Инвестициялық шешімдер кәсіпорынды басқаруда түрлі шешімдер қабылдау болып келеді, оның салдары ұзақ уақыт бойы (кем дегенде жылдан астам) елеулі болады. Ондайларға, біріншіден, негізгі қорға инвестициялар және жалпы күрделі қаржы жұмсалымының бюджетін әзірлеу туралы шешімдер жатады. Оларға тағы да өнімнің жаңа түрлерін шығаруы басталуы туралы (немесе, керісінше, өндірістік бағдарламаның қысқарғаны туралы), қандай да бір материалды және жинақты өздігімен өндіру және сатып алу туралы, кәсіпорынның құрылымының өзгеруі туралы (мысалы, бір өндірістік бөлімшенің қысқарғаны және жаңаның құрылғаны туралы) – бұндай барлық шешімдерден ұзақ мерзімді нәтиже шығады және инвестициялық болады, яғни кәсіпорынның активтерінің құрылымына, оның ақшалай ағымына әсер етеді [17].
Кәсіпорын алдында тұрған мәселелерді шешу құралы мен инвестициялық мақсатқа жету баламалы инвестициялық жобалар болады, оларды инвесторлар үшін табыстығын, арзандығын және қауіпсіздігін бір-бірімен салыстырады. Шешімді қабылдау кезінде қаражатты қайда салған тиімді екенін анықтау керек: өндіріске, құнды қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, тауарға, валютаға және басқа. Инвестициялық шешімді қабылдау капитал меншіктенушінің, кредитордың, жалдамалы жұмыскердің, фирма мен қоғамның менеджерлерінің мүдделерін ескеруді қажет етеді. Осы себептер бойынша инвестициялық шешімдер кешенді болады және инвестицияға түрлі біліктілікпен және көзқараспен қарайтын адамдардың бірлескен жұмыстарын қажет етеді. Ақпаратты жинау, оны талқылау, келісімге келу – қандай да бір инвестициялық шешімдерді қабылдаудың міндетті кезеңдері. Инвестициялық шешімдерді қабылдай отырып, негізгі ережелер мен қағидаттарды ұстану қажет:
Инвестициялық шешімдер келесі топтарға бөлінеді:
а) міндетті инвестициялар:
1) экономикалық зиянды төмендету шешімдері;
2) еңбек жағдайын мемлекеттік нормаларға дейін жақсарту шешімдері;
б) шығындарды төмендету шешімдері:
1) қолданылатын технологияларды жетілдіру шешімдері;
2) өнімнің, жұмыстың, қызметтің сапасын арттыру шешімдері;
3) еңбекті және басқаруды ұйымдастыру шешімдері;
в) кәсіпорынды кеңейту және жаңартуға бағытталған шешімдер:
1) жаңа құрылысқа инвестициялар;
2) кәсіпорынды кеңейтуге инвестициялар;
3) кәсіпорынды қайта құруға инвестициялар;
4) техникалық қайта жарақтануға инвестициялар;
г) қаржылық активтерді сатып алу шешімдері;
д) жаңа нарықты игеру шешімдері;
е) материалдық емес активтерді сатып алу шешімдері.
Шешімдерді қабылдау кезінде қаражатты қайда салуға пайдалы екендігін анықтау керек: өндіріске, құнды қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, тауарға, валютаға және т.б. Инвестицияларды пайдалылығы бойынша шешімдер (әсіресе нақты), атап өткенде, стратегиялық сипаттағы шешімдерге жатады. Олар бірнеше себептердің аналитикалық негіздемелерін талап етеді. Біріншіден, қандай да бір инвестиция ақшалай қаражаттың ірі көлемінің шоғырлануын талап етеді. Екіншіден, инвестициялар, әдеттегідей, сол мезетте қайтарым бермейді және активтерде қаражат «өліп жатса», тек бірнеше уақыттан кейін пайда әкелсе, соның салдарынан жеке капиталды шашырату тиімділігі пайда болады. Сондықтан қандай да бір инвестиция компанияда жаңа бизнесті (бөлімшелер, технологиялық желілер және т.б.) құру кезеңінен ауыртпалықсыз өтетін белгіленген «қаржылық қор» болуды қарастырады.
Үшіншіден, көптеген жағдайда инвестициялар қарыз капиталын баулу арқылы жасалады, сондықтан негіздің құрылымы, оларға қызмет көрсету бағасы, әлеуетті инвесторларды баулитын аргументтерді қалыптастыру алға қойылады [4].
Нақты инвестицияның қатынасына қарай инвестициялық сипаттың шешімдерінің үш блогы (тобы) 9.1-суретте көрсетілген [4].
