кейде дербес төлем құралы ретінде пайдаланылып  басқа тауарлардың айналымын жеңілдетеді.

Өтімділік – нарықтық бағаның аздаған толқулары мен сатылымдағы шығындарға қарамай құнды қағаздың тез сатылып елеулі шығынсыз  ақшаға айналуы.

Тәуекел – құнды қағаздардың инвестициясымен байланысты ысырап болу мүмкіндігі. Барлық осы көрсеткіштер әрбір құнды қағаздың «құндылық» деңгейін анықтау үшін маңызды, бірақ олардың оңтайлық ара қатынасы салым мақсаты мен инвестициядан күтетін нәтижеден өзгеше болады. 14.2-кестеде құнды қағаздардың инвестициялық сипаттамасы берілген.

 

14.2-кесте – Құнды қағаздардың инвестициялық сипаттамасы

Құнды қағаздар

Инвестициалық сапа

Кәдімгі акциялар

сенімділік, аз тәуекелділік, рисфинанстық тұрақтылық, төлемдік қабілеттілік, өтімділік, айырбастау 

Облигациялар

Орташа тәуекелділік, кепілдемелік кіріс, жоғарғы тәуекелділік

Векселдер

Жоғарғы өтімділік, аз кіріс, шектеулі тәуелділік, айырбасталымның жоғары деңгейі

Туынды бағалы қағаздар (факторинг, форфейтинг, варрант, фьючерс, чектер)

Жоғары өтімділік, айырбасталымның жоғары деңгейі, әртүрлі кіріс деңгейі нөлден орташаға дейін.

 

Құнды қағаздардың басқарымдық мүмкіндіктері  бақылау шарасымен, иеленудің  айқынды құқықтар жиынтығымен, нақты құнды қағаздардың негізінде жатқан активтерді басқаруымен сипатталады.

Неғұрлым басқару мүмкіндігі мол болса, соғұрлым инвистициялық сапа жоғары,құнды қағаз бағасы да жоғары.

Инвестициялық сапаның және басқару мүмкіндігінің сапасының салыстыру сипаттамасы құнды қағаздардың  құнын бағалаудың негізі болып табылады.

14.3-кестеде жеке құнды қағаздарды басқару мүмкіндігінің және инвестициялық сапасының салыстырмасы берілген.

 

14.3-кесте – Инвестициялық сапаның және басқару мүмкіндігінің салыстырмалы сипаттамасы

Құнды қағаздар

Басқару мүмкіндіктері

Инвестициялық сапа

Мемлекеттік қазынашылық міндеттеме

Салықтық қарыздарды басқару

Міндеттемелік суммаға салықтан босатылу, салымға мемлекеттік кепілдеме

Мемлекеттік қысқа мерзімді  облигациялар

Капиталды сақтау және үстемелеу

Төменгі тәуекелділік, тұрақты кіріс, сенімділікпен  және қауіпсіздікпен қамтылған мемлекеттік салым, жоғарғы өтімділік

14.3-кестенің  жалғасы

Құнды қағаздар

Басқару мүмкіндіктері

Инвестициялық сапа

 

Көпшілікті басқаруға акционерлер жиналысында дауыс беру тәртібі арқылы қатысу, иегердің кірісті бөлу және дивидендтерді алу құқығы, кәсіпорын жабылған жағдайда өз үлесін талап етуі.

Экономикалық ауқаттылық,қаржылық тұрақтылықта, төлем аз тәуекелділік қабілеттілігі және АҚ өтілімділігіндегі сенімділік, аз тәуекелділік. Эмитенттің жақсы іскерлік беделінің болуына байланысты,орнықты сұраныс барлығынан туатын қауіпсіздік. Меншікті қаражаттың елеулі мөлшерде өсуінен,  тауарды өткізу мен қызмет көрсету көлемінің өсуінен,жоғарғы көрсеткіштерді тиімді пайдаланудан болатын материалдық,еңбектік және қаржылық ресурстарының табыстылығы, белгілі жағдайдағы айырбастылымдылық

Артықшылық берілген акциялар

Кәдімгі акция иелерімен салыстырғанда дивиденттерді алуға және қоғам тарағанда мүліктің бөлігін иемденуге бірінші кезекте құқығы бар дивиденттер төлеу жөніндегі сұрақ шешілсе,акционерлер жиналысындадауыс беру құқығы, шоғырланукіріс жоқ кезде деесептелгендивидендтерді жинақтауғаоны кейін алуға мүмкіндік береді.

