Павлодар, 2021

12 Жұмыс берушінің есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақылар


Әлеуметтік жәрдемақылар – бұл азаматтарға жоғалтқан табысты қалпына келтіру немесе қосымша материалдық көмек көрсету мақсатында тағайындалатын ақшалай төлемдер.

Өмір сүрудің тұрақты және негізгі қайнар көзі – зейнетақыға қарағанда жәрдемақы – жоғалтқан табыстың орнын уақытша басатын көмек болып табылады.  

Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша жәрдемақы – бұл ауруына немесе тағы басқа әлеуметтік маңызды себептерге байланысты жұмысшының жоғалтқан табысының орнын өтейтін ақшалай төлем.

Жәрдемақы барлық жалдамалы жұмысшыларға жұмыс орнына, оның сипатына, жалақы төлеу тәртібіне қарамастан тағайындалады (яғни, жеке еңбек шарты (контракт) негізінде).

Еңбекке уақытша жарамсыздық (сыртқаттану, жарақат алу, жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс, санаторийлiк –курорттық емделу, науқас баланы және отбасының мүшесiн күту, карантин) еңбекке жарамсыздық парағымен және кейбiр жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтамамен куәландырылады.

Еңбекке жарамсыздық парағы – еңбекке жарамсыздық фактiсiн куәландыратын құжат, жұмыстан босату және еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жүктiлiгi мен босануына байланысты жәрдемақы алу үшiн негiз болып табылады

Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асырушы шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парағы жалпы негiзде берiледi.

Жұмыс кезінде, сынақ мерзімі мен жұмыстан шығару күнін қоса алғанда, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісі белгіленсе және еңбекке уақытша қабілетсіздік еңбекке жарамсыздық парағымен расталса жұмысшы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.

Егер, жұмысшы өзінің еңбекке жарамсыздық парағына қарамастан жұмыс істеп жатса, онда оған жәрдемақы төленбейді.

Еңбекке жұмыссыздық парағын мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің емдеуші дәрігерлері беруге құқығы.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып, медицина қызметкері адамды тексеріп – қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлықмедициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.

Жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылар:   

1) жұмысқа уақытша жарамсыздығы қылмыс жасаған кезде алған жарақаттың салдарынан болған қызметкерлерге;

2) қызметкердiң соттың шешiмiмен мәжбүрлi емделу уақытына (жүйке ауруларынан басқа); 

3) қызметкердiң кiнәсi анықталған жағдайда, оның тұтқында отырған уақытына және сот – медициналық сараптау уақытына;  

4) қызметкердiң алкогольді, есiрткiнi және уытты заттарды пайдалануы салдарынан болған ауруына немесе жарақатына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздығына төленбейдi.

Дәрдемақыны төлеу мерзімі дифференцалданған. Жәрдемақы жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан күннен бастап және оның қалпына келтірілген күніне немесе мүгедектіктің орнағага уақытына дейін беріледі.

Ата – аналардың біреуіне баламен бірге ауруханада барлық уақыт бойы жасына қарамастан бірге болуға құқығы беріледі. Баламен бірге ауруханада жатқан ата – анаға уақытша жұмысқа қабілетсіздігі түбіртегі беріледі.

7 жасқа дейінгі баланың қарау кезінде жәрдемақы баланың ауруының барлық уақытына беріледі. 7 – 15 жасқа дейінгі баланы қарау кезінде жәрдемақы 10 күннен көп мерзімге берілмейді.

Уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты жәрдемақы белгілі құжаттардың балған жағдайында ортақ ауруына байланысты төленеді:

1) жарақат;

2) түсік;

3) карантин;

4) туберкулез ауруы.

Үздіксіз еңбек өтілінің ұзақтығы уақытша жұмысқа қабілеттілігі бойынша жәрдемақының мөлшеріне қатысы жоқ.

Жәрдемақы мөлшері:

1) қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды;

2) Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды;

3) басқа категориядағы азаматтарға уақытша жұмыс істеу қабілетінен айырылуына байланысты жәрдемақы айлықтың орташа есебіне байланысты тағайындалады.

Нақты жұмыскердің жәрдемақы мөлшері уақытша еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына оның орташа күндізгі еңбекақысын көбейту жолымен анықталады.

ҚР Конституциясында ана,бала және отбасы мемлекеттің қорғауында екені көрсетілген.

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы уақытша жұмысқа қабілетсіздігі байланысты жәрдемақымен бір уақытта енгізілді. 1940 жылға дейін жүктілік пен босану уақытша жұмысқа қабілетсіздікке байланысты жәрдемақымен қамтамасыз етудің бір оқиғасы деп есептелді.Уақыт өте келе бұл жәрдемақы түрі бөлек жәрдемақы түріне ауысты.

Осындай жәрдемақының мақсаты – жүктілік пен босану кезінде табыстын орнын толтыру. Бұл жәрдемақы жұмыс істейтін әйелдерге есептелген.

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы босанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнді құрайды.

Демалыс күндерінің саны жұмыс ұзақтығына байланысты емес, сол себепті жұмыс берушіде сіздің қанша уақыт жұмыс істегеніңіз маңызды емес.

Жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер бір рет, ал бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем – ай сайын төленеді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемлерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік әлеуметтік қорына береді.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкәлетті орган 10 жұмыс күннің ішінде оны тағайындау немесе тағайындамау жөнінде шешім қабылдайды. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш жасаушыға құжаттарын қайтаруға міндетті. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді.

Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы тағайындауға құжаттарды бала туғаннан бастап 12 айдан кешіктірмей беру керек.

Сонымен бала туғанда келесі жәрдемақылар мен төлемдер ұсынылады:

– Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де) – бекітілген жәрдемақы.

– Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін).

– Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін).

– Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін).

Бала туғандағы жәрдемақы мөлшері бекітілген, бірінші, екінші және үшінші балаға – 31,41 АЕК және төртінші, бесінші, алтыншы және т.б. балаларға 52, 35 АЕК құрайды. Аталмыш жәрдемақы барлық босанған әйелдерге төленеді: жұмыс істейтіндерге де, жұмыс істемейтіндерге де, мемлекеттік бюджеттен төленеді.

Жұмыс істемейтін әйелдер әрі ер адамдар үшін бала бір жасқа толғанға дейін жұмыс істемейтін төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мыналарды құрайды:

– бірінші балаға – 5,76 АЕК

– екінші балаға – 6,81 АЕК;

– үшінші балаға – 7,85 АЕК;

– төртінші және одан да артық – 8,90 АЕК.