Қаржылық институттар банк, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлары, зейнетақы қорлары сияқты қаржы несие жүйесінде қатысатын ұйым. Бұл қарыз беруші мен қарыз алушыжәне инвестор мен жинақтаушы арасындағы қаржылық делдал.
Қаржылық институттар ақша қаражаттарын берумен байланысты қызмет көрсетеді және қарыз береді, әрі экономиканың нақты секторының қызмет етуіне септігін тигізеді.
Әлемдік тәжірибеде қаржылық институттарды мемлекетті дамыту мақсатында әрі экономикалық соғыстар мен дағдарыстарды жеңу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда мемлекетке осы немесе басқа секторда өндірістік және инвестициялық белсенділікті арттыратын агент қажет.
Әсіресе, бұл бюджеттері шикізаттық ресурстар бағасының конъюктурасына тікелей тәуелді елдерде өзекті болып келеді.
Бұл елдерде даму институттарынан тыс, тұрақтандырғыш қорлары құрылады, олардың қызметтері жағымсыз жағдайдағы мемлекеттік кірістің төмендеуі кезеңіндеге мемлекеттік бюджетті тұрақтандыру, инфляцияны ұстап тұру, ұзақ мерзімді перспективаларға мемлекеттік мұқтаждықтарды қаржыландыру. Резервтік қорларды қолдану мемлекеттің өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындамаудан сақтануға, мемлекеттік бюджеттің дефицитін қаржыландыруға, мемлекеттік қарыздар бойынша дефолтты болғызбауға мүмкіндік береді.
Осы тұжырымдардан шыға келе Норвегия, Чили,Кувейт және Аляска амрикандық штатының тәжірибелерін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 23 тамызынан № 402 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қалыптастырылды, онда экономиканың шикізаттық секторының кірістері, Қордың құралдарын басқарудан инвестициялық кірістер, ауыл шаруашылық маңыздағы жер учаскелерін сатудан түскен кірістер, 10 % мөлшеріндегі мемлекеттік және жергілікті бюджеттен арнайы трансферттер сияқты қаржылық ресуртар шоғырландырылды.
ҚР Ұлттық қорының құралдары ҚР Ұлттық қорының Кеңесімен рұқсат етілген шет елдік қаржылық құралдарда орналастырылады. Олардың құрамына Президент, Премьер Министр, қаржы министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сенат және мәжіліс өкілдері, президент әкімшілігінің басшысы, Ұлттық Банктің Төрайымы, Премьер Министрінің орынбасары және мемлекеттік бюджеттің орындалуы бойынша бақылау комитетінің есептік өкілі кіреді.
Осы тұрақты қордың негізін құрай отырып, Қазақстан әлеуметтік экономикалық жаңа деңгейіне көтеріле отырып, экономиканы жаңалау және диверсификациялау мақсатында мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешу мақсатында отандық бизнестің мүмкіндіктері мен сапасын арттыруда мемлекеттік институттар жүйесін құруға кірісті.
Мемлекет даму институттары арқылы технологиялық және экономикалық жүйені дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнімді өндіретін, өндірістің жалпы кешендік жүйесін жасауға бағытталған жобаларға қатысады. Бұл бәсекеге қабілетті өнімнің барлық параметрлеріне сәйкес келетін түпкі өнімді өндіретін көп салалы кәсіпорындарды құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстанда келесі даму институттары қызмет етеді:
Осы институттардың әрқайсысының миссиясы, мақсаты мен міндеттерін қарастырайық [9].
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингін біріктіру жолымен құрылды.
Сонымен ұлттық даму институттарына бөлінген «Қазына» қордың қаржы активтері мен «Самұрық» мемлекеттік холдингтің мемлекеттік акция пакеттерінде жинақталған акционерлік капиталы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының басқаруына біріктірілді.
Қор қызметінің негізгі мақсаты – меншігіндегі біріктірілген активтерді басқару, олардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру және дүниежүзілік нарықта бәсекелестігін көтеру. Сәйкесінше, Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары – жалғыз акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі таза жұмыс жүргізу.
Қор активтерін басқарудың тиімділігі жалпы экономиканы басқару тиімділігімен тығыз байланысты. Бұл орайда Қор ұлттық экономиканы дамытуда маңызды мәселелерді қолма-қол және сапалы шешу үшін Қазақстан Үкіметіне қолғабыс етеді.
Қор – ұлттық көлемді мәселелерді шешуге қатысатын мемлекеттік саясаттың жолбасшысы. Министрліктермен бірлесе отырып, Қор ұлттық экономиканы диверсификациялау мен жаңартуға, ал экономикалық қиыншылықтар кезінде – оның тұрақтандыруға ықпалын тигізуде.
2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін бірлескен әрекеттер жоспарын жасауда Қор негізгі оператор рөлін атқарды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қор қаржы секторын тұрақтандыруға, тұрғын үй саласын дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық, индустриялық және ішкі құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 млрд. АҚШ долларды игерді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан ұлттық экономикасының дағдарыс кезінде өсуіне септігін тигізді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы халыққа Жолдауында көрсеткен тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламаларды, яғни индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, тұрғын үй құрылысының стратегиясы, қазақстандық мазмұнын даму стратегиясын орындауда негізгі серіктес болып табылады.
