Инвестициялық процесс жинақтау мақсатына ағымды тұтынудан жаппай ішкі өнімді айыруды ұсынады. Бұдан әрі алынған қаражат құралдары инвестициялық іс-әрекет объектілерін қолдану процесінде (тауарлар мен қызметтерді сату пайдасынан) инвесторға біртіңдеп қайтады.
Құрылып жатқан объектілердің инвестициялық циклының басым ұзақтылығы мен жоғары құны экономикалық айналымы қаражат құралдарын қажет ететін арнайы ресурстарды (материалдарды, құрылғыларды, т.с.с.) талап етеді.
Қазақстандағы нақты инвестициялар басым жағдайларда капитал салымдары формасында іске асырылады. Капитал салымдарын қаржыландыру өзін негізгі капитал элементтерін сатып алуға, оның ішінде қолданыстағы кәсіпорындардың жаңа құрылысына, кеңеюіне, қайта жөнделуіне және техникалық жаңаруына, машиналарды, құрылғыларды, құрал-жабдықтарды, саймандарды, жобалау-ісздестіру жұмыстарын және т.б. сатып алуға қаражат құралдарын жұмсау ретінде көрсетеді.
Инвестициялық процесті қаржылық қамтамасыз ету жүйесі оны қаржыландыру көздерін анықтауға негізделеді. Инвестициялық іс-әрекеттерді (капитал салымдарын) қаржыландыру көздері ретінде капитал салымдары процесін іске асыруға мүмкіндік беретін қаражат құралдарының ағымдары мен қорларын алады [10].
Капитал салымдарын қаржыландыру көздері мен тәсілдерін шектеу қажет. Қаржыландыру тәсілдері өздеріне олардың арқасында қаржыландыру көздері пайда болып, инвестициялық жобалар іске асырылатын тәсілдерді енгізеді.
Мысалы, эмиссиялық кіріс – түрлі инвестициялардың әлеуетті көзі болып табылады. Кәсіпорынды акциялау – акция эмиссияларын іске асыруға мүмкіндік беретін әдіс.
Кәсіпорындардың қаржыландыру көздерін анықтау және одан әрі қарастыру – капитал салымдарының барлық құрастырушы жобаларының өзекті мәселесі. Көздерді саралау мен есепке алу қажеттілігі оларды қатыстырудың түрлі құнымен алдын ала анықталады.
Капитал салымдарының жүйелі классификациясы, ең алдымен, қаржыландыру бөлімдерін бөлуді ұсынады. Капитал салымдарын қаржыландырудың макродеңгейі (ұлттық экономика) мен микродеңгейі (фирма) ажыратылады.
Макродеңгейдегі капитал салымдарын қаржыландыру. Макродеңгейдегі капитал салымдарын қаржыландыру көздерінің жиынтығы жалпыұлттық қорды құрайды. Оған ішкі және сыртқы көздер қосылады [2].
Капитал салымдарын қаржыландырудың ішкі ұлттық көздері мыналар сияқты көздерден құралады:
а) орталықтандырылған ассигнациялаудан:
1) мемлекеттік бюджет қаражаттары – мемлекеттік бюджет туралы заңдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жыл сайын қабылданатын құқықтық актілеріне сәйкес бөлінеді. Қазақстанда мемлекеттік капитал салымдарын қаржыландыруға арналған шығындар республикалық бюджетте (капитал салымдары республикалық мақсатты бағдарламалардың бөлігі болатын болса, немесе ҚР Президенті не Үкіметінің ұсыныстары негізінде) және облыс бюджеттерінде (егер де бұл шығындар аймақты мақсатты бағдарламалардың бөлігі болатын болса, немесе ҚР облыстарының атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде) қарастырылады;
2) бюджетте тыс қаражаттар – экономикалық қорлардан не әлеуметтік сақтандыру қорларынан бөлінеді;
б) орталықтандырылмаған ассигнациялаудан:
1) коммерциялық ұйымдар жинақтары;
2) коммерциялық емес ұйымдар жинақтары;
3) азаматтардың жеке жинақтары.
Капитал салымдарын қаржыландырудың дамушы көздері ретінде халықтың жеке баспана құрылысна бағытталатын қаражаттары болып табылады.
Ұлттық экономикаға капитал салымдарын қаржыландырудың сыртқы көздері өздеріне шетелден келіп түсетін қаражаттарды енгізеді. Олар екі ағымнан тұрады:
а) репартацияланатын капиталдар – жалпы жағымды инвестициялық климатта капитал салымдары түрінде елімізге қайтып келетін ресурстар;
б) мыналардың есебіне іске асырылатын капитал салымдары:
1) халықаралық ұйымдар салымдары;
2) шетелдік меншіктіліктері бар не шетелде жылжымайтын мүлікті жалға алатын мемлекеттер салымы;
3) бейрезиденттердің, заңды және жеке тұлғалардың жеке салымдары.
