Павлодар, 2021

3 Мемлекеттің құрылымдық -инвестициялық саясаты


Инвестициялық саясат,  қаржы саясаты сияқты, мемлекеттің экономикалық саясатының  құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл елдің экономиакасына қалай әсер етсе, солай кәсіпкерлік қызметке де оның шаруашылық субъектілеріне   әсер етуші  маңызды тұтқа  болып табылады.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты – өндірістің тиімділігін арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, экономиканы арттыру, инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге жағымды жағдай жасауға бағытталған арнайы мақсатты іс шаралар кешені.

Кез келген мемлекеттің инвестициялық саясатының міндеттері елдегі экономикалық жағдаймен анықталады. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

  • экономиканың салалары мен кез келген аймақтарын таңдау және қолдау көрсету;
  • шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету;
  • экономиканың баланстандырылған салаларын қамтамасыз ету;
  • аймақтарда тұрғын үй құрылысы бағдарламасын даярлау;
  • экспорттық өндірістің дамуына жағдай жасау;
  • отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету  және т.б.

Елдің ұйымдық инвестициялық саясаты инвестициялық үрдістің институционалдық ортамен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болуы міндетті.

Осыдан, мемлекет 3.1-суретте көрсетілген негізгі қызметтерді атқаруы тиіс: инвестициялық жобаларда стратегиялық қатысу, институционалдық ортаға кепілдік беру және инвестициялық үрдісті бір жүйеге келтіру.

Экономикалық қызметте өткізілетін институционалдық ортамен қамтамасыз ететін тиімді инвестициялық саясат  3.2-суретте көрсетілген өзара байланысқан кезеңдерден тұруы тиіс.

Инвестициялық саясаттың  негізгі бағыттары ретінде отандық және шет елдік инвесторларға жағымды жағдай ұйымдастыру бойынша, кірістілікті арттыру, тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамудың тәуекелдерін азайту бойынша,  халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша шаралар көрсетіледі.

Инвестициялық саясатты жүргізудің нәтижесі экономиканы дамытуға тартылған экономикалық ресурстардың тартылған көлеміне қарай бағаланады.

 

3.1-сурет – Инвестициялық үрдісті институционалдық ортамен қамтамасыз ету бойынша мемелкеттік қызметтері

 

3.2-сурет – Мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі кезеңдері

Инвестициялық белсенділікке мемлекет амортизациялық саясат, ғылыми техникалық саясат, шет елдік инвестициялық қарым-қатынастарға байланысты саясаттар арқылы әсер ете алады.

Мемлекеттің амортизациялық саясаты  амортизациялық  аударымдарды есептеу тәртібі мен қолдануды реттейді. Сәйкестелген амортизациялық саясатты  қолдана отырып, мемлекет өндірістің сипаты мен қарқынын реттейді және бірінші кезекте негізгі қорлардың жаңаруын байқап отырады. Мемлекеттің тиімді амортизациялық саясаты кәсіпорындарға  жай және анықталған мөлшерде негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндірісіне қажетті  инвестициялық құрадарды иемденуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің ғылыми техникалық саясаты ретінде ғылым мен техниканың кешенді дамуын қамтамасыз ететін  арнайы мақсатты шаралар жүйесі ретінде және осы нәтижелерді елдің экономикасына енгізуге бағытталған. Ғылыми техникалық саясат инновациялық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады және мемлекеттің дамуында және ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған артықшылықты таңдауды көрсетеді.

Кез келген дамушы елдің экономикасы шетелдің инвестицияға келесі факторлар бойынша тәуелді болып тұрады: қажетті жаңаруға  кәсіпорынның жеткілікті құралдарының жоқтығы, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру болмағанда, негізгі құралдардың жоғары деңгейдегі тозуы және т.б.

Шет елдік инвестицияларды тарту  бойынша мемлекеттік шараларады екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа инфляция қарқынын төмендетуге бағытталған, шет елдік инвесторлар үшін тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шаралар. Екінші топқа шет елдік инвесторларға салынатын салықтарды төмендету мен кедендік жағдайларды жеңілдету бойынша үкіметтің шаралары жатады.