 

Корпоративтікоблигациялар

Капиталды сақтау мақсатында ұсынылған қарыз,облигационер үшін   кіріс кіргізу. Несие,инвестиция тарту және эмитент үшін берешекті мерзімінен бұрын төлеуді басқару

Орташа тәуекелділік,кепілді кіріс, жоғары өтімділік,облигациялар эмиссиясында сақтандыру және сатып алу қорын қалыптастыру есебінен болатын сенімділік және қауіпсіздік.Қауырттық  (облигациялар бойынша алынған міндеттемелер бекітілген мерзімде қаралады мерзім соңында несие өтеледі)

14.3-кестенің соңы

Құнды қағаздар

Басқарым мүмкіндіктері

Инвестициялық сапа

 

арнаулы депозиттік келісімдер негізінде уақытша бос қаржылық ресурстарды орналастыру, талап ету құқығы арқасында біреуден екіншіге беру

Табыстық, шұғылдық,қайтарымдылықтың  белгілі қатаң шарттары.Бос айналым негізіндегі жоғары өтімділік.Тұрақты кіріс, банкілік салым қауіпсіздігі

 

Төленбеген ақыларды расшивкалау, қаржылық ресурстар жоқ кезінде ұйымның үздіксіз тауар айналым мүмкіндігі  іс жүргізу процесі. Мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін неэмиссиялық құнды қағаздарды еркін шығару және өтеу.

Жоғары өтімділік (әсіресе аударымдық және ұсынушылық векселдер), аз кіріс,шектеулі тәуекелділік, сенімділік және қауіпсіздік деңгейі эмитенттің қаржылық ауқаттылығына тура үйлесімді. Корпоративтік векселдер, ақшадан басқаларында, тауарлық қамтамасыздық бар. Банкілік векселдер вексел берушінің вексель ұстаушыға вексельде көрсетілген сумманы төлеу  міндеттілігіне кепіл береді.   Бір эмитенттің вексельдерін екінші эмитенттің векселіне немесе басқа құнды қағаздарға, мүлікке айырбастауда келісім деңгейінің жоғарлығы.

Чектер

Чек берушінің қатысуынсыз-ақ ұсынушыға чекте көрсетілген сумманы төлеу арқылы ақша мен тауар айналымының жылдамдығын арттыру

Абсолютті өтімділік, нөлдік кіріс банкілік шоттағы кепілді қамтамасыз етушілік,пайдалану мерзімі шектеулі (10 тәулік)

Коносаменттер

Иеленушінің коносаментте көрсетілген жүкке билік ету құқығы және тасымалдаудан кейін оны алуы

тауармен қамтамасыз ету, шектеулі өтімділік, кірістің тәуелділігі, қауіпсіздігі, сенімділігі  нақты тұтынушы сапалы жүкке байланысты

Варранттар

ақша және тауар айналымын басқару және оның жылдамдығын арттыру.

 

Фьючерстік контрактар

Тауар және валюта айналымын басқару, базистік бағаны белгілеу және кірісті болжамдау.

Жоғарғы кіріс және тәуекелділік, орташа өтімділік, жеткілікті сенімділік және қауіпсіздік, айырбастаудың әлсіз деңгейі.

Опциондар

Қорлық, ақшалық және тауар айналымын басқару және болжамдау.

Опцион иесінің, облигацияларды, құнды қағаздарды сатып алу және сату құқығы.