5.1-суретте макродеңгейдегі капитал салымдарын қаржыландыру көздері көрсетілген.
5.1-сурет – Макродеңгейдегі капитал салымдарын қаржыландыру көздері
Капитал салымдарын қаржыландыру халықаралық ұйымдармен (МВФ, МБРР, ЕБРР, Ислам банкі, Азиат банкі, қайта құру және дамыту, т.с.с.) несиелер беру жолымен іске асырылады.
Капитал салымдарын шетел мемлекеттерімен қаржыландыру олар шетелдік мүлікке ие болатын, жер телімдерін (азаматтық кемелерге қызмет көрсету үшін теңіз айлақтарын құруға, әскери юазаларға және т.с.с.) ұзақмерзімді жалға алатын болса іске асырылады. Бұл жағдайда капитал салымдары инфрақұрылым объектілерінің (аэродромдардың, жолдардың, айлақтардың, тұрғын құрылыстарын, қоймаларды, т.с.с.) күрделі құрылысына және оларға одан әрі қызмет көрсетуше бағытталады.
Бірнеше мемлекеттің капитал салымдарының (мысалы, екі ел арасында шекара болатын өзенде электр стансасын құрау) бірлескен жобаларын іске асыру әлеуетті мүмкін, алайда бұндай жобалар өте сирек кездеседі.
Бейрезиденттердің – заңды және жеке тұлғалардың – жеке капитал салымдары – импорт капиталының анағұрлым жиі кездесетін түрі [2].
Шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикаға қатыстыру әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне ықпалын тигізуі қажет:
Шетелдік инвестициялар көзі ретінде несиегердердің қарыздарды инвестицияларға ауыстыруға келісімінің болғанында сондай-ақ мемлекеттік сыртқы қарызы да бола алады (немесе басқа мемлекеттер жағынан қарыздар).
Алайда, халықаралық экономикалық байланыстың дамуын және алғы ғылыми-техникалық жетістіктердің меңгерілуін қамтамасыз ететін шетелдік инвестицияларды қатыстыру отандастық инвестициялардың жеткіліксіздігін толықтыруға қабілетсіз болатынын ұмытпау қажет [4].
Микродеңгейдегі капитал салымдарын қаржыландыру. Микродеңгейдегі капитал салымдарын қаржыландырудың жалпыұлттық қоры олардан кәсіпорындардың арнайы қорлары пайда болатын күрделі құрылыс пен күрделі жөндеуді қаржыландыру көздеріне бөлінеді. Капитал салымдарын қаржыландыру көздері 5.2-суретте көрсетілгендей фирмамен іске асырылады.
Нарық экономикасында инвестициялардың басты көзі ретінде меншікті және мемлекеттік секторлар кәсіпорындарының жеке құралдары болып табылады.
Дамыған елдерде олар капитал салымдарының жалпы көлемінің үштен екі бөлігін құрайды [1].
5.2-сурет – Фирмамен іске асырылатын капитал салымдарын қаржыландыру көздері
Капитал салымдарын қаржыландыру көздерінің микродеңгейде меншіктіліктің барлық формаларындағы кәсіпорындармен іске асырылатын түрлі классификациялары болады. Олар мыналарға байланысты жүйеленеді:
Инвестициялау көздерінің әрқайсысына өсудің өз факторлары, капитал салымдарын қатыстыру мен инвестициялық процесті басқарудың әдістері сәйкес келеді.
Капитал салымдары түрінде инвестицияланатын қаражаттардың жеке көздері капитал мен түсім есебіне қалыптасады.
Фирмалар капитал құрылымында жарғылық, қосымша және резервті капиталды бөледі. Жарғылық капитал фирманың бастапқы құрылу аралығында капитал салымдарының негізгі көзі болып табылады. Одан әрі қоысмша көздері ретінде қосымша (негізгі құралдарды қайта бағалау, эмиссиялық кіріс есебіне пайда болатын) және резервті (заңнамаға сәйкес пайда болатын) капитал болып табылады [4].