Осылайша тиімді инвестициялық саясат амортизациялық, ғылыми техникалық және ғылыми технологиялық саясаттармен  тығыз байланысты болады. Бұлардың барлығы мемлекеттік   экономикалық және әлеуметтік саясаттарының құрамдас бөлігі болып келеді.

Шет елдік инвестицияны тарту бойынша саясатты әзірлеу барысында  сонымен қатар елдің негізгі міндеттері мен экономикалық шарттарына қарай қолданылатын негізгі қағидаттарды ескерген жөн.  Осы қағидаттарды қарастырайық.

Экономикалық қорғаныс қағидаты. Халықаралық және банктік несиелерді тарту мен қолдану барысында олардың ішкі қарыз бен теріс қалдықтың артуына әсерін ескеру қажет.

Мемлекеттің инвестициялық мақсаттарын жүзеге асыру. Шет елдік инвестициялар мемлекеттік реттеуге бағынышты болуы тиіс жіне келесі макроэкономикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс: ЖІӨ қарқыны, төлем балансын оңтайландыру, өндіріс пен жұмыссыздықтың ауытқуын реттеу, бағаларды тұрақтандыру және инфляцияны төмендету, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету.

Шет елдік капиталды қолданудың кезеңділігі мен артықшылық қағидаты.  Шет елдік капитал мен инвестицияны қолдануды дамыту мемлекеттің дефициттік және дағдарыстық кезеңінен дамыған экономикалық типтік жағдайға дейінгі экономиканың дамуыныі жалпы міндеттеріне тәуелді болып келеді. Бұл даму келесі кезеңдерді  қамтиды:

  • импортты алмастыру;
  • эскпортты хабарлау;
  • ғылымды қажет ететін технологиялар негізінде экономиканы қалыптастыру.

Несиені  қолданудың жобалық  әдісі қағидаты.  Ішкі қарым қатынастарды бақылау мен дұрыс ұйымдастыру мақсаттарында мемлекет басымдырақ бағыттар мен жобалардың тізімін құрастыру керек. Алайда қаржыландырудың жобалық әдісі әрбәр несиелеудің түп негізінде болуы тиіс. Басқа сөздермен айтқанда, ақша қаражаттары мемлекеттің анықталған міндеттеріне қол жеткіе алатыр, нақты жобаларға берілуі тиіс.

Несиенің құнынан ішкі жинақтың нормасының асып кету қағидаты. Несиені қолданудың экономикалық тиімділігі  нәтижесінде мемлекет үлкен қаржылық және материалдық байлыққа ие болған жағдайда анықталады.  Ондай  болмаған жағдайда несие зала әкелген деп есептеледі. Тартылған құралдарды қолдану барысында тек қана кредиторлар ғана емес, сонымен қатар мемлекет  немесе  жекелеген аймақтар.

Халықаралық несиелендіру бойынша халықаралық кәсіпкерлікты таңдау қағиадаты. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттің  сыртқы ара қатынас  үшін өте жоғары тәуекел  ол шет елдік капиталды несие түрінде қолдану тек қана төтенше жағдайларда ғана қолданылады.

Жобаны кепілге қоя отырып, несие тарту қағидаты. Бұл қағидат несиені  қолданудың жобалық әдісімен ұқсас. Алайда одлан айырмашылығы несиені қолдануға емес, керісінше оны тарту саясатына бағытталған.

Жобаны таңдау барысындағы бәсекелестік қағидаты. Бұл қағидат басымырақ бағыттар бойынша жобалар арасында байқау өткізу керек екендігін білдіреді.

Сыртқы ара қатынастардың әр түрлі нысандарын салыстырмалы бағалау қағидаты. Мемлекеттік саясатты әзірлеуде, « берілгенді алу» қағиадатын қолдана беруге болмайды. Мысалы, ұзақ мерзімді несиелеу қысқа мерзімдіге қарағанда тиімдірек, сол себептен егер мемлекет қысқа мерзімді несиелерді алып алатын болса, онда мемлекет өте үлкен кредиторлық берешек қоржынын жинап алады.

Инвестициялық жағдайды жақсарту қағидаты. Осы қағидатпен байланысты мемлекеттерге  шет елдік капитал мен инвестицияларды тарту керек пе, немесе дамыған елдер ұсынып отырған инвестициялық рейтингті арттыру жағдайын қарастыру керектігін анықтап алған жөн.