 

Инвестициялық сапа және басқару мүмкіндіктерінің айырмашылығы құнды қағаздар түріне байланысты. Олар құнды қағаздардың нақты мінездемелеріне байланысты: эмитенттің қаржылық жай-күйі,құнды қағаздың сенімділігі, қауіпсіздігі,өтімділігі, оның табыстылығы және айналым мүмкіндігі. Құнды қағаздардың инвестициялық сапа және басқару мүмкіндігі инвестициялық тәуекелге байланысты болып, операциялардың кіріс кіргізу ықтималдығын немесе қорлық операциялардың құлдырауын бейнелейді [12].

Құнды қағаздардың инвестициялық сапасын бағалауда, барлық инвестициялық объектілердің тиімділік көрсеткіштерін есептеуден басқа, қаржылық практикада қолданылатын фундаментальды және техникалық зерттеу сараптамасы жүргізіледі [4].

Фундаментальдық талдау эмитенттің бағалауына сүйенеді: оның кірісі, нарықтағы жағдайы,активтері мен пассивтері, түрлі көрсеткіштері, эмитент-кәсіпорынның тиімділік жағын сипаттайды. Көрсеткіштердің келесі топтарын  бөліп көрсетеді:

  • төлеуқабілеттілігі, (өтімділігі) – кәсіпорынның ағымдағы есеп айырысу және қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеуді жүзеге асыру туралы;
  • қаржылық тұрақтылық – қарыз капиталын тарту деңгейін көрсету және кәсіпорынның осы қарызды өтеу қабілеттілігі;
  • пайдалылық – кәсіпорынның пайдасы туралы сөз таластыруға мүмкіндік алу;
  • инвестициялық, өлшем көрсеткіші- шектік деңгейі жоғары сапалы инвестициялық құнды қағаздар болып саналады. Кәсіпорын жариялаған баланстар – пайда мен залал есептері және басқа материалдар талдау базасы болып есептеледі. 

Компания-эмитенттің жариялайтын балансы,пайда мен залал жөніндегі есептері және басқа да материалдар  талдау базасы болып есептеледі.

Іргелі талдау, факторлы деп те аталады,себебі ол жеке факторлардың баға динамикасына қаржылық құрал ретінде қазіргі кезеңде ықпал етуін зерделеуге сүйенеді және бұл факторлардың келешектегі маңызын болжайды. Ол базадан алынған нәтижелер,эмитенттің құнды қағазының бағасы мен активтердің нақты бағасының ара қатынасын ақшалай түсіммен анықтайды,құнды қағаздың келешектегі бағасын  анықтайтын кіріс жөнінде болжам жасайды,оның бағасына ықпал ету мүмкіндігін алады. Бұдан шығатын қорытынды – қаражатты инвестициялау орынды деген сөз.

Техникалық талдау, нарықтық конъюнктураның бағасына және бағам динамикасына негізделеді. Техникалық талдау концепциясы, барлық іргелі факторлар жинақталады және нарық қорында баға мқозғалысына әсер етеді деп болжам жасайды. Сұраныс көрсеткіштері,бағам құнының сұранысы және құнды қағаздардың ұсынысы, баға құнының динамикасы, нарық қорындағы құнды қағаздардың айналымының ортақ үрдісі зерделеу объектісі болып табылады.  Техникалық талдау жеке көрсеткіштердің динамикасының кестесін құру мен зерттеуге негізделеді (құнды қағаздардың сұранысы мен ұсынылуы,олардың нарықтағы бағасы және сату-сатып алу жағдайындағы операциялар көлемі),белгілі бір үрдісті табу және оны келешекке шұғыл экстрополировать ету.

Бағам динамикасын зерделеуқұнды қағаздарды қай кезде сату немесе сатып алу  орынды екенін, сонымен қатар бағам құнының өзгеру қарқынын және бағамдық құнның өсуін  айқындайды..