Фирма түсімінің бір бөлігі қажет болған жағдайда меншік иесінің қарауы бойынша капитал салымдарын қаржыландыру көзіне айналады. Жалпыэкономикалық арналу бойынша ол – кеңейтілген өндірудің басты көзі. Бұл сапада түсімді пайдалану шаруашылықы әрекеттің соңғы нәтижесімен капитал салымдарын қаржыландыру байланысын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын есептік шама ретіндегі түсім оның кірістерінен қалыптасады. Іске асырудан түскен кіріс (табыс) деп жеке өндірістің, сол сияқты бұрын алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан түскен түсімдер (ақшалай не ақшалай емес түрде), мүлікті (құнды қағаздарды қоса) және басымдық құқықтарды іске асырудан түскен түсім аталады. Фирма әрекетінің сипатына, кірістер мен әрекет бағыттарын алу шарттарына байланысты іске асырудан түскен түсім мыналарға бөлінеді:
Түсім кәсіпорынның кірістері мен шығыстары (шығындары) арасындағы айырмашылық ретінде қалыптасады.
Фирманың жемісті жұмысы, қорланың уақтылы жаңаруы және экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның кірістерінен капитал салымдары ағымын қалыптастыру қажет.
Өнімді іске асырудан материалдық шығындар құнының алынуымен түскен түсім (табыс) өзін жаппай кіріс (қосылған құны) ретінде ұсынады. Жаппай кіріс есептелген аммортизация мен таза кіріске бөлінеді. Таза кіріс өз алдына еңбек ақы төлеу қоры мен жаппай кірісті енгізеді.
Бюджетке салық төлеу формасында бағытталатын сома мен жаппай кіріс арасындағы айырмашылық кәсіпорынның пайдалануында қалатын және кеңейтілген өндіру мақсаттарында капитал салымдарын қаржыландыру үшін тікелей пайдаланылатын таза кіріс шамасын құрайды.
Амортизациялық төлемдер – негізгі капиталға ие болып, шаруашылық әрекетті іске асыратын кез келген ұйым пайдалана алатын капитал салымдарын қаржыландыруға бағытталатын табыс көлемін анықтайтын табиғи фактор [3].
Негізгі капиталды тиімді қолдану процесінде оның құны жасалатын өнімге бөлшектеніп беріледі де, әр айналымнан кейін тозуды есепке алу шамасы бойынша кәсіпорынға амортизациялық төлемдер түріндегі қаражат формасында бөлшектеніп қайтады. Амортизация – тозған негізгі қорларды қалыпқа келтіруге арналған қаражат құралдары.
Кәсіпорын пайдалана алатын амортизациялық сома шамалары үш фактормен анықталады:
Негізгі құралдар бірнеше амортизациялық топқа бөлініп, осының негізінде амортизацияның есептеу әдісінің есепке алынуымен амортизацияның нормасы – негізгі құралдар объектісін пайдалы қолданудың барлық мерзімінен шыға отырып, ай ағымында есептелетін негізгі құралдар құнының пайызы анықталады.
Кәсіпорынның инвестициялық әрекетін қаржыландырудың қарыздық және қатыстырылған бюджеттен тыс көздері. Кәсіпорынның меншік қаржы қорларының жетпеген жағдайында өздеріне мыналарды қосатын қатыстырлған құралдарды қоланады:
а) қаржы нарығында мобилизацияланатын ресурстар;
1) банктер мен басқа қаржылық мекемелердің несиелері;
2) барлық деңгейдегі бюджеттердің ниселері;
3) облигациялық қарыздар;
4) акцияларды сатудан алынатын құралдар;
б) қайта бөлу тәртібінде түсетін ресурстар:
1) сақтандыру өтемдері;
2) жарналық (үлестік) бастамаларда қалыптасатын қаржы ресірстары;
3) концерндерден, ассоциациялардан және кәсіпорынның басқа да бірлестіктерінен түсетін орталықтандырылған қаржылық ресурстар;
4) орталықтандырылған бюджеттік және бюджеттен тыс ассигнациялаулар.
Банк несиелері қаржы нарығында анағұрлым мобилизацияланған ресурстар болып табылады. Несиенің (кепілдіктің не қаржы кепілдерінің болуы), қайтымдылықтың, мерзімділіктің, төлемділіктің қамтамасыз етілу шарттарында беріледі.
Портфельдік қаржыландыру. Инвесторлардың маңызды бөлігінің жеке компаниялары не акцияларының бақылау пакеттері болмайды да олар өз құралдарын құнды қағаздарға жылжымайтын мүлікке, банк салымдарына салады. Мұндай салымдардың табысы мен сенімділігі инвестордың өз әрекетіне тәуелді болмағандықтан, ол инвестициялық, ең бастысы, қаржы құралдарын олардың табыстылығы мен тәуекел дәрежесін есепке алумен мұқият іріктеуге мүдделі. Инвесторлар қойылған мақсатқа жету үшін өз салымдарын құрылымдайды (саралайды) және осылайша инвестициялық портфельді қалыптастырады [2].