Қор Қазақстан және одан тыс жерлерде белсенді түрде инвестициялық қызмет атқаруда. Міндеттерінің қатарында аймақтық, ұлттық және халықаралық көлемдегі жобаларда, соның ішінде жарғылық қапиталынына қатынасу мен қарыз беру арқылы экономиканың нақты секторында инвестициялық қатысу бар.
Экономиканың мұнай-газ секторы, электроэнергетика, металлургия, химия және мұнай-химия, инфрақұрылым сынды салалар Қор инвестициялары үшін басымдыққа ие.
Қордың инвестициялық қызметі ең алдымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының еншілес компаниялардың активтерін қолдау және жаңартуға бағытталған. Қордың көптеген инвестициялық жобалары еліміздің аймақтарында жүзеге асуда, осының арқасында шалғай жатқан аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға мультипликативті әсер етеді.
Қор отандық тауар өндірушілерге, қазақстандық өндіріс тауарлары мен қызметтерін жергілікті және шетел нарықтарда таратуға ерекше назар аударады.
«Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық қызметке көп жоспарлы қатысушы. Оның міндеттері:
Басқарушы компания ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан ары – Қор) корпоративтік басқару жүйесінің заман талабына сай қағидаларын негізге алып, соған сүйене отырып, жұмыс істейді. Қор корпоративтік басқаруды негізгі үш құрамдас бөлік: құрылым, процестер мен айқындық қағидалары бойынша бағалайды.
Қордың бекітілген құрылымына сәйкес, Директорлар Кеңесі компаниялар жұмысына жалпы басшылық жасайды. Әрі Төраға жетекшілік ететін компания Басқармасына әрекеттің ағымдағы тапсырмаларын шешуді жүктейді. Қор Стратегиясының ережелеріне сай келетін, Қордың тұрақты дамуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес компания дамуының негізгі мәселелерін қамтитын шешімдерді әзірлеу мен қабылдау Қордың Директорлар Кеңесінің міндеті мен құзырына кіреді.
Қор құрамындағы ірі компаниялардың тәуелсіз директорларымен Қордың Басқарма Төрағасының кездесулері 2011 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Атап айтқанда 2011 жылдың қазан айында, 2012 жылдың мамыр мен қараша айларында өткізілді. Ең соңғы кездесу ағымдағы жылы мамыр айының соңында өтті. Бұл тұрақты кездесулерде топтың тәуелсіз директорлары Қордың тың бастамаларын талқылайды. Қор акционер ретінде компаниялардан не күтетінін ашып айтып, Компания жұмысындағы ең өзекті мәселелерге қатысты ой бөліседі. Тәуелсіз директорлармен өтетін келесі кездесу күзде ұйымдастырылмақ.
2009 жылдың қазан айынан бері Қорда корпоративтік хатшылар Кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты Қор компанияларында еңбек ететін корпоративтік хатшылар жұмысының тиімділігін арттыру арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы саясат пен корпоративтік басқару тәжірибелерін жетілдіру [6].
Қорда компаниялардың құндылықтарын айқындайтын, оның жұмысы және сыртқы коммуникация негіздерін белгілеп берген Корпоративтік басқару Кодексі мен іскерлік этика Кодекстері бар.
Еншілес және тәуелді компанияларды корпоративтік басқару жүйесінің тиіміділігін анықтау үшін Қор корпоративтік басқарудың өзіндік жеке диагностика әдісін пайдаланады. Бұл әдістеме әлемдік корпоративтік басқару тәжірибесінің үздік стандарттары негізінде әзірленген. Диагностикадағы басты мақсат озық тәжірибеге негізделе отырып, Қор компаниялары тобындағы корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату. Оны корпоративтік басқару жүйесін бағалау мен дамытуда бірізділік пен құрылымдық көзқарас жолын ұстану. Қазір қолданылатын әдістеме корпоративтік басқарудың озық тәжірибелеріне сәйкестік рейтингін анықтауға мүмкіндік береді. Әрі Қор компанияларындағы корпоративтік басқару үрдісін тұрақты дамытып, мониторинг жүргізу құралы болып табылады.
2009 жылдан бері KPMG халықаралық компаниясымен бірлесіп, тұрақты негізде Қор компанияларындағы корпоративтік басқаруға тәуелсіз сараптама жасалып тұрады. Төрт жыл мерзімде Қордағы төмендегі компанияларда диагностика жүргізілді: «KEGOC» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Казатомпром» ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Даму» КҚҚ» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Тау-Кен-Самұрық» АҚ, «Қазэкспогарант» АҚ мен «Ақтөбе Халықаралық әуежайы» АҚ. Диагностика нәтижелері Қор компаниялары тобында корпоративтік басқарудың дамуында ілгерілеу барын көрсетті.
Диагностика нәтижесінде басқару жүйесінің кемшіліктері анықталады. Компаниялардағы басқару сапасын жақсарту жолындағы қадамдар анықталады. Сондай-ақ, диагностика нәтижелері негізінде тиісті компаниялар корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі Жоспарды жүзеге асырады.
Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейде болуы тек компания жұмысының экономикалық көрсеткіштеріне әсер етіп қоймай, жұмыстың ашық-айқындығын арттырады. Шешім қабылдау процесінің толымдылығы мен компанияны инвесторлардың оң қабылдауына септігін тигізеді.
Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы – жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы – Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады.