Шет елдік капиталдың  стратегиялық және басымдырақ салаларға келуіне шектеу қағидаты.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай кез келген экономикалық немесе ресурстық базасы  бар дамушы ел әрдайым басым салаларға инвесторлардың келуін шектеп отыру тиіс, соның арқасында мемлекет экономикалық қауіпсіздікті ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Шет елдік және отандық инвесторларға бірдей шарттардың қағидаты. Шет елдік өндірістік капитал қосымша салықтық төлемдерсіз дамушы елдің экономикасына енуге мүмкіндігі мол болады. Инвестициялық саясат оны орындаудың механизмінсіз қызмет ете алмайды. Ол өзіне келесілерді қосуы тиіс:

  • инвестицияны қаржыландырудың сенімді көздерімен әдісін таңдау;
  • инвестициялық саясатты жүзеге асыратын жауапты орган мен мерзіді анықтау;
  • инвестиция нарығының қызметін атқаруы үшін нормативтік құқықтық базасын құру;
  • инвестицияларды тарту үшін жағымды жағдай жасау.

Мемлекеттік инвестициялық саясаттан тыс, салалық, аймақтық инвестициялық саясат және кәсіпорынның инвестициялық саясатты бөліп қарастырады. 3.3-суреттен байқалғандай, олар барлығы тығыз байданысты, алайда анықтаушы ең бастысы болып мемлекеттік инвестициялық саясат табылады, себебі аймақтық, салалық және макро деңгейде инвестициялық қызметті жүзеге асырушы сол болып табылады [4].

Салалық инвестициялық саясаттың негізінде шаруашылықтың жеке салаларын қолдау түсіндіріледі, және ол келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: экономикалық қауіпсіздік, өнеркәсіптік өнімді экспорттау, ғылыми техникалық прогрессті жылдамдату.

 

3.3-сурет – Инвестициялық саясаттың түрлерінің ара қатынасы

 

Аймақтық инвестициялық саясаттын негізінде аймақтың шеңберінде ұйымдастырылатын шаралар  ретінде түсіндіріледі, және бұ лжеке инвесторлар мен халықтың қызығушылығы бойынша құралдарды тиімді және рационалды түрде қолдануға бағытталады.

Әрбір аймақ инвестициялық саясатың өзіне тиісілі ерекшеліктерін қамтиды, олар келесі факторлармен байланысты:

  • аймақта өткізілетін экономикалық және әлеуметтік саясат;
  • өндірістік әлеуеттің көлемі;
  • табиғи климаттық шарттар;
  • энергиялық ресуртсрамен жабдықталу;
  • географиялық орналасу мен геосаясаттық жағдайы;
  • қоршаған ортаның жағдайы;
  • демографиялық ахуал;
  • шет елдік инвесторлар үшін аймақтың тартымдылығы және т.б.

Аймақтық инвестициялық саясатты тиімді өткізу үшін жеке аймақтардың деңгейінде бөлек инвестициялық қызметтің стратегиясын әзірлеу керек. Аймақтық деңгейде  инвестицияны тарту  келесі шараларды ескере отырып  өткізілуі тиіс:

  • меншікті инвестициялық әлеуетке бағалау;
  • аймақтық даму стратегиясын құрастыру мен жүзеге асыру;
  • аталмыш аймақта инвестициларды тарту бойынша маркетингтік, ұйымдастырушылық техникалық және басқа да шараларды жүзеге асыратын, мақсатты кешенді бағдарламаларды өткізу.Мақсатты кешенді бағдарламаларда бағадрламалық шаралардың жүйесі көрсетілуі мүмкін, мысалы бизнес карта құрастыру;
  • инвестициялық үрдіске қосу үшін банктерді қалыптастыру;
  • жеке территорияларды ынталандыру бойынша бағдарламаларды дайындау, сонымен қатар аяқталмаған құрылыстарды азайту бойынша шаралар;
  • жеке салалар мен кәсіпорындар бойынша бизнес профильдерін қалыптастыру және т.б.