Инвестициялық портфель – инвестормен қойылған мақсаттарға жетуге қызмет ететін инвестициялық құралдардың жиынтығы. Инвестор өз салымдарын әрекеттің түрлі бағыттары бойынша бөле отырып, салымдарының ұтымдылығын ұлғайта алады не олардың тәуекелділігін азайта алады.
Инвестициялық портфельдің басты қасиеті ретінде барлық портфельдің жиынтық тәуекелділігі оның құрамына енетін жеке инвестициялық құралдардың тәуекелділік шамасынан гөрі анағұрлым аз болып табылады. Мұндай құралдар ретінде құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, қымбат металдар мен тастар, коллеция заттары және т.с.с. бола алады. Олардың барлығы табыстылығы мен тәуекел деңгейі бойынша айрықшаланады. Мысалы, инвесторлармен жиі қолданылатын алтын инфляциядан қорғану құралы ретіндегі капиталсалымы барысында жоғарыспекулятивті болып табылады да, сәйкесінше, инвестициялаудың жоғарытәуекелді құралы болады. Ол, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке де қатысты болады. Осыдан да басым инвесторлар инвестициялық портфельді инвестициялық құрал ретінде қалыптастыру барысында құнды қағаздарды пайдаланады, ал «инвестициялық портфель» мен «құнды қағаздар портфелі» түсініктері эквивалентті болып табылады.
Инвестициялық портфельді қалыптастырудың принциптері ретінде салымдар қауіпсіздігі мен табыстылығы, олардың өсуі мен ликвидтілігі болып табылады. Қауіпсіздік түсінігі ретінде инвестицияның нарықтағы инвестициялық капиталдың тұрақсыздығына тәуелсіздігі мен кірісті алу тұрақтылығы алынады. Қауіпсіздігі, әдетте, табыстылығы мен салымдар өсіміне қарсыластықта жетіледі. Өз салымдарын тек акция иелері ғана өсіре алады. Кез келген қаржы ресурсының ликвидтілігі түсінігінде оның тауарды (жұмысты, қызметті) дереу сатып алуға қатыса білу қабілеттілігі алынады. Мысалы, қолма-қол ақша ақшасыз қаражатқа қарағанда үлкен ликвидтілікке ие болады. Анағұрлым кіші ликвидтілікке жылжымайтын мүлік иеленуде.
Алайда, бірде бір инвестициялық құндылық барлық аталған қасиеттердің барлығына бірден иелене алмайды. Осыдан да портфельді қалыптастыру барысындағы басты мақсат инвестор үшін тәуекел мен табыс арасындағы анағұрлым оптималды үйлесімділікке жетуден құралады. Инвестициялық құралдардың тиісті жиынтығы салушының ұтылу тәуекелін минимумға дейін төмендету және оның кірістерін максимумға дейін ұлғайту болады [1].
Портфельді құру барысында жеке құнды қағаздар параметрлері олардың барлық инвестициялық портфельдің табыстылығы мен тәуекел дәрежесі тұрғысынан сарапталады. Жиі жағдайларда құнды қағаз портфель элементі ретінде оқшауланған жеке талдау барысындағы құнды қағаздан гөрі анағұрлым аз тәуекелді болады.
Инвестициялық портфель тек бір типті құнды қағаздардан (акциялар не облигациялардан) ғана тұра алады немесе өзіне түрлі типті құнды қағаздарды енгізеді (акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақтау сертификаттары, т.с.с.).
Соңғы уақытта Қазақстанда дәстүрлі банктік несиелеумен салыстарғанда бірқатар басымдықтарға ие болатын лизинг сияқты инвестицияларды қаржыландыру әдісі танымалдылылыққа ие болып келеді. Лизинг – кейбір салық преференцияларына ие болатын келесі одан әрі сатып алу құқығымен кәсіпкерлік мақсаттарға арналған негізгі құралдардың мерзімге дейінгі жалға алуы.
Бюджеттік инвестициялық ресурстар. Бюджеттік инвестициялар – экономикалық пайда алу немесе элеуметтік-экономикалық тиімділікке жету мақсатында адами ресурсты дамытуға және табиғи ресурстарды жаңартуға, мемлекет активтерінің құнын өсіруге бағытталған қаржыландыру [1].