2006 жылдың қаңтар айында «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы құрылды. Мемлекеттік холдингке «Қазақтелеком», «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы», «Қазақстан темір жолы», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Самұрық Энерго» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, Қазақстандық ипотекалық несиелердің кепілдік қоры АҚ, Kazakhmys, ENRC, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «КазЭкспортГарант экспорттық несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, KazynaCapitalMаnаgement» АҚ; Экспорт және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ; Технологиялардың трансферті және инжинирингі» АҚ акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлестер (пакеттер) өтті. Мемлекеттік холдингтің мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен өнімдер шығаруда қосымша құрал ретінде көмек беру болатын.
Қордың миссиясы – ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру.
Қордың 2022 жылға қарай пайымы – таңдаулы әлемдік практикаларға қол жеткізген, шикізаттық емес компаниялардың дамуының катализаторы және ел экономикасының орнықты жұмыс істеуін қолдауға негіз болып табылатын компанияларды біріктіретін стратегиялық холдинг.
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңына сәйкес Қор өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
- қордың жалғыз акционері ретінде мемлекет мүдделерін сақтау;
- қордың және қор тобына кіретін басқа да ұйымдардың қызметінің кірістілігі, тиімділігі, ашықтығы және есептілігі;
- шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы жүйелілік және жеделділік;
- қордың әлеуметтік жауапкершілігі;
- заңдылық.
Бұл ретте Қор мынадай құндылықтарды өз қызметінде ең бастылары ретінде санайды:
- меритократия: әрқайсысының үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділдік пен шынайылық;
- құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау;
- адалдық: Қор ішінде және өз әріптестеріне деген адалдық;
- ашықтық: байланыстар мен әріптестерге деген ашықтық;
- топтық рухы: бірлескен қызметтен барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық;
- сенім: өзара көмек және сенім мәдениетіне бейімділігі.
Өзінің пайымына қол жеткізу және миссиясын іске асыру үшін Қор үш стратегиялық бағыт бойынша іс-қимыл жасайды:
2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегиялық даму департаментімен әзірленді.
Стратегияның жобасы 26 мамыр 2012 жылы Қордың Директорлар Кеңесімен, 28 маусым 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткенҰлттық әл-ауқат қорын басқару кеңесімен мақұлданды. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «14» қыркүйек № 1202 қаулысымен бекітілді.
Қазақстанның Даму Банкі. Қазақстан даму банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. Қазақстан Республикасының «Қазақстан даму банкі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 жылы 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100 %. Қазақстан Даму Банкінің құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы Министрлігі), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды.Кеңесбанктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды.
Банктің миссиясы еліміздегі шикізаттық емес секторларға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлес қосу [7].
Банктің алдындағы армандар:
- ҚР Үкіметіне және жеке секторға арналған ірі инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша еліміздің озық операторы;
- өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобалардың уақытылы және жеткілікті дәрежеде қаржыландырылуын қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты;
- ұлттық валютамен ең жақсы қаржыландыруды ұсыну бойынша қаржы институты;
- халықаралық нарықта беделге ие болған, активтер көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі;
- корпоративтік клиенттерге арналған ұзақ мерзімді және қымбат емес алыс-берістер мен инвестициялар тарту бойынша негізгі агент.
Қазақстан Даму Банкі қызметінің мақсаттары болып келесілер табылады:
Қазақстан Даму Банкі келесі міндеттерді орындайды:
Банктің өкілеттіктері: Банктің несие саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған несие саясатын айқындау.
Банк өзінің өкілеттіктері мен міндеттерін орындау үшін мынадай операцияларды жүзеге асырады:
Банк ауыл шаруашылығы өнімін ұқсату, машина жасау, көлік инфрақұрылымы, электроэнергиясын өндіру сияқты салаларды дамытуға ат салысып келеді.
Экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру:
Несиелеудің негізгі бағыты банк жобаларды «нөлден» қаржыландырады – бұл қайта өңдейтің секторлар мен инфрақұрылымдағы greenfield жобалар. Қаржылай қолдаудың салалық артықшылықтары:
- тау-металлдық кешен;
- химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп;
- ҮИИДМБ сәйкес машина жасау және басқа да секторлар;
- энергетика;
- көлік және байланыс;
- туризм.
Банк әлеуметтік-жауапты саясатты ұстанады. Банк қаржыландырмайды:
- қару-жарақ өндірісі;
- алкоголь өнімдері өндірісі;
- есірткі, есірткі заттары және есуастандырғыш заттар өндірісі;
- темекі өнімдері өндірісі;
- тұрғын-үй құрылысы;
- мемлекеттік оқу және медициналық мекемелер, қоғамдық-ойын-сауық кешендерінің құрылысы;
- геологиялық барлау жұмыстарды.
Қазақстанның Даму Банкінің ұзақ мерзімді стратегиясы Банктің Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 14 шілдедегі (№ 156 хаттама) шешімімен бекітілді және Банктің 2023 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттары мен негізгі бағыттарын анықтайды.
Банкті қаржы тұрғысынан тұрақты және қарқынды банк мекемесі бола отырып, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторын құруда маңызды рөлге ие болатын заманауи және дербес ұлттық даму институтына айналдыру.
Банктің 2023 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылады:
Банктің қызметі қолдау үш басым объектілеріне қаржылық көмек көрсетуге бағытталатын болады: кәсіпорындар үшін тікелей несиелеу, инфрақұрылымдық инвестициялар арқылы аумақтар/кластерлердің дамуына ықпал ету, сондай-ақ басым салаларға банкаралық несиелеу арқылы қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ ның Жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ. Қазақстанның инвестициялық қоры Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімімен құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционері болып әрекет ететін акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады. Қазақстанның инвестициялық қоры ұлттық даму институты болып табылады.