Техникалықталдау аясында акцияның  бағамдық динамикасын бағалау үшін нарық қорының индексі қолданылады. Қорлық индекстер орта арифметикалық немесе үлкен компаниялардың орта өлшемдегі  бағамдық құны негізінде есеп айырысады. 

Сонымен бірге инвесторлар үшін дамыған нарық қорында ақпарат беру акциялар мен облигациялардың бедел көрсеткіш бағасы болып есептеледі.

Рейтинг – бұл эксперттің нарықтың объективтік көрсеткіштері, негізгі қарызды және пайызды төлеудің ықтималдығы,қорлық құралдың сапасы туралы пікірі. Рейтинг құнды қағазды сату және сатып алудың нақты кепілдемесі емес, бұл тек құнды қағаздарды бағалаудың шартты көрсеткіштер жүйесі, бұл арнаулы рейтингілік агенттікте әзірленген.

Инвестицияны құнды қағаздарға  бағалаудың тиімді тәсілдерін қарастырайық. Қаржылық инвестицияны құнды қағаздарға  бағалаудың тиімді тәсілі инвестициялық шешімді қабылдаудың қажетті алғышарттары болып табылады.Бұнда инвестицияның негізгі сипаттамасы ескеріледі.  Олар- табыстылық және тәуекелділік..

Құнды қағаздарды инвестициялаудан түсетін толық кіріс ағымдағы кірістерден жиналады. Бұл кірістер инвестордың облигациялар және акциялардың девиденттерінің және  бағамдық кірістің, пайыздарын тұрақты төлеуден, бағаның өзгеруіне байланысты құнның өсуінен жиналады (капиталдың өсуі).

Толық кіріс-маңызды сипаттама, бірақ ол инвестицияның тиімділігі жөнінде ештеңе айтпайды. Тиімділікті сипаттау үшін, құнды қағаздың бастапқы құнына дейінгі толық кіріске тең қатынасты шаманы пайдаланады. Бұл шама берілген уақыт аралығындағы табыстылық деп аталады. Табыстылық дегеніміз құнды қағаздың сандық сипаттамасы, өзіндік анықтамасы бойынша ол уақытпен тығыз байланысты.

Табыстылықты есептеу үшін үш шаманы білу қажет:құнды қағаздың бастапқы құны,оның түпкілікті құны және аралықтағы ағымдық кірісі. Әдетте бастапқыда тек бастапқы құны белгілі болады. Берілген аралық өткен соң, барлық үш шама анықталады, әйгіленеді және сондағы есептелген табыстылық іске асырылған табыстылық болып есептеледі. Бірақ берілген инвестициялық кезеңнің басында тек осы шамалардың бағасы туралы,күткен маңызды істер туралы сөз  болады. Ағымдағы тосқан кірістен есептелген кіріс және келешектегі құн болашақта күтетін кіріс болып есептеледі.

Күтетін  кіріс () орта өлшенетін орташа арифметикалық формуламен анықталады

 

,                                (14.1)

 

мұнда – кіріс  нормасы i-м нарық жағдайында;

 – шабуыл ықтималында  i- нарық жағдайы;

 – ықтимал нәтижелер саны.

 

Инвестор қаражатын  кірісті активтерге салуға тырысады. Бірақ алдағы табыстылықтың мағынасының тұрлаусыздығы осы құнды қағаз түрін инвестиялауға байланысты болғандықтан тәуекелдік есебін талап етеді. 

Тәуекел факторының есебі – өте маңызды міндет,өйткені құнды қағаздарды салыстыруға болатын  тәуекелдіктің сандық өлшемін беру қиын. Көптеген практикалық жағдайларда тек сапалы тәуекелдік шарасы туралы айтуға тура келеді. Осындай сапалы тәуекелдік шарасы, бір құнды қағазды екіншісімен тәуекелдік деңгейі бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. 