Аймақтық аспект инвестицияның салалық  бағыттылығымен  байланыстылығын ескеру керек. Осылайша, мысалы мұнай газ өнеркәсібінің өндірісінің көлемінің артуы бір жағынан  өндіру тереңдігінің артуынан, екінші жағынан сол өнімнің қайта жасау арқылы болуы тиіс. Мұнай химия және химия өнеркәсібінде биотехнология негізінде өнім түрлерінің дайындалуымен, ал машинажасауда  импортқа орналастыру бойынша өнімнің артуы есебінен.

Инвестициялық қызметте соңғы кездерде маңызды рөлді жеке коммерциялық ұйым мен мекемелер атқарады. Осыдан шығатыны, кәсіпорынның инвестициялық саясатының рөлі артуда, бұның негізінде келесі шаралар жатыр: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін тиімді салым салу, салынған инвестицияның жылдам сатылып алынуы, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын құрастыруда келесілерді ескеру қажет:

  • болжанған шаралардан экономикалық, ғылыми техникалық және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуі;
  • кәсіпорынның бекітілген мөлшердегі салынған инвестициядан максималды түрде табыс алуы;
  • табыстылығы төмен инвестициялық жобаларды рационалды түрде қолдану;
  • жеке жобаларды жүзеге асыру бойынша инвестициялық тәуекелдерді азайту;
  • инвестицияның өтімділігін қамтамасыз ету және т.б.

3.4-суретте мемлекеттік инвестициялық саясатының тиімділігінің жалпы критерийлері берілген.

Қазақстанның экономикалық құрылымдық инвестициялық саясатының мақсаты инвестициялық қызметті жандандыруға және отандық экономиканы арттыруға және жалпы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қарастыратын стратегиялық жоспарды жүзеге асыру болып табылады. Елде  тиімді инвестициялық саясатты әзірлеуде төрт негізгі қағидаттарды ұстана отырып  жасалады:

  • инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз етуді жетілдіру;

 

3.4-сурет –  Мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігінің критерийлері

 

  • инвестициялық бағдарламалардың стратегиялық бағыттарында инвестициялық саясаттың шоғырлануын жаүзеге асыру;
  • кәсіпорындармен ара қатынасты олардың меншікті қаражаттарын инвестициялауға жұмсауды ұйымдастыру;
  • дамудың оң және теріс кезеңдеріне үнемі бақылау жасау.

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың жасауда аталған қағидаттарды жүзеге асыруда  ең маңызды мәнді оны реттеуде ұйымдастыру механизмі алады [3].

Бұл механизм шет елдік капиталды тарту мен қолданудың ұлттық концепциясына негізделуі тиіс. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу белгілі бір көлемде капитал ағымының тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын анықталған талаптарға жауап беруі тиіс. Осы талаптардың ішіндегі келесілер:

  • қаржылық, салықтық, кедендік реттеу саласында заңнаманың тұрақтылығы;
  • салықтық жиналымдар, тарифтер және жеңілдіктер жүйесін ұтымды ету;
  • салалық және территориалдық бөлікте тиімді қаржылық реттеу;
  • шет елдік инвестициялау проблемасын шешуде мемлекеттік органдардың компетенциясының жоғары деңгейі.

Инвестициялық үрдісті реттеудің тұтастығы үрдіске тікелей бір нақты әдістер арқылы өзінөзі реттеуге жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық үрдісті реттеудің жүйесінің негізінде реттеудің нақтылық, баламалық және тиімділік  қағидаттары жатуы тиіс.

Бірінші қағидатқа сәйкес, реттеу әдісі инвестициялық жобаның анықталған жоспарлы көрсеткіштері мен мазмұны бойынша сәйкес келуі керек.

Баламалық қағидатына сәйкес, инвестициялық үрдістің салалық, жалпы экономикалық функционалдық, құрылымдық ұйымдық ерекшеліктерінің нақты есебі керек.

Тиімділік қағидаты инвестициялық үрдіске шектеулі ресурстар негізінде  максималды түрде ықпал етуімен байланыстырылады.