9.1-сурет – Инвестициялық шешімдерді топтастыру
«Саралау мен іріктеу» тобына инвестициялық қызметті жүзеге асыру шарттары әр түрлі болатын міндттер жатады. Көбінесе инвестордыңбірнеше инвестициялық мүмкіндіктері бар және оны таңдау мәселелері тудырады. Бұндай жағдайда екі мүмкіндіктің бірі орын алады:
Жобаны пайдалануды оңтайландыру. Бұл типтің инвестициялық шешімінің мәні жобаны қолданудың тиімді мерзімін анықтауда болады. Бұл блоктың аясында екі шешімнің бірі шешіледі:
Инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру сатылары. Жалпы инвестициялық шешімдерді қабылдау үрдісі бес кезеңнен тұрады:
а) инвестициялық мәселені анықтау – ең зор перспективті инвестициялық идеяларды іздеу;
б) инвестициялық ұсыныстардағы ойды тұжырымдау, бастапқы бағасы мен іріктеу – бөлшектік қаржылық талдаумен әрқайсысын инвестициялық тұжырымдалған ұсыныстарға инвестициялық идеяларды түрлендіру. Инвестициялық ұсыныстарды алдын ала іріктеу жобаның тіршілік қабілетінің негізгі параметрлерінің сапалы бағасында негізделеді;
в) шешімдерді қабылдау және талдау – іріктелген ұсыныстарды бағалаудың сандық әдісімен тексеру. Бұл кезеңде жобаға қаржылық қаражатты жұмсау туралы аяқтаушы шешім әзірленеді. Жеті кезңнен тұрады:
1) баламалы инвестициялық жобаны ресми ұсыну;
2) белгілі бір мақсатта және шарттарға сай баламалыны топтау және бөлу;
3) баламалы инвестициялық жобаларды қаржылық талдау;
4) қаржылық талдаудың нәтижесін салыстыру;
5) жобаны жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктерді қарастыру;
6) қолданыстағы инвестициялық жобаның шешімін қабылдау;
7) жобаны жүзеге асыру барысында мониторинг жүйесін әзірлеу;
г) жобаны жүзеге асыру;
д) алған тәжірибені ескерумен болашақ инвестициялық шешімдерді жақсартуға бағытталған мониторинг пен инвестициядан соңғы бақылау [5].
Инвестициялық жобаның түсінігін қарастыруға көшейік. Инвестициялық жоба – қаражатты жұмсалу тәртібі мен көлемін дәделдеумен байланысты әрекеттің тізбектлігі, олардың әрекетке нақты жұмсау, енгізу, жобаны қолдау мен жалғастырудың мақсатты ағымдағы бағалары мен жобаның қорытындысы.
9.2-суретте инвестициялық жобаны топтау көрсетілген [4].
9.2-сурет – Инвестициялық жобаны топтастыру
Бұл топтауды нақтырақ қарастырайық. Инвестициялардың тағайындалуы. Инвестициялар жоғарылауда Өндірістің тиімділігі – бұл ресурсты қорғаушы технологияларда инвестициялар, более экономикалық жабдық, еңбек үздік ұйымдастыру, қызметкерлері біліктілігін арттыру және т.б.
Қолданыстағы өндірістің инвестициясын кеңейтуге өндірістік қуатты өсіруге көмектеседі. Техникалық сипаттамасы бойынша ұқсас жабдықтар сатып алынады, қызметкерлердің штаты жинақталады, дәстүрлі жеткізушілерден материалдар мен шикізатты сатып алу кеңейеді.
Жаңа өндірісті құру инвестициясы диверсификациясы кезінде өнімнің түрімен ерекшеленетін өндірістік фирма аясында компанияның қызметін құру және дамытуда қолданылады. Диверсификация себептері: біріншіден, жыл бойы табыстың тербелісін тегістейді (экономиканың бір секторында төменделсеғ екіншісінде жоғарылау мүмкін) екіншіден, болашақта табысты болатын жаңа перкспективті секторлар игеріледі.
Өткізудің жаңа нарыққа шығуына байланысты инвестициялар өндірісті кеңейтуді қарастырады (егер дәстүрлі нарықтың өткізілетін өнімінің молдығы жоқ), бірақ өнімге принципиалды өзгерістер енгізілмейді.
Ұлттық, климаттық және басқа ерекшеліктері бар өзгерістер мен әзірлемелерді қайта жасау болуы мүмкні. Сонымен қатар, жеткізу, жарнама, қызмет көсрету құралдары дамытуда қажеттілік пайда болады.
Жаңа технологияны зерттеу және әзірлеу инвестициялары – тәуекелдік инвестициялар.
Әлеуметтік тағайындалу бойынша инвестиция кейбір әлеуметтік басымдылықты қамтамасыз ету үшін тағайындалған, алайда экономикалық тиімділіктің жетістігі артық болмайды (демалыс үйлердің, спорт кешендерінің, рекреациялық орталық құрылысы). Әдетте мемлекеттік органдармен, ірі фирмалармен жүзеге асады, өйткені көп қаражатты керек етеді.
Заң талаптарына сай жүзеге асатын инвестиция мемлекетпен бекітілген талаптар мен шектеулер амалсыз болып атабылады (қоршаған ортаны қорғау, өндіретін өнімді қолданудың қауіпсіздігі, қызметкерлерді пайдалану дәрежесі, тазалайтын имараттар мен сүзгілердің құрылысы және т.б.).