Тәуекелдікті өлшеу  ықтимал бөлісуде табыстылықтың маңызына және орташа табыстылықты стандартты есептеуден ауытқуға негізделген. Стандартты ауытқу тәуекелдік шарасы болып есептеледі  ()

 

.                         (154.2)

 

Құнды қағаздарды  инвестициялауға қазіргі заманғы көзқарас процесті оңтайландыру, атап айтқанда капиталды тиімді орналастыру табыстылық және тәуекелдіктің ара қатынасын ескеріп отыруды көздейді.

Облигациялар мен   акцияларды бағалау тәсілін қарастырайық.

Инвестордың облигациялар мен акцияларды бағалауы құнды қағаздардың инвестициялық сапасын талдау негізінде олардың ағымдық құнын анықтаумен тұжырымдалады (P)

 

,                                   (14.3)

 

мұнда  – болжамды ақша ағыны, n кезеңінде;

           i – дисконттық салым.

 

Болжалды ақша ағыны құнды қағаздардың әр түрінен түрліше қалыптасады ().

Облигациялар бойынша болжалды ақша ағыны пайыздардың түсуінен және өтеу кезіндегі оболигацияның құнынан жиналуы. Осыған байланысты болжалды ағынның түрлі нұсқалары болуы мүмкін: пайызсыз төлемақы (нөлдік купон), пайыздың мерзімдік төлемақысы және айналым мерзімінің соңында облигациямен өтеу, пайыздың барлық суммасын көзделген айналым мерзімінің соңында облигациямен өтеу. 

Акциялар бойынша болжалды ақша ағыны тек қана дивиденттердің есебінен қалыптасады. Акцияларды ажыратады: тұрақтылық деңгейлі дивидендтер (артықшылықты);үнемі өсу деңгейіндегі дивидендтер  (үнемі қарқынды өсімдегі);өзгеріс деңгейіндегі дивидендтер (қарқынды өзгерістегі өсім) [2].

Дисконтты ставка (і) инвестор үшін қолайлы ағымдағы табыстылық мөлшері деп аталады. Ол ағымдағы тәуекелсіз құнды қағаздардың табыстылық суммасы  және тәуекел үшін сыйақы мөлшері ретінде анықталады. Бұл жағдайда ағымдағы тәуекелсіз құнды қағаздардың нормасында болжалды инфляция қарқыны ескеріледі.

Облигацияның көрсетулі,  (номиналды), өтеуін төлеп алу және нарықтық бағасы бар.  Облигация бланкасындағы басылған нақтылы баға, қарызға алынған және облигациялық қарыздың мерзімі өткенде қайтаруды талап ететін бағаны көрсетеді. Номиналды бағаменсәйкес келетін сатып алу бағасы – бұлэмитенттің инвестордан қарыз мерзімі өткендесатып алуы.

Ресей заңы бойынша сатып алу бағасы  әрқашан номиналды бағасымен сәйкес келуі керек.

Нарықтық баға дегеніміз-облигацияның нарықтағы сатылу және сатып алу бағасы. Номиналға пайыз ретінде көрсетілген нарықтық бағаның маңызы-облигация бағамы деп аталады.

Инвестордың көзқарасы бойынша облигацияның ағымдағы нарықтық бағасын айқындайтын ортақ формула (PV)

 

,                        (14.4)

 

мұнда  – жыл сайынғы пайыздық төлемдер; 

i  – инвестордың талап ететін кіріс мөлшері;

n – нақтылық  уақыт кезеңі  (жыл);

– облигацияны жабуда төленетін сумма;

r – облигацияны жабу кезеңіне дейінгі жыл саны.

 

Ең  қарапайым жағдай-нөлдік купонмен облигацияны бағалау. Себебі жылдар бойынша түсіп отырған ақша (соңғысынан басқасы) нөлге тең, облигация құны келесі теңдікпен анықталады

 

.                                 (14.5)

 

Шұғыл емес облигациялар кірістің белгісіз ұзақ төленуін анықтайды,сондықтан есептегенде оның құнын теңдеумен есептейді

 

.                                  (14.6)

 

Үнемі кіріс кіргізетін облигацияларды бағалауда ақша ағымы (14.6) формуламен   жылдар бойынша түскен  біркелкі сумма ретінде пайыздың түсімі, облигациялардың көрсетулі құнымен,борышты өтеу  кезінде есептеледі [4].