Осы қағидаттарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің алдында тұрған компанияны дамыту үшін нақты міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін реттеу құралдарының жалпы кешені қажет. Бұл кешеннің негізін келесі құралдар қамтуы тиіс:

а) нормативтік құқықтық  нақты және заңға сәйкес рәсімделген, қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын инвестициялық үрдіске қатысты әдістер:

  • инвестициялық үрдістің заңнамалық базамен қамтамасыз етілуі;
  • мемлекеттік норативтердің жүйесі;

б) қаржылық тартылған және болашақта тартылатын ресурстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық үрдістің параметрлеріне және динамикасына қатысты әдістер. Бұл топтың мәні  инвестициялық үрдіске мемлекеттік емес құралдарды тартуда. Мемлекеттік субсидия және дотация сынды қаржылық салымдары қатаң түрде шектелген болуы тиіс, себебі мемлекеттік қаржыландырудың жоғары деңгейде тиімсіз қолданылуы мүмкін жағдайлар кездесіп жатады;

в) ұйымдастырушылық құралдар бұл инвестициялық бағдарламалар немесе нақты бір инвестициялық жобалардың барлық қатысушыларының әрекетттері мен қызығушылықтарын ретке келтіру мен келісу әдістері  (мысалы ассоциация, концерн, консорциум немесе холдингтердің ұйымдастырылуымен).

Осы құралдардың ішінде барлығын тиімді қолдану бұл басқа тұлғалардың  дамыған қаржылық жағдайында ғана мүмкін.

Іс жүзінде  барлық реттеу құралдары Қазақстан Республикасында әр түрлі дәрежеде қолданылады және елдегі инвестициялық белсенділікті арттыру, қолдау, ынталандыру үшін жетілдіріліп отырады.

Қазақстандағы инвестициялық үрдісті дамыту перспективалары инвестицияны қалыптастыру мен жұмсау тәжірибелерін мемлекеттік реттеумен, түпкілікті қаржылық жүйені реформалаумен, мемлекеттік кепілгерлік институттарын қалыптастырумен, бөлінген қаражаттардың жоғары деңгейде тиімді қолдануды қамтамасыз етумен, экономиканы қайта құруда нақты ықпал етуімен байланысты. Қорытындылай келе, бірыңғай мемлекеттік инвестициялық саясатты құру Қазақстанның жалпы экономикалық саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

Мемлекеттің инвестициялық саясатының негізгі міндеттері болып жоғары технологиялық және шикізаттық емес экспорттқа бағытталған тікелей инвестицияларға жағымды жағдай жасау, сонымен қатар экспорт арқылы әлемдік сауда жүйесіне енудің инфрақұрылымы мен интеграциясын дамыту табылады.

Инвестициялық климатты қалыптастыруда теріс рөлді байқататын мәселелердің қатарын атауға болады:

  • экономиканың қажет ететін инвестицияның көлемінің жетіспеушілігі;
  • инвестициялық белсенділіктің географиялық диспропорциясы;
  • салалық инвестициялық белсенділіктің маңызды бір қалыпты еместігі;
  • негізгі капиталға инвестицияның төмен деңгейі.

Қазақстанның экономикасына инвестициялық ағымдардың көп бөлігіне қарамастан, инвестициялық қызметте маңызды өзгерістер орын алмай жатыр. Мысалы, мұнай газ өнеркәсібіне бұрынғыдай  ірі инвестор кәсіпорындар тартылуда.

Жанармай және минералды шикізат кешені салаларында инвестициялық белсенділік экономиканың нақты секторындағы басқа салаларына қарағанда артығырақ.

Елге инвестицияның  шектеулі түрде тартылу себебінің талдауы сонымен бірге мамандандырылған әлеуметтік ұйымдар мен шет елдік инвесторлардың өздерінің бағаларына негізделеді.

