Әлеуметтік зейнетақылар түсінігі ең алғаш рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің «КСРО азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру туралы» қаулысын қабылдауымен зейнетақылық жүйеге кірді.
Әлеуметтік жәрдемақыларды еңгізудің басты мақсаты – еңбек өтілінің жоқтығына байланысты, еңбек зейнетақысына құқығына ие бола алмаған азаматтарға кепілді ақшалай көмектің ең төмен мөлшерін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты, оларды алуға мұқтаж азаматтарға мемлекетпен берілетін ақшалай қаражаттың мерзімді төленіп отыруын білдіреді.
ҚР азаматтарының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.
Әлеуметтік зейнетақылар азаматтардың келесі санаттарына тағайындалады:
1) 1,2 және 3 топтағы мүгедектерге;
2) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
3) асыраушысынан айырылуына байланысты;
4) жасына байланысты.
Әлеуметтік жәрдемақылар табысқа байланысты орнатылмайды, жәрдемақылардың мөлшері, жұмыс істеуге қабілеті жоқ әртүрлі санаттағы азаматтарға дифференцииалданған тұрақты сомада анықталады.
Әлеуметтік жәрдемақылар белгіленеді:
1) 1 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, ата – анасынан айырылған балаларға – жасына байланысты минималды зейнетақы мөлшерінде;
2) 2 топтағы мүгедектерге – жасына байланысты минималды зейнетақының 2/3 мөлшерінде;
3) 3 топтағы мүгедектерге – жасына байланысты минималды зейнетақының 1/3 мөлшерінде.
Жәрдемақыларды тағайындау үшін жәрдемақыға деген құқық пайда болғаннан кейін кез – келген уақытта жүгінуге болады. Жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғаның тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органына, құжаттарды қоса тіркеу арқылы беріледі.
Жәрдемақыны тағайындауға арналған құжаттарды қарау халықты әлеуметтік қорғау органымен, құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 күндік мерзім ішінде жүзеге асырылады.
Жәрдемақыны төлеу өткен ай үшін ай сайын жүзеге асырылады. Жәрдемақыдан ұстап қалу атқару өндірісі тәртібінде жүзеге асырылады.
Мүгедек болып тұрмыс – тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам танылады.
Тұлғаның тiршiлiк – тынысының шектелуi – адамның өзiн – өзi қарап – күту, өздiгiнен жүрiп – тұру, бағдарлай алу, қарым – қатынас жасау, өзiнiң мiнез – құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінapa айрылуынан көрініс табады.
Азаматтар денсаулық сақтау мекемесінің медициналық –әлеуметтік сараптамасына жолданады. Жолдамада азаматтың денсаулық жағдайын айқындайтын мүшелердің функциялары мен жүйелерінің бұзылу дәрежесін, ағза мүмкіндігінің әл – ауқатын білдіретін мәліметтер көрсетіледі. Медициналық – әлеуметтік сараптама өзінің қызметін ҚР Үкіметімен бекітілген МӘС туралы ереже негізінде жүргізеді.
Медициналық – әлеуметтік сараптаманы жүргізуші мамандар ұсынылған медициналық құжаттарды қарастырады, жеке тексеру жүрзігеді, оның тіршілік – тынысының шектеулік дәрежесін анықтайды және алынған нәтижелерді алқалы түрде талқылайды.
Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік – тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал он алты жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді.
Тіршілік – тынысының мынадай санаттарының бірінің:
1) үшінші дәрежедегі өзіне – өзі қызмет көрсетуге;
2) үшінші дәрежедегі жүріп – тұруға;
3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) үшінші дәрежедегі оқуға;
5) үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
6) үшінші дәрежедегі қарым – қатынас жасауға;
7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез – құлқын бақылауға қабілетінің өте айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы бірінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.
Екінші дәрежедегі өзіне – өзі қызмет көрсетуге;
1) екінші дәрежедегі жүріп – тұруға;
2) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
3) екінші дәрежедегі оқуға;
4) екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
5) екінші дәрежедегі қарым – қатынас жасауға;
6) екінші дәрежедегі өзінің мінез – құлқын бақылауға қабілетінің айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты айқын білінетін бұзылуы екінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.
Тіршілік – тынысының мынадай санаттарының бірінің:
1) бірінші дәрежедегі өзіне – өзі қызмет көрсетуге;
2) бірінші дәрежедегі жүріп – тұруға;
3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) бірінші дәрежедегі оқуға;
5) бірінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
6) бірінші дәрежедегі қарым – қатынас жасауға;
7) бірінші дәрежедегі өзінің мінез – құлқын бақылауға қабілетінің орташа білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты орташа бұзылуы үшінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына – жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына – жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге:
1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар;
1–1) бала кезiнен мүгедектер;
2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;
3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер;
4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;
5) себеп – салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады.
Тұлғаны мүгедек деп тану және оған мүгедектіктің 3 тобының бірін белгілеу мүгедектікке байланысты жәрдемақы тағайындаудың негізі болып табылады. Егер мүгедектіктің себебі еңбек жарақаты, кәсіптік ауру болса, онда оған жәрдемақы еңбек стажының ұзақтығына қарамастан тағайындалады.
Мүгедектіктің себебі жалпы ауру болған жағдайда мүгедектікке байланысты жәрдемақы тағайындау үшін белгілі бір ұзақтықты жалпы еңбек стажының болуы талап етіледі.
20 жасқа дейін мүгедек болған азаматтарға жалпы ауру бойынша мүгедектікке байланысты жәрдемақы жалпы еңбек стажы ұзақтығына қарамастан тағайындалады.
Жәрдемақыны төлеу өткен ай үшін ай сайын жүзеге асырылады. Мүгедектікке байланысты жәрдемақы тағайындау үшін азаматты мүгедек деп тану және оған мүгедектіктің 3 тобының белгіленуі қажет болғандықтан, мүгедек қай мерзімге анықталды, сол мерзімге жәрдемақы төленіп отырады.
Кайта куәландыру кезінде тұлғаға мүгедектік белгіленбесе, жәрдемақы қайта куәландыру жүзеге асырылған айдың соңына дейін төленеді.
Егер мүгедек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедек деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады. Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектерге – 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге – 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге – 1,39 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге – 0,98 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
2 «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР Заңының 11 – бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге – 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге – 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
3 «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР Заңының 11–бабының 4) тармақшасында мөлшерінде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге – 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге – 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге – 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге – 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге – 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге – 2,74 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге – 1,95 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге – 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
4 Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
5 Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда төменде аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.
1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға – iнiлерi, апа – сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға – iнiлерi, апа – сiңлiлерi және немерелерi – егер олардың еңбекке жарамды ата –аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары – егер олар ата –аналарынан алимент алмаса есептеледi.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;
2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;
3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата – аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға – iнiсi немесе апа – сiңлiсi;
4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.
Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.
Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.
Ата – анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi. Жәрдемақылардың мөлшері:
1 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
2 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,48 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,57 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,86 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,49 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,85 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,03 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
3 Ата–анасының екеуінен де айырылған жағдайда – жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір балаға – 0,94 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір балаға – 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
4 Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – отбасының барлық мүшелеріне 2,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
5 Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
Жасына байланысты жәрдемақы – азаматтардың зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған жағдайда, яғни ешқандай еңбек стажын дәлелдейтін құжаттары жоқ азаматтарға, ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % мөлшерінде тағайындалып төленетін жәрдемақы.
Азаматтарға жасына байланысты жәрдемақылар зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады. Азаматтарға жасына байланысты жәрдемақылар зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.