Жылжымалы купонды облигацияларды бағалау төменгі формуламен есептеледі

 

.         (14.7)

 

Дегенмен жылсайынғы пайыздық төлемдер жылдан – жылға өзгеріп отырады. Облигацияларды бағалау үшін купондық кірістерді,ағымдық кірістерді және түпкілікті кірістерді пайдалануға болады пайдалануға болады; N – облигацияның номиналды бағасы.

Ағымдағы кіріс () төменгі формуламен анықталады

 

,                             (14.8)

 

мұндағы PV – инвестордың облигацияны сатып алу бағасы.

Түпкілікті кіріс () анықталады

 

.                                (14.9)

 

Акцияның номиналды,баланстық,өтімділік,нарықтықбағасы бар.

Номиналды баға – акция бланкісінде белгіленген  шама. Ол шама акционерлік қоғам құрар кезде бір акцияға жарғылық капиталдың қанша үлесі келетінін көрсетеді.   

Баланстық (немесе «кітаптық») баға  – бұл меншіктік капиталдың баланс бойынша бір акцияға келетін мөлшері.

Өтімділік бағасы – АҚ  бір акцияға шыққандағы мүлкінің нақты өткізу құны.

Нарықтық (бағамдық) баға – бұл акцияның нарықта сатып алынатын, сататын бағасы. Нарықтық бағаның номиналдық бағаға пайыздық есеппен көрсетілген қатынасы акцияның  бағамы деп аталады.

Акцияның нарықтық бағасын есептеу күрделі, себебі акциялар  тұрақты емес кірісі бар құнды қағаздар болып есептеледі. Олардың бағамын өлшеу үшін түрлі моделдер қолданылады. Ішіндегі ең тарағаны М. Гордон моделі. Бұл модель акцияның ағымдағы бағасының үш нұсқасын ұсынады;

  • нөлдік өсім моделі. Дивидендтер өсімінің қарқыны (q) нөлге тең. Ағымдағыакцияның нарық бағасы () төмендегі формуламен анықталады

 

,                                 (14.10)

 

мұнда – ағымдық     дивиденд;

            i – инвестор талап ететін кіріс қойылымы;

 

  • үнемі өсім моделі.

Дивидендтер өсімі тұрақты (q=const). Акцияның ағымдағы бағасы  () төмендегі  формуламен анықталады

 

,                        (14.11)

 

мұнда  – дивидендтің алдағы  болжам аралығындағы көлемі;

 

  • өзгермелі өсім моделі.

Дивидендтердің өсім қарқыны өзгереді ().

Акцияның ағымдағы нарық бағасы () төмендегі   формуламен анықталады

 

.                (14.2)

 

Бұл нұсқаның ерекшелігі N уақыт аралығын табуда,одан кейін дивидендтер ұдайы қарқынмен өседі qдеген үміт болады.  (,, …, ) дивидендтер өлшемдерінің уақыт аралығына дейінгі дивидендтер туралы болжам құру және  N сәті келгенін болжау

 

.                           (14.3)

 

Бұл формулаға сәйкес акцияның ағымдағы құны N аралығына  дейінгі РN-ді бірге қосқандағы  төленген келтірілген құнға тең болады және N ()аралығынан кейінгі дивидендтің барлық келтірілген төлемдеріне тең болады. Инвестордың акцияны сатып алуға жіберген салымының тиімділігін талдау үшін келесі табыстылық түрлері пайдаланылады: дивидендтің ставкасы, инвестор үшін акцияның ағымдағы кірісі, ағымдағы нарықтық кіріс, түпкі және жиынтық кіріс.