Отандық және шет елдік мамандардың бағалауы бойынша, инвесторларды келесі факторлар шеттетеді:

  • елдегі бос экономикалық аймақтардың аздығы;
  • жалпылай заңнамалық базаның тұрақсыздығы;
  • инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы;
  • іскерлік ақпарат нарығынң дамымағандығы;
  • көлік инфрақұрылымының дамымағандығы.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, инвесторларда біздің ел туралы теріс бейне қалыптасқан. Жекелей қарағанда инвесторлар келесі теріс факторларды көрсетеді:

  • инвесторлардың алдағы уақыттағы инвестиция салуынан бас тартуына себеп болатын, инвестициялық жобаны таңдаудың шалағай жүйесі;
  • инвесторларға арнайы кәсіпкерлер сияқты емес, керісінше тек қана қаржыландырудың көзі ретінде қарайтындығы;
  • заңнаманы толық елемеу, заңды ұстану бойынша нақты механизмнің жоқтығы;
  • инвесторларға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымға қажетті ақпараттық қызметті ұсынатын ұйымдастырылған инвестициялық қызметтің жоқтығы;
  • шет елдік фирмалардың қажеттіліктері мен инфрақұрылымның сәйкес келмеуі;
  • заңды тұлғалар үшін тұрақсыз, әрдайым өзгеріс ұшырап отыратын салықтық режим және т.б.

Инвестор үшін тағы да маңызды фактор қаншалықты аймақ бәсекелестер мен қаржы ресурстарымен толыққанды қамтамасыз етілген.

Соңғы жылдары Қазақстанның аймақтық инвестициялық саясаты өндіруші өнеркәсіпке, бірінші кезекте мұнай өнеркәсібіне бағытталуда. Инвестицияның азғантай үлесі бес ауданға салынды. Бұл аймақтар қайта инвестицияланған аймақтар болып аталады, соның ішінде төртеуі (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары) қызмет жүргізіп тұрған және перспективалық аймақтар болып саналады.  Осыларға тағы да жақын мұнай газ өндіруші облыс Қызылорда облысы. Инвестициялық әлеуеттің 18 %  шоғырландырып, республиканың  инвестицияның 51 % жұмсады. Әрине, тым инвестициялауға жақын аймақтардың біріне Астана жатады.

Керісінше, бірінші бестік аймақтарға, (Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары) инвестициялық әлеуеттің 57 % шоғырландырылған, соңғы екі жылда Қазақстанның экономикасына барлық инвестицияның үш бөлігі салынды.

Мемлекет әлеуметтік экономикалық даму деңгейінде аймақ аралық диспропорцияны түзетуді және Қазақстанның шаруашылығының аймақтық құрылымын өзгертуге мүмкіндік беретін аймақтық инвестициялық саясат құрастыруға ұмтылуда.

Алайда бұндай саясаттың кемшіліктері бар. Біріншіден, инвестицияның көлемінің төмендеуі бюджеттен берілетін дотацияны талап ететін болады. Екіншіден, Қазақстанның аймақтарының өндіруші салаларына салынатын инвестициялардың үлкен тәуекелі бар екендігі анық. Бұл факторлар әрдайым инвестициялық бағдарламалар құрастырылар кезде әрбір дәрежеде ескеріледі.

Сонымен қатар, мемлекет әрдайым шет елдік инвесторлармен қарым қатынасты нығайтудың институционалдық механизмін жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі кезде индустрия және жаңа технологиялар министрлігініңинвестициялар бойынша комитеті шет елдік инвесторлармен бірыңғай жұмыстарды атқаруда. Сонымен қатар, министрлік негізінде шет елдік инвесторларды тарту және солар бойынша қызметті жүзеге асыратын арнайы мамандандырылған компанияны тағайындау жоспарлануда. Бұл рөлге экспорт және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» Ұлттық агенттігі лайықты. Шет елдік инвесторлардың қызығушылықтары бойынша ҚР Премьер Министрлігінің негізінде шет елдік инвестициялар бойынша Комиссия құру жоспарлануда, олардың негізгі қызметтері келесілер:

  • мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметін бақылау және үйлестіру;
  • жобаларды қарастыру және инвестициялық шешім қабылдау туралы нәтижелерді қорытындылау.

 

Тәжірибелік тапсырмалары

1 Қазақстандағы инвестициялық саясаттың даму тарихын қарастырыңыз. Қызықты сәттерді күн бойынша жазыңыз.

2 Соңғы 10 жылда қабылданған негізгі инвестициялық стратегияларды, бағдарламаларды жазыңыз.

 

Өздік жұмыстардың тапсырмалары

1 Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда жүзеге асырылған негізгі маңызды инвестициялық жобаларды табыңыз