Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бұл облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кедейлік деңгейінен төмен табысы бар орташа жан басына шаққандағы табысы бар жеке тұлғаларға мемлекетпен ұсынылатын ақшалай нысандағы төлем. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен көрсетіледі.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган тоқсан сайын мемлекеттің экономикалық мүмкiндiктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) орталық атқарушы орган тоқсан сайын – кедейлік шегінің мөлшері туралы;
2) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын – кедейлік шегі туралы;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды.
Мыналарға:
1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай – ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып – күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің 2 түрі анықталған:
1) ақшалай төлем – жәрдемақы, әлеуметтік көмек;
2) кәдімгі көмек (жанармай, тамақ, дәр – дәрмек және т.б.).
Басымдығы көп ақшалай төлем болып табылады.
Мемлекеттік атаулы көмек еңбек және халықты әлеуметтік қорғау аудандық (қалалық) бөлімімен төмендегі түрлерімен көрсетіледі:
1) балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы;
2) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек және жұмыссыздарға материалдық көмек;
3) тұрғын – жайды ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған жәрдемақы түріндегі мүліктік көмек;
4) отбасының табысына қарамастан, жұмыс істеген азаматтардың жерлеу рәсіміне әлеуметтік көмек, жұмыс істемеген азаматтардың жерлеу рәсіміне материалдық көмек.
Жұмыссыздарға материалдық көмек жұмыссыз мәртебесіне ие болған азаматтарға төленеді. Жұмыссыздар кәсіптік оқуға немесе қоғамдық жұмысты атқаруға жіберілсе, оқу немесе жұмыс басталған күннен бастап, материалдық көмекті төлеу тоқтатылады.
Материалдық көмекті көрсету мерзімі 12 айлық кезең 6 айдан аспауы керек.
Баланың тууына немесе азаматтарды жерлеу рәсіміне байланысты әлеуметтік көмек отбасыларға белгілі жағдайлар туындаған кезде көрсетіледі.
Жұмыссыздарға төленетін материалдық көмектің және жұмыссыз азаматтардың жерлеу рәсіміне арналған материалдық көмек мөлшері 1 АЕК – тен төмен болмауы керек.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Ол бір реттік немесе белгілі бір аралыққа берілуі мүмкін.
Адам (өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне де өтініш жасайды.
Уәкілетті орган, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.
Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға тапсырады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, сондай – ақ учаскелік комиссия қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда – оның себебі көрсетіледі.
Отбасының құрамы, табысы және мүлігі жайлы жалған деректер көрсетілген жағдайда мемлекеттік көмекті көрсету бас тартылады.
Отбасы құрамы және кіріс өзгерген жағдайда табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған әлеуметтік атаулы көмектің мөлшері қайта есептеледі. Өтініш иесі әлеуметтік атаулы көмектің мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болып табылатын жағдайлар туралы 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабардар етуге міндетті.
Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасының құрамына:
1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;
2) интернат – үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
3) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.
Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.
Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің іс – әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай – ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
Уәкілетті орган халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібімен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға міндетті.
Баланың тууына байланысты жәрдемақы анасына, әкесіне және жақын туыстарына беріледі. (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де). Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы – бұл ата – анасының әлеуметтік жағдайына қатысты қандай да бір мән – жайларға байланыссыз, туылған әрбір балаға төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың бірі. Мұндай жәрдемақыны жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтінде азаматтар алуға құқылы.
Жәрдемақының төлемнен ерекшелігі жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатындар және қатыспайтын адамдарға бюджеттен төленеді, төлемдер болса әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысынан жүзеге асырылады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдарға ғана төленеді.
Жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер бір рет, ал бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем – ай сайын төленеді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемлерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін 4 жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік әлеуметтік қорына (кейін –Қор) береді.
Қор 4 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартқан жағдайда ол өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге және ұсынылған құжаттарды өтініш берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қайтаруға міндетті. Сондай – ақ ол сараптамаға ұсынылған құжаттарды жіберуге және оларды берудің негізі болған құжаттардың болуын тексеруге міндетті. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау және шешімді қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы шешімді қабылдаудағы орын алған кешігу туралы өтініш беруші жазбаша түрде кем дегенде бір ай бұрын хабардар болуы тиіс.
Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді.
Жүктілік және бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындауға құжаттарды еңбекке жарамсыздық парағын берген күннен бастап беру.
Сонымен бала туғанда келесі жәрдемақылар мен төлемдер ұсынылады:
– Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де) – бекітілген жәрдемақы.
– Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін).
– Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін).
– Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін).
Бала туғандағы жәрдемақы және төлемдерді рәсімдеуге арналған құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ – ке тапсыру керек. 10 жұмыс күні ішінде жәрдемақы төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Баланың тууына байланысты туындайтын барлық әуре – сарсаңды назарға алғанда, жас ата – аналарға арналған неғұрлым қолайлы тәсіл онлайн жәрдемақыларды тағайындауға өтініштерді беру болып табылады.
1) Өтініш;
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат (мекенжай немесе ауыл аймағы әкімнің анықтамасы, Байқоңыр қаласы тұрғандары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарының тіркеуін есептейтін бөлімшесінің анықтамасы);
4) бала (балалар) туу туралы күәлік немесе туу туралы тіркелген актінің жазбасы;
5) банк операцияларын орындалып жүрген банкте немесе басқа ұйымдарда ашылған банк номерінің мәліметтері. Шотты кез келген ҚР Екінші деңгейдегі банкінде немесе басқа банк операцияларды жасайтын «ҚазПочта» АҚ сияқты мекемелерінде ашуға болады.