Дивидендставкасы ()  төменгі формуламен анықталады

 

,                          (14.14)

 

мұндағы D – дивидендтердің жылдық төленетін мөлшері;

                N –  акцияның номиналды бағасы.

 

Дивиденд ставкасы жылдық дивидендтерді жариялағанда қолданылады. Инвестор үшін акцияның ағымдық кірісі (рендит) () төменгі формуламен есептеледі

 

,                          (14.15)

 

мұндағы  – акцияны сатып алу бағасы .

 

Ағымдағы нарық бағасы () төленетін дивидендтердің, акцияның ағымдағы нарықтық бағасына қатынасымен анықталады  ()

 

.                             (14.16)

 

Түпкі кіріс () мына формуламен есептелуі мүмкін

 

,                   (14.17)

 

мұндағы – орта есеппен жылдық төленгендивидендтер шамасы (орташа арифметикалық есеппен шығарылады);

n – инвестордың акцияға ие болған жылдар саны;

 – акцияны сату бағасы.

 

Инвестордың акцияны сатып алуға салған салымы тиімділіктің қорытынды көрсеткіші ретінде жиынтық кірісі болып есептеледі  ()

 

,                       (14.18)

 

мұндағы – төленген дивидендтер мөлшері.

 

Түпкі және жиынтық кіріс сол уақытта есептеледі,егер инвестор акциясын сатса немесе оны анықталған бағамен істегісі келсе.

Артықшылығы бар акциялар, шұғыл емес облигациялар сияқты кірісті ұзақ уақыт басқарады. Сондықтан белгіленген мінездемелі дивидендтер шексіз төленеді. Артықшылығы бар акциялар Р төменгі формуламен есептеледі

 

,                                  (14.19)

 

мұндағы D – белгіленген дивиденд;

                i – инвестордың көздеген кіріс шамасы.

 

Вексельдер операциясының кіріс талдауы. Егер вексель дисконтты болса, оның сатып алу құны номиналды вексель мен дисконт шамасының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады

 

,                    (14.20)

 

мұндағы  – сатып алу құны;

 – вексель номиналы;

 – дисконттық ставка;

 – вексельді сатып алған күннен оны жапқан күнге дейінгі күн саны.

 

Егер вексель өтеу мерзіміне дейін сатылса, онда кіріс сатушы мен сатып алушы арасындағы мерзім вексельді жапқанға дейінгі дисконттық ставка және вексельді жабу күніне дейінгі аралық есептеліп  бөлінеді. Бұл операцияның кірісі  () мына формуламен анықталады

 

,                         (14.21)

 

мұндағы – сатушы кірісі ;

 – сатып алушы кірісі ;

 – сатып алу мерзімінде жабуға дейінгіқалған күн саны;

 – сатылатын уақытта жабуға дейін қалған күн саны.

 

Салым тиімділігін есептеу кезінде эмитенттің іскерлік сапасына, эмитент беделіне, оның мамандандырылуына, инвестициялық климатына және орналасқан жерінің потенциялына, бизнесінің келешегіне көңіл аударылады.

Қорлық инструменттер сапасын талдау кезінде еске алынатын жағдайлар: барлық жағынан инвестордың әлеуетін қанағаттандыратын құнды қағаздарды таба алмайтындығы. Құнды қағаздардың өзі кіріс кіргізу жағынан, пайыздан ұту, құнды қағазды сатып алуда дисконтты пайдалану, дивидендтер, курстық өзгешелік жағынан бірдей емес .

 

Тәжірибелік тапсырмалары

 

1 Инвестициялық қасиеттер мен факторингтің, форфейтингтің, кепілдеменің басқару қабілеттеріне салыстырмалы бағалау жүргізу (кестеде келтірілген).

 

Өздік жұмыстардың тапсырмалары

 

1 Келесі мәселелерді қарастырыңыз:

  • опциондар нарығындағы инвестициялық стратегия;
  • фьючерстік келісімшарттарды инвестициялар үшін пайдалану.