Инвестициялық жобалар талап етілген инвестиция көлемі бойынша ірі, дәстүрлі және ұсақ болады (белгісі – күрделі қаржы жұмсалымы көлемі).
Градация шартты болады және сол коспранияның өзіне байланысты. Түрлі топтардың жобалары әдетте түрлі деңгейлі жетекшілредің құзыреттілігінде болады. Жоба көлемі қаржыландыру көзі, тәуекел бағасы және нарықта тауар мен қызметтің дамуына байланысты.
Егер ұсақ жоба меншікті көзбен қаржыланса, онда ірі жобаны жүзеге асыру үшін қосымша табыстарды баулу керек, ол тәуекел бағасымен байланысты, алған кредит пен несиені қамту қажеттілігі, көздің орташа өлшегендегі құны бағасымен байланысты болады.
Болжалды тиімділік түрі – жобаны жүзеге асыру барысында алынатын нәтижелер, олар табысты міндет етпейді. Экономикалық мағынада шығынды болуы мүмкін.
Тиімділік түрлері анықталады:
Жобаны қатынасына қарай бөлу деген өзара тәуелділіктің түрлі қатынастарын бөлу болады:
Ақша ағымы түрі. Қандай да бір жобамен инвестиция мен түсудің кезектесуі ретінде ақшалай ағым байланысады. Ағым қарапайым деп аталады, егер ол бір уақытта немесе бірнеше тізбектелген базалық кезеңде және келесі ақшалай қаражаттардың ағымы кезінде жасалған бастапқы инвестициядан құратын; егер ақшалай қаражаттың ағымы қандай да бір жүйелілікте кезектессе, онда ол қарапайым емес деп аталады.
Тәуекелге қатынас. Инвестициялық жобалар тәуекел дәрежесі бойынша айырылады: ең аз тәуекелді жоба мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын жобалар; ең көп тәуекелді жоба жаңа өндірісті және технологияны құрумен байланысты жобалар.
Әр инвестициялық жобада өзінің өміршеңдік кезеңі бар –инвестициялық жобаның пайда болған мезетінен оның аяқталуына дейінгі; жоба мақсатын жүзеге асыратын уақыт кезеңі. Жобаның өміршеңдік кезеңі ақшалай ағым бойынша анықталады – бірінші инвестициядан ақшалай қаражаттың соңғы түскеніне дейін. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңі ақшалай ағымның теріс көлемімен сипатталады, себебі ақшалай қаражат инвестициядан өтеді.
Кейін жоба бойынша табыстың өсуіне байланысты оның көлемі оңтайлы болады.Өміршеңдік кезеңді фазаларға (сатылар, кезеңдер) бөлуге болады [17]. Жобаның өміршеңдік кезеңі фазасын қарасырайық.
Бірінші нұсқа Бүкіләлемдік банкі әдістемесін қолданумен негізделген (World Bank) және келесі алты кезеңді меңзейді:
Инвестициялық жобаның өміршеңдік кезеңнің екінші нұсқасы шартты түрде келесі жағдайда көрсетуге болады:
Жобаның өміршеңдік кезеңі үшінші нұсқада келесі кезеңге бөлінеді:
Бұл саты жобаны жоюмен аяқталады, ол аяқталған немесе тоқталған жобаның негативті салдарынан жоюды енгізеді; ақшалай қаражатты босату және өндірісті кқуатты қайта бағдарлау; жобаның алдына қойған жеткен мақсатына сай бағалау және талдау, оның нәтижелігі мен тиімділігі; яғни жобаның пост-аудитін өткізіледі, оны ары қарай келесі жобаны жоспарлауда қолдануға болады.
Инвестициялық жобалар инвестицияны жоспарлау мен жүзеге асыру нәтижесі болып келеді. Жобаның барлық қолайлы сипаттамалары бар болса да, ол жүзеге асыруға қабылданбайды, егер ол қамтамасыз етпесе:
Қандай да бір жобаны жүзеге асыру алдында, оны таңдайды, жобалайды, есептейді, бастысы, оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта инвестициялық жобаларды талдау немесе жобалық талдау қолданылады [17].
Жобалық талдауды өткізу күрделі міндет болып табылады, өйткені:
Жобалық талдау – бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыруға шығындар мен жүзеге асырудан келген табысты салыстыру. Талдау жобаны әзірлеудің барлық кезеңдерінде жүргізіледі және техникалық-экономикалық дәлелдеу кезінде немесе инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын құрастыру кезінде орындалады.
Инвестициялық жобаны талдаудың түрлері анықталады:
Тәжірибелік тапсырмалары
1 Келесі талдаудың негізгі мақсаты мен көрсеткіштерін сипаттаңыз:
Өздік жұмыстардың тапсырмалары
Сұрақтарды қарап, шағын конспект жасаңыз:
1 жобалық талдаудың негізгі принциптері. Дизайн анализінің түрлері;
2 ақша ағындарын модельдеу.