Қор қызметінің мақсаты перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикізаттық емес секторында жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Қордың міндеттері болып келесілер табылады:
Қор тура инвестор жобасына 49 % акцияны иелене отырып шыға алады. Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатының неғұрлым тиімдірек жолы жобаның технико-технологиялық жағын және 50 пайыздық акцияны бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар жобаны орындаушы ұйымдардың сәйкес деңгейін қамтамасыз ететін стратегиялық инвестор болуы тиіс кәсіпорындардың жарғы капиталына қатысу болып табылады [8].
Кәсіпорынның жарғы капиталына қатыса отырып, Қор инвестор сияқты жобаны іске асырумен байланысты тәуекел мен түсімдерді бөледі. Қор стратегиялық инвесторларға локальды қауіптерді азайту мен мемлекеттік мекемелермен және сол аймақтағы инвестициялық индустрияның басқа да қатысушыларымен қарым-қатынасты үйлестіруді қамтиды.
Инвестициялық жобалар:
Жоба инициаторына қарауына инвестициялық жоба бойынша ұсынысты қабылдау үшін бірінші кезекті міндетті түрде бекітілген формада өтініш толтырып беруі тиіс.
Бүгінгі күні Қор қызметінің акценті құрылымтудырушы маңызы бар ірі перспективалық жобалардың кезеңдік қаржылануына ауыстырылған және ол жаңа әрі жималық экономикалық кластерді толтыруға әсер ететін болады.
Қазақстанның инвестициялық қоры 16 жобаны сауықтыру мүмкіндігін қарастырады.
Холдингінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, проблемалы жобаларды сауықтыруға инвестициялар тарту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр .
«Биылғы жылы Щучинск қаласында бұрын бос тұрып қалған ет комбинаты жұмысқа қосылды. Жамбыл облысындағы Хантау цемент зауытында құрылыс жұмыстары аяқталып, клинкер өндірісі басталды. Алматы көлік-логистикалық орталығының жұмысы қалпына келтірілді».
«2014-2015 жылдары Қазақстанның инвестициялық қоры 16 жобаны сауықтыру мүмкіндігін қарастырады. 2015 жылдың өзінде 3,1 млрд. теңге сомасындағы инвестицияларды қайтарып алуды жоспарлауда».
Қазақстанның инвестициялық қоры тауар мен өнім өндіретін жаңа өндіріс орындарының перспективаларын қалыптастыруға және де қызмет етіп жатып өндірістерді кеңейтуге қайта құрастыруға бағытталған тиімді сатып алынатын инвестициялық жобаларға қаржыландыру мақсатымен қатысады.
Инвестициялау шарттары:
Сонымен қатар, жаңа жобалар үшін де шарттар анықталды:
2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қордың қоржыны 101,030 млрд. тенге жалпы құнымен 31 инвестициялық жобадан тұрды, ҚИҚ қатысуы 31,798 млрд. теңгені құрады [7].
Қордың инвестициялаудағы негізгі салалық бағыттары болып келесілер табылады:
2010 жыл ішінде Қор 1,6 млрд. теңге жалпы сомасында инвестициялық жобаларға қатысып, 373 млн. теңге шамасында инвестициялық табыс алды.
2011 жылы ҚИҚ осы бағытта қызметін жалғастырды, сонымен қатар, өнім өндіру, технологиямен жұмыс істеу, шет елдік нарықты оның капиталымен таныс тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды тартумен айналысты, сонымен қатар екінші деңгейлі банктермен қызмет жүргізді. Одан өзге, ҚИҚ ұлттық компаниялардың қандай өнімге қанағатсыз екенін зерттеп, жаңа өнім түрлерін өндіруге керекті капталдық шығынның қаншалықты екендігі туралы талдау жүргізеді.
2011 жылы Қазақстан инвестициялық қоры жобалық қаржыландыру бойынша инвестициялық жобаларды ұйымдастыру мен құрастыру туралы қызметтерді атқару, әлеуетті инвесторларды тарту бойынша қызметтерді атқару, ұлттық компаниялардың қажеттіліктерін талдаумен айналысатын қызметтің жаңа бағыты туралы ұзақ мерзімді жоба әзірлеуде.
«Ұлттық инновациялық Қор» АҚ. Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) Қазақстандағы инновациялық белсендікті арттыру мақсатында 2003 жылы құрылды. «Ұлттық инновациялық Қор» АҚ акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1099 қаулысымен «Ұлттық инновациялық Қор» АҚ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне сенімгерлік басқаруға берілді. 2013 жылы Ұлттық инновациялық қор «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ болып атауы өзгертілді. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ізбасары болып табылады.
Агенттік инновациялық даму үрдісінің координациясын қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған. Агенттіктің міндеттері 2012 жылындағы 9 қаңтарындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында жазылынған.
