Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар жүйесі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына бағынады.
Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және олардың алуға құқығы бар азаматтарға ай сайынғы ақшалай төлемдер ретінде көрсетіледі.
Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай – ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6 – баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;
1–1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, сондай – ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 8 – баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата – аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
3) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар –ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС – тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай–ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС – тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары;
4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері);
4–1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай –ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
6) 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС – дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;
7) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер;
8) он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар;
8–1) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедек балалар;
9) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай – ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
10) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
11) саяси қуғын – сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын – сүргіннен зардап шеккен адамдар;
12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.
Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады.
Жәрдемақы тағайындау үшін тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептерін жазбаша негіздеп, өтініш берушіге құжаттарын қайтаруға міндетті.
Жәрдемақының мөлшері жыл сайын республикалық бюжет туралы Заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің және азаматтың мүгедектік тобының өзгеруіне байланысты қайта қарастырылып отырады.
Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне – 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар –ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне – 4,48 айлық есептік көрсеткіш;
6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар –ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС – тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай – ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС – тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде мертігуінің және басқа да себептердің (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;
8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне – 74,65 айлық есептік көрсеткіш;
10) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне – 9,60 айлық есептік көрсеткіш;
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай – ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға – 2,13 айлық есептік көрсеткіш;
12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС – тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 2,13 айлық есептік көрсеткіш;
13) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
14) үшінші топтағы мүгедектерге – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
15) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
16) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға:
бірінші және екінші топтағыларға – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағыларға – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
17) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – 6,40 айлық есептік көрсеткіш;
18) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 4,16 айлық есептік көрсеткіш;
19) саяси қуғын – сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын –сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш;
20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
2) зейнеткерлiк активтердi басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
2–1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн пруденциалдық нормативтер белгiлеу;
3–1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай–ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгiлеу;
6) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай – ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
7) диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу;
8) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
9) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық есеп берiп отыруы;
10–1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай – күйi туралы ақпарат беріп отыру;
11) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
12) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
13) зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру арқылы қамтамасыз етiледi.
Зейнетақы активтерi – зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай – ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
2) Салымшының, алушының, Орталықтың, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді. Салымшының, алушының, Орталықтың, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
5) жинақтаушы зейнетақы қорына Заңда белгіленген жағдайда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге.
Алушы адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолы төлем жасайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен үлестес емес кастодиан – банкте сақталады және соның шотында есепке алынады.
Кастодиан банк – бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк.
Зейнетақылық активтерді басқару бойынша компания мемлекеттік емес жинақтаушы қоры, кастодиан банк және жинақталған зейнетақылық активтерді басқару бойынша компания арасында жасалған кастодиальдық келісім–шарттың бір тарабы болады және зейнетақылық активтерге өкім етуді (билік етуді) қаржыларды депозиттерге, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырады.
Кастодиандық үлгілік шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді
Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) мiндеттi.
Кастодиан – банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру жөнiндегi, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай–күйi және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан – банкi болуға тиiс.