Бюджеттік ассигнациялаулар қажеттілігі жалпыұлттық мағынаға ие болатын, бірақ өздерінің капиталдық ауқымдылығы, жоғары тәуекелдігі мен алшақталған экономикалық тиімділігі салдарынан жиі жағдайларда жеке бизнес үшін тартымды болып табылмайтын салалар мен өндірістердің болуымен шартталған. Бюджеттік инвестицияларды қолдану экономика үшін үлкен мағынаға ие болатын және экономиканың стратегиялық секторларын мемлекеттік бақылауды сақтауға мүмкіндік беретін жобаларды қолдауды қамтамасыз етеді.
Бюджеттік қаржыландыру көзқарасынан дәстүрлі басымды бағыттары ретінде келесілер болып табылады:
Қайтымды және қайтымсыз негіздегі инвестицияларды мемлекеттік қаржыландыруды ажыратады. Бюджеттік несиелер бюджеттен қайтымдылық, қамтамасыз етушілік, мерзімділік және төлемділік принциптерінде келесі мақсаттарға бөлінеді:
Мемлекеттік несиені пайдаланудың пайыздық мөлшерлемесінің көлемі банктік несиеге қарағанда анағұрлым төмен болады.
Инвестициялық жобаларды қайтымсыздық негізде мемлекеттік қаржыландыру барысында құралдар көзі ретінде бюджеттік ассигнациялаулар – ақысыз және қайтымсыздық негізде ұсынылатын түрлі деңгейлі бюджеттердің субсидсялары қолданылады. Бюджеттік ассигнациялаулар мемлекетке түрлі бағыттар мен аспектілерде (аймақтық, салалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, өндірістік, т.с.с.) еліміздің экономикасын пропорционалды әрі келісімді дамытуға мүмкіндік бере отырып, мемлекеттің қаржылық-экономикалық және әлеуметтік саясатының құралы болып табылады. Негізінен қайтымдылық негізде күрделі құрылысты инвестициялау іске асырылады. Халықтың қаражат құралдары да инвестицияларды қаржыландырудың көзі ретінде қолданыла алады.
Халықтың қаражат құралдарын жекешелендірілген кәсіпорындар мен инвестициялық қорлар акцияларын сату жолымен, атап айтқанда, капитал салымдарының көзі ретінде ғана қарастырылмай, азаматтардың жеке жинақтарын инфляциядан қорғау жолдарының бірі ретінде де инвестициялық салаға қатыстырылады. Халықтың инвестициялық белсенділігін басқа банктермен салыстырғандағы жеке салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелер анағұрлым жоғары болатын инвестициялық банктерде орнату, халықтың қаражат құралдарын баспана құрылысына қатыстыру, кәсіпорынды инвестициялауға қатысатын азаматтарға оның өнімдерін зауыт бағасымен сатып алуға алғыкезекті құқықығын беру және т.с.с. жолдармен ынталандыруға болады [2].
Тәжірибелік тапсырмалары
1 Инвестициялық қаржыландыру көздерінің келесі түрлерін қарастырыңыз: Облигациялық қарыздар. Лизингтік қаржыландыру. Бюджеттік инвестициялық ресурстар. Инвестицияларды бөлу. Бюджеттік несиелер. Халықтың жинақтары
Анықтаманы, мақсаттарды, қамтамасыз ету шарттарын жазыңыз
Өздік жұмыстардың тапсырмалары
Есеп 2
Белгілі бір өндіріс орнына «толық құрылыс» үшін 370 млн. тенге көлемінде қосымша инвестиция қажет. Өндіріс орны қаржыландыруға келесі инвестиция көздерін тарта алады:
- меншікті қаража – 70 млн. тенге;
- банктік ұзақ мерзімді несиелер – 200 млн. теңгеге дейін;
- салықтық инвестициялық несие – 100 млн. тенге.
Ұзақ мерзімді несиенің «Меншікті қаражат» капиталының құны 15 %, банктікі – 19 %. ОБ – есепті шығару кезіндегі қайта қаржыландыру мөлшерлемесіболып табылады. Нысанды қаржыландыру көздерінің құрылымын және капиталдың орташа өлшенген бағасын анықтаңыз.
Есеп 1
250 млн. тенге көлеміндегі инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін АҚ келесі инвестиция көздерін тартады:
- амортизациялық аударымдар – 50 млн. тенге;
- банктік несие – 100 млн. тенге;
- қарапайым акциялардың эмиссиясы – 75 млн. тг.;
- артықшылықты акциялардың эмиссиясы – 25 млн. тенге.
Әр капитал үшін капитал құны келесідей: 15 %, 19 %, 20 %, 25 %.
Инвестициялық жобаның қайтарымдылығы 4 жылға дейін болжамданады.
Капиталдың орташа өлшенген бағасын анықтаңыз, инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалы негіздемесін жасаңыз және қорытынды шығарыңыз.