Оның ішінде, инновациялық қызметті қолдау саласында:
Агенттіктің 2014-2023 жылдарға дамыту стратегиясы:
- инновациялық үрдістерінің ақпараттық-аналитикалық қолдауы;
- коммерциализация жүйесін дамыту;
- инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту;
- инновациялық қолдауының сервистык құралдарын басқару;
- инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау;
- инновациялық қызметін көпшілікке тарату;
Агенттік тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін қолдауындағы негізгі құралдары:
- Инновациялық гранттар;
- Жобалық қаржыландыру;
- Венчурлік қорлар арқылы қаржыландыру;
- Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша жәрдемдесу;
- Конструкторлық бюролар арқылы қызмет көрсету;
- Халықаралық технологиялар трансферті орталықтары арқылы қызмет көрсету.
Ұлттық инновациялық Қор технологиялық инновациялық бизнеске құралдар салатын, отандық және шет елдік капиталмен венчурлық инвестициялық институттар құруға қатысуға ие болған бірінші қазақстандық ұор болды.
«Ұлттық инновациялық қор АҚ» отандық төрт венчурлық қормен серіктес болып табылады: «АИФРИ «Сентрас» Венчурлық қоры» АҚ, «АИФРИ «Delta Technology Fund Венчурлық қоры» АҚ, «Әрекет» Жоғары технологиялар Қоры» АҚ және «Logycom perspective innovations» АҚ [8].
Бұрынғы кезде Ұлттық инновациялық қор алты қазақстандық венчурлық қормен серіктес болған. 2010 жылы қор «Адвант» және «Almaty Venture Capital» осы екі отандық венчурлық қордан 58,2 млн. теңге жалпы табыспен жақсы шықты. Ұлттық инновациялық қордың қазақстандық венчурлық қордағы үлесі 49 %.
Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты – «Қазына» орнықты даму қорына кіретін Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы (EVCA) мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығының (SVCA) мүшесі болып табылады. 2004 жылдан бері «Ұлттық инновациялық қор» даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: «Адвант» венчурлік қоры» АҚ, «Венчурлік «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ, «Сентрас» АИФРИ» АҚ, «Glotur Tecһnology Fund» АИФРИ» АҚ, «Almaty Venture Capіtal» АҚ, «Logycom Perspectіve Іnnovatіons» АИФРИ» АҚ. Аталған қорлардың инвестициялық саясаты мына салалар бойынша жобалар тартуға бағытталған.
ICT – технологиялар, жаңа құрылыс материалдары, фармацевтика және басқа да болашағы зор салалар. Бірлескен венчурлық қорларды құрудың стратегиялық мақсаттары болып алдыңғы қатарлы батыс технологияларына қол жеткізіп, оларды болашақты Қазақстанға трансфер жасау. Ұлттық инновациялық қордың шетелдік венчурлық қорларға инвестициялары және де бірлескен венчурлық қорларды құру – бұл әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларына шығу мүмкіндігі, білімдермен, тәжірибелермен және технологиялармен алмасудың ашық жүйесін жасау. Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, олардың қаупін төмендетуге, инновациялардың коммерцияландыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді әсерлесу механизімінің қалыптасуына көмектеседі.
Сонымен қатар, Ұлттық инновациялық қор Еуропа, АҚШ, Израиль, Оңтүстік шығыс Азияны қамтитын елдермен серіктеседі: Wellington Partners III Technology Fund L.P., «CASEF, LLC» Шағын кәсіпкерлерді қолдайтын Орталық Азия қоры, Mayban Jaic Asian Fund, Vertex III Fund L.P венчурлық қоры. Осы қорлармен бірге нанотехнология, IT, медицина, байланыс және т.б. салаларды қаржыландырады [7].
Бірлескен венчурлық қорларды құрудың стратегиялық мақсаттары болып алдыңғы қатарлы батыс технологияларына қол жеткізіп, оларды болашақта Қазақстанға трансфер жасау. Ұлттық инновациялық қордың шетелдік венчурлық қорларға инвестициялары және де бірлескен венчурлық қорларды құру – бұл әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларына шығу мүмкіндігі, білімдермен, тәжірибелермен және технологиялармен алмасудың ашық жүйесін жасау. Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, олардың қаупін төмендетуге, инновациялардың коммерцияландыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді әсерлесу механизімінің қалыптасуына көмектеседі.
Венчурлық инвестициядан тыс, Қор сонымен қатар жобалық қаржыландырумен айналысады. Үлестік бақылаусыз жолмен қаржыландырылатын инновациялық қорды таңдау Қазақстанның экономикасының шикізаттық емес секторын дамыту бойынша мүмкіншілігі мен инновациялылығы қарастырылады.
«КазЭкспортГарант» экспорт-кредиттік несие сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Еншілес ұйымы (бұдан әрі – КазЭкспортГарант) Қазақстан Республикасының экспорт-кредиттік агенттігінің функциясын іске асыратын жалғыз мамандандырылған сақтандыру ұйымы болып табылады.
КазЭкспортГарант компаниясы Елбасының 2004 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, мемлекеттің шикізаттық бағыттан бет бұруына және экономиканың шикізаттық емес секторындағы экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жж. стратегиясын іске асыру мақсатындағы жаңа даму институттарының бірі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 Қаулысымен құрылған болатын.
КазЭкспортГарант компаниясының жарғылық капиталы (01.06.2013 ж. қатысты) 10,9 миллиард теңге – 72,9 миллионнан астап АҚШ долларын құрайды [8].
Акцияларының 100 %-ы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №630 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на тиесілі:
2006 жылы 11 тамызда «Moody’s Investors Service» агенттік КазЭкспортГаранткомпаниясының қаржылық сенімділік рейтингісінің егеменді «Ваа1» рейтингісіне дейін көтерілгенін жариялады, рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».
Рейтингісінің көтерілуіне КазЭкспортГарант компаниясы қызметінің қаржылық көрсеткіштері, активтерді орналастыру кезіндегі қаржылық аспаптарды қолдануға қатысты жүргізіліп отырған инвестициялық саясаты, сондай-ақ коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандыру бойынша орындап отырған функцияларының әрекеттегі экспорт-несиелік агенттіктердің халықаралық стандарттарына толығымен сай болуы негіз болды.
2007 жылғы желтоқсанда «Moody’s Investors Service» агенттігі КазЭкспортГарант компаниясының «Ваа1» рейтингісін растады, рейтинг бойынша болжам «Тұрақты». 2009 жылғы мамырда елдік тәуекелдің төмендеуіне байланысты «Moody’s Investors Service» агенттігі «Ваа2» рейтингісін берді. 2013 жылғы қыркүйекте бұл рейтинг расталды.
«КазЭкспортГарант» АҚ компаниясының міндеттері:
«КазЭкспортГарант» АҚ сақтандыру қызметімен қатар келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
КазЭкспортГарант халықаралық әріптестікті белсенді түрде дамытуда, соған орай шетелдің ең ірі Экспорт – несие Агенттіктермен келісімдерге қол қойылды. КазЭкспортГарант Берн одағының Прагалық клубы мен Credit Alliance мүшесі болып табылады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.
Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады. Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ 2006 жылы Қордың акционері болып белгіленді.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басты мақсатына қол жеткізу үшін, 2007 жылғы қараша айына дейін мынадай:
2007 жылдың соңынан бастап, Қорда тұжырымды өзгерістер болды. Қор «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі – ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды; Қор қаржы институтынан мемлекеттен бөлінетін қаражат активтерін басқару операторына айналды: ШОК субъектілерін қаржылай қолдау және ШОК субъектілерін ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау қызметінің жаңа бағыттары әзірленіп, іске асырылып отыр. Қордың фирмалық стилі өзгерді.
2008 жылғы қазан айында, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ және «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» бірігіп, «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып өзгерді. Жаңадан құрылған қор қызметінің мақсаты өзіне тиесілі меншік құқығында ұлттық даму институттарының ұлттық компаниялар мен өзге заңды тұлғалардың акциялар пакетін, қатысу үлестерін басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг ретінде белгіленді.
Бүгінде «Даму» Қоры 100 % акциясы«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.
«Даму» Қорыныңмиссиясы – қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу.
Қордың құрылуына «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдеде қабылданған Заңы және:
«Даму» Қоры іске асыратын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы мемлекет саясатының «Даму» Қоры қызметінің бағыттары бойынша индустриалдық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге салалардағы басты бағыттарын ескере отырып әзірленді және Қордың он жылғы кезеңге арналған миссиясын, болашақтағы көрінісін, стратегиялық бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Стратегияның басты идеясы «Даму» Қорын Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларының басты операторы және біріктірушісі етіп өзгерту.
«Даму» Қорының миссиясы – Қазақстандағы шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу.
«Даму» Қоры өз миссиясын негізгі төрт стратегиялық бағыт бойынша іске асырады:
«Даму» Қоры стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша алға қойған мақсаттарына қолжеткізу барысына, ҚНК қолдана отырып, үнемі мониторинг жүргізіп отырады.
«Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдау бойынша негізгі құралдары шағын және орта бизнесті кейіннен кредиттеу үшін қаражатты банктерге келісіп орналастыру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктер алдында кепілдік беру, сонымен қатар оқыту, консультация беру, кәсіпкерлерге ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету болып табылады.
Жалпы алғанда «Даму» Қоры кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны және еліміздегі ШОБ құзыретін арттыру бойынша 12 бағдарламаны іске асырып отыр.
Қазақстанның барлық 14 облысында және Астана мен Алматы қалаларында «Даму» Қорының аймақтық филиалдары бар. Одан бөлек, бүгінде моноқалаларда 9 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 27 Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды, барлық өңірлерде Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары жұмыс істейді.
«Қазына Капитал Менеджмент» (ҚКМ) – Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша 2007 жылдың мамыр айында құрылған қорлардың қоры. ҚКМ негізгі қызметі –Қазақстан экономикасының серпінді дамып келе жатқан секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын бірлескен қорларды құру мақсатында шетелдік инвестицияларды тарту. Қызмет бағыттарының бірі серіктес елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюі мен экономикалық өсуге ықпал ету үшін ҚКМ-нің мемлекетаралық қорларға қатысуы болып табылады. Компанияның миссиясы – Қазақстанда тікелей инвестициялардың (Private Equity) тиімді нарығын дамытуға ықпал ету. «Қазына Капитал Менеджмент» акционер ретінде мемлекетаралық қорларға да қатысады.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 2013 жылдың тамызынан бастап «Бәйтерек» компаниялар тобының құрамына енді.
Мақсаттары келесідей:
Мақсатқа сәйкес міндеттері төмендегілер болып табылады:
2007 жылы құрылған уақыттан бері қорлар қорының қызметі Қазақстанда тікелей инвестициялардың (Private Equity) тиімді нарығын дамытуға ықпал етуге бағытталып келеді. «Қазына Капитал Менеджмент» көп тәжірибесі бар ірі жеке инвесторлар, халықаралық даму институттарының тәуелсіз қорлары және институционалды инвесторлар секілді бірден-бір серіктестер құрамын жұмылдырды. Серіктестердің құрамында – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), CITIC Group қытай корпорациясы, РОСНАНО ААҚ, Внешэкономбанкі, Macquarie Group және басқа инвесторлар бар.
Қазіргі таңда ҚКМ стратегиялық портфелі жалпы ағымдағы капитализациясы 349 млрд теңгені құрайтын 10 тікелей инвестициялар қорынан тұрады. ҚКМ-нің ағымдағы стратегиялық портфелі бойынша, мандаты бар қорлар әр салынған доллар үшін Қазақстанға 3 доллардан астам инвестиция салуы қажет. Қазақстан аумағындағы жобаларды инвестициялау бойынша 10 қордың 8-інің жиынтық міндеттемелері 200 млрд астам теңгені құрайды (1,3 млрд астам АҚШ доллары).
Компанияларды іріктеудің инвестициялық процесі тікелей инвестициялар саласының мықты әлемдік тәжірибесі есепке алынған басқарушы топтардың кәсіби тәжірибесіне негізделген. Көптеген қорлар инвестициялық кезең сатысында тұр, ол дегеніміз Қазақстанда шикізаттық емес секторлардағы, соның ішінде Қазақстанның жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басым секторларындағы әлеуетті портфельдік компанияларды белсенді іздеп жатқанын білдіреді.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ККМ) мынадай талаптар болған кезде тікелей инвестициялар қорларына қатысу мүмкіндігін қарастырады:
Тікелей инвестициялапр Қоры және Kazyna Capital Management қорының қатысу үлесі 4.1-суретте көрсетілген.
4.1-сурет – Тікелей инвестициялар Қоры және Kazyna Capital Management қорының қатысу үлесі
2007 жылдан бері ҚКМ қатысуымен тоғыз тікелей инвестициялық қор құрылды, соның ішінде жетеуі Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыруда:
Тағы да екі қор – Қазақстан-Тәжікстандық тікелей инвестициялық қоры және Wolfensohn Capital Partners қоры елден тыс инвестициялауды жүргізеді.
Осы қорлар жағынан қаржыландыру диапазонының кеңдігі сурет 15 тен көрініп тұрғандай, өте кең: шағын және орта бизнестен бастап ірі инфрақұрылымыдық жобаларды қаржыландырумен айналысады [9].
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту мен жылжытуға және экономиканың басым секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға барынша қолайлы жағдай жасау арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесетін ұлттық даму институты болып табылады.
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының миссиясы отандық шикізаттық емес экспортты дамыту мен жылжытудың және экономиканың басым секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың ұлттық жүйесінің тиімді қызмет істеуіне белсенді қолғабыс ету.
Негізгі сипаты ел экономикасын әртараптандыру үрдісіне қатысатын, жолға қойылған жұмыс тетігі және кәсіби қызметкерлер командасы бар беделді ұйым.
Қызметтің негізгі бағыттары:
«KAZNEX INVEST» АҚ өздерінің тауарларын эскопрттап жатқан қазақстандық кәсіпкерлермен жұмыс істейді, сонымен қатар экспорттауға қызығушылықтары және мүмкіндіктері бар азаматтармен қызмет етеді. Бұдан басқа, шет елдік компаниялармен олардың капиталдарын тарту, технология және білімдерін үйрену мақсатында қызмет жүргізіледі.
2009-2010 жж аралығында агенттіктің қатысуымен 370 млн АҚШ доллары жалпы сомасымен экспорттық келісім шарттар жасалды.
«KAZNEX INVEST» АҚ қызметтерінің қатарына алдыңғы қатарлы трансұлттық компаниялармен Қазақстан аумағында экономиканың өңдеуші секторларымен қызметті бірге жасау мақсатында араласу көзделген.
2011-2015 жылдарға арналған қызметтің стратегиялық бағыттары:
Көрініп тұрғандай, негізгі көмек сфералары – бұл қаржылық, сервистік, ақпараттық талдау. Экспорт және инвестиция бойынша агенттігі мемлекеттік саясатты жүзеге асрыушы болғандықтан, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, сәйкесінше қайтарымсыз нысанда қызметін ұсынады.
«Технологиялардың тарнсферті және инжинирингі орталығы» АҚ 01.08.03 ж. № 775 «Қазақстан Pecпубликасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы өндірісінің кәсіпорындарынак жаңа технологияны енгізу бойынша құрылды. «Технологиялардың трансферті және инжинирингі орталығы» АҚ АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына енеді.
«Технологиялардың трансферті және инжинирингі орталығы» АҚ инновациялық даму институты болып бекітілді. «Технологиялардың трансферті және инжинирингі орталығы» АҚ миссиясы болып экономиканың нақты секторын модернизациялау табылады.
«Технологиялардың трансферті және инжинирингі орталығы» АҚ міндеттері келесілерде тұжырымдалады:
- инжинирингтік қызметтерді көрсету;
- озат шет елдік технологиялардың, өзге де инновациялық өнімдердің трансферті және оларды Қазақстан Республикасының өндірісіне енгізу;
- технологияларды трансферттеу кезінде кеңестік, ақпараттық, заңнамалық және басқа да қызметтер көрсету;
- технологиялар нарығында ішкі және сыртқы маркетингті талдау және осы саладағы әлемдік даму тенденцияларына талдау;
- инновациялық, инвестициялық және коммерциялық жобаларға технологиялық экспертиза жасау;
- шет елдерде қалай сол сияқты Қазақстан Республикасы аймағында патент, лицензия, технологиялар, ноу хау және өзге де инновациялық өнімдерді енгізу үшін іздеу, сатып алу және жіберу жұмыстары;
- отандық және шет елдік технологиялар нарығын дамыту және кәсіпорындар, салалар және аудандардыың технологиялық жағдайын бағалау мақсатында зерттеу жүргізу;
- технологиялардың трансферті мен инжинирингтік қызметті ұсыну мақсатында отандық және шет елдік мамандарды іздеу және тарту жұмыстары;
- отандық және шет елдік патент, лицензия, технологиялар, ноу хау және өзге де инновациялық өнімдерінің мәліметтер базасын тұрақтандыру және құрастрыу;
- технологиялардың трансферті мен инжинирингтік қызмет саласында халықаралық серіктестікті жүзеге асыру;
- технологиялардың трансферті мен инжинирингтік қызмет саласында әдістемелік және анықтамалық, ақпарттық әдебиеттерді шығару;
- технологиялардың трансферті мен инжинирингтік қызмет саласында жоғары білікті кадрларды дайындай мен қайта дайындау;
- бағдарламалық өнімдерді жасау;
- Орталықтың қызметінің нәтижесінде алынған экономиканың сфералары мекн салалары бойынша бағдарламалық өнімдер мен ақпараттарды тарату, соның ішінде ғаламтор құралдары арқылы;
- лизингғ жалгерлік және орталықтың мүлкін жалға беру қызметтін көрсету.
Қызметтің негізгі бағыттары болып инжиниринг, технологиялар трансферті және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру табылады.
Бүгінгі күнге Орталықтың қатысуымен Алматыда, Қарағандыда, Орал, Шымкент, Өскемен, Петропавловск және Астанада технопарктер салынып дамуда. Үдемелі инновациялық инвестициялық дамудың мемлекеттік бағдарламына (ҮИИД МБ) сәйкес көліктік машина жасау (Нұр-Сұлтан) және тау мұнай құралдарды жасау (Өскемен) сегменттерінде кәсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін екі құрылымдық бюро ашылды. Қазіргі уақытта Орталық үдемелі инновациялық инвестициялық дамудың мемлекеттік бағдарламына (ҮИИД МБ) сәйкес тағы жоспарланған да үш құрылымдық бюро ашуды жүзеге асрыу үстінде: мұнай газ құралдары, ауыл шаруашылық машина жасау және құрал жасау.
Қазіргі кезде Орталық кәсіпорындарға сапаның әлемдік стандарттарына көшуге мүмкіндік беретін «Осы заманғы басқару технологияларын енгізу» мемлекеттік бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіруші болып табылады. Осы заманғы басқару технологияларын енгізу келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: кәсіпорындарға еңбек шығындарын азайтуға, жаңа өнімнің шығу мерзімін азайтуға, тапсырушыға тауардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету және минималды құн арқылы максималды сапаға қол жеткізу.
2009 жылы Орталықтың қатысуымен экономиканың белгілі бір салаларында озық технологияларды трансферттеу және осы заманғы жобаларға француз инвестицияларын тарту мақсатында «Қазақстандық француздық технологияны трансферттеу орталығы» атты консорциум құрылды.
Орталық технологиялардың өркениеттілігін дамыту мен қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттемелерін коммерциализациялау үшін жағдайларды қалыптастыру мақсатында Қазастандық технологияларды трансферттеу жүйесін қалыптастырды. Оны қалыптастыру мақсаты болып Еуропа, Россия және Белорусия мемлекеттерімен өзара технологияларды трансферттеу үшін ақпараттық алмасуды ұйымдастыру табылады.
«Технологиялардың трансферті және инжинирингі орталығы» АҚ, сонымен қатар, инновациялық жобаларға технологиялық талдау жүргізуге мүмкіндігі бар арнайы мамандандырылған институт болып келеді.
Сонымен қатар, «Технологиялардың трансферті және инжинирингі орталығы» АҚ, үдемелі инновациялық инвестициялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИД МБ) инновациялық жобаларға технологиялық талау жүргузі жолымен, маркетингтік зерттеулер жүргізу жолымен жүзеге асыруда жәрдемдесуге мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды сатып алу мен техникалық жұмыс істеу мүмкіншілігіне бағалауды жүргізу үшін Қазақстанның Даму Банкімен арнайы мамандандырылған компанияларының ұсынылған тізіміне кіреді.
Тәжірибелік тапсырмалары
Сұрақтардың қысқаша мазмұнын жасаңыз, жауаптар нақты болуы керек және сұрақтың мәнін ашылуы керек.
1 «Инженерлік-технологиялық трансферт орталығы» АҚ-тың елдегі инвестициялық процестерді кеңейтудегі рөлін қарастыру.
2 «КазЭкспортГарант» Экспорттық несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның елдегі инвестициялық процестерді кеңейтудегі рөлін қарастырыңыз.
3 «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-тың елдегі инвестициялық процестерді кеңейтудегі рөлін қарастырыңыз.
4 «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі елдегінің инвестициялық процестерді кеңейтудегі рөлін қарастырыңыз.
Өздік жұмыстардың тапсырмасы
1 Шет елдерден инвестицияларды қолдау мен тартудың институционалды жүйесін қарастырыңыз (әр студент 1 елді